Xiv-ғасырдың II жартысындағы Алтын Орда Мазмұны: Кіріспе Негізгі бөлім


Ендігі кезде моңғолдардың ғұрпы бойынша ,ханның күйеу баласы таққа отыру құқығы бойынша



бет4/4
Дата16.02.2022
өлшемі40,24 Kb.
#131957
1   2   3   4
Байланысты:
Баяндама. Жүрсінәлі Ернар. 1-курс ғылыми тарих.
2.СӨЖ.ҚЖЗТ.Жүрсінәлі Ернар, Тілеуберген Санжар СӨЖ 1. АЗИЯ және АФРИКА, 1.СӨЖ. АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА. ЖҮРСІНӘЛІ ЕРНАР, 1.СӨЖ. МҰРАҒАТТАНУ. ЖҮРСІНӘЛІ ЕРНАР, 2.СӨЖ.ҚЖЗТ.Жүрсінәлі Ернар (1), 1.СӨЖ.ҚҚЗТ.Жүрсінәлі Ернар, Диоклетиан реформалары, ФИЛОСОФИЯ СРС4.Жүрсінәлі Ернар, ФИЛОСОФИЯ.СӨЖ.5. Жүрсінәлі Ернар, 1. ҚҚЗТ Семинар. ЭССЕ, ИСПАНИЯНЫҢ МҰРАҒАТ ІСІ, АНГЛИЯНЫҢ МҰРАҒАТ ІСІ, ҚЖЗТ СӨЖ.Жүрсінәлі ЕРНАР, Архивтану тарихы, Основы Архивоведения
Ендігі кезде моңғолдардың ғұрпы бойынша ,ханның күйеу баласы таққа отыру құқығы бойынша Мамай 762 жылы Азақта Әділ патша Мамай деп теңге соқтырған ,яғни билікте болған. Бірақ 1361 жылдан кейін өз атынан теңге соқтыра алмады , Ноқай (Ноғай) секілді жиырма жыл бойында Бату ұрпақтарынан хандар қою арқылы мемлекетті бсқарып тұрды .Мамай Өзбек ұрпақтары ішінен Абдолла есімдісін хан етіп қойды . 1361 жылы Абдолла Сарайда өз атынан теңге соқьырған.Ибн Халдунның хабарлауынша : Абдолладан билікті ықпалды әмірлердің бірі тартып алып таққа Құтлық-Темір атты хан ұрпағын таққа отырғызды.Бірақ ол туралы басқа ешқандай деректерде сақталмағандықтан және оның атынан соқтырылған теңгелер болмағандықтан бұл дерек өте қатты күмәнді Абдолладан кейін таққа Келдібек отырған болуы керек , орыс жылнамаларында осы ханды өте қатал болғандығы жайлы жазады . «Ескендір аноноимінде » бұл хан туралы әмірлердің бір-бірін өлтіруге мәжбүрлегені жайлы айтылады.Осындай терорлық әрекет арқылы хан Сарай , Азов өңірлерін сондай-ақ мордвалар аймағын өзіне бағындырды. Хан Сарай мен Азақта теңге соқтырған . Бірақ 1361 жылы теңге соқтырылуы тоқтайды. Келдібек хан бір әмірдің қолынан қаза болған ол ханның аға әмірі Ілияс болса керек . Ескендір анонимінде Келдібек ханнан таққа отырғызылған ханның есімін атамайды , өйткені ол хан үш күн ғана билік еткен . Бәлкім ол хан Мірболат шығар өйткені одан 1361 жылы Гүлстан мен Сарайда өз атынан соқтырған теңге сақталған. Одан кейін таққа әмірлердің шешімімен Мұрат отырған . Оның билігі Сарай аумағына ғана тұрды . Еділден батысқа қарайғы ұлыстар Мамай қойған Абдолланың қолында болды. Екі хан Сарай төңірегінде билікке таласты. Сол кезде Орталық билікпен мемлекеттің шет аймағындағы ұлыстар арасында байланыстар үзіліп бірқатар дербес иеліктер құрылды. Оның бірі Бұлғар хандығы оны Болат-Темір әмір басып алып иеленген , ол туралы орыс жылнамаларында Болгармен қома Еділ бойындағы қалалармен ұлыстарды, Еділ жолын тартып алды деп айтылады.Ол 1366 жылы Бұлғарда «Марқұм сұлтан Жәнібек хан оның патшалығы ұзаққа барғай.Болат-Темір Нұғанұлы» деген қызғылықты штампен ерекше теңге соқтырған. Осыған ұқсас Бердібектің жорық әмірі болған Қажы-Шеркес Астрахань аймағын иеленіп алды . Ал Көк Ордаға(Ақ Ордаға) келер болсақ Шымтайдың ұлы Орыс ханның тұсында толығымен дербес мемлекетке айналды. Осы жылы Алтын Орда қатты әлсірегендіктен бұрын жаулап иеліктерінен айырыла бастады . 1365 жылы генуялықтар Судактың төңірегіндегі теңіздің жағалауындағы он сегіз ауыл өз қолдарына алып алды . Тіпті 1363 жылы Литва князі Олгерд жорыққа шығып Подолье аймағын үш татар князінен тартып алды. Бірнеше жыл өткеннен кейін Олгерд бұған қоса Черниговты , Новгород-Северскийді , Трубчевті , Стародуб пен Релскіні алды . Егер бұған татарлардың 1366 жылы поляктар басып алған Волын княдығын қоссақ татарлардың батыс және оңтүстік-батыс ұлыстарындағы шығындарының көрінісі айқын көрінеді . Осы жылдары княздықтарынан келетін алым-салық тоқтады . Тіпті орыстар Еділдегі татар иеліктеріне шабуылдар жасады . Бұл уақытта Сарай төңірегінде Абдолла мен Мұрат хандар соғысып жатты . бірақ Мұрат хан есімі 1363 жылдан бастап ғайып болады. Ескендір анонимінде оның өлімі туралы мынадай деректер бар : «Оның аға әмірі Маңлыбайұлы Ілиястың сұлу ұлы болды , Мұрат хан оны жақсы көріп , әкесі Ілиясты өлтіріп орнына отырғызқысы келді. Бір жолы ол өз әйеліне құпиясын айтты ол аң-таң болып құпияны Ілияспен бөлісті . Сонымен Ілияс «ханды» өлтірді.» Мұраттан кейін таққа Болат Қожа отырды , одан 1364 жылы Гүлстанда соғылған теңгелер сақталған . Ол әмірлердің қолынан қаза болды . Оның мұрагері Әзиз болды , ол Бұлғардағы Болат-Темірді Суздаль-Нижегород князынан жеңіліп қашып басрған кезде өлтірді . Сонымен Әзиз хан Сарайда және қаланың төңірегіндегі Гүлстанда теңге соқтырған . Әзиз ханның соңғы теңгелері 1367 жылға қатысты . Әзизді Мамай тақтан тайдырып Абдолланы қойды , бірақ 1368 жылы Абдолла Сарайдан кетіп , Ибн Халдунның айтуынша ізбасары деп Қажы Шеркесті атайды. Бірақ бұл мәлімет күмәнді. 1368 жылы Сарайда Хасан (Асан) ханның теңгелері соғылды. Сірә Мамай мен Абдолланы Сарайдан қуған болуы керек. Хасан Бұлғарға кеткеннен кейін ізбасары Қажы Шеркес болды . Бірақ Ибн Халдунның мынадай дерегі бар: Қажы Шеркес Сарай билігі кезінде Астраханға Көк Орда (Ақ Орда) ханы Орыс хан әскер жібереді. Оған Қажы ШЕРКЕС қарсылық көрсетіп жатқанда, Сарайды Айбек (Әлібек, Әліп Қажы) тартып алды. Біраз уақыт өткен соң Айбек хан өліп орнына Кәри хан келді. Ғияс ад-дин Қағанбек ханның 1375 жылы Сарайда соқтырған теңгелері сақталған. Яғни Ибн Халдун Кари хан деп Қағанбекті атаған.Қағанбектен кейін таққа Арабшах отырды. Ол Сарайда 1377 жылы «Әдәл сұлтан Арабшах» деген атаумен теңгелер соқтырған. 1377 жылы Орыс хан Сарайды алып теңгелер шығара бастады. Осы жылы Орыс хан Алтын Орданың Еділдің шығысындағы барлық өңірлерді өзіне бағындырды. Батыс ұлыстарында бұл уақытта түменбасы Мамайдың ықпалы күшейді. Мамай Мұхаммед-Бөлекті хан деп жариялады. 1377 жылдың жазында Еділден батысқа қарайғы барлық ұлыстар Мамайдың билігінде болды , демек Алтын Орданың Мамай мен Орыс хан арасында бөлінуі жүзеге асқандай болды. 1378 жылы Мамай «көп әскер жинап ұлы княз Дмитрий Ивановичпен бүкіл орыс жеріне қарсы» Бегіш князды аттандырады. Д.Ивановмичтің әскері татарларды Рязан княздығы өңірінде Воже өзені бойында қарсы алды. Он бірінші тамызда Воже өзенінен өтер кезде Бегіштің әскері талқандалып , көп әскермен бірге татар княздары мен Бегіштің өзі де өлтірілді. Бұл тұста шығыста Орыс хан өліп , оның ізбасарлары Тоқтамыспен соғысып жатты.1379 жылы Мамай Солтүстік Кавказды алды. 1380 жылы Астраханды алды. Астраханда Мұхаммед Бөлек өз теңгелерін соқтыра бастаған 1380 жылы Мамайдың Руске жорығы алдында Мұхаммед-Бөлек ханды биліктен тайдырды. Никон жылнамалары 1380 жылғы жазбасында Мамйдың Мұхаммед Бөлекті өлтіргені жайлы жазады: Татарлардың патшаны қатты жақсы көретінін көріп , күшейе келе билікті өзінен тартып алады деа қорықты, сол үшін хан сенімді жақьастарымен өлтірілді. Мамай енді Толықбек атты хан ұрпағын хан еттіү. Ол хан хжігерсіз еді және Мамайдың айтқанына шықпайтын және оның Руске қарсы үлкен жорығына дайындалуына кедергі жасамайтын. Мамай Литва князі Ягайломен Мәскеуге қарсы бірігіп қимылдауға уағдаласты. Мамай Қырымдағы генуялықтарменде одақтас болды. Бұлардан Мамай әскерінің қатарына венециялықтар , ястар, шеркестер, буртастар болды. Рязан князі Олег Мамайдың Мәскеуге жорығында одақтас болуға мәжбүр болды. Енді Мамай өз күшінің басым болуына байланысты ұлы княз Новгородқа немесе Двинаға қарай шегіне қашып, Рустің бар байлығын өз қолына түсірем деп ойлады. Осындай ол Толықбек (Тұлымбек) ханды жойып ежелгі арманы Алтын Орданың ханы болам деген ойын Күлік даласындағы шайқас өзгертті. Княз Д.И Донской Новгородқа да Двинағада шегінбеді, ол оырс әскерін татарларға қарсы дұрыс жасақтай білді. 1380 жылы 8-інші қыркүйекте екі жақ әскері түйіскен кезде мұның Мамай үшін күтпеген оқиға болып шықтыда , өзіне ыңғайсыз уақытта шайқасуға мәжбүр болды. Мамайдың одақтастары татарлармен қосылып үлгермеген болатын , Ягайло өз әскерімен татарлардан 30 шақырымнан астам Одоевте болатын , ал Рязан князі Олег шайқас алаңынан оданда алыс еді. Осылайша Күлік даласында 1380 жылы 8 қыркүйекте Мамай ойсырай жеңіліп аздаған жақтастарымен Қырымға кетті. Ал шығыстағы ұлыстарға келер болсақ Орыс ханнан кейін Тоқтақия билік еттіп арада көп уақыт өтпей қайтыс болады. Одан соң таққа Темір-Мәлік отырды. Ол 1379 жылы Әмір Темірдің көмегіне сүйенген Тоқтамысты тағы жеңіп, оны Алтын Ордадан қуып шықты. 1379 жылы қыста Әмір Темір көмегімен және Темір Мәліктің әмірлері Тоқтамыстың жағаына өтуімен деңіске жетті. Шығыста орныққан Тоқтамыс 1380 қыста батысқа жорық жасап аз уақыт ішінде Сарайды,Қажы Тарханды және Төменгі Поволжьедегі алтынордалық қалаларды иеленді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет