Xix ғасырдың і-ші жартысында Англиядағы қоғамдық саяси алғы шарттар


XIX- ғасырдың І-ші жартысында ауыл шаруашылықпрактикасының даму дәрежесі



бет2/6
Дата21.10.2023
өлшемі28,46 Kb.
#187303
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4 лекция
8-сынып тест
XIX- ғасырдың І-ші жартысында ауыл шаруашылықпрактикасының даму дәрежесі. Капиталистік өзара қатынас пен нарыктық экономика сұрыптаудың дамуына мәжбүр етті. Ал бұл себеп, селекция жұмыстарын жүргізуді тездетті. Ағылшын селекционері Р.Бакуэл жануарлардың жаңа түрлерін шығаруды жоспарлы түрде жүргізді. Э.Найт, гибридизация әдісін қолданып өсімдіктер мен жемісті ағаштардың жаңа сорттарын шығарды. Англияның тіркеу қызметкері Мальтус Т. - адамдардың өсу санын азайту қажет, өйткені тағам өндірісі арифметикалық прогрессияда, ал адамның өсуі геометриялық прогрессия бойынша өседі деп санады. Д.Рикардо мен Смит «барлығының күресі - тіршілік үшін», «конкуренция-бәсекелестік дегеніміз саяси қарым-қатынастың жаратылас заңы» деп көрсетеді.
Н. И. Вавиловтың тауып айтылған сөзі бойынша: «Сұрыптау — бұл адам басқаратын эволюция».
Қысқа мерзімнің ішінде көптеген селекционерлер гибридизация және сұрыптау әдісін қолданып, ауыл шаруашылығына қажетті жаңа қолтұқымдар: ірі қарамал, жылқы, қой, шошқа, құстар; жаңа іріктемелерден бақша өнімдері мен гүл шығарылды. Дарвин мен Уоллестің біріне-бірі тәуелсіз бірдей қорытындыларға келу жағдайларының өзі эволюция теориясының дүниеге келу алғы шарттарын анықтайтын дәлелдер болып табылады.
6. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы.
Ч.Дарвиннің өмірбаяны мен еңбектері. Дарвинизмнің дамуы және эволюциялық биологияның қалыптасуы.. Дарвиннің қолдан сұрыптау ілімі. Өзгергіштік түрлері.Ч.Дарвин ілімінің негізгі қағидалары.
Ч.Дарвиннің өмірбаяны мен еңбектері. Чарлз Дарвин 1809 жылы ақпанның 12-сінде дәрігер отбасында Шрюсбериде туды. Мектепте оқыған кезінде (1816—1826) ол көрнекті қабілеттілігімен ерекшеленген жоқ, алайда өсімдіктер мен жануардың, сондай-ақ әр алуан минералдардың жинақтамаларын жинауды қатты ұнатты. Дарвин мектепті бітірген соң 1826 жылы Эдинбург университетінің медицина факультетіне түсті. Екі жылдан соң әкесінің талап етуімен Кембридж университетінің дін ілімі факультетіне ауыстырылды. Онда үш жылын өткізіп, 1831 жылы бакалавр дәрежесін алды. Балғын Чарлз барынша ынталанған католик болды жөне өмір бойы ауыл дін қызметшісі дәрежесінде қалуды армандады.
Дарвиннің өз айтуы бойынша мектепте және университетте болған кезде ол «ешнәрсеге үйренбепті». Дарвин оқыған мектепте тек кана көне тіл, көне география және көне тарих оқытылған. Мұның өзінде антикалық автордың еңбектері оқытылған жоқ. Дарвиннің әкесі өз ұлының дәрігер болуын калады. Чарлздың өзіне сол кезде ауырсынуды басатын дәрі-дәрмек болмағандықтан, дәрігерлікті оқуға көңілі қаламады. Наркозсыз операцияға екі рет қатысып, оның біреуінде балаға операция жасады. Дарвин бұдан соң өз өмірінде операция жасайтын белімге бас сұқпады. Ол екі университетте өзін қызықтыратын пәндер ретінде геология жөне зоологияға ынтық болды. Дарвин антомология және ботаникаға арналған негізгі еңбектерді оқыды, жинақтама үшін бунақденелілерді көп дана етіп аулап, экспедицияларға катысты. Оны аңшылык баулиды, ол атып алынған құстардың әркайсысын сипаттап жазды. Ч. Дарвин тіпті Эдинбург университетінде-ақ Ж. Б. Ламарктың теориясымен танысты, бірақ ол жас ғалымға ешкандай әсер етпеді.
Дарвин 1831 жылы табиғат зерттеушісі ретінде «Бигль» кемесімен жер шарын айналған саяхатқа кетті. Байқалған әр алуан өсімдіктер мен жануарлардың, қиырдағы аралдардың ғажайып өсімдіктер бірлестігі мен экожүйесінің молдығы, сондай-ақ экспедиция барысында табылған өліп біткен тірі ағзалардың калдықтары деректі материал болды да, Дарвин соларды талдап, акырында осы заманғы эволюциялық теорияны тұжырымдады. Дарвин бақылағандарының барлығын күнделікке жазып, ағзалар мен минералдардың жинақтамасын жасады, сапарда болған аумақтардың жаңа географиялық картасын жасауға көмектесті.
Дарвин сапардан оралған соң жер шарын айналғандығы туралы 1839 жылы жарық керген ерекше баяндамамен, «ізденіс күнделігімен және «Саяхаттар зоологиясы» аталған бес томдық монографиямен жұмыс істеді
Кейінірек үш еңбек: «Түрлердің шығу тегі...» (1859), «Жануарлардың және мәдени өсімдіктердің өзгеруі» (1868) жөне «Адамның шығу тегі жөне жыныстық сұрыпталу» (1871) бірегей эволюциялық теорияға біріктіріле бастады.
Әділдігін айтқанда эволюциялық теория Дарвиннің жалғыз ғана ғылыми еңбегі еместігін атап айтқан жөн. Ол өзінің елу жылға жуық еңбек жолында мыңға жуық ғылыми жарияланымдардың, шағын көлемді мақалалар мен көлемді монографиялардың авторы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет