Xx ғасырдағы психотерапия түрлері Бүгінгі таңдағы терапия түрлері



бет1/2
Дата08.11.2022
өлшемі28,87 Kb.
#156918
  1   2
Байланысты:
XX ғасырдағы психотерапия түрлері
А.Маслоудың мотивтердің иерархиясы тұжырымдамасының терапияда қолданылуы, Аналитикалық психотерапияның тәсілдері, қарым қатынас (копия)

XX ғасырдағы психотерапия түрлері
Бүгінгі таңдағы терапия түрлері
XX ғасырдың басында өркендей бастаған ғылым мен өндіріс- экономиканың талаптарына орай сана (интроспектік) психологияның дағдарысы болды. Оның субъектив әдістері қоғамның объектив қажеттіліктеріне сай келетін ұсыныстарға шамасы жетпеді. Осыдан психология зерттеулерін жаңа объективті әдістер тұғырына орнықтыру жолдары іздестіріле бастады. Сондай-ақ сол кезде Францияда кең тараған невропатология және психиатрия саласындағы зерттеулердің нәтижесімен де байланысты болды. Психологияның қарқынды дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялық тағылымы үлкен ықпал етті. Бұл ілімге орай барша психологиялық дүние қоршаған орта мен тіршілік иесінің икемдесу әрекетінен ажырасуы мүмкін емес деген тұжырым орнықты. Эволюциялық теория ықпалында интроспекция әдісін (үңіле тану) қолдану мүмкін емес бала мен хайуанат психикасын зерттеу етек алды. Осылайша әр түрлі ықпалдар мен жағдайлар ғылымда бірнеше жаңа психологиялық теориялардың туындауына себепші болды.
Бихевиоризм – XX ғ. американ психологиясының басты бағыты- ол психологияның мақсаты сананы тану емес, әрекет- қылықты зерттеу деп білді. Бихевиоризм теориясы негізінде адам мен хайуанаттардың әрекет- қылығы – сыртқы орта әсеріне (стимул) болған организмнің кері (сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген ұғым жатыр. XIX- XXғғ. тоғысында бихевиоризм психологиясы жануарлар психикасын эксперименттік талдауға салу нәтижесінде пайда болды. Адам психикасын зерттеуде қолданылатын өзін- өзі бақылау тәсілін пайдалану мүмкін болмағандықтан, эксперимент жасау әдісі іске қосылды. Бұл әдісті бихевиоризм адам психикасын зерттеуге де қолданды. Бихевиоризмнің жалпы әдіснамалық алғы шарты позитивизмнің принциптерінен шығады. Осы принциптерге сәйкес ғылым тек бақылау жүргізіп отырған затын баяндауы тиіс, ал бақылауға тікелей берілмеген мәліметтермен ішкі механизмдерді талдау алдамшы болады. Бихевиоризм психологиясы сананы емес, әрекет- қылықты зерттеу керек деген негізгі тезис тұжырымдады. Бихевиористер сана деп адамның тек басынан кешкен субъективті мағлұматтар жиынтығын айтады. Сана сыртқы дүниені бейнелейтін мидың нақты қызметі екенін олар мойындамайды, психиканың материалдық субстратын құрайтын ми физиологиясына қарсы шығады. Бихевиоризм теориясын қалаушы – Э. Торндайк, бағдарламасын жасап «бихевиоризм» терминін енгізген Дж. Уотсон. Бихевиоризм тағлиматының кризистік халге жетуі- сана, ойлау, ерік сияқты негізгі ұғымдарды психологиядан шығарып тастап, психиканың әлеуметтік жағын ескермеуінде. Гештальтпсихология (нем.- гештальт- бейне, құрылым, біртұтас форма) – XXғ. бас кезінде Германияда пайда болған идеалистік психологияның бір бағыты. Басты өкілдері: м. Вертхаймер, В. Келлер, К. Кофман, К. Левин. Гештальтпсихология механикалық жаратылыстану ғылымының жалпы дағдарысқа ұшырауына байланысты ассоциативті психологияға қарсылық білдіру рухында туды. Гештальттылар «элементтер психологиясына» қарсы әрбір психологиялық процестің біртұтастығы мен өзіндік сапасын жақтады. Олар тұтастықты (гештальт) элементтерден тіпті өзгеше жаңа, өзінің ішкі өаңдылығынан туып, өзгеріп отыратын, түсіндіріп болмайтын, тек баяндауға ғана келетін құбылыс деп пайымдайды. Гештальтпсихологияның тұтастық идеясы динамикалық ситуация мен оның формальді құрылымның бір бүтіндігі негізінде іс жүзіне асырылды. «Гештальт» ұғымын енгізген - Эрен- Фельд. Гештальтпсихологияның ерекшелігі – психологиялық құбылыс- бейне мен оны туындататын нақты әрекет арасындағы байланысты жоққа шығарғандығы. Гештальттылар ұғымы бойынша бейне (образ) тек өз заңдылықтарына бағынатын ерекше мәнді құбылыс саналады, оның нақты заттық дүниемен байланысы сыр күйінде қала береді. Генетикалық психология. Швейцария ғалымы Ж. Пиаже генетикалық психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл- есінің қалыптасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы зерттеулер бала интеллектінің дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін білуге болады деген. Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектінің құрылымын зерттеу. Осы құрылымды ол қарапайым органикалық тіршіліктің эволюциялық даму барысында жеткен нәтижесі деп білді, яғни интеллектік күрделі ақыл- естің жай психикалық элементтерден құралатынын дәлелдемекші болды. Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі- баланың біртұтас дамуын ескерместен, ақыл- естің өрістеу тұғырын интеллекттің өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи әрекет болмасына ешқандай орын қалдырмады. Пиаженің теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің көзі өткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты. Ой қабілеті өзінен- өзі кемелденбейтінін, ал даму адам қасиеті екенін, сол адамның адамгершілік қасиет қатысымен шыңдалған сайын оның санасының жан- жақты дамып, ойлау дәрежесінің көтерілетінін тіпті көре білмеді. Генетикалық психология зерттеулеріндегі ең үлкен олқы- кемшілік: интеллект даму деңгейінің бірінен екіншісіне өтуде оқудың маңызы орынды бағаланбай, әлеуметтік қоғамдық фактордың жеке адам қалыптасуындағы мәні жоққа шығарылды.
Фрейдизм. Негізін австриялық психолог З. Фрейд қалаған, жеке адамның жан төркінін, дамуын иррационализм (саналы дәлелі жоқ) мен мистика (тылсым құпия) сияқты психологиялық факторларды саналы әрекетке тікелей қарсы қоюмен дәлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт. Алғашқы есі ауысу сырқатына тап болғандарды емдеу мен олардың сырқатының табиғатын түсіндіруге бағышталған бұл ілім кейін адам жөніндегі жалпы тағлимат дәрежесінде ұсынылды. Фрейдизм ілімінің негізгі сарыны: адам табиғаты астар санадағы психологиялық күштер (олардың ішіндегі ең бастысы либидо (жыныстық құмарлық)) мен сол адамға жау әлеуметтік ортада тіршілік сақтау қажеттігі арасындағы мәңгі өшпес кемістік пен арпалыста дамиды, қалыптасады.
Психотерапияда ғылым негіздерінде тек қана психологиялық әдістер мен құралдар қолданылуда көрсетілген фармакологиялық және ағзалық әдістер мен құралдарға тиым салынады. Қазіргі кездерде психотерапияны зерттер әдістері клиникалқы – бағдарлы психотерапия мен жеке адамға бағдарлы психотерапия болып екіге бөлінеді.
Клиникалық бағдарлы психотерапияда қолданылатны әдістер:
  • гипноз

  • аутогендік жаттығу

  • сендіру мен өзін - өзі сендірудің түрлері.


Жеке адамға бағдарлы психотерпияда көптеген психологиялық ағымдар мен мектептердің үлгілеріне негізділген әдістер мен тәсілдер қолданылады.


Қазіргі медициналық емес психотерапияда психотерапиялық әдістердің мазмұны мен бағыттарын қамтитын міндеттерді шешуге бағытталған;
  • науқастық психологиялық проблемаларын зерттеу және оларды шешуге көмек көрсету;


  • психологиялық денсаулығын нығайту және өзін - өзі сезінуін жақсарту


  • қоғамдағы адамдармен үйлесімді және сапалы қарым – қатынас орнатуда қолданылатын құралдардың психологиялық заңдылықтарын, механизмдерін зерттеу:


  • өмір сүру әрекетіндегі табысқа жету деңгейін, творчестволық потенциалын қолдана білуге, жеке басының дамуына ықпал ету. Психотерапияның негізгі мақсаты – адамның өз өміріне өзі өзгерістер енгізуіне көмектесу. Сендіру (суггестия) науқас ұйықтай алмай, мазасызданған кезде және гипноз жағдайында жүргізіледі. Мұндай сендірудің екі әдісі бар – сөз арқылы (вербальді) және заттар арқылы. Мысалы, маскүнемдікпен ауырған адамдарда арақтың дәміне, исіне, бөтелкенің түріне т.б. реакция пайда болады. Сөздің мағынасы арқылы сендіру – тікелей, ал заттар арқылы сендіру жанама сендіру деп аталады. Маскүенмдікті емдеген кезде апомофиннің орнына басқа бейтарап заталынса, онда оның нәтижесі бірдей болып шығады. Бұл әдіс ұйықтататын дәрілермен емдеу кезеңінде де пайдаланады.





    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет