Заманауи менеджер. Жаңашыл ұжым. Табысты мектеп


Өзіңіз жетекшілік жасайтын ұстаздар ұжымында корпоративті мәдениет қалыптастыра алдыңыз ба? Дамуды қалай бағалайсыз? –



бет3/6
Дата08.02.2022
өлшемі19,29 Kb.
#98592
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Заманауи менеджер 2020
8 фак
Өзіңіз жетекшілік жасайтын ұстаздар ұжымында корпоративті мәдениет қалыптастыра алдыңыз ба? Дамуды қалай бағалайсыз? – Мен басқаратын №76 мектеп-лицейдің ашылғанына биыл бес жыл толды. Менің директорлық тәжірибеме де осынша уақыт. Мен өзімді және осы білім шаңырағын әріптестеріммен бірге дамытып келе жатырмын деуге болатын шығар. Корпоративті мәдениет дейміз бе, ұжымдық мүдде дейміз бе, ортақ мақсат дейміз бе…. Өзім осы жақсы жағдайды тұтас ұжымыммен бірге сеземін және соған қуанамын. Парасатты педагогтардың бір ұстанымға біріге алуы, жаңа міндеттерді шешудегі сенімді серіктесуі, өзара жанашырлығы мені ілгері жетелейді. 2016 жылдан бері біздің мектепке IB НЗМ менторлық көрсетті. Үш жыл бойы біз «НЗМ менеджментін енгізу» жобасы бойынша республикадағы жетекші мектептердің бірі болдық. Іскерлік байланыс пен кластерлік жұмыс біздің кәсіби дамуымызға көп септігін тигізді. Кембридж университетінің қолдауымен биылғы жылдан іске асатын зерттеу арқылы серпінді ілгерілеуге бағытталған үш жылдық жобаны бастап отырмыз. Бұл жобаға астаналық бес мектеп (№№37,58,59,67,76) қатысуда және елордадағы Білім беруді жаңғырту орталығы модераторлық жасайды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап «Эмоционалды интеллектуалды орта-үйлесімді даму негізі» атты жобаны енгіздік. Бұл жобаға қала мектептерінен де, республиканың басқа аймақтарынан да қызығушылық жоғары болып отыр. Аталған жобаның оқыту мен оқуда ыңғайлы қарым-қатынас қалыптастыру, мотивация тудыру, қолдау жасау функцияларын реттеуге көп пайдасы бар. Нұр-Сұлтан қаласының креативті мектептер лигасына мүше ретінде мұғалімдеріміз үшін тиімді қолдау кеңістігі қалыптасып келеді. Ұжымның жаңашылдығына, бірлігіне, біліктілігіне кәміл сенемін. Оларға жеткізетін жаңалықты үнемі іздеп жүремін, заманауи зерттеулер мен тәжірибелерді оқимын. Педагогтармен әр кездесуде жаңа нәрсе айтуға тырысамын. Олардың әлеуеті әрине жоғары. Сондықтан сұрағандарына жауап беріп, іздегендерін тауып беру парызым. Бір жобаның шеңберінде ұзақ отырып қалмай, бес жылда халықаралық зерттеу жұмысына лайық саналуымыз ұжымның дамуына берілген жоғары баға деп білемін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет