Зат есімнің өнімді жұрнақтары


Етістіктен зат есім жасайтын өнімді жұрнақтар



бет3/4
Дата20.10.2023
өлшемі2,23 Mb.
#186889
1   2   3   4
Байланысты:
Құлжанова Б.Р. СРС сызба
ШТЖ СӨЖ Бақберген Дилназ Жур-101, Документ (11), Документ (15), ҚҚЗТ Бақберген Дилназ СӨЖ1 Журналистика, Русс я. Бакберген Дилназ, 3 -сабақ Ғарышқа жол. Өткен шақ., Практика 3.2 Төлеутай Жалғас, 7-лекция, 1 ЕСЖ

Етістіктен зат есім жасайтын өнімді жұрнақтар:

1. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе омоним қосымшалары зат есімдерде де, сын есімдерде де (қырма сақал, терме бау, елірме күлкі т. б.), етістіктің болымсыз түрінде де, (кеспе, көрме, терме т. б.) кездеседі. Бірақ, солай бола тұрса да, бұл форма беретін мағынасы жағынан да, фонетика- лық дербестігі (екпін қабылдау я қабылдамау) жағынан да сараланып, жіктеліп отырады. Мысалы, бұл жұрнақ арқылы етістіктерден жасалған туынды зат есімдер мынадай мағыналарды білдіреді: 1) Сабақты етістіктерден құрал-саймандардың, бұйым-жабдықтардың, мекен-орындардың, түрлі ас-тағамдардың, кінәрат-аурулардың аттарын білдіретін есімдер тудырады. Мысалы: ілме, шаппа, суырма, бума, жаппа, бөлме, көмбе, түйме, мінбе, кездеме, саптама, кеспе, салма, қатырма, жарма, сүзбе, баспа б. 2) Әр қилы салт, сабақты етістіктерден қарағанда конкретті болып көрінгенімен, ішкі мазмұны әрқашан абстракт ұғымдардың атауларын тудырады. Мысалы: тапсырма, ескертпе, кіріспе, сілтеме, шығарма, түсіндірме, сипаттама, жолдама, баяндама, мазмұндама, көшірме т. б.

2. -м, -ым, -ім. Бұл жұрнақ арқылы салт және сабақты етістіктерден, біріншіден, әр түрлі абстракт заттық ұғымдардың атаулары туады. Мысалы: алым, білім, сенім, тойым, тыным, төзім, келісім, байлам, тыйым, ұғым, кешірім, түсім, төзім, тоқтам.

Екіншіден, мекендік ұғымды білдіретін зат атаулары және конкретті заттардың атаулары туады. Мысалы: күзем, бөлім, жайылым, құрылым, соғым, алым, өнім, ұйым, киім, тізім, иірім т. б. Бұл форма арқылы жасалған туынды зат есімдер стильдік мақсат үшін қосарланып та еркін қолданыла береді. Мысалы: өрім-өрім, тарам-тарам, күлім-күлім, шөкім-шөкім т. Осы жұрнақ (-ым, -ім…) арқылы етістіктерден туған сөздер кейбір зат есімдермен (ет, сүт, шай, ат, бие, тай т. б.) және кішілік сандармен (бір, екі, бір-екі, екі-үш, үш-төрт т. б.) дәйім тіркесіп, қазақтың бұрынғы өмірінде өлшем, мөлшер атаулары есебінде халық терминдері ретінде жұмсалған. Мысалы: бір асым ет; екі- үш қайнатым шай; сүт пісірім уақыт; шаптырым жер; аяқ аттам…; таяқ тастам…; бие сауым…; көз көрім…; бес-алты ұрттам… т. б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет