З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет74/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
Экстракардиалдық реттеу орталық жүйке жүйесінен кел- ген импульстер кезеген және симпатикалық жүйкелер арқылы іс- ке асырылады. Барлық вегетативтік жүйке жүйесі сияқты жүрек жүйкелері де екі нейроннан тұрады. Бірінші нейронның дене өсінділері кезеген жүйке өсінділерінен тұратын (парасимпатика- лық бөлімде) сопақша мида орналасады. Осы нейрондардың өсін- ділері жүректің нейромуралды түйіндерінде бітеді. Симпатика- лық жүйке бөлімінің бірінші өсінділері (импульсті жүрекке апара- тын) жұлынның көкірек бөлігінің бесінші сегментінің бүйір өсін- дісінде орналасады. Ал осы нейрондардың өсінділері мойын және жоғарғы кеудедегі симпатикалық жүйке түйіндерінде аяқталады. Осы түйіндерде жүрекке бағытталған екінші нейрондар болады. Кезеген жүйкенің жүрекке тигізетін әсерін ең алғаш зерттегендер ағайынды Веберлер (1845 ж.). Осы жүйкені тітіркендіргенде жү- ректі тоқтатып тастауға дейін апарады. Егер электр тогымен кезе- ген жүйкенің кесілген шеткі бөлімін тітіркендірсе, жүректің баяу жиырылатындығын байқауға болады. Бұл құбылысты кері хро- нотропты деп атайды. Бір мезгілде жиырылу амплитудасы да азаяды, мұны кері инотропты әсер деп атайды.
Кейде кезеген жүйкені қатты тітіркендірсек, жүрек жұмысы ұзақ уақыт бойы тоқталады. Осы мезгілде жүрек етінің қозуы төмендейді, ал оның қалпына келуі үшін тітіркендіргіш күші қатты болуы тиіс. Бұл қозу үдерісінің төмендеуін кері батмот- ропты әсер деп атайды.
Кезеген жүйкені ұзақ уақыт бойы тітіркендіргенде жүректің қозуы бас кезінде тоқталса да, қайтадан бұрынғы қалпына келе- ді. Бұл құбылысты жүректің кезеген жүйкенің әсерінен «сыты- лып шығуы» деп атайды (ускользания).
Симпатикалық жүйке жүйесінің жүрекке әсерін ең алғаш зерттеген – ағайынды Циондар (1867 ж.), ал одан кейін И.П. Павлов. Бұл жүйкені тітіркендіргенде жүрек жұмысы жиіленеді (оң хронотропты әсер деп атайды), қозуды күшейтеді (оң бат- мотропты әсер). Тітіркендірудің латенттік кезеңі 10 секундқа тең.
Жүректегі жүйке импульсінің химиялық жолмен берілу ме- ханизмі болады. Егер кезеген жүйкені қатты тітіркендіретін бол- сақ, жүйкенің шеткі кесіндісінің ұшынан ацетилхолин бөлініп жүрекке барады, ал симпатикалық жүйкені қоздырсақ, норадре- налин бөлінеді. Бұл заттарды медиаторлар деп атаған. Ме- диаторлардың болатындығын 1921 жылы О. Леви көрсеткен бо- латын. Ол бақаның жүрегін оқшаулап бөліп алып, кезеген және симпатикалық жүйкелерді тітіркендіріп, осы жүректегі пайда болған сұйықтықты екінші осындай жүрекке апарып құйғанда, дәл осындай әсерін байқады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   116




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет