Закон об образовании


Басты міндет: балалардың оқуға деген қызығушылығы жоғалмауы үшін оқу үрдісін ыңғайлы ету



бет4/5
Дата14.03.2023
өлшемі0,66 Mb.
#172454
1   2   3   4   5
Байланысты:
сынып сағаты 2020-2021 оқу жылы
11А-ББЖБ №6 логар көрс функ-1, ҚМЖ Орта мән. Дисперсия.Стандартты ауытқу.
Басты міндет: балалардың оқуға деген қызығушылығы жоғалмауы үшін оқу үрдісін ыңғайлы ету
  • Ұйқыдан тұру
  • Гигиеналық процедуралар
  • Таңғы ас
  • Қысқа демалыс (10-15 минут)
  • Кесте бойынша сабақтар
  • Түскі ас
  • Қысқа демалыс (10-15 минут)
  • Шығармашылық қызмет түрлерімен айналысу, танымдық кітаптар оқу, үйде көмек көрсету
  • Оқу тапсырмаларын орындау
  • Кешкі ас
  • Гигиеналық процедуралар
  • Ұйқы

Ата-аналар балалардың денсаулығын сақтау үшін жаттығулар жасатуға, демалу үшін үзілістерге және оқу уақытын ұтымды пайдалануға назар аударуы керек
Мектеп формасына талаптар

  • Мектеп формасына қойылатын талаптар сақталады;
  • 2020-2021 оқу жылына қатысты міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді;
  • Санитарлық-эпидемиялогиялық ахуал ескеріліп, шектеу іс-шаралары кезеңінде оқушылар сабақтарға ыңғайлы киімде қатыса алады.

Ата-аналар балаға сабаққа ыңғайлы киім таңдап, киім тәртіпке келтіретінін және оқуға бейімделуге көмектесетінін түсіндіруі қажет
Баланы өздігінен жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыруға болады?
Баланың оқуға деген ынтасын арттыру:
  • білімді болуға ұмтылдыру;
  • қарым-қатынас шеңберін кеңейту;
  • өз таланттарын ашуға, белсенді және көшбасшы болуға баулу;
  • оқу қажеттілігін (оқушы мәртебесі) жоғарлату.

Не қажет?
  • Ересектердің жеке тәжірибесі
  • Баға емес, нақты білімнің талабы
  • Алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету

АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС
  • Балаларыңыздың интернетте немен айналысатындығы туралы хабардар болыңыз.Олардан өзіңізді бұрын қолданбаған қосымшаларды қолдануға үйретуді сұраңыз;
  • Пайдалы сайттарды, танымдық ресурстарды ашуға үйретіңіз;
  • Ақпаратпен танысқаннан кейін не қызықты екенін сұраңыз;
  • Балаларыңызға өздері туралы ақпаратты желіде орналастырмау керектігін түсінуге көмектесіңіз;
  • Егер Сіздің балаңыз спам (қажетсіз электрондық пошта) алса, оған мұндай хаттарда жазылғандарға сенбеуге және жағдайда оларға жауап бермеу керектігін ескертіңіз;
  • Балаларға бейтаныс адамдар жіберген файлдарды ашуға болмайтынын түсіндіріңіз. Бұл файлдарда келіссіз немесе агрессивті мазмұндағы фотосуреттер, бейнелер болуы мүмкін екенін жеткізіңіз;
  • Интернеттегі кейбір адамдар өтірік айтуы мүмкін және өздерін басқа адамдардың атынан көрсетуі мүмкін екенін түсіндіріңіз;
  • Балаларыңызбен үнемі сөйлесіп отырыңыз, интернеттегі басқа адамдардың іс-әрекеттеріне қалай дұрыс әрекет ету және жауап беру туралы кеңес беріңіз;
  • Егер біреу желіде ренжітсе немесе агрессивті мазмұндағы материалды көрсе балаларыңызды дұрыс жауап беруге үйретіңіз;
  • Сіздің балаларыңыз қолданатын компьютерде жасына қарай зерделеу құралдары орнатылып, дұрыс конфигурацияланғанына көз жеткізіңіз.

Балалардың интернет жүйесіндегі жұмысын бақылау
  • Компьютерді көрінетін жерге қойыңыз;
  • Сабақтан тыс уақытта Интернетте пен ойын уақытын шектеңіз (күніне 15-30 минут);
  • Балаңыздың Интернетке кіруіне тарихына қызығушылық танытыңыз;
  • Балаңызбен компьютерде немесе мобильді құрылғыда не көретіні және немен айналысатыны туралы сөйлесіңіз;
  • Балаларға компьютерде тиімді уақыт өткізуді және нақты дағдыларды игеруді ұсыныңыз;
  • Үлгі болыңыз. Балалар көбінесе ата-аналарының мінез-құлқын қайталайды.

Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас психологиясы
  • Баланың жеке басын құрметтеңіз. Өз әрекеттеріңізде озбырлыққа жол бермеңіз;
  • Тиісті өзін-өзі бағалауды қалыптастырыңыз;
  • Баланы отбасының нақты істерімен таныстырыңыз;
  • Баланың ерік-жігерін дамытыңыз. Мақсатқа жету үшін күш салу керектігін үйретіңіз;
  • Баланы жоспарлауға, іс-қимыл жоспарын құруға үйретіңіз;
  • Басқа балалармен, адамдармен қарым-қатынас жасауды үйретіңіз;
  • Баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырыңыз: мейірімділік, әдептілік, жанашырлық, өзара көмек, жауапкершілік;
  • Отбасылық өмірдің әдеттегі ырғағын мүмкіндігінше сақтаңыз немесе жаңа отбасылық дәстүрлерді (ойындар) жасаңыз;
  • Балалардың құрдастарымен қарым-қатынасын ынталандырыңыз (шектеулі уақытпен),

  • (мысалы, баланың жасына байланысты әлеуметтік желілер);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет