Зәр жыныс жүйесінің және тоқ ішектің аурулары



бет5/7
Дата24.04.2020
өлшемі488,85 Kb.
#64587
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
дӘРІС

Емдеу шаралары


  • қозғалмай жатып дем алу, көп су ішу керек. Бұл дененің имунитет қуатын арттырып қалмастан, көп су ішіп, қайта-қайта дәрет сындыру арқылы вирус-бактериялардың мөлшерін азайтып, антибиотик дәрілерді жедел ерітіп, емдеу өнімін жоғарылатуға да болады.

  • еритромицин, линкомицин, амписиллин сияқты сезімтал антибиотик дәрілер арқылы аурудың бетін дереу қайтаруға болады.


Созылмалы түрі


Қуық түбі безінің созылмалы қабынуы : қуық түбінің бактерия, микоплазма сияқты қоздырғыштармен инфекциялануы немесе инфекция емес себептердің тітіркендіруі арқылы қабынуы болып табылады. Қуық түбі безінің созылмалы қабынуы әр адамда әр қалай белгі береді: кейбіреулердің жанына қатты батқанмен, кейбіреулерге жеңіл тиеді. Әдетте оның негізгі белгілері төмендегідей болады (бұл белгілер науқастың бойынан толық табыла бермеуі мүмкін):

  1. несеп қалыпсызданады.

несеп жолы кейде батып кейде жеңіл ашиды немесе ауырады, науқас дәрет сындырғанда жайсызданады, несеп жиілейді, қыстайды, сарқылмайды; несеп жолы шаншиды, үлкен-кіші дәреттен кейін үрпіден ақ тамшы ағады. Әдетте, көп су ішіп, қайта-қайта дәрет сындырса бұл белгілер басыла қалады.

  1. кіндік асты мен шат аумағы, бел-құйымшақ маңайы ауырады немесе жайсызданады.

шат аумағы мен қуық басы және анус маңайы, қасаға сүйек маңы, кіндік асты, шап бөлімі, борбай, ұма, ен сияқты орындар сыздап, ашып немесе шаншып ауырады. Әрине, бұл белгілер асқазан, өт ауруларының белгілерімен салыстырғанда көп жеңіл, дегенмен, ер адамның көңіліне қалайда үрей салатыны хақ.

  1. жүйке жұқару белгілері пайда болады.

науқаста жүйке жүесінің қызметы бұзылуға тән ұйқы қашу, түс көбею, бас ауыру, еске сақтау қабылеті төмендеу, ой шашырау, тұла бойы дәрменсіздену, мазасыздану, жабығу сияқты белгілер пайда болады.

  1. жыныстық қабілеті өзгеріске ұшырайды.

көптеген науқастардың жыныстық психикасы қалыпсызданады, жыныстық зауқы төмендейді, жыныстық қабілеті нашарлап, жыныстық тұрмысқа көңілі тартпайтын болады. мұның себебі: біріншіден, шыбық тұрған кезде ауырсынатындықтан, жыныстық қабілет тежелуі; екіншіден, науқастың артықша алаңдауы жыныстық қабілетке кері әсерін тигізуі мүмкін. Шындығында, бұл шақта шыбық пен еннің физиологиялық көрсеткіштері төтенше қалыпты болады.

Мұнан басқа, кей науқастардың қызуы көтеріледі, шабы тепшиді немесе шылқылдап терлейді, ұлжарағы өзгереді т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет