Зертханалық жұмыс №1. Жұмыстың тақырыбы: Сутегін алу және оның қасиеттерімен танысу. Жұмыстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет4/22
Дата19.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#197613
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Элементтер химиясы Лаб 2021 (1)
Technology in Education Technology Presentation in Blue Peach Illustrative Style 20231004 005006 0000, Cream and Blue Pastel Abstract Creative Portfolio Presentation 20231004 021608 0000, Colorful Recognition Awards School Events and Special Interest Presentation 20231005 071406 0000
3 – тәжірибе. 
Натрий және калийдің сумен әрекеттесуі.
a) 
пробирканың жартысына дейін су құйып, темір штативке тік етіп бекітіңдер. Одан кейін керосиннен бір түйір 
алып, құрғатып, пробиркадағы суға салыңдар. Пробирканың бетін құйғыштың кең жағымен жабыңдар. Натрий сумен 
өте аз әрекеттесетіндіктен, ол домалақ шар тәрізді түйірге айналып, балқып кетеді де, су бетінде қозғалып, соңында 
«суға сіңіп жоқ болады» . Кейде натрий пробирканың қабырғасына жабысып қалып, от алып жануы мүмкін. Натрийдің 
сумен реакцияласуы нәтижесінде сутегі бөлінеді, оны құйғыштың аузынан жағып көруге болады. Реакция теңдеуін 
жазыңдар.
ә) кристалдағыштың 1/3 бөлігіне дейін су құйыңдар. Бір түйір калийді керосиннен алып, құрғатып, пышақтың 
ұшымен ыдыстағы суға салыңдар. Өздерің тәжірибе жасаған жерден алысырақ тұрыңдар. Калий сумен әрекеттескенде 
өзіне тән күлгін түсті жалын шығарып жанады. Кристалдағыштығы суға фенолфталеиннің бірнеше тамшысын тамызып, 
ерітіндінің түсіне назар аударыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
4 – тәжірибе. Натрийдің концентрациялы тұз қышқылымен әрекеттесуі. Пробирканың 1/3 бөлігіне дейін 
концентрациялы тұз қышқылын құйып, керосиннен тазартылған бір түйір натрийді салыңдар. Пробирканың аузын 
құйғышпен жабыңдар. Натрийдің тұз қышқылымен шабытты әрекеттесетінін көресіңдер. Бөлініп шыққан сутегін жағып 
көрулеріңе болады. Пробирканың түбіне шөгіп бара жатқан ас тұзының ақ кристалдарына назар аударыңдар. Реакция 
теңдеуін жазыңдар.
5 – тәжірибе. Иодты калийдің элоктролизі. Электролиз жүргізетін құралға иодты калийді құйып, оған бірнеше 
тамшы крахмал желімтегін және фенолфталеин ерітіндісін тамызыңдар. Құралды тұрақты электр көзіне жалғағаннан 
кейін, тұз электролизденеді. Бір электродта сілті ерітіндісінің түзілуінен фенолфталеин күлгін түске, ал екіншісінде бос 
иод бөлінгендіктен крахмал көк түске боялады. Бұл тәжірибеде болатын электролиз процесінің реакция теңдеуін 
жазыңдар.
6 -тәжірибе. Сілтілік металдардың тұздарын бір-бірінен жалыны арқылы ажырата білу. Үш пробиркаға хлорлы 
натрий, калий және литий (NaCI, KCI, LiCI) тұздарының қанық ерітінділерін құйыңдар. 10 см-дей үш пробиркадағы 
ерітіндіге бір-бірден батырып қойыңдар. Содан соң біртіндеп газ жанарғысының не спирт шамның жалынына ұстаңдар. 
Сонда хлорлы натрий бар тұздың сары, хлорлы калий бар тұздың күлгін,ал хлорлы литий бар тұздың қызыл күлгін түсті 
жалынын байқайсыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет