Зертханалық құралдар мен ыдыстар


Жалпы қолданылатын реактивтер



бет9/21
Дата23.11.2022
өлшемі0,7 Mb.
#159466
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Зертханалы? ??ралдар мен ыдыстар
Учебные материалы 5 2, 9-сынып БЖБ 2-тоқсан ИНФ, 4-зертханалық жұмыс, Англ 1, конспект лекции
Жалпы қолданылатын реактивтер: қышқылдар (тұз қышқылы, азот қышқылы, күкірт қышқылы), сілтілер (натрий және калий гидроксидтері), аммиак ерітіндісі, барий және кальций оксидтері, бейорганикалық тұздар, индикаторлар (фенолфталеин, метилоранж, лакмус және т.б.).
Арнайы реактивтер тек белгілі жұмыстар үшін ғана қолданылады.
Зертханада жұмыс орындағанда реактивтердің негізгі қасиеттерін (улы, жарылғыш, жанғыш) білу керек.
Реактивтердің тек керек болатын ғана мөлшерін дайындау қажет.
Банкаларда тұрған реактивтерді қолданар алдында банканы біраз сілкілеп, реактивтерді қопарсытып алу керек (егер олар банка қабырғаларына жабысып қалған болса). Банкадан реактив алғанда металл шпатель қолданбаған жөн, көбінесе фарфор не шыны шпательдер қолданылады.
Фарфор шпательдер таразыда заттарды өлшеу үшін оларды ыдыстардан алғанда, фильтрлерден тұнбаларды алу үшін, заттарды ұсақтауға т.б. қолданылады. Шпательдерді глазурьмен жауып (қаптап) қояды.
Егер банкадан реактивті алған кезде оның біразы төгілсе, оны қайта банкаға салуға болмайды! Банканың сыртына реактивтің атын не формуласын жазып қою қажет!
Таразылар және таразыда өлшеу
Зерттелетін затты алдымен техникалық таразыда (дәлдігі 0,01г), сосын аналитикалық таразыда (дәлдігі 0,0001г) өлшейді (36-37-суреттер).

36-сурет. Электронды техникалық 37-сурет. Электронды аналитикалық
таразы. тараз
Өлшеу кезінде мүмкін болатын жүктемеден асып кетпеу керек. Әдетте шекті қолданылуы таразы иінағашында көрсетіледі.
Өлшенетін заттарды таразы табақшасына салуға болмайды. Ол үшін ыдыспен қолдану қажет. Аналитикалық таразыда өлшеу кезінде ыдыс ретінде қағазды алуға болмайды, ол үшін бюкстер және сағат шынысы қолданылады.
Таразы табақшасына ыстық, дымқыл және лас заттарды қоюға болмайды.
Аналитикалық таразыда өлшеу кезінде тек жанындағы есікті қолдануға
рұқсат етіледі. Ауа ағымының өлшеу дәлдігіне әсері болмас үшін есіктерді
ақырын ұқыпты жабу керек, жанындағы есіктер жабық тұру қажет.
Өлшенетін затты таразының сол жағына, ал ұсақ гірлерді оң жағына
қояды (егер электронды таразыны қолданбаса). Ұсақ гірлерді кішкентай қысқышпен алу керек және қаптағы алынған өз ұясына қайта салу керек. Ұсақ гірлерді мінсіз тазалықта сақтау керек.
Аналитикалық таразыда өлшеген кезде өлшенетін зат температурасы таразы температурасына сай келуін қадағалау керек. Ол үшін өлшенетін затты таразы жанында 30-40 минут ұстау керек.
Өлшеп болған соң таразы табақшаларында бөтен заттар қалмау керек, табақшаларын таза қалдыру керек, жұмыс аяқталғанда таразы арретирленген (өшірілген) және жабық күйде болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет