Заманауи менеджер. Жаңашыл ұжым. Табысты мектеп


Сіз басқаратын мектепті «табысты мектеп» деуге бола ма? Жалпы білім ордасының жетістігін қандай негіздер бойынша өлшеуге болады? –



бет6/6
Дата08.02.2022
өлшемі19,29 Kb.
#98592
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Заманауи менеджер 2020
8 фак
Сіз басқаратын мектепті «табысты мектеп» деуге бола ма? Жалпы білім ордасының жетістігін қандай негіздер бойынша өлшеуге болады? – Мен қазір мектепті «табысты» деп бағаласам дамуды тоқтатып, ізденісті үзгенім болар еді. Бұл тоқмейілсіген «тежегіш» ұжымдағы педагогтарға да кері әсер етеді. Сондықтан, бір белестен кейін бір белесті бағындыруға, мектептегі басты объект-оқушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жаңа деңгейге шығаруға ұмтыла берген дұрыс. Мектептің табыстылығын әр оқушыға жасалған жайлы жағдаймен, жеке даму көрсеткішімен өлшеу керек шығар деп ойлаймын және атқарылатын қызметтер осы бағыттардан ауытқымағаны жөн. Мектептегі оқыту сапасын арттыру үшін іс-әрекетті зерттеу (Actoin research), сабақты зерттеу (Lesson study), өзара тәлімгерлік іске асырылуда. Бұл әдістемелік жобалар арқылы мұғалімдер бірлесе зерттейді, ортақ бақылайды, қауымдаса түзетеді, яғни нақты мақсатқа бірге ұмтылады. Биылғы наурыз айында ашылған Әлихан Бөкейхан мұражайы да, «Тағылым» аталатын тарихи тұлғалардың есімін алған пәндік кабинеттер де оқушыларды дамытуға қажетті ғылыми-танымдық орталықтар болып отыр. STEM, интеллектум, робототехника, Zspace, Bilimland сияқты заманауи оқу кабинеттері жабдықталған. Физика-математикалық, химия-биологиялық, география-экономикалық, лингвистикалық бағытта білім алатындар көптеген қосымша курстарға қатысады. Барлық 3-4 сыныптарға «Домбыра-дастан» және тоқызқұмалақ факультативті сабақтары енгізілді. Мектепте педагогтардың басқа орынға жұмыс ауыстыру көрсеткіші өте төмен. Басқа елді мекенге, еңбекақысы жоғары мекемелерге немесе басқа салаға болмаса, ауысу мүлдем жоқ. Дегенмен бес жыл ішінде ашықтыққа, әділдікке, жаңашылдыққа бейімделе алмаған 2-3 мұғалімнің ұжым ауыстырғаны шындық. 
Мұғалімдердің және басқарушы құрамның әлеуетіне деген сенімнің көрінісі шығар, қазан айынан бастап мектептің басқару-ұйымдастырушылық формасы «Коммуналдық мемлекеттік мекемеден» жаңа бағыттағы «шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын» үлгісіне ауысып жатыр. Осы жаңашылдық негізгі жұмысқа, білім беру ісіне сыни көзқараспен басқа бір қырынан қарауға ынталандырады. Осыған орай құрылымдық және кадрлық өзгерістер жасалуда. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің қаулысымен қазіргі кезеңде 15 мектеп кезекті қадамға кірісті. Бұл заман талабы ұсынған жаңа мүмкіндік. Жоғары талап пен жауапкершілік жүгі ілгері дамудың келесі баспалдағына жетелейді. Әрі ерен еңбекке соны серпін сыйлайтыны даусыз. Жаңғыру жолында әріптестеріме қажыр мен қайрат тілеп, барша әріптестерді кәсіби төл мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет