Xiv-ғасырдың II жартысындағы Алтын Орда Мазмұны: Кіріспе Негізгі бөлім



бет1/4
Дата16.02.2022
өлшемі40,24 Kb.
#131957
  1   2   3   4
Байланысты:
Баяндама. Жүрсінәлі Ернар. 1-курс ғылыми тарих.
2.СӨЖ.ҚЖЗТ.Жүрсінәлі Ернар, Тілеуберген Санжар СӨЖ 1. АЗИЯ және АФРИКА, 1.СӨЖ. АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА. ЖҮРСІНӘЛІ ЕРНАР, 1.СӨЖ. МҰРАҒАТТАНУ. ЖҮРСІНӘЛІ ЕРНАР, 2.СӨЖ.ҚЖЗТ.Жүрсінәлі Ернар (1), 1.СӨЖ.ҚҚЗТ.Жүрсінәлі Ернар, Диоклетиан реформалары, ФИЛОСОФИЯ СРС4.Жүрсінәлі Ернар, ФИЛОСОФИЯ.СӨЖ.5. Жүрсінәлі Ернар, 1. ҚҚЗТ Семинар. ЭССЕ, ИСПАНИЯНЫҢ МҰРАҒАТ ІСІ, АНГЛИЯНЫҢ МҰРАҒАТ ІСІ, ҚЖЗТ СӨЖ.Жүрсінәлі ЕРНАР, Архивтану тарихы, Основы Архивоведения

XIV-ғасырдың II жартысындағы Алтын Орда
Мазмұны:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе:


Негізгі бөлім: I-тарау Жәнібек Бердібек хандардың тұсындағы Алтын Орда.
1342-жылы Өзбек хан қайтыс болды. Оның өсиеті бойынша Алтын Орда тағына үлкен ұлы Тінібек отыру тиіс еді, бірақ әмірлердің көмегімен билікке Жәнібек хан келді. Тарихта кез келген елде өзінің биліктің дамуының шырқау шегіне жеткеннен кейін мемлекеттің ыдырау немесе әлсіреу процессы басталады. Өзбек хан тұсын билік дамуының шырқау шегіне жетті. Енді Жәнібек ханның билігі тұсында Еуразияда Алтын Орданы беделі түсті, оны Польшадағы, Литвиядағы, Қырымдағы италияндық колониялармен қақтығыстардан көруге болады.Және Жәнібек ханның тұсында ұлыс басшылары өзінің дербестіктерін білдіре бастады. « Ескендір анонимінде « және оған тәуелді өзге де авторларда Көк Орданың ханзадасы Мүбәрак Қожаның Жәнібек ханға қарсы күресі туралы деректер бар . Оның әкесі Ерзен Өзбектің вассалы ретінде « бәрінде де бағыныштылығын көрсетіп бойсұнатын» енді әкесі өлгеннен кейін Көк Орданың билеушісі болған Мубәрак Қожа Бату ұрпақтарына бағынбауға ұйғарып , өзін ханнан тәуелсізбін деп жариялады . « Ескендір анонимiнiң» Мүбәрак Қожа туралы деректерін алтынордалық нумизматиканың мәліметтері растайды . Сығнақ қаласында соғылған Мүбәрак Кожаның “ Әділ Мүбәрак Қожа сұлтан , Құдай оның пат шалыгын ұзартсын « деген титулы бар теңгелері сақталған . Аноним бойынша енді Жәнібек хан Көк Орда тағына Мүбәрәк-Қожаның ініс Шымтайды отырғызғаны жайлы жазады. 1346-жылы Еуразияда оба ауруы тарады, бұл туралы орыс жылнамаларында «Узбеков жерлерінде, деревнялармен қалалардың қаңырап қалғаны » жайлы және Сарайда, Астраханда, Үргеніште және басқада қалаларда халықтың қырылғаны соншалық «тірілер өлгендерді көміп үлгермеген» деп жазады. Жәнібек ханның билігінің соңғы жылдарында Хулагу әулетінің мемлекеттінде билік үшін талас-тартыстар болып нәтижесінде билікті Мәлік—Ашраф басып алады. Мәлік—Ашраф мемлекеттегі бейберекеттікті пайдаланып заңсыз істерге барады. Осыдан кейін адамдар елдерінен кете бастаған. Олардың бірқатары Алтын Ордаға барған және ол жақта Жәнібек ханды Мәлік—Ашрафпен соғысуға үгіттеген. 1357-жылы алтынордалық Жәнібек хан 300 мыңға жуық әскер жасақтап көктемде Әзербайжанға басып кірген. Дербентпен Ширванды алған Жәнібек хан Мәлік—Ашрафқа «мен Құлағу ұлысын алғалы келемін, тұрда маған қарсы шық» деп хабарлаған. Мәлік—Ашраф жергілікті феодалдардың көмегінсіз 17-18 мың ғана әскер жасақтап алғашқы шайқаста-ақ жеңіліп Тебризде Жәнібек ханның бұйрығы бойынша өлтірілді. Осы кезде Жәнібек ханнан Рум, Сирия, Джазира, Диарбакра, Фарса, Ирактың әмірлері Әзербайжан тағына ханның үлкен ұлын яғни Бердібек отырғызуын сұрады. Жәнібек хан Әзербайжан тағына үлкен ұлы Бердібекті тағайындап, өзі Алтын Ордаға үлкен олжамен қайтты. Бердібекпен бірге Тавризде Сарай – Темір әмір калып , ол енді ғана жаулап алынған Әзірбайжанды билейтін уазір болып тағайындалды . Жәнібектің кетуінен кейін екі ай өткен соң Тавризге ханның ауруының дендегені туралы хабар келді . Ханның неғұрлым ықпалды әмірлерінің бірі Сарайда болған Толыбай Бердібекпен астыртын келіссөз жүргізіп , оны Дешті-Беркенің екенін тағына отырасын деп Сарайга шақырды . “ Дешті Беркенін тағына кұмар Бердібек Әзірбайжаннан кетіп , шұғыл түрде Дербенттен Ордаға бет алды . Түн орта сында ол он серігімен Толыбайдың үйіне келді . Бұл екі арада Жәнібек хан біраз сауығып басын көтеріп , ертеңгі күні болатын диуанға қатыскысы келген еді . Оның сенімді адамдарының бірі Бердібектің келгенін біліп Жәнібекке мән – жайды баяндады . Бұған мазасызданған Жәнібек бұл жайында Тоғай – Тоғлы хатунмен ақылдасты . Ұлына іші бұратын хатун бұл жайды жалған деп ұғындыруға тырысты . Жәнібек бұл жайлы бастап жүрген осы екенін білмей Толыбайды шақыртып алып , онымен осы құпия туралы сөйлесе бастады . Үрейленген Толыбай анығын білейін деген сылтаумен дереу сыртқа шығып кетті де , өзі келісіп алған бірнеше адамды алып қайта кіріп келіп Жәнібекті табанда кілем үстінде өлтірді . Жәнібектің өлтірілуін « Ескендір анонимі» осылай сипаттайды . Осы әнгімені неғұрлым ықшам түрде қайталайтын Гаффари мен Хайдар Разы Жәнібек 768 жылы 3 шабанда , яғни 1357 жылғы 22 мамырда өлтірілді дейді . Араб жазушыларында оның өлтірілуінің мұндай егжей – тегжейлері айтылмайды . Тек бір ғана тарихшы Ибн – Халдун оны біршама басқаша айтады . Оның жазғанында Жәнібекті маңайындағылары « жолда кісендеп , мемлекеттің ұлықтары оның ұлы Бердібекке келіп тaкты ал» деп хат жазған . Ол ( Бердібек ) Тавризде билеуші етіп Ахижүкті калдырып , соларға қарай асыққан . Бердібек Сарайға келгенде Жәнібек өліпте қалған еді . Жәнібектің орнына оны ( Бердібекті ) тағайындады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет