Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Батыс түркi халықтары арасындағы Ясауидiң iзбасарлары



бет4/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған
195.Намаз үйренейік, Дәрігердің үшінші қаруы
3. Батыс түркi халықтары арасындағы Ясауидiң iзбасарлары. Аңыз бойынша Ахмет Ясауидің рухани әсері Анадолы, Балқан,Әзірбайжан қысқасы бүкіл батыс түркілеріне кеңінен мәлім болған. ¦лы бабамыздың тікелей жөн сілтеуімен, көптеген дәруіштері Рұм өңіріне ағылғанын аңыздардан білеміз.Әулие Челебидің мәлімдеуі бойынша Аушар Баба, Пір Деде, Ақязылы, Қыдемлі Баба Сұлтан, Гейіклі (Киікті) Баба, Абдал Мұса, Хорос Деде сияқты аталған өлкеде Ясауи дәруіштерініңқабірі көптеп кездеседі. Сонымен қатар аңыз бойынша Жин Осман, Шейх Нүсрет, Гажгаж (Гыжгыж) Деделер - Ахмет Ясауидің шәкірттері. Әзiретi Ахмет Ясауидің Анадолыдағы мәшһүр жолын қуушысы – Қажы Бекташ Уәлi. Батыс түркiлерi арасындағы аңыз-әпсаналарға қарағанда Қажы Бекташ Уәлi Ясауи жолын қуушы - Лұқпан Перенден Хорасанда-ақ дәріс алған. Әпсана желiсiне қарағанда оған Анадолыға (Анатолия, Кiшi Азия) бару жүктелген, Қыршећирде (Сулуджа қараћөйүк) ол рухани софрасын жайған және көптеген дәруiштiң көңiл көзi ашылуына себепкер болған. Қажы Бекташ Уәлi – бүгiнгi Бекташилiк тариқатының құрушысы. Аталмыш түркi дәруiшiнiң атақты iзбасарлары - ТаптұқӘмре, Сары Салтұқ, Барақ Баба. Ал бүгiнгi өлеңдерi мен дүниетанымдары көпшiлiк қауымға мәшһүр Жүнiс Әмiре ТаптұқӘмренiң берекелi рухани софрасынан рухани нәрмен сусындаған.


  1. Ясауи ілімінің мәнін жазыңыз

Қожа Ахмет Яссауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Қожа Ахмет Яссауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет еткен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Яссауи ілімі – дін, мазһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі.Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды. Қожа Ахмет Яссауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты.
Түркі даласының төл перзенті, ұлы бабамыз Қожа Ахмет Ясауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ерекше тұлға. Ислам дінінің жанашыры әрі насихатшысы,сопылық ілімінің көрнекті өкілі. Туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты мол, көкірегі ояу,көзі ашық жан болған. Көзін ашқан діндар отбасында өскен, ұстаздан білім үйренгені бар әрі өзі өмір сүрген заманның ықпалы бар Ахмед те жастайынан өз өмірін ізгілік пен мейрімділікке, адмгершілік пен тақуалыққа арнағанды жақсы көреді. Сол себепті ол халққа рухани ағарту жұмысын жүргізу керектігін ерте түсінген.Тартхқа қарайтын болсақ орта ғасырларда Ислам өркениеті мен мәдениетінің ықпалы күшейген кезең екнін көреміз. Сопылық ағымда да осы кезде кең қанат жая бастады. Сол себепті осындай аса жауапты кезеңде өмір сүргендіктен Ахмет Ясауи өз шығармаларында аламгершілік пен имандылықты ту етті. Бүкіл күш қайратын ізгілік жолына арнап, Ахмет Иугнеки, Сулейман Бақырғани, Сығанақи, Дулати секілді тек қана ақиқатты жырлады. Бүкіл түркі жұртын тақұалыққа, Тазалыққа үндеді. Ислам дінінің өлмейтін өшпейтін құндылықтарын дәріптеді. Қолына қалам алып даналық сөздерін жаза бастады.
XV ғасырдағы көне түркі тілінде жазылған «Диуани хикмет» оғыз қыпшақ тілінде жазылған әдеби төл тұынды. Замана шындығы, өз өмірін бет бейнесі, ғұмырлық тәжиіресі. Алланың ақ жолын табу мен тану үшін не істейміз деген ой кітапта көтерілген негізгі тақырып олып табылыды. Ахмет Ясауи аталмыш жинағында әр мұсылманның бойында аллаға деген зор сүйіспеншілік. Мухаммед пайғамарымызға (c.а.у) деген ыстық маха болу керектігін сүйсіне жырлады. Мұсылмандарды көркем мінезді болуға шақыралы. Өмірдың жалғанлығы, ақиқаттың кезігі өмір екендігін түсіндіретін, бұл дүниеде жасалған әр бір іске ақыреттілік сауал болатын секілді Құранмен үндесетін ақиқаттарды тілге тірек етті.
Сопылықты- адамның өз өзін кемелдендірүі, нәпсі қумарлығынан тазартып тәрбиелеуі, бойындағы ізгі қасиеттердің үштауы, Исламды толық устанатын, таза тақуалық жолға бет бұру деп түсіндірүге болады.
Ясауи өз хикметтерінде тасаууыф ілімі тұралы кең мәлімет беріп, оны шын мәніндегі ілім ретінде жоғары бағаланды. «Менің асыл хикметтерімді жаны аурымасқа айтқаным, баға жетпнс інжуімді құнын білмеске сатпағым» деген сөзі осыған дәлел. Түркі тілдес тайпалар арасында Ислам діні осы сопылық жолымен кең тарады. Ясауи мұраларының мәні еш қашан жоғалмақ емес. Ол бүгінгі өмір үшін де аса маңызды. Әсіресе жастарды имандылық пен ізгілікке, отансүйгіштікке, адалдыөқ пен тазалыққа, төзімділікке шақыруда оның берері мол.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет