Зертханалық жұмыс №1



бет1/10
Дата17.10.2022
өлшемі332,11 Kb.
#153479
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті

МІ және Г кафедрасы




Зертханалық жұмыс №1
Пәні: Геодезия
Тақырыбы: Жер рельефін горизонтальдармен бейнелеу

Қабылдаған: Тутанова М. С.


Орындаған: Сайлан Гүлсім
Тобы: ЦАФ-22-1

Қарағанды 2022


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі


Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті

МІ және Г кафедрасы




Зертханалық жұмыс №2
Пәні: Геодезия
Тақырыбы: Топографиялық карталар бойынша инженерлік-техникалық мәселелерді шешу
Қабылдаған: Тутанова М. С.
Орындаған: Сайлан Гүлсім
Тобы: ЦАФ-22-1

Қарағанды 2022


1 зертханалық жұмыс Жер рельефін горизонтальдармен бейнелеу


Жұмыстың мақсаты: рельефтің маңызы мен негізгі пішіндерін зерттеу, оны жоспарлар мен вертикаль қималарда кескіндеу тәсілі




1.1 Жер беті рельефінің маңызы және пішіні
Жердің табиғи беті тегіс емес, онда терең, көтеріңкі жерлер және салыстырмалы түрде тегіс учаскелер болады. Табиғи түзілген тегіс емес жерлердің жиынтығы жер беті рельефін анықтайды, ол таулы, төбелі және жазықты болып бөлінеді.
Рельеф пішінінің барлық көп түрлілігі ішінен негізгілерін бөліп алады: тау (төбе), қазан шұңқыр, жота, қойнау және бел жер (1-сурет).
Тау (төбе) – жер бетіндегі дөңес күмбез тәріздес үстірт. Тау қоршаған жерден - 200 м астам, ал төбе 200 м кем көтеріледі. Таудың шыңы, еңісі және етегі болады. Тау (төбе) шыңы деп оның ең жоғары нүктесін атайды. Таудың бүйір бетін еңіс немесе құлама деп атайды. Тау еңістері жайпақ, құлама және тік болады. Өте тік қабырға тәріздес еңіс - тік жар, ал биік тік жар жартас деп аталады. Құламалардың қоршаған жерлерге ауысу сызығы тау табаны немесе етегі деп аталады.
Шұңқыр (ойпат) – тостаған тәріздес тереңдік, тауға (төбеге) қарама-қарсы рельеф пішіні. Шұңқырдың бүйір бетін - еңіс немесе құлама, ал ең төмен нүктесін түбі деп атайды. Шұңқырдың бүйір бетінің қоршаған жерге ауысу сызығын жиек деп атайды.
Жота – бір бағытта созылған және біртіндеп төмендейтін үстірт. Оның еңістерінің қиылысқан сызығы су айырығы деп аталады және ол жотаның ең жоғары нүктелері арқылы өтеді.
Қойнау – түбі бір жаққа жалпы көлбеу түскен жер бетінің бір бағытта созылған тереңдеуі. Қойнау – жотаға қарама-қарсы рельеф пішіні. Қойнау құламаларының қиылысуы су ағар сызығын немесе тальвег түзеді. Жайпақ құламалары бар кең қойнау алқап деп аталады. Тік баурайлы тар қойнау жазық жерлерде - сай немесе жыра, ал таулы жерлерде қапшағай немесе шатқал деп аталады.
Кезең − көрші шыңдар арасында жотада орналасқан жердің төмендеген учаскесі. Қарама-қарсы бағыттарда таралатын екі қойнау кезеңнен бастау алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет