З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет2/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
1-тарау
ҚОЗҒЫШ ҰЛПАЛАРДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Ұлпаның функционалды жағдайын бағалау критерийлері. Қозғыш- тық, қозу табалдырығы, функционалды лабильділік түсініктемелері- нің анықтамасы.

  2. Биологиялық мембрананың негізгі физиологиялық жағдайы.

  3. Статикалық поляризацияның электрофизиологиялық сипаттамасы. Тыныштық потенциалы.

  4. Деполяризацияның электрофизиологиялық сипаттамасы. Әрекет по- тенциалы.

  5. Реполяризация мен гипер-поляризацияның

  6. электрофизиологиялық сипаттамасы. Іздік потенциалдар.

Бейімделу үдерістері тірі құрылымдардың физиологиялық қасиеттері мен әрекеттерінің өзгеруі нәтижесінде жүзеге асады. Өзгерістер негізінде қозу мен тежелу үдерістерінің ара қатына- сы жатады. Осыдан филогенездік даму барысында тірі құры- лымдардың қоршаған орта жағдайына бейімделуінің нәтижесі ретінде ерекше қозғыш ұлпалар – жүйке, бұлшық ет және без ұлпалары пайда болған.


Қозғыш ұлпаларға тітіркенгіштік, қозғыштық, функционал- ды жылжымалық (лабильділік) қасиеттері тән.
Тітіркенгіштік деп қозғыш ұлпалардың тітіркендіруге өзін- дік сипаты жоқ жалпылама реакциялармен – зат және энергия
алмасу үдерісінің өзгеруімен беретін жауабын айтады. Бұл реакцияларға шектелген сипат тән болады, олар қозғыш ұлпа- лардың белгілі бір жерінде шоғырланады, оның басқа учаскеле- ріне таралмайды.
Қозғыштық деп қозғыш ұлпаларының тітіркендіруге тара- латын әрекет потенциалымен – тітіркеніспен (импульспен), ар- наулы өзіндік реакциялармен жауап беруін айтады. Қозғыштық тек жануарлар ұлпасына ғана тән қасиет. Бұл қасиет ерекше бел- сенді күй – қозу үдерісінің туындауына себепші болады.
Қозу үдерісі шектеулі немесе таралмайтын және таралатын болып бөлінеді. Шектелген қозу түрін Н.Е. Введенский ашқан. Қозудың бұл түрі тітіркендіргіш күші табалдырықтан төмен болған жағдайда туындайды. Мұндай кезде ұлпаның қозған учаскесінде әлсіз теріс электр заряды пайда болады да, ол жан- жағына декрементті түрде (өше) жайылады. Сондықтан бұл по- тенциал ұлпа бойымен таралмай, бірнеше миллиметрден соң өшіп қалады. Тітіркендіргіш күші табалдырықтан жоғарылаған жағдайда әрекет тогы пайда болып, қозу толқыны декрементсіз (өшпей) ұлпа бойымен жеке тітіркеніс түрінде таралады.
Функционалды жылжымалық немесе лабильділік деп ұлпада дара қозу тітіркенісінің пайда болып және басылып (аяқталып) үл- геру шапшаңдығын айтады. Қозу толқынының ұзақтығы толық (абсолютті) рефрактерліктің созылу мерзіміне тәуелді болады және ол ұлпадағы физиологиялық және биохимиялық үдерістердің шап- шаңдығын, қарқындылығын бейнелейді. Сондықтан жеке қозу тол- қынын тудыратын үдерістер неғұрлым тез жүрсе, соғұрлым ла- бильділік жоғары болады, демек, ұлпада белгілі мерзім ішінде туындап және өшіп үлгеретін қозу толқынының саны көп болады. Лабильділік 1 секунд ішінде тітіркендіруге жауап ретіне пайда бо- лып үлгеретін қозу толқынының санымен өлшенеді.
Лабильділік тірі құрылымның физиологиялық күйіне байла- нысты құбылып отырады. Әрекет үстінде лабильділіктің бастап- қы деңгейімен салыстырғанда жоғарылай немесе төмендей өзге- руін А.А. Ухтомский ырғақ игеру деп атаған. Ырғақ игеру ағза- ның жеке мүшелері қызметінің арасындағы үйлесімдіктің негізі болып табылады. Ұлпа әрекеті үшін тиімді тітіркендіру ырғағын оптимальды ырғақ деп атайды. Ұлпаны мұндай ырғақпен тітір-
кендіргенде әрбір жаңа тітіркеніс рефрактерліктің экзальтация кезеңінде туындайды да, мықты жауап реакциясын тудырады.
Тітіркендіргіш жиілігі оптимальды ырғақтан асып кетсе, ті- рі құрылымның жауап реакциясы нашарлайды. Тітіркендірудің мұндай ырғағын пессимумдік ырғақ деп атайды. Пессимум – ті- тіркендіру жиілігі лабильділік шегінен асып кеткенде байқала- ды. Мұндай жағдайда бірінші тітіркендіргіш әсерімен ұлпа қоза- ды да, келесі тітіркендіргіш әсері оның толық рефрактерлік күй- ге өткен кезімен сәйкес келеді. Сондықтан келесі тітіркендіргіш- терге жауап қайтарылмай, рефрактерлік күй тереңдей түседі. Осыдан жиі ырғақты тітіркендіргіштер ұлпаның лабильділігін төмендете түседі де, қозу үдерісі емес, керісінше, тежелуді ту- дырады.
Оптимум және пессимум құбылыстары – барлық ұлпаларға тән жалпы биологиялық қасиет. Бапты (оптимальды) тітіркенді- ру ұлпалар реакциясына жағымды ықпал жасаса, күші, жиілігі, әсер мерзімі шекпен артып кеткен тітіркендіргіштер жеткіліксіз (пессимальды) реакция тудырады.
Қозғыш ұлпалар үш түрлі физиологиялық күйде – физиоло- гиялық тыныштық, қозу және тежелу болуы мүмкін.
Физиологиялық тыныштық деп жеке ұлпалар мен мүшелер- дің өздеріне тән әрекетін байқатпаған күйін айтады. Мысалы, бұлшық ет жиырылмаса, без сөл бөлмесе, оларды тыныштық күйде деп есептейді.
Қозу деп тітіркендірудің нәтижесінде жеке ұлпалар мен мү- шелердің өзіне тән әрекетті атқаратындай белсенді жағдайға ке- луін айтады. Қозу – түрлі физика-химиялық, функционалды өз- герістер жиынтығынан тұратын күрделі биохимиялық реакция.
Тежелу – тірі құрылымдар әрекетінің бәсеңдеуімен сипатта- латын ерекше биологиялық күй. Тежелу үдерісі де тірі ұлпаның тітіркендіргіштерге белсенді реакциясы нәтижесінде туындай- ды. Тежелу сыртқы белгілері жағынан физиологиялық тыныш- тыққа ұқсас. Бұл екі күй де ұлпалар мен мүшелер әрекетінің тыйылуымен сипатталады. Бірақ тыныштық күй мен тежелудің арасында зор ішкі айырмашылық бар: тежелу кезінде ұлпалар мен мүшелердің қозғыштығы, лабильділігі күрт төмендейді, те- ріс шыңды потенциал тіркеледі. Тежелу қозу үдерісімен бірлесе
отырып, тірі құрылымдардың сыртқы орта жағдайларына бейім- делуін қамтамасыз етеді.
Қозу – түрлі физикалық, химиялық, функционалды өзгеріс- тер жиынтығынан тұратын, тек тірі ұлпаларға, тірі ағзаға тән, қозғыштық қасиет негізінде дамитын күрделі биологиялық үде- ріс. Ағзада қозғыштық қасиет жойылса, клеткалардың қызметі бұзылып, тіршілігі тоқтайды. Қозғыштық – тірі ағзалардың ті- тіркендіруге арнаулы өзіндік реакциямен, таралатын әрекет по- тенциалымен (тітіркеніспен) қайтаратын жауабы. Қозу үдерісіне әртүрлі өзіндік және жалпылама белгілер тән. Мысалы, қозған ұлпада зат алмасу үдерісі күшейеді, оның химиялық құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттері сандық және сапалық өзгеріс- терге ұшырайды.
Бұлшық ет пен жүйкелер қозғанда мембранада жайыла та- ралатын электр заряды пайда болады. Осымен байланысты клет- ка мембранасы арқылы электр зарядының өзгеруі қозу үдерісі- нің бір белгісі болып табылады. Қозудың өзіндік белгісі әрбір мүшенің өзіне тән әрекетімен бейнеленеді. Мысалы, қозған бұл- шық ет талшықтары жиырылады, без ұлпалары сөл бөледі, жүй- ке талшықтарында импульс пайда болады.
Қозу – толқын тәрізді таралатын үдеріс. Ұлпаның бір жерін- де пайда болған қозу оның басқа бөліктеріне жайыла таралады. Бұлшық ет пен жүйке ұлпаларда қозу электрлік жолмен, әрекет потенциалы түрінде таралады. Ұлпаның бір клеткасында немесе бір телімінде пайда болған әрекет потенциалы оның басқа бөлік- терін тітіркендіреді.
Клетканың мембранасының сыртқы және ішкі потенциал айырмашылығын физиологиялық жағдайына сай тыныштық (мембраналық) немесе әрекет потенциалы дейді.
Мембраналық потенциал дегеніміз – тыныштық физиоло- гиялық жағдайында клетканың мембранасының сыртқы және ішкі потенциалдарының арасындағы айырмашылық. Мембрана- лық потенциалдың пайда болуы клетканың ішінде және сыртын- дағы сұйықтықта орналасқан иондарының концентрациясына байланысты. Қалыпты жағдайда клетканың мембранасының сыртқы беті «оң», ішкі беті «теріс» зарядталған.
Тітіркендіргіштің әсерінен қозу үдерісі пайда болған сәтте туатын потенциал әрекет потенциалы деп аталады. Ұлпа қозған мезгілде мембраналық потенциал әрекет потенциалына айнала- ды. Осы уақытта мембрананың ішкі және сыртқы бетіндегі за- рядтары қарама-қарсы өзгереді. Әрекет потенциалы пайда бол- ғанда клетканың мембранасының сыртқы беті «теріс», ішкі беті
«оң» зарядталады. Заряды өзгерген потенциал күшейіп, ең жоға- ры «шың» (спайк) дәрежесіне жетеді. Потенциалдың «шың» дә- режесі әрекет потенциалының мөлшерін көрсетеді. Одан әрі по- тенциал қайта төмендеп, мембраналық потенциал бастапқы қал- пына келеді. Мембраналық потенциалдың жоғалып барып қайта көтеріліп «шың» дәрежесіне жету кезеңін әрекет потенциалы- ның деполяризация кезеңі деп атайды, ал әрекет потенциал қайта төмендеп, мембраналық потенциалдың бастапқы қалпына келген мерзім реполяризация кезеңі деп аталады. Әрекет потен- циалының реполяризация кезеңінде «із» потенциалдары байқа- лады. Реполяризация кезеңінің соңында потенциалдың күшеюін гиперполяризация дейді. Гиперполяризациядан соң мембрана- лық потенциал қайтадан алғашқы қалпына келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет