З. Г. Жокушева экологиялық мониторинг



бет16/77
Дата02.02.2022
өлшемі434,5 Kb.
#117018
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77
Байланысты:
ekologiyaly monitoring
Қазақстан Республикасының мемлекет нысаны .docx, 172051, ekologiyaly monitoring, ekologiyaly monitoring, Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып ХАТТАМА ( аппеляциясыз) (1), Тесты по хирургии, «Сарыарқа» толғауы 8-сынып
Жұмыстың тақырыбы: Атмосфералық ауаның сапасына автокөліктердің тигізетін әсері

Жұмыстың мақсаты: Атмосфералық ауаның автокөліктердің жүру қарқындылығына байланысты ластану дәрежесін анықтау, студенттердің өздері тұратын көшелердің автокөліктермен ластану деңгейін есептеу әдістемесін меңгерту

Құрал-жабдықтар: қаланың бірнеше көшелерінде орналасқан бақылау тораптары

Сабақ жоспары:

І. Зертханалық жұмысты орындау

ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру

ІІІ. Блиц тест

ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру
Жұмыстың барысы
Автокөліктердің көптігіне байланысты атмосфералық ауаның тазалығын бағалау Бұл әдістің мәні әрбір таңдап алынған көшеде бір немесе бірнеше бақылау тораптары орнатылады. Бақылаушыларға ыңғайлы әрі қауіпсіз болуы үшін тораптар қиылыстар мен аялдамалардан алшақ орналасқаны дұрыс. Әрбір торапта 2 бақылаушы жұмыс жасайды: 1-сі орталықтан қала сыртына шығатын көліктерді, 2-сі қала сыртынан орталыққа бағыт алған көліктерде санайды. Жанынан өткен әрбір автокөлікті бақылаушы арнайы құрылған кестенің сәйкес графасына нүкте немесе таяқша түрінде белгілеп отырады. Бұл кезде жеңіл машиналарды, жүк машиналарын, автобустар, трактор мен мотоциклдарды жеке-жеке есептеген жөн. Атмосфераның ластануына онша әсер етпейтін троллейбустарды санамауға болады. Бақылаушыларды ауыстыру 1-1,5 сағаттан кейін жүргізіледі.

Бір бақылау торабында әртүрлі бақылаулар жүргізуге болады:

- тәуліктің әр уақытында (тәуліктік өзгерістер)

- аптаның әртүрлі күндерінде, бірақ бір уақытта (апталық өзгерістер)

- жылдың әртүрлі мезгілдерінде (көлік қозғалысының маусымдық динамикасы)

Алынған кестелер бойынша белгілі бір көшедегі көлік қозғалысының апталық немесе тәуліктік динамикасының графигін тұрғызуға болады. Көлік ағындарының орталықтан қала сыртына және қала сыртынан орталыққа қарай қозғалыстарын салыстыруға, өз үйіңнің тұсындағы, оқу ғимаратының маңындағы және көліктер шоғырланған көшелердегі қозғалыс интенсивтілігін салыстыруға болады.

Графиктерді тұрғызған кезде горизонтальды осьта (абцисса осінде) уақыт (сағатпен – тәуліктік динамика үшін немесе тәулікпен – ұзақ мерзімді бақылаулар үшін), ал вертикальды осьте (ордината осінде) – көлік ағынының суммарлы қарқындылығы белгіленеді. Бұндай графиктерді өзара салыстыру оңай.

Бақылау тораптарындағы бақылаушылар келесі кестені толтырып тұруы шарт (5-6-7 кестелер)


Кесте 5 - Тәуліктік өзгерістер





Көлік

түрі


Көлік саны

1

08-09

800-900

2

09-10

900-1000

3

10-11

1000-1100

4

11-12

1100-1200

5

12-13

1200-1300

6

13-14

1300-1400

7

14-15

1400-1500

8

15-16

1500-1600

9

16-17

1600-1700

10

17-18

1700-1800

11

18-19

1800-1900

Кесте 6 - Апталық өзгерістер




Апталық өзгерістер

Көлік түрі

Көлік саны

Жеңіл көлік


Жеңіл көлік


Жеңіл көлік


Жеңіл көлік


Дүйсенбі







Сейсенбі







Сәрсенбі







Бейсенбі







Жұма







Сенбі







Жексенбі






Зерттеу нәтижелері келесі график түрінде өрнектелуі тиіс:

Автокөліктердің жүру қарқындылығы, тәуліктік өзгеріс (7 кесте)

Кесте 7 - Тәуліктік өзгеріс




Уақыты

08-09.09-10. 10-11. 11-12. 12-13.13-14.14-15.15-16 16-17 17-18.18-19


Көлік саны:




Жеңіл көлік




Жүк көлік







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет