Xiv-ғасырдың II жартысындағы Алтын Орда Мазмұны: Кіріспе Негізгі бөлім


Бердібек ханның тұсындағы Алтын Орда



бет2/4
Дата16.02.2022
өлшемі40,24 Kb.
#131957
1   2   3   4
Байланысты:
Баяндама. Жүрсінәлі Ернар. 1-курс ғылыми тарих.
2.СӨЖ.ҚЖЗТ.Жүрсінәлі Ернар, Тілеуберген Санжар СӨЖ 1. АЗИЯ және АФРИКА, 1.СӨЖ. АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА. ЖҮРСІНӘЛІ ЕРНАР, 1.СӨЖ. МҰРАҒАТТАНУ. ЖҮРСІНӘЛІ ЕРНАР, 2.СӨЖ.ҚЖЗТ.Жүрсінәлі Ернар (1), 1.СӨЖ.ҚҚЗТ.Жүрсінәлі Ернар, Диоклетиан реформалары, ФИЛОСОФИЯ СРС4.Жүрсінәлі Ернар, ФИЛОСОФИЯ.СӨЖ.5. Жүрсінәлі Ернар, 1. ҚҚЗТ Семинар. ЭССЕ, ИСПАНИЯНЫҢ МҰРАҒАТ ІСІ, АНГЛИЯНЫҢ МҰРАҒАТ ІСІ, ҚЖЗТ СӨЖ.Жүрсінәлі ЕРНАР, Архивтану тарихы, Основы Архивоведения
Бердібек ханның тұсындағы Алтын Орда

Бердібек хан болғаннан кейін парсы жазбаларында өзіне бағынбағандардың бәрін қырды делінеді. Никон жылнамасында Жәнібек ханның өлтірілуімен бір мезгілде оның 12-інісі өлтірілгені жайлы хабарлар бар. «Ескендір анониміні» бойынша өлтірілгендердің саны бұдан анағұрлым көп болған. Бердібек Толыбайды шақырып алып « сен Мұқсан қаражды қалай құртқан болсаң , мен ұрыктың кейбіреулерін солай құртамын» деді . Толыбай бұл сөздерді мақұл көрді . Ол ( Бердібек ) өзіне барлық ханзадаларды шакырып алып , бірінен соң бірін бәрін өлтірді . Оның бір анадан туған сегіз айлық інісін Тайдула – Хатун көтеріп әкеліп , осы бейкүнә нәрестені өлтірме деп өтінгенде Бердібек оны қолына алып жерге бір соғып өлтірді. Бердібектің тұсында мемлекеттің әлсіреу процесі бұрынғыдан да анық байқалды . Бұған ең алдымен Алтын Орданың кұрамына Жәнібектің тұсында ғана жаулап алынып қосылған Әзірбайжаннан айырылу айғақ бола алады . Тавризде ханның наместнигі жанын да қалдырылған алтынордалықтар екі айдан кейін Әзірбайжаннан кетіn Сарайға оралды . Парсы жазушылары Мәлік – Ашрафтың жақтастарының Бердібек Әзірбайжаннан кеткеннен кейін бірден билікке қайта оралғанын жазады . Бердібек билік жүргізе бастаған кезеңнің басында – ақ 1358 жылы ғана реттелген Қырымдағы венециялықтармен алауыздықтар кайта басталды . 1358 жылғы шарт бойынша Орда мұның алдындағы шартпен салыстырғанда венециялыктардың пайдасына едәуір жеңілдіктер жасауға мәжбүр болған еді . Венециялыктар бұрын өздерінін баруына тыйым салынған Солдайда ( Судакта ) сауда – саттық жүргізуге кұкык алды . Бұған қоса ханның пайдасына алынатын кеден алымдары 3 % -ға азайтылған болатын. Нақ осы жылдары орыс православиелік дінбасылары да өз пайдасына үлкен жеңілдіктер алуға әрекеттенді . Бердібектің 1357 жылы қарашада берілген жарлығы бойынша орыс дінбасыларына мүның алдында Жәнібек тартып алған құқықтар қайтарып берілді ; олар алымнан және шіркеу үйлеріндегі акылардан босатылды , хан заңдарының шеңберіндегі шіркеу сотынын тәуелсіздігі қалпына келтірілді .Бердібек хан өзінің тумаластарына өте қатты қатал саясат ұстанғандықтан оның билігімен ешкім таласа алмайда қалды. Бірақ көп ұзамай өзінің қарқыс атқан әмірімен бірге 1359 жылы кезекті сарай төңкерісінде қайтыс болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет