Xix ғасырдың і-ші жартысында Англиядағы қоғамдық саяси алғы шарттар


Дарвинизмнің дамуы және эволюциялық биологияның қалыптасуы



бет3/6
Дата21.10.2023
өлшемі28,46 Kb.
#187303
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4 лекция
8-сынып тест
Дарвинизмнің дамуы және эволюциялық биологияның қалыптасуы. Чарлз Дарвиннің эволюциялық теориясының дүниеге келуі мен одан әрі дамуы биология ғылымының барлық салаларындағы келесі табыстарды қамтамасыз ететін заңды құбылыс болып табылады. Дарвиннің эволюциялық теориясы дүниеге келгеннен кейін эволюциялық ұстаным биологияға берік енді. Сол кезден бастап барлық табиғи құбылыстар эволюциялық заңдылықтарды есепке алып зерттелетін болды. Ч. Дарвиннің орасан зор еңбегі оның көбінесе «факторлар», «тетіктер» немесе «қозғаушы күш» деп аталатын эволюция себептерін ұсынып, дәлелдеуінде. Дарвиннің пікірі бойынша тіршілік үшін күрес, өзгергіштік және табиғи сұрыпталу эволюцияның негізгі факторлары болып табылады. Сондықтан Дарвиннің теориясын «табиғи сұрыпталу теориясы» деп жиі атайды. 1859 жылғы эволюциялық теория өзгеріссіз калды деп ойламау керек. Ол келесі ұрпақ ғалымдарының еңбектері нәтижесінде өте көп толықтыруларды бастан кешті. Бірак соған карамастан, оны бұрынғысынша Дарвиннің теориясы немесе «дарвинизм» деп атайды.
«Бигель» кемесімен саяхаттан Англияға қайтып оралғаннан кейін Дарвин түрлердің шығу тегі мәселесін түсінуге дәлел болатындай үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің, сондай-ақ табиғи жағдайдағы өсімдіктер мен жануарлардың өзгерістеріне қатысы бар деректерді жинай береді. Түрлердің шығу тегі жайындағы теориясын қүрудағы еңбегін тэжірибелі бағбандармен және мал шаруашылығындағы адамдармен сөйлесе жүріп, мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының өзгергіштігі жайлы көптеген материалдармен толықтыра түсті. Қолдан сұрыптау тәжірибесін талдай келе, органикалық түрлердің шын мэнінде өзгеріп отыратынын көрсетіп, оны « адамның пайдалы тұқымдарды шығаруы - табыстың көзі» деп түсіндіреді. Қолдан сұрыптауды баяндау арқылы органикалық дүниенің эволюциясын түсіндіруді алдына мақсат етіп қоя білді.
Мәдени түрлердің шығу тегі. Дарвин заманында үй жануарлары мен өсімдіктер жабайы түрден шыққаны белгілі болатын. Себебі, жабайы және үй жануарлары арасындағы ұқсастық адамдарды таң қалдырмайтын. Дарвин жабайы жануарлардың қолға үйретілуін, жабайы өсімдіктердің қолда егіле бастауын терең зерттей отырып, доместикация ілімінің негізін қалады. Доместикация немесе жануарларды қолға үйрету кезінде жабайы түрлер тек қолға үйретіліп қана қоймай адамзат қалауымен көптеген өзгерістерге де ұшырайды. Дарвин ол өзгерістер ішіндегі екі ерекшелікке тоқталады. Біріншіден, үй тауықтары, сиырлар немесе бір бақшада өсірілген орамжапырақ, қарбыз болсын бәрі біркелкі болмайды. Олардың ішінен көзге көрінетін де, байқала бермейтін де өзгерістері бар дараларды кездестіруге болады. ХІХ ғасырдың ортасында қара малдың бір-екі түрінен шыққан бірнеше жүз тұқымы, иттердің бірнеше түрден шыққан жүзден астам тұқымы болды. Екіншіден, бір тұқымға жататын жануарлардың өзі бір-бірінен де, тегінен де өзгешіліктері көп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет