З. Г. Жокушева экологиялық мониторинг


Ақуыз ерітінділерін даярлау



бет71/77
Дата02.02.2022
өлшемі434,5 Kb.
#117018
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77
Байланысты:
ekologiyaly monitoring
Қазақстан Республикасының мемлекет нысаны .docx, 172051, ekologiyaly monitoring, ekologiyaly monitoring, Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып ХАТТАМА ( аппеляциясыз) (1), Тесты по хирургии, «Сарыарқа» толғауы 8-сынып
Ақуыз ерітінділерін даярлау.

А. Тауық жұмыртқасының ақуызын өлшеуіш стақанға бөліп алып, 1:10 қатысындай дистилденген суда шыны таяқшамен шайқап араластырады. Сонан соң сүзгіден өткізеді.

Б. Әбден піскен асбұршақты кофеұнтағышта ұнтап, 10 грамм асбұршақ ұнын 50 мл 10%-тік NaCl немесе KCl ерітіндісінде езіп, араластыру қажет. Сонан соң сүзгіден өткізеді.

Жануарлардан алынатын өнімдерден сынама алу ережелері

      18. Сойылатын жануарлардың барлық түрлерінің етінен (сиыр еті, қой еті, шошқа еті және ауыл шаруашылығы мен үй қоянынан, құстан, балықтан басқа кәсіптік жануарлардың барлық түрі) сынама алу келесі тәртіппен жүргізіледі.      Ұшалар мен жартылай ұшалардан еттің (майсыз) нүктелік сынамаларын стерильді, кесу орнын алдын-ала күйдіргеннен кейін 200 граммнан кем емес тұтас кесектермен келесі орындардың біреуінен - кесілген жерінің жанынан, жауырын алаңынан, сан маңайындағы жуан бұлшық еттерден алады.      Ет балаусалығын анықтаудың органолептикалық әдістерін анықтау үшін салмағы 200 граммнан кем емес орташа сынама бөліп алатын бірлескен сынама құрастырады.      Сынамалардың жалпы радиациялық фонын анықтау үшін дозиметриялық бақылау сынаманы алмай дозиметриялық аспаптар көмегімен жүргізіледі.      Радиациялық бақылаудың спектрометриялық аспаптарымен уытты заттарды, антибиотиктердің қалдық мөлшерін анықтау үшін біріккен сынамадан салмағы 1 килограмнан кем емес орташа сынама алады.      Микробиологиялық көрсеткіштерге алдыңғы және артқы аяқтарының иілдіргіш және жазғыш бұлшық еттерінің 8*6*6 көлеміндегі бөлігін, лимфа түйіндерін тұтастай (мойын беткейіндегі және тізедегі оларды қоршаған ұлпаның қатпарынан), түтік тәрізді сүйекті (қажет болған кезде) алады, біріккен сынама құрастырады, зерттеу жүргізу үшін 250 грамм орташа сынама бөліп алады.      Трихинеллезге зерттеу үшін әр ұшаның диафрагма шетінен екі сынама үлгілерін, ал олар болмаған жағдайда диафрагманың қабырға бұлшық еті бөлігінен, қабырға аралық бұлшық етінен және мойын бұлшық етінен алады.      Ет және субөнімдерінің мұздатылған блоктарынан үлгілерді салмағы 200 граммнан кем емес тұтас кесектермен алады. Еттің мұздатылған блоктарының сапасына, салмағына және температурасына бақылау тексерісі үшін буып-түю орындарының 10%-на іріктеуді жүргізеді, бірақ әр партиядан 10-нан кем емес орындардағы кеуде және сан бұлшық еттерінің қалыңынан температурасының шкаласы 0-ден 1000С-қа дейінгі сұйықтық термометрлермен (сынаптық емес) температурасын өлшейді.      Ет комбинаттарында, тоңазытқыштарда және уақытша сақтау қоймаларында іріктеуге ірі қара малдың 10%-дан артық емес ұшаларын (жартылай ұшаларын), қой ұшаларының 5%, шошқалардың және мұздатылған және суытылған ет блоктары мен субөнімдерінің 2% енгізеді. Мұздатылған және тоңазытылған ет және субөнімдерінің (бауыр, бүйрек, өкпе және т.б.) блоктарынан нүктелі сынамаларды да 200 граммнан кем емес бүтін кесектермен алады. Алынған нүктелі сынамалардан осы

Ереженің 1-қосымшасына сәйкес орташа сынама қалыптастырады.     

19. Ерітілген жануарлардан алынатын май партиясынан сынама алу үшін партияның 10 % құрайтын, бірақ 5 буып-түю бірлігінен кем емес іріктеме жасайды. Тұтыну орамасына буып-түйілген май партиясының әр 100 бірлігінен бір орама бірліктен алады. Кесектердегі, стақандардағы, банкалардағы және басқа да тұтынушы орамдарындағы бір орамадан 50 грамм мөлшерінде нүктелі сынамалар алады. Нүктелі сынамалардан біріккен сынама құрайды, кейін осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес орташа сынама бөліп алады.     

20. Тауық, үйрек, үй қоянының етінен сынама ұшалармен немесе жартылай ұшалармен, қаз және күрке тауықтан ширек ұшалармен алынады. Құс ұшаларын сатуға жеткізілетін партиядан кездейсоқ таңдау әдісімен алады. Нүктелі сынамалардан біріккен сынама құрайды, нормаларды басшылыққа алып, осы

Ереженің 3-қосымшасына сәйкес біріккен сынамадан құстардың, үй қояндарының сынамаларының орташасын бөліп алады.      Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін іріктелген қораптардан үш үлгі (ұша) алады.      Органолептикалық бағалау кезінде: сыртқы түрі мен тұмсығының түсі, ауыз қуысының, көз алмасының, ұша беткейінің, кеуде-құрсақ серозды қабығының кілегей қабығы сынама алмай сыртқы тексеріп қараумен анықталады. Хош иістілігі мен сорпасының мөлдірлігін анықтау үшін құс етінен құстың 70 грамм бұлшық ет ұлпасын, үй қоянының етінен үй қоянының 25 грамм бұлшық ет кесегін алады.      Спектрометриялық аспаптармен радиациялық бақылауды жүргізу үшін нүктелі сынамалардан біріккен сынама құрайды, одан 1 кг-нан кем емес орташа сынама бөліп алады.      Радиациялық бақылау жүргізу үшін нүктелік сынамалардан біріккен сынама құрайды, одан 1 килограмнан кем емес орташа сынама бөліп алады.      Фермада сынама алу кезінде іріктеме көлемі тауықтар, үйректер үшін үш ұшадан кем емес және қаздар мен күрке тауықтарда үштен кем емес жартылай ұшаларды құрайды.     

21. Сұйық балдан сынама алуды диаметрі 10 - 12 миллиметр сынама алатын алюминь түтіктермен, қою балдан - 100 грамм нүктелі сынаманы әр түрлі қабаттардан майға арналған сүңгілермен жүргізеді. Біріккен сынаманы нүктелі сынамалардан құрайды, кейін салмағы 1 килограммнан кем емес орташа сынаманы бөліп алады, осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес бал партиясынан буып-түю бірліктерінің іріктемесін құрайды.     

22. Сынама алудың алдында ыдыстардағы сүтті мұқият араластырады. Цистерналардағы сүт және сүт өнімдерінің физико-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сапасын бақылау үшін 250 мл нүктелі сынама алады, орташа сынаманың көлемі 1 литрды құрайды.      Уытты заттардың, антибиотиктердің қалдық мөлшерінің бар болуының радиациялық бақылауын жүргізу үшін біріккен сынамадан салмағы 2 литрден кем емес орташа сынама алады.      Цистерналардағы сүт және сүт өнімдерінің сапасын физико–химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша бақылау үшін өнімнің әр партиясынан біріккен сынама алады. Біріккен сынаманың көлемі 1,5 литрден артық емес.      Құтыларда шығарылатын сүт, қаймақтан 5% іріктеуге жатады. Сынама алар алдында сүтті піспекпен араластырады. Сынаманы металл түтікпен, оны құтының түбіне дейін түсіріп алады. Сынаманы іріктеуге түскен әр құтыдан зерттелетін өніммен шайылатын таза ыдысқа көшіреді және содан араластырғаннан кейін көлемі 500 куб.сантиметр көлемінде орташа сынама бөліп алады.      Көліктік ыдыстағы сүттің, қаймақтың партиясынан іріктеме көлемі өнімі бар көліктік ыдыс көлемінің 5 % құрайды. 20 бірліктен кем емес партия болған жағдайда бір орама бірлігін алады.      Тұтынушы ыдысындағы (бөтелкелер, пакеттер) сүт өнімдерінен сынама алу кезінде буып-түю деректері нүктелі сынамалар болып табылады.      Тұтынушы ыдысындағы сүт, қаймақ партиясынан іріктеме құрау кезінде біріккен сынаманы бөліп алу, орташа сынаманы құрау үшін осы Ереженің 5-қосымшасына көрсетілген нормаларды басшылыққа алады.      Май, сүзбе, сүзбе ірімшік, үйде дайындалған қышқыл сүт өнімдерінен нүктелі сынамаларды өнімнің әр түрлі қабаттарынан: қаймақты - 15 грамм, майды - 10 грамм, сүзбені, сүзбе ірімшікті - 20 грамм, қышқыл сүт өнімдерін - 50 миллилитр мөлшерінде алады.     




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет