Юрковская о. А., Фаизова р. И., Терехова т. И., Хисметова а. М., Зготова н. С. Коронавирусты


Емдеу тиімділігінің көрсеткіштері (ҚР ДСМ)



Pdf көрінісі
бет14/73
Дата07.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#92921
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73
Байланысты:
koronavirustyq-infekciyadan-tuyndagan-pnevmoniya-kezindegi-reabilitaciyanyn-negizgi-principteri
koronavirustyq-infekciyadan-tuyndagan-pnevmoniya-kezindegi-reabilitaciyanyn-negizgi-principteri
 
Емдеу тиімділігінің көрсеткіштері (ҚР ДСМ): 
● 
клиникалық сауығу. 
● 
ПТР тексерудің теріс нәтижелері. 
 
Қытай зерттеушілерінің пікірі бойынша, ауруханадан шыққаннан 
кейін ҚР ДСМ хаттамасында көрсетілген өлшемдерге сәйкес келесі 
жағдайларды ескеру қажет [8, 9]: 
1. Ауруханаға жатқызуды қажет ететін аурудың немесе асқынудың 
болмауы; 
2. SpO2> 93% көмекші оттегі ингаляциясы қажетілігінің болмауы; 
3. Ауруханадан шығаруды көпсалалы медициналық бригаданың 
мақұлдауы. 
Ауруханадан шыққаннан кейін [7] 
Науқастарға үйде барлық ережелерді сақтау туралы қолхатпен карантиндік 
нұсқаулар беріледі. Науқастарға оқшаулануды және денсаулығын бақылауды 
жалғастыруға, маска киюге, жақсы желдетілетін бөлек бөлмеде тұруға, отбасы 
мүшелерімен тығыз байланысты азайтуға, бөлек тамақтануға және қол 
гигиенасын сақтауға кеңес айтылады. COVID-19 жеңіл дәрежесі кезінде үйдегі 
карантин - 14 күн бойы, науқас арасында 24 сағат үзіліс жасап 2 рет мұрын-
жұтқыншақтан ПТР жағындысын тапсырады. 
 Ескерту: SARS CoV-2 РНҚ ПТР оң нәтиже алғаннан кейін, бақылау кезеңінің соңында 
және клиникалық көріністер болмаған кезде, келесі 2 күн ішінде медициналық бақылауды 
жалғастыру ұсынылады. Бақылау кезеңінің соңында ПТР тексерісін екі рет қайталау 
қажет. 
Орташа ауырлық дәрежесі үшін үйдегі карантин 21 күн, науқас арасында 
24 сағат үзіліс жасап 2 рет мұрын-жұтқыншақтан ПТР жағындысын 
тапсырады. 
Ескерту: SARS CoV-2 РНҚ ПТР оң нәтиже алғаннан кейін, бақылау кезеңінің соңында 
және клиникалық көріністер болмаған кезде, келесі 2 күн ішінде медициналық бақылауды 
жалғастыру ұсынылады. Бақылау кезеңінің соңында ПТР тексерісін екі рет қайталау 
қажет. 
Ауыр дәреже үшін үйдегі карантин 28 күн, науқас арасында 24 сағат үзіліс 
жасап 2 рет мұрын-жұтқыншақтан ПТР жағындысын тапсырады. 
Ескерту: SARS CoV-2 РНҚ ПТР оң нәтиже алғаннан кейін, бақылау кезеңінің соңында 
және клиникалық көріністер болмаған кезде, келесі 2 күн ішінде медициналық бақылауды 
жалғастыру ұсынылады. Бақылау кезеңінің соңында ПТР тексерісін екі рет қайталау 
қажет. 
Жазылушы науқастарға медициналық бақылауды тұрғылықты жердегі 
емдеуші дәрігер жүргізеді (қашықтан бейне қоңырау арқылы рұқсат етіледі). 


12 
Дәрігердің науқасқа бару қажеттілігі клиникалық көрсеткіштермен анықталады 
[7]. 
Қытайлық ғалымдардың ұсыныстарына сәйкес алғашқы бақылау 
ауруханадан шыққаннан кейін 48 сағат ішінде жасалады. Келесі бақылаулар 
шығарылғаннан кейін 1 аптадан кейін, 2 апта және 1 айдан кейін жасалады. 
Тексеру бауырдың, бүйректің функционалды жағдайы, қан талдауы, қақырық 
пен нәжістің ПТР сынағы және көрсеткіштерге сәйкес кеуде мүшелерінің 
рентгенографиясы немесе өкпенің компьютерлік томографиясы кіреді. 
Ауруханадан шығарылғаннан 3 және 6 ай өткеннен кейін науқастың жағдайын 
тексеру үшін бақылау телефон қоңыраулары жасалады [8.9]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет