Зат есімнің өнімді жұрнақтары


-қы, -кі, -ғы, -гі. Омонимдес бұл форма арқылы етістіктен зат есімдер (мысалы: бұрғы, сүзгі, шапқы, шалғы етістіктен етістіктер (мысалы: жұлқы, атқы, сырғы)



бет4/4
Дата20.10.2023
өлшемі2,23 Mb.
#186889
1   2   3   4
Байланысты:
Құлжанова Б.Р. СРС сызба
ШТЖ СӨЖ Бақберген Дилназ Жур-101, Документ (11), Документ (15), ҚҚЗТ Бақберген Дилназ СӨЖ1 Журналистика, Русс я. Бакберген Дилназ, 3 -сабақ Ғарышқа жол. Өткен шақ., Практика 3.2 Төлеутай Жалғас, 7-лекция, 1 ЕСЖ

3. -қы, -кі, -ғы, -гі. Омонимдес бұл форма арқылы етістіктен зат есімдер (мысалы: бұрғы, сүзгі, шапқы, шалғы етістіктен етістіктер (мысалы: жұлқы, атқы, сырғы)

4. -ыс, іс, -с жұрнақтары етістіктен әрі зат есім, сын есім тудырумен қатар, етістіктің ортақ етіс формасы ретінде де қызмет етеді. Бірақ бұл жұрнақ арқылы туатын сөздің не зат есімге, не етістікке, сын есімге катысты екенін сөйлемдегі өзге сөзбен тіркесу ерекшелігіне қарай контексте анықтауға болады. Мысалы: Ұрыс тұрған жерде ырыс тұрмайды. (С. Мұқанов); олар айтыс пен таласты сүйеді (М. Әуезов) дегендердегі ұрыс, айтыс, талас сөздері әрине, есімдер. ұранқайда екеуі екі бөлініп, өзді-өздері айтысты (И. Байзақов) дегендегі «айтысты»- етістік. -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы етістіктерден туатын есім көбінесе заттық ұғымның атауы (қимыл атауы) (айтыс, желіс, айқас, шайқас, талас, жүріс, жүгініс, тойтарыс, қарғыс, көзқарас, қалтарыс, бұлтарыс, туыс, тыныс, дағдарыс т. б.) және мекен-орын атаулары мен кимыл-іс атаулары (өріс, егіс, жайылыс, қоныс, бекініс, батыс, шығыс, бұрылыс, айналыс, құрылыс т. б.) есебінде жұмсалады.

5. қосымшасының да қызмет өрісі аса кең. Мысалы, бұл форма арқылы есімдер де (асу, ауру, қашау т. б.), сын есімдер (жүдеу, қату, бітеу т. б.), сондай- ақ қимыл-әрекет атауы формалары да (оқу, байқау, жылу т. б.) туады.


6. -қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек. Бұл қосымшалар туынды сөздер жасаудағы өнімі де мол, қызмет өрісі де аса кең омонимдес жұрнақтың бірі -қ, -к, -ық,-ік жұрнақтары арқылы етістіктен мынадай зат есімдер жасалады:
  • Қонкретті заттық атаулар мен кұрал-жабдық атаулары (тарақ, күрек, қазық, пышақ, табақ, қайрақ, төсек, тамызық, қармақ, сызық т. б.).
  • Алуан түрлі абстракт заттық ұғымдардың атаулары (сұрақ, тілек, қылық, ысқырық, үскірік, бөлік, бұйрық, жаңғырық, түсінік, өксік, күйік, көрік, жинақ, санақ, жазық т. б.).

7. -ынды, -інді, -нды, -нді қосымшаларыын және -ды формаларынан құралған құранды жұрнақ. Бұл жұрнақ негізінен сабақты етістіктерге жалғанып белгілі бір іс-процестің нәтижесін білдіретін я заттық ұғымдардың атын жасайды. Мысалы: жуынды, шайынды, сыпырынды, үгінді, сарқынды, ертінді, қорытынды т. б. Бірақ сын есім тудыру жағынан да өнімді.


8. -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш (-қаш, -кеш, -ғаш, -геш) жұрнақтары да омонимдес жұрнақтарға жатады, өйткені бұл форма зат есім (сыпырғыш, секірткіш т. б), сын есім де (білгіш, байқағыш, көргіш т. б) тудыратын жұрнақ ретінде қолданылады. -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш… жұрнақтары сабақты етістікке жалғанғанда түрлі құрал-жабдық атауларын жасайды. Мысалы: сыпырғыш, сүзгіш, тұтқыш, басқыш, ес- керткіш т. б.

9. -ыш, -іш, -ш - етістіктен зат есім жасайды. Бұл жұрнақтар (-ыш, -іш, -ш) көбінесе өздік етіс формаларына жалғанып, абстракт ұғымды білдіретін зат есім тудырады. Мысалы: қуаныш, өкініш, сүйініш, жұбаныш, қызғаныш, күйініш, сағыныш т. б.


10. -уыш, -уіш жұрнақтары -у және -ыш қосымшала- рынан кұралған күрделі жұрнақ. Бұл (-уыш, -уіш) форма етістіктерге жалғанып, олардан түрлі құрал-жабдық аттары мен басқа да әр алуан абстракт атаулар жасайды. Мысалы: өлшеуіш, елеуіш, желпуіш, түйреуіш, бастауыш, баяндауыш.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет