«Үздік хат» байқауына қатысушы Құрметті елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!



Дата15.12.2021
өлшемі13,32 Kb.
#100791
Байланысты:
үздік хат
www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, дұрыс тамақтану, соч 4 8

«Үздік хат» байқауына қатысушы
Құрметті елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

Сіз Қазақстан елінің дамып, жетілуіне үлкен үлес қосқан , өте көреген, ақылды, әділ, әр қадамын аңдып басатын айбарлы адамсыз!

1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Республикасыынң Президенті болып сайландыңыз.

Сол күннен бастап еліміз тәуелсіздік алды. Егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап, жатса-тұрса да ойлайтыныңыз, айтатыныңыз еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекетке айналар жолда не қилы қиындықтарды бастан өткеріп, халқыңызды қорғап, рух-жігер бере білдіңіз. Қазақ халқының құлаған іргесін қайтадан көтеру оңай болған жоқ. Алайда сіз бар күш-жігеріңізді еліміздің аяғына нық тұруға бағыттадыңыз. Біз сіздің арқаңызда көп жетістіктерге қол жеткіздік. Сіздің салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтерді. Ата Заңымызды, Рәміздерімізді және рухани құндылықтарымызды қастерлей отырып, өміріміздің сан саласын дамыту, жас мемлекетіміздің абыройын асқақтату жолында тамаша бастамалар өмірге келді.Байтақ еліміз сіздің басшылығыңызбен әлем мойындаған, аты жер жарған үлкен мемлекетке айналды. Сонымен қатар еліміздің экономикасы, мәдениеті, әдебиеті барлық жағынан дамып жатты, әлі де дамып, жетіліп, өркендеп келеді.Сіздің осы қасиеттеріңізге тәнті бола отырып, жасаған істеріңіз бен еліміздің дамуы жолында еткен еңбегіңізге сыныбымыздың шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Біз Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сыныбында оқып, білім алып жатырмыз. Мектебіміз жаңадан салынған, іші-сырты жарқыраған, алыстан қарағанда көз тартатын әдемі, іші айнадай таза, бөлмелері жарық, мектептке кірген адамға жылылық ұялататын жылы «ұямыз».Біз осындай көрікті мектемізде білім алып жатқанымызға дән ризамыз. Сіз секілді көреген, әділ директорымыз, А.Т.Еслямғалиев, үнемі бізді қолдап, қорғап отыратын сынып жетекшіміз Мөлдір Асқарқызы сынды апайларымыз бар. Осы кезге шейін біздің сынып білім жағынан болсын, өнер жағынан болсын, ешкімнен қалыс қалмай бәрінен оқ бойы озық келеміз. Аудандық, облыстық, республикалық жарыстардан қалмай, үнемі атсалысып, қатысып, жүлделі орындарды иеленудеміз. Жүлделі орын алған кездерде қуаныштан жүзіміз бал-бұл жанып, үнемі шаттанып қаламыз.

Күнделікті сабақ барысын да қолайлы жағдай жасалған. Интернет желісі әр сыныпта болмағанымен кейбір сыныптарда қондырылған. Сабаққа қажетті бейнефильмдерді, слайд, презентацияларды керек уақытында қолданып отырады.



Біз қазір бақытты ұрпақпыз. Еліміздің жағдайы, әлеуметтік жағдайы жан-жақты дамыған. Ата-анамыз бізге бар жағдайды жасап, сұраған нәрсесін алып береді.
Сонымен қатар, еліміздің экономикасын жақсартып, халқымыздың әл ауқатын көтерді.

Мен халқымның, осындай үлгі тұтарлық тұлғасы бар екенін мақтан етемін!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет