Xx ғасырдағы психотерапия түрлері Бүгінгі таңдағы терапия түрлері


Сендіру және өзін - өзі сендіру бар



бет2/2
Дата08.11.2022
өлшемі28,87 Kb.
#156918
1   2
Байланысты:
XX ғасырдағы психотерапия түрлері
А.Маслоудың мотивтердің иерархиясы тұжырымдамасының терапияда қолданылуы, Аналитикалық психотерапияның тәсілдері, қарым қатынас (копия)
Сендіру және өзін - өзі сендіру бар. Әр адамдардың сену деңгейлері – түрліше болады. Кейбір адамдар тез сенгіш келеді, ал басқалар ондай емес. Мысалы, көру залында бір адам жөтелсе, басқалар да соған қосылып жөтеле бастайды. Дәрігер сендіруді психотерапия мақсатында пайдалануы мүмкін.

Гипноз - әдісі көптеген адамдарға таныс болғаынмен, олардың психотерапия мен гипноз туралы түсінігі жалпылама болады. Психотерапияда гипноздан басқа көптеген әдістер тараған. Гипнотикалық сеанстардың мақсаты – гипнотикалық ұйқы туғызу. Терапиялық әсер болуы үшін адамды қатты ұйықтату міндет емес. Гипнотикалық ұйқының жеңіл, орта және терең кезендері бар. Жеңіл кезеңде (сомноленттік) гипноздағы адам маужырап, жалпы тыныштықты сезінеді, аяқ – қолы ұйып, ауырлағанымен, айналадағы дыбыстарды естиді, болып жатқанды ұғынады, сөзбен сендіруге қарсы тұрып белсенді қозғалыс жасайды. Орта кезеңде (гипнотаксия, каталепсия) ауру адам қайда екенін, айналада не болып жатқанын сезінеді, бірақ денесінін қалпын өзгерте алмайды, сендірудің бәрін орындайды. Сеанстан кейін сырқат адам сендірудің мәнін есіне сақтайды. Терең кезеңде (сомнабулизм – жүйкесі бұзылған адамның ұйқы кезіндегі жүрісі) ауру адам айналадағының бәрін шаттастырып, толық бағынады, кей кезде кейбір мәліметтерді ойындасақтағанымен, кейін ұмытыпкетеді. Басқаша айтқанда, ауру адам сендірудің маңызыны есте сақтай алмайды. Ауру адамды «жағдайыңыз жақсы, ұйқыңыз бен сергектігіңіз қалыпты» деп, аурудың белгілеріне байланысты сендіреді. Сеанстың ұзақтығы 30 минут, ал оның саны 5 – тен 40-қа дейін. Гипноздың физиологиялық негізі әлі де жан – жақты тексерілмеген, И.П. Павловтың айту бойынша, гипноз дегеніміз – мидың жарты шар бөлігіндегі жүйке процестерінің «күзет нүктелерін» тежеу. Осының нәтижесінде дәрігер мен ауру адамның арасында сөз арқылы байланыс (раппорт) орнайды.
Физиологиялық тұрғыдан гипноз – ми қыртысындағы клеткаларда болатын тежеу процесіне негізделген жарым – жартылай ұйқы. Мұнда ми қыртыс клеткаларының бәрі тежелмейді, тек бір бөлігі ғана тежеледі, яғни «кезекші нүктелер» ұйықтамаған жағдайда дәрігер мен ауру адамның арасындағы қатынас сақталады («көпір, раппорт»). Психотерапияның әдістернің бірі ретінде гипнозотерапияны арнайы дайындықтан өткен дәрігерлер жүргізеді. З. Фрейд катарсис-«тазалану» (Аристотельдің термині «катаризис») принципіне «психоталдауды» (бұрын болған психикалық зақымданудан ажырасу) қолданады. Катарсис әдісіне сүйене отырып, Фрейд артынан «санасыздық» туралы ойды дамытып, «психоталдау» әдісін құралды. «Мәдениетті психоталдау», «психодрама» - психоталдаудың өзгертілген түрлері В.М. Бехтерев психоталдаудан объективті бөлігі – «психоанемнезді» кең түрде пайдаланады. Психотерапиялық әсерлердің ішінде өзін - өзі жаттықтыру үлкен орын алуда. Бұл әдісті ұсынған – неміс психотерапевті Генрих Шульц. 1932 жылы Шульц бұл жөнінде көлемді еңбек жазды. Өзін-өзі жаттықтырудың тарихи тамырларын зерттеу арқылы, ақыл-ойдың дене қызметіне тигізетін әсері үнділік діни ілім бойынша хатха мен йогта екендігі анықталған. Алайда Шульцтің әдісінде йогтардың діни – мистикалық ілімінің элементері мүлде жоқ.Тән жаннан айырылған соң «әлем рухымен» қосылып, йогтардың дене тұрқы ерекшеленіп, өз назарын бір нүктеге аударып, тынысын өзгертіп, айнадағылардан жекеленіп, ерекше бір жайбарақат жағдайға түседі.Йогтар жаттығудың арқасында тыныс алуын, жүрек соғуын және соматикалық қызметтерді өзгерте алады. Шульцтің жаттығу арқылы бұлшық еттерді босаңсытуға, салмақ пен жылыны, ішкі жайбырақаттық пен жеңілдікті сезінуге болатынын көрсетті. Қазір өзін-өзі жаттықтыру арқылы әртүрлі жүйке-психикалық зақымданудың алдын алуға болады.

Соңғы жылдарда клиникалық – бейімделген психотерапия,ауруларды жеңілдету мақсатында жүреді. Жекелік бейімделген психотерапия тұлғаның әлеуметтік қоршаған ортамен қарым-қатынасын және жекелік өмірін өзгертуге көмектесу үшін пайдаланады.
Клиникалық – бейімделген психотерапияда дәстүрлі әдістер пайдаланады. Мысалы: гипноз, аутогендік жаттығулар, түрлі сендірулер пайдаланады. Психотерапияның негізі адамның «Менін» динамикалық әлемде өзгеруін өзгерту мүмкіндігінде жатыр. Медициналық емес психотерапияда түрлі бағыттар мен психотерапевттік әдістердің мазмұнын біріктіретін келесідей міндеттері көрсетіледі:

  • клиенттің психологиялық мәселесін зерттеу және оны шешуге көмек көрсету.

  • жеке тұлғаның субъективті өзіндік сезімдерін жақсарту және психикалық денсаулығын нығайту.

  • жеке тұлғаның тұлға аралық қарым-қатынасында тиімді тәсілдерін, заңдылықтарын зерттеу.

  • клиенттің ішкі эмоционалдық бұзылыстары және мінез құлық өзгерістері негізінде өзін- өзі түсіну мен өзін- өзі зерттеу барысында түзету жұмыстарын жүргізеді.

  • процесс барысында шығармашылық деңгейінің көтерілуіне, өмірі барысында жетістікке жету және бақыт сезімдерін сезіну.

Психотерапевттік іс-әрекеттің негізгі мақсаты пациентке өзінің өмірінде қажетті өзгерістер енгізуге көмектесу. Психотерапиядағы консультанттың міндеті – түрліше жағдайлары, мәселелері пайда болғанда, клиентке оны шешуге көмектесу: түсіндіру, кеңес беру, сезімін көрінуіне көмектесу, клиенттің мінез-құлығын өзгерту, ол өзін көре алатындай бола алуы тиіс, қолдау көрсету, жұбату және т.б. жұмыстарын жүргізу.
Психотерапевттік қадамды екі топқа бөлуге болады:

  1. Мәселеге бағдарлану – пациенттің мәселесі бағытталу міндетті болып саналады. Егер пациент мұны қаламаса мұны психотерапевттік іс-әрекетке қарама-қайшылық болып табылады. Бұл тиімді болып саналмайды.

  2. Клиентке бағдарлану – бұл керісінше терапия барысында клиент терапия уақытын және нені әңгімелеу керек екендігін өзі шешеді. Егер де клиент өз мәселесін айтпаса бұл терапияға қарама-қарсылық емес, клиенттің заңды құқығы, ол өзі нені қалайды соны әңгімелейді.

Психотерапияны жүргізудің стратегиялары:

  • психотерапевттік процестің кезеңдері.

  • алғаш кеңес беру кезіндегі принциптер мен психотерапиялық негізгі техникалары.

  • психотерапиялық жұмыстарда вербалды және вербалды емес құралдарды пайдалану.

  • психотерапиялық кеңес беруде метафорларды пайдалану.

  • психотерапевт консультанттың жеке басына қойылатын талаптар.

  • психотерапевттің (консультанттың) этикасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет