Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Ясауи дүниетанымының негізін түсіндіріңіз



бет6/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған
195.Намаз үйренейік, Дәрігердің үшінші қаруы
Ясауи дүниетанымының негізін түсіндіріңіз

Қ.А. Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы «Диуани хикмет», «Мират-ул Қулуб», «Пақырнама» сияқты бізге жеткен мұраларынан көрінеді. Ясауи қалыптастырған хикмет дәстүрінің Ислам ақиқатының халықтың жүрегіне жол тауып сіңірудегі маңызы зор болды. Олар хикмет дәстүрін таратуда зікір тәжірибесінің үш түрін: алқа зікірі, арра зікірі, құпия зікір формаларын қатар алып жүрді.
Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали «өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың»,- дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту «ашқ» мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. «Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен...» «Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фәни...»



  1. Ясауидің хәл ілімі ар түзейтін ілім ретінде айтып беріңіз

Қожа Ахмет Ясауи хәл ілімі-оның дүниетанымындағы адам мәселесі, жаратылыс сыры, адам мен әлемнің, мағшұқ пен ғашықтың, хәл ілімі мен қәл ілімінің арасындағы қарым-қатнасты таныту мағынасында өрбиді. Қожа Ахмет Ясауидің хәл ілімі, яғни хикмет дәстүрі түркі-ислам сопылығына негізделген философиялық дүниетаным болып табылады. "Ишарат еттім дана болса мағына алсын, Қал ілімінен былып едім нышан қалсын. Дүр гауһар сөздерімді ішке салсын, Халден айтып ғашықтарға бердім мен"- деген жолдардан Ясауидің "Диуани хикетті" болашақ шәкірттерге мұралауындағы аксиологиялық құндылықтық мақсатын аңғарамыз. Демек, Хал ғылымының өзі Қал ғылымынан гөрі терең жане ишараттардың астарлы тілімен бойлауға болатын, рухани заңдылықтарпен негізделген сырлы әлем."Хәл ілімі қал ілімін өз ішінде қамтиды". Қал ілімі" деп тасфир, қалам, хадис, т. б ғылымдарды айтады. Осы ғылымдарды игеріп барып, хәл сатысына өтуге болады. Хақтың дидарын көргісі келгендер ғана "қал" ілімінен "хәл" іліміне өтіп, негізгі мәнін Хақ (тәңір) екендігіне өз рухы болмысымен куә болуға ұмытылады. Ясауи хикметтерінде "қал" ілімін оқу, "ху" халқасы- Құдайды мадақтау, "Хақ софрасы- хәл іліміне жету, жоқтық мақамына ұласу"," дүниені тәрк ету, өзін өзі тану, нәпсіні жеңу" жане сол сияқты күрделі процесті қамтамасыз ететін ілімді тұтасай хәл ілімі ретінде дәріптейді"





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет