1. Мен – Адаммын! 1. Адам болу деген не? 2. Адам өмірге не үшін келеді? 3. Менің өмірдегі мақсатым не? 4. Мен келешекте өз өмірімді қалай құруым керек? 5. Жаман адам кім? 6. Біз тамақ ішу үшін өмір сүреміз бе, әлде өмір сүру үшін тамақтанамыз ба?
Шығамын тірі болсам адам болып
Шығамын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл жаһанда жаман болып, Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе, Жүргенше өмір сүріп надан болып. Мен -балаң, жарық күннен сәуле қуған, Алуға Күнді барып белді буған. Жұлдыз болып көмеймін елдің бетін. Болмасам толған Айдай балқып туған. Бұл сөзім асып айтқан асылық емес, Ойында оты барлар асылық демес. Тебем деп, тірі болсам надандықты, Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.
Өлең неше шумақты? Өлең неше тармақты? Өлең неше буынды? Өлеңнің мазмұны қандай?
Өлең құрылысын талдау
«Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңіндегі лирикалық қаһарман – ақынның өзі, яғни ақынның тұлғасы танылып тұр. Лирикалық шығармаларда ақын тұлғасы өлең кейіпкерімен тұтасып, кірігіп кетеді. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат-мақсатын, арман-аңсарын, сезім-күйін жырға қосады