Залалсыздандыру. Залалсыздандыру әдістері. Залалсыздандырудың сапасын бақылау. Залалсыздандыру



бет7/8
Дата17.11.2023
өлшемі26,05 Kb.
#191665
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
f604f6a4eced45
СРО 3-1670146756915
Автоклавтау кезінде залалсыздандырылған қорапқа ампуламен бірге температурасы 110-120° С шамасында еритін,ұнтақтәрізді заттар салынады.Егер залалсыздандырудан кейін заттар ерісе,онда биксте медициналық керек заттар залалсыздандырылған деп есептеледі.Бұл әдіс үшін бензол қышқылы (t° еріту 120° ),резорцин(t° еріту 119°),антипирин(t° еріту 110°),термоиндикаторлар қолданылады.
Залалсыздандыру кезінде құрғақ ауалы шкафта жоғары еріту қасиетіне ие заттар аскорбин қышқылы(t° еріту 190°),янтар қышқылы(t° еріту 190°),тионесепнәр(t° еріту 180°),термоиндикаторлар қолданылады.Құрғақ ауалы шкафта бақылау түрінде тор ішіне флакондағы сахарозаны,несепнәр және бекітілген өнеркәсіптік индикаторлар салынады.
Залалсыздандыру алды өңдеу бақылауы аспаптарды өңдегеннен және кептірілгеннен кейін жүргізіледі.Гемоглобинде (қанда) қышқылдар,хлортектес заттар, жуушы заттар даттар бар болған жағдайда жүргізіледі.Қанның барын анықтау үшін азопирам сынамасы қолданады.Жуушы заттарды анықтау үшін фенолфтален және азопирам сынамасы қолданады.
Қышқылды,хлортектес заттарды және даттануды анықтау үшін азопирам сынамасы қолданады.
Залалсыздандыру алды сапасын бақылау тазалау күнделікті жүргізіледі.Бақылау жүргізу үшін: залалсыздандыру бөлімшесінде – кезектегі әрбір өнімдердің 1%-ның аталуы,орталықтандырылмаған өңдеуде – бір уақытта өңделген өнімдерінің 1%-ның аталуы,үш бірліктен кем болмауы.Бақылау нәтижесі журналда тіркеледі.
Оң нәтижедегі сынама кезінде аспапқа жағылған еріткіш,түсін өзгертеді.Оң нәтиже берген сынама да барлық партия өнімдерін қайта өңдеуден өткізеді.

Медициналық тағайындалған өнімдерді оралған және оралмаған түрде залалсыздандыру
Булы,ауалы,газды және плазмалық өңдеу әдісінде оралған түрде қағазды,қосарланған және пластикалық залалсыздандырылған оралған материалдар,сондай – ақ пергамент және бөз материалдары(залалсыздандыру әдісіне байланысты) залалсыздандырады.Оралған материалдар бір рет ғана қолданылады.
Бұдан бөлек,булы әдіс кезінде сүзгіші бар оралған қораптар қолданылады.
Ауалы және инфрақызыл әдісі кезінде аспаптар залалсыздандыруға оралмаған түрде (ашық лотоқта) жіберіледі,бұларды кейін тағайындауларға тез арада пайдаланады.
Залалсыздандырылған өнімдерді орама түрде,шкафтарда,жұмыс үстелінде сақтайды.Сақтау мерзімі орама сыртында және орамада келісілген оны қолдануға арналған нұсқаулықта көрсетіледі.
Залалсыздандырмаған өнімдер оралмаған түрде тек орталықтанбаған жүйеде келесі жағдайда ғана жіберіледі:

  • химиялық еріткіштермен медициналық тағайындалған өнімдерді залалсыздандыру кезінде қолданса;

  • металл аспаптарды термикалық әдістер (гласперленді,инфрақызылды,ауалы,булы)залалсыздандыру кезінде.

Оралмаған залалсыздандырылған түрде барлық өнімдерді,тағайындаулардан кейін бірден жөнді қолданған дұрыс.Кабинеттен кабинетке көшіруге тиым салынады.Қажетті жағдайда,залалсыздандырылған оралмаған түрде термикалық әдістен кейін бактериацидті (ультра көгілдір жарығымен жарықтанған) камерада,құралдарды пайдалану нұсқаулығында көрсетілген мерзімге дейін сақтауға жіберіледі,басқа жағдайда залалсыздандырылған жұмыс үстелінде 6 сағаттан кем емес тұрады.

Залалсыздандырылған қораптағы,медициналық тағайындалған өнімдер ашылғаннан кейін 6 сағат уақыт ішінде қолданылады.


Бактериацидті камералар,жарықтандырылған ультра көгілдір шамдар,микроағзалармен жанасқан қауіптілігі төмен аспаптарды сақтау кезінде нұсқаулықта көрсетілгендей қолданылады.Құралдарды дезинфекциялау және залалсыздандыру мақсатында пайдалануға үзілді-кесілді тиым салынады.
Химиялық залалсыздандыру әдісі кезінде химиялық заттарды пайдалана отырып жуу немесе залалсыздандырылған суды пайдаланудан кейін,бірден тағайындау бойынша қолданады немесе сүзгіші бар оралған стерильді қорапта сақтайды,3 тәуліктен кем емес.

Барлық манипуляциялар жабдықталған стерильді үстелді,стерильді халатта,бетпердеде және қолғапта стерильді жаймаларды қатысуымен орындалады.Стерильді жайманың ашылу уақытын және жайылған күнін белгілейді.Стерильді үстелді 6 сағатқа жаяды.Осы уақыт аралығында пайдаланылмаған стерильді үстелді және аспаптарды қайта залалсыздандыруға жіберіледі.Медициналық тағайындалған өнімдерді сақтау мерзімі таусылған залалсыздандырудан кейін сақтауға жіберілмеді.



Шығару
ҚР-ның Үкіметтің қаулысымен
16.04.2013 жылғы №364 санитарлық ережелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет