2. Бромның касиеттері. а) Индиго және фуксин ерітінділеріне бром суын қосып, байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер.
ә) Сынауыққа 5 мл бром суын құйып, магний ұнтағын салып, шайқаңдар. Түсі өзгерді ме? Түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
б) Күкіртсутегі суына (оның түсін, иісін алдын ала байқаңдар) тамшылатып бром суын қосып ұзақ шайқаңдар. Байқалған құбылысты, реакция теңдеуін жазыңдар.
в) Сынауыққа 2-3 тамшы бром суын құйып, түсін байқаңдар, аздап қыздырыңдар. Не байқалады?
3. Иодтың қасиеттері. а) Құрғақ сынауыққа йодтың түйірін салып, су құйып шайқаңдар. Сұйықтықтың түсін байқаңдар. Йод суда қалай ериді? Осы судағы ерітіндіге калий йодидін тамшылатып қосыңдар. Не байқалады?
ә) Иодтың этил спиртінде ерігіштігін сынау үшін, оның 1 түйірін 1 мл спиртте ерітіңдер. Ерітіндінің түсін байқаңдар.
б) 2-3 мл күкіртсутегі суына бірдей мөлшерде йод суын шайқай отырып қосыңдар. Реакцияның белгісін бақылап, реакция тендеулерін жазыңдар.
в) Фарфор табақшада ұнтақталған йод пен алюминий немесе мырыш ұнтағын араластырып, 1 мл су тамызыңдар. Не байқалады? Су - катализатор қызметін атқаратынын ескере отырып реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |