Зертханалық құралдар мен ыдыстар


Газдарды кептіретін, тазалайтын және жуатын ыдыстар



бет7/21
Дата23.11.2022
өлшемі0,7 Mb.
#159466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
Зертханалы? ??ралдар мен ыдыстар
Учебные материалы 5 2, 9-сынып БЖБ 2-тоқсан ИНФ, 4-зертханалық жұмыс, Англ 1, конспект лекции
Газдарды кептіретін, тазалайтын және жуатын ыдыстар
Бұл ыдыстарды вакуум-сорғышты қолданып жұмыс орындағанда сақтандырғыштар ретінде қолданады. Қатты жұтқыштар ретінде қақталған кальций хлориді CaCl2, фосфор және хром ангидриді, сұйық жұтқыштар ретінде концентрлі күкірт қышқылын қолданады.
Х л о р к а л ь ц и й т р у б к а с ы әр түрлі заттарды, ерітінділерді оларға ылғал және ауадан қоспалар (су буы, көмір қышқыл газы) түспес үшін сақтандыруға және газдарды кептіруге не жұтуға қолданады (24-сурет).

24-сурет. Хлоркальций трубкасы (кептіргіштер).
Өлшегіш ыдыстар. Өлшегіш ыдыстар әр түрлі дәлдіктегі сұйықтықтардың көлемін өлшеу үшін қолданылады. Дәлдігі онша жоғары емес көлемді өлшеу үшін өлшегіш мензуркалар (а) мен цилиндрлер (б) (25 - сурет), дәл көлемді өлшеу үшін пипеткалар мен бюреткалар (26-сурет), өлшегіш колбалар (8-сурет), ал ерітінділердің (сұйықтықтардың) аз мөлшерін қосуға не алуға пипеткалар (27-сурет) қолданылады.

25-сурет. Мензурка (а), өлшегіш цилиндр (б).
Өлшегіш цилиндрлер мен мензуркалар дәл көлем алу үшін қолданылмайды.
Мензуркалар (латын тілінен «өлшеу» деген сөзден) – конус тәрізді шкаласы бар, зертханада сұйықтықтың көлемін өлшеуге арналған.
Өлшегіш цилиндрлерді шыныдан не полиэтиленнен не полипропиленнен жасайды. Сыртқы қабырғасында шкаласы болады.
Өлшегіш цилиндрлер мен мензуркалар көлемі 1 литрге дейін болады.

26-сурет. Пипеткалар мен бюреткалар.
Титрлеу кезінде (титриметриялық анализде) сұйық ерітінділер көлемін бюреткалар арқылы өлшейді. Жұмыс алдында бюреткаларды штативтерге (5-сурет) орнатады.
Сілтілік ерітінділер үшін қысқыштары не шыны шаригі бар бюреткалар қолданылады, крандары бар бюреткалар қолданылмайды. Бюреткаларды
ерітінділермен толтырғанда төменгі жақтағы шыны түтікте ауа көпіршіктері
болмау керек, ол үшін төменгі жақтағы түтікті жоғары қарай бұрыштап бүктеп, қысқышты ашады, сонда ауа көпіршіктері шығады. Сосын бюретканы жоғары жағындағы белгіге дейін қайтадан толтырады.
Бюреткаға титрленген (стандартты) ерітінділерді құяды да, одан біртіндеп анықталатын заты бар ерітіндіге эквивалент нүктеге дейін тамшылатады. Бюретканы жақсылап жуады, оны кептіру керек емес, бюреткаға оған құятын титрленген ерітіндіні воронка арқылы құйып, артынан воронканы алып тастау керек. Төменгі түтікте (трубкада) ауа болмауы керек. Бюреткадағы сұйықтың беті шұңғылданып тұрады, оны мениск деп атайды. Сол мениск нольге не белгілі бір цифрға дәл келуі керек. Бюретканың дәлдігі 0,02-0,03мл, сондықтан бюреткадан құйылған көлемді былай жазу керек; мысалы, 22,25 не 22,23 деп, яғни ондық белгімен, егер былай жазылса, 22,2 не 22 деп, ол қате болады.
Титрлеу кезінде стандартты ерітіндіден 20-30 мл кететіндей болуы керек, сонда бұл әдістің қатесі аз болады.
Пипеткалар әр түрлі сыйымдылықты болады (1-100мл-ге дейін). Сұйық затты алғанда оны пипетканың белгісінен біраз жоғарырақ алу қажет, сосын сұқ саусақпен жауып, сұйықтықты баяу (ақырындап) ағызады, төменгі мениск белгіге жеткенде, саусақпен қаттырақ қайтадан жабады. Керек көлемді пипеткамен басқа ыдысқа құйғанда үрлеуге болмайды, пипеткадан сұйықтық өзі ағуы қажет.
Анықталатын зат бар ерітіндінің дәл көлемін өлшеп алу үшін пипеткалар қолданылады. Олардың көлемі 100,50,25,20,10,5 және 1мл-лік болады. Пипеткаларды жақсылап жуып, егер олар құрғақ болмаса, анықталатын заты бар ерітіндімен бір-екі рет шайқау керек. Пипеткадағы ерітінді толық ағып болған соң, пипетканың ұшын ыдыстың қабырғасына тигізіп 15 секундтай ұстау керек. Пипетканың ұшында қалған ерітіндіні үрлеуге болмайды, себебі: пипеткадан барлық ерітіндіні үрлеп түсіре алмайды, сондықтан ерітінді көлемі әртүрлі болып кетеді.
Жұмыс аяқталған соң, пипеткаларды жуып, штативтерге кептіруге қояды.
Ал ерітінділердің (сұйықтықтардың) аз мөлшерін қосуға не алуға мынандай пипеткалар (27-сурет, а,б – тамшылататын; в – сұйықтықты тұнбадан бөліп алу үшін қолданылатын) қолданылады.
27-сурет. Пипеткалар.
Керек көлемді менисктің төменгі шеті бойынша өлшейді (28-сурет).

28-сурет. Сұйықтық деңгейін мениск бойынша анықтау: а – сұйықтық шыныны ылғалдайды; б - сұйықтық шыныны ылғалдамайды.
Дәл концентрациялы ерітінділер дайындау үшін өлшегіш колбалар (8-сурет) қолданылады. Өлшегіш колбаға аналитикалық таразыда өлшенген құрғақ заттың үлгісін алады не есептелген ерітінді көлемін құяды да колбаның ортасына дейін дистилденген су құйып, затты ерітеді де колбаның белгісіне дейін дистилденген су құяды (соңғы 1-2мл суды пипеткамен құйған жақсы) да, жақсылап араластырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет