Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз



бет2/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған
195.Намаз үйренейік, Дәрігердің үшінші қаруы
ә. Дiнге қызметi. Дін - адам жаратылысында бар бір сенім. Ол психология, социология және экология үшін де аса қажет. Тіпті адамның өзі осы дін арқылы өзініңқайдан келгендігі, қайда баратыны жайлы сұрақтарына жауап таба алады. Дін – адамның, мәдениеттің бір бөлшегі және маңызды әлеуметтік құрылымы ретінде қоғамның ортаққазынасы. Діни сенімдер мен қоғамдыққұндылықтар бүкіл қоғам үшін біте қайнасқан үйлесімді бөлігі болып табылады. Бір ұлттың ұлт болып бірігуі үшін тіл керек және дін де маңызды рөл ойнайды. Егер бір халық бір тілде сөйлей отырып, екі немесе үш дінде болса, ол халықтың келешегінен үміт күту қиын. Тарихқа үңілер болсақ, түркі тайпалары тәңіршілдік, буддизм, зороастризм, манихеизм және христиан сияқты түрлі дінді тұтынды және аталған діндердіңөз рәсімдері мен сенімдері бар болатын. Егер де түркі тайпалары аталған діндерді сол қалпында сақтағанда олардың түбірімен бөлшектенуі мүмкін еді. Бірақ Ахмет Ясауи сияқты ұлы бабаларымыз сол тайпаларды бір тіл, бір дін астына біріктіре алды, мұсылмандықты мейірімділік, кешірімділік, адамгершілік, дiни төзiмдiлiк, бауырмалдық, сүйiспеншiлiк арқылы үйреттi. Түркі халықтары Ахмет Ясауи сияқты ұлы бабаларымыздың арқасында шынайы мұсылмандыққа қол жеткізді. Аталған халық ислам дінін тек мойындап қана қоймай, оған қызмет етті, ислам өркениетінің дамуына ат салысты.
б. Мәдениетке қызметi. Мәдениет дегенiмiз - бiр халыққа тән рухани және материалдық құндылықтары. Түркi халықтарының да өзiне тән мәдени ерекшелiктерi мен артықшылықтары баршылық. Ежелгi түркiлердiң мәдениетi көшпелi мәдениетке негiзделген немесе түркiлердiң мәдениетi – дала мәдениетi. Түркi халықтарының исламды қабылдау кезеңiнде көшпелi мәдениет пен исламдық элементтер ұштастырылды және осының негiзiнде түркi-ислам мәдениетi дүниеге келдi, яғни, исламдық және түркiлiк элементтер үйлестiрiлдi (сәулет өнерi, жазу, музыка, киiм үлгiлерi т.б.). Осы мәдениет ағымының қайнар бастауы – ясалық Ахметтiң салған ясауилiк жолы болатын. Мұсылман-түркiлiк мәдениеттiң көш басшысы атанған ясауилiк тариқатынан* түркiлiк мәдениеттi де, мұсылмандық қағидаларды да кездестiре аламыз. Сонымен ұлы бабамыздың тілімізге, дінімізге және мәдениетімізге жасаған қызметі зор.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет