Зертханалық құралдар мен ыдыстар


Күкірт қышқылымен және сілтімен жуу



бет19/21
Дата23.11.2022
өлшемі0,7 Mb.
#159466
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Зертханалы? ??ралдар мен ыдыстар

Күкірт қышқылымен және сілтімен жуу
Ыдыс суда ерімейтін заттармен (шайыр тәрізді заттармен) кірлесе, зертханада хром қоспасы болмаған жағдайда, ыдысты концентрлі күкірт қышқылымен немесе концентрлі(40%) сілті ерітіндісімен (NaOH, KOH) жууға болады. Шайыр (смола) көбіне қышқылда немесе сілтіде ериді. Кір ыдыстың ¼ бөлігіне дейін сілті құйып толтырады (шайыр сілтімен толық жабылып тұратындай болуы керек). Егер ыдыста смола көп болса, бұл операцияны бірнеше рет қайталайды.
Қышқылмен немесе сілтімен жуудың жалғасуы шайыр ерекшелігіне байланысты. Кейбір жағдайларда шайырды колбаны 5-10 мин сілкіп тұрып жоюға болады, ал кей жағдайларда шайырды бірнеше сағат жууға тура келеді.
Концентрлі күкірт қышқылымен немесе сілтімен абайлап жұмыс істеу керек; қышқылды құбырға (раковинаға) құюға (төгуге) болмайды. Шайырмен кірленген күкірт қышқылын немесе сілтіні шыны банкаға құю керек. Шайырмен кірленген қышқыл мен сілтіні бір ыдысқа құюға болмайды, себебі бейтараптану реакциясы әсерінен көп жылу бөлінеді, сондықтан шыны ыдыс жарылып кетуі мүмкін.
Натрий және калий сілтілері ерітінділерінен басқа, әлсізірек сілтілерді де қолдануға болады, мысалы әк сүті, керосинмен кірлеген ыдыстарды жууға өте тиімді. Ол үшін ыдысқа әктас ерітіндісін (5-10%) құяды да қаттырақ шайқайды. Бұл операцияны бірнеше рет қайталау арқылы, ыдыстағы керосин іздерін жояды. Көп мөлшерде әк сүтін алуға болмайды. 1л колбаға 100-200мл алса жеткілікті.
Әк сүтімен жуып болған соң ыдысты міндетті түрде жылы сумен жуады.
Химиялық ыдыстарды кептіру
Кей жағдайда жуылған ыдыс жақсы кептірілген болу керек. Құрғақ ыдыс жұмысты ылғалсыз өткізгенде керек (әсіресе органикалық реакциялар кезінде).
Кептірудің түрлері:
а) суық кептіру әдістері (қыздырусыз);
б) ыстық кептіру әдістері (қыздырумен).
Егер жұмысты сулы ерітінділермен жүргізсе, онда ыдысты кептіру міндетті емес.
Суық кептірудің әдістері
Бұл ыдыс кептірудің көп таралған түрі. Зертханада ыдысты жуған соң раковина үстінде (жоғарғы жағында) қағылған арнайы (колышка) тақта (47-сурет) болу керек. Жуылған ыдысты осы тақтаға оны кепкенге дейін іліп қояды. Тақта таза болу керек, себебі дымқыл тақтаға шаң мен кір тез жұғып қалады. Ыдыстың тақтада кірлеуін болдырмау үшін, оны таза фильтр қағазымен орап сосын қайта оған жуылған ыдысты төңкеріп қояды. Тақтада воронканы кептірген кезде, оның фильтр қағазымен орап, сосын воронканы ілу керек. Ыдыстарды арнайы торларда кептірген ыңғайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет