Зерттеу жұмысымның экперименттік бөлімін жүргізуді 7 «Б» сыныбын алдым



бет2/2
Дата26.08.2017
өлшемі356,46 Kb.
#29667
1   2

Сыныбы:7 күні

Сабақтың тақырыбы : Жер бедері және пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері



Оқып-үйренудің негізгі мақсаты : Оқушыларға Аустралияның жер бедері,пайдалы қазбалары, климат қалыптастырушы факторлары, климаттық белдеулері, ішкі сулары жөнінде түсіндіру.Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушыларға Аустралияның жер бедері,пайдалы қазбалары, климат қалыптастырушы факторлары, климаттық белдеулері, ішкі сулары жөнінде түсінеді.Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланып, өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттері артады.

Түйінді идеясы:

Сабақтың әдіс-тәсілдері,жұмыс түрі: Термин кестесі,Блум,Кубизм,,жұптық,топтық жұмыс.

Ресурстар :Интерактивті тақта,атлас карта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.

Бағалау:


Сабақтың барысы:

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Кіріспе

1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, Жүректен жүрекке тренинг арқылы сабақты бастау.Аустралия қалаларының атауын құрастыру арқылы топқа бөлінеді

Кескін картамен жұмыс.




1.Оқушылар амандасады, тренингті орындайды,топқа бөлініп,топтық міндеттерді бөліседі.

2 Оқушылар кескін карта орындаған тапсырманы жұп болып тексеріп,талқылап,басқа жұптарға тексеруге береді,қателерін түзеп,мұғалімге жинап береді



Тұсаукеср


Мұғалім Аустралия жайында электронды оқулық көрсетеді.Сұрақтар қойып тақырыпты ашады,сабақтың мақсатын айқындайды.

Алдыңғы сабақта берілген тапсырма бойынша оқушы тірек-сызба түрінде түсіндіреді,мұғалім бағыт-бағдар береді.



Оқушыларэлектронды оқулықты көреді,сұрақтарғажауап береді

Сабақ мақсатын анықтайды

Оқушы жаңа сабақты таныстырылымнан тірек-сызба түрінде түсіндіреді,мәтінмен танысады



Негізгі

бөлім


1 Терминмен жұмыс кестесі тапсырмасы

2Кубизм тапсырмасы



Сергіту сәті

3.Деңгейлік тапсырма "Блум"




1 Терминмен жұмыс кестесін дәптерге толтырады .

2Кубизм әдісі арқылы жаңа сабақ сұрақтарына жауап береді,картамен жұмыс жасайды.

Оқушы жеке блум тапсырмасын орындайды,мұғалімге жинап береді.


Қорытынды

.Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Үйге тапсырма береді :өтілген тақырыпты оқуға, кескін картмен жұмыс тапсырмасын орындайды.



Оқушылар сабақтан ұққандарын айтып бірге қорытынадылайды.



Сыныбы:7 күні

Сабақтың тақырыбы : Табиғат зоналары



Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Материк табиғат зонасының қалыптасу тарихын түсіндіру. Материкті басқа құрлықтармен салыстыра сипаттауға үйрету,табиғат зонасынын шаруашылыққа әсерін, табиғат жағдайымен байланыстырып, тұжырымдайды.

Күтілетін нәтиже:Материк табиғат зонасының қалыптасу тарихын біледі.
Материктің басқа аудандармен салыстыра алады. Материктің шаруашылығының жетекші салаларын ерекшеліктерін табиғат жағдайымен байланыстырып, тұжырымдайды.

Түйінді идеясы: Аустралия эндемиктер жері.

Сабақтың әдіс-тәсілдер,жұмыс түрі:Картамен жұмыс,Сұрақты алып таста тапсырмасыОл Не,Бұл кім тапсырмасы,маршрут картасы

Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу пағы,үлестірме қағазы

Бағалау:Өзін-өзі бағалауы,дескрипторлар арқылы бағалау.

Сабақтың барысы:



Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Кіріспе

1.Мұғалім амандасады түгендеп,Аустралия мемлекетінің қалаларының атауына қарай топқа бөледі, психологиялық ахуал қалыптастырады.

- Егерде сіз мектепке көтеріңкі көңілмен келсеңіз – оң қолыңызды көтеріңіз
- Егер сіз адамның шыңшылдығын бағаласаңыз – алға адымдаңыз.
- Егер сіз өз біліміңізге сенсеңіз – аяғыңызды қозғаңыз.
- Егер де сізге география пәні ұнаса – шапалақтаңыздар.
- Егер де сіз мемлекет болашағы біздің қолымызда деп сенсеңіз – қол ұстасыңыз.

2. Үй тапсырмасын "Маршрут картасы" арқылы сұрайды.



1.Оқушылар амандасады,топтарға бөлінеді. Топтағы міндеттерін бөліседі.

2. Әр топтан 1 оқушы шығып

1 топАустралияның жер бедері

2топ Климаты

3 топІшкі сулары

тақырыптары бойынша басқа топ мүшелеріне түсінік береді.Түсінік берген оқушыларды басбармақ арқылы бағалайды.




Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын Аустралия өлең жолы арқылы анықтайды мен мағынасын оқушылармен бірге айқындайды.

Айтар болсам өзімді

Тыңдаңыздар сөзімді

Ағалардан шалғайдамын

Құрғақшылық бар аймағым.

Қос мұхитпен қоршаулымын,

Қалталы келеді жануарым

Әлем бойынша қой өсіріп,



Ең бірінші орын алдым
2 Мәтінмен,қосымшадағы мәліметтермен,картамен таныстырып, сұрақтарға жауап береді

1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өлең жолдарының мағынасын талдайды, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтады.

2 Оқушылар мәтінмен , қосымшадағы мәліметтермен, картамен танысып,сұрақтар қояды.

Негізгі

бөлім



1"Сұрақты алып таста"тапсырмасы

2Кім жылдам?


Сергіту сәті

3 «Бұл не,Ол кім?»тапсырмасы


Тақтада сұрақтар ілінулі тұрады,оқушы қалаған сұрағын алып,жауап беріп ,сұрақты тақтадан алып тастайды.
1.Аустралия материгінде қандай табиғат зоналары кездеседі?
2.Аустралияға ғана тән эндемик өсімдіктер мен жануарлардың үлесі.
3.Неліктен Аустралияда өсімдіктер мен жануарлардың ерекше түрлері сақталып қалған?
4.Материкте шөлдердің қандай түрлері кездеседі?
5.1841 жылы саяхатшы Джон Эйр материктің оңтүстік жағалауындағы шөлді не деп атаған?
6.Маргината эвкалипттерінен тұратын қатты жапырақты ормандар материктің қай жағында көп таралған?
7.Сирек ормандар мен саванналар материктің қай бөлігін алып жатыр, және онда қандай өсімдіктер мен жануарлар кездеседі?
8.Үлкен суайрық жотасының шығысында қандай табиғат зонасы орналасқан,онда қандай өсімдіктер көп өседі?
9.Тасмания аралында қандай ерекше жануарлардың түрлері мекендейді?
10.Аустралияның елтаңбасы мен күміс ақшаларында ненің бейнесі таңбаланған?


2 Дәптермен жұмыс
В А Л П И Э К Т - Эвкалипт
Н С А А Н В А - Саванна
Е Г У К У Р Н - Кенгуру
О Ц К О С К Ш Ю - Косцюшко
Х Д А Е И Н - Ехидна
А Л А К О - Коала
Н О Г Д И - Динго
И В И К - Киви
М Э У – Эму

Оқушылар интерактивті тақтадан жауабын көріп,қатемен жұмыс жсайды,басбармақ арқылы өзін-өзі бағалау,бағасына коментарий береді.

Төменде берілген сөздердің қандай нысан екенін, не мағына білдіретінін тауып ауызша айту.
Эйр
Муррей
Үлкен Суайрық жотасы
Жаңа Гвинея
Үлкен Тосқауыл Рифі
Динго
Вилли - вилли
Крик
Дарлинг
Эвкалипт
Коала
Налларбор
Куперс - Крик
Суккулент
Равенал
Скрэб



Қорытынды

Мұғалім сабақты қорытындылайды.Белсене араласқан оқушыларды мадақтайды,бағалайды

Үйге тапсырма береді :Өтілген тақырыпты оқуға және картамен жұмыс жасауға сабаққа аз араласқан оқушыларға Африкамен Аустралия табиғат зонасына вен диаграмасын құру тапсырмасы беріледі.




Оқушылар үйге берілген тапсырманы алады

Алдымен орта мерзімді жоспар жасап алдым. Орта мерзім жоспарды жасаған сәтте-ақ үлкен өзгерістің енгенін байқадым. Атап айтсам, курсқа дейінгі жасалынған күнтізбелік жоспар жасау кезінде сабақ тақырыбы, күні, жаңа сөздер, қолданылатын әдебиеттерден ғана тұратын. Ал, аталмыш бағдарламада орта жоспарда күтілетін нәтиже, сабақ барысында туындауы мүмкін қиыншылықтардың алдын алу жолдары да жоспарланады. Бұл мұғалім үшін көмекші немесе бағыттаушы құрал тәріздес. Жоспар бойынша маьерикьер тарауы бойынша бөлімді бастап, алғашқы аптада бірден әр сабақтарымда әдіс-тәсілдерді біртіндеп қолдандып көруге тырыстым. Қысқа мерзім жоспар жасау кезінде, бұл әрине сабаққа егжей - тегжейлі дайындық болғандықтан көп ізденіс пен уақытты қажет етті. Дәстүрлі сабақтан ерекшелігі тақырып бойынша қойылатын мақсат біреу-ақ. Оқушылардың жаңа тақырыптың атауын, мақсатын өздері айқындайды, шағын топтарда жұмыс жасайды, өздері ізденеді, қажет жағдайда дәлелдер келтіреді, өз - өздерін және сыныптастарын бағалайды және өз пікірлерін ұстана отырып сыни ойлауға үйренеді. Міне бұл бағдарламаның ерекшелігі осында. Әрине тізбектелген сабақтар топтамасы жоғары деңгейді көрсетті деуден аулақпын. Бірақ оқушыларыммен бірге төрт апта бойы жасаған жұмысымда өзгешелік болғанын байқадым. Бұған видео түсірілімдері нақты айғақ болары сөзсіз. Өткізген сабақтарымызды саралап отырсаңыз сабақ барысы, басынан аяғына дейін өзгерген. Өзгерістердің болғандығын, туындаған қиындықтар, сәттіліктер мен оң нәтижелер туралы өз ойымды тізбектелген сабақтар топтамасында дәлел ретінде ұсынамын. Сыныпта 19 (он тоғыз) оқушы бар. Сынып белсенді, пәнге деген қызығушылықтары жоғары.

Оқушылар тапсырмаларды қызыға орындап бір-бірімен әнгімелесіп диалог құрды және сыныптасы туралы көптеген жаңалықтар білгендері оларды Выготскийдің «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе, оқушылардың когнитивті дамуы жақсара түсетінін бұған дәлел ретінде айтуға болады дегендей оқушыларды осылай бейімдей бастадым.

Диалогтік оқытуды да үнемі сабақтарымда қолдандым. Бұрынғы сабақтарымда диалогтік оқыту ретінде тек қана сұрақ-жауап, мазмұндау тәсілдерін ғана қолданған кезде сабаққа деген қызығушылықтары төмен деңгейде болды. Жаңа мәліметтерді толық естерінде сақтамады.

Осы курстан кейін жаңа мәліметтерді топта оқып, оқығандарын ортаға салу, талдау, ортақ пікір шығару, бір-біріне «Жуан, жіңішке сұрақтар» қою арқылы, «3 қадамды сұхбат» жүргізу арқылы диалогтік оқытудың да өзінің бір тиімді жақтарын пайдалана бастадым. Ол тек қана сұрақ-жауап, мазмұндаудан тұрмайтындығына көзім жетті. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы артып, білімдері жүйелене түсті. Диалогтік оқудың тиімділігі сыныптан оқшауланып, көп сөйлемейтін оқушыларды ашылуына ықпал жасап, көзқарасын өзгертуге тиімді екен және де оқушыларды сыни ойлауға, өз ойын еркін айтуға үйренетіндігін байқадым.

Бұрынғы сабағымды да сыни тұрғыдан ойлауға бағыттап отыратынмын. Оқушыларды сыни ойын дамытуда сабақтарымда тақырып бойынша көру және ауызша дәлелдер арқылы тақырыпты зерттеуді жиі қолданатынмын. Курстан өткеннен кейін бұл жұмысымды бір жүйеге келтіріп, сабақта кең көлемде қолдана бастадым.

Оқушылар сыныпта сыни тұрғыдан ойларын дамыту және олардың ойлану деңгейінің қаншалықты ұшқыр және оны қаншалықты зерттей алатынын анықтауда арнайы тапсырмалар әзірледім, олар өз бетімен ойланып, топта талдап, ортақ пікір шығарып отыруына ықпал еттім.

Осыған дәлел ретінде Александердің (2008) балаларды диалог пен дәйектер арқылы талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда, олардың оқуы тиімдірек және зиятты жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Балалардың күннен –күнге қолжетімділігі артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді мүмкіндік беретін сыни ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек дегендей сабақтарымда оқушыларға көбірек көру және ауызша дәлелдерден ақпараттар қолданып нәтижесін анықтап отырдым.

Бұрынғы сабақтарымда АКТ мүмкіндіктерін толық пайдалануға мүмкіндік болмады. Тек кейбір сабақтарымды ғана презентация жасау арқылы өткізетінмін. Тәжірибе кезінде мектеп директорының рұқсатымен барлық сабағыма АКТ-ны пайдаландым. Оның ішінде интернеттен алынған сабаққа қажетті бейне материалдарды жаңалық ретінде енгіздім. Оқушыларға ерекше әсер еткенін байқадым. АКТ-ның мүмкіндіктерін әр сабақтарымда қолданып мұғалімнің жұмыстарын жеңілдетіп және уақытты тиімді пайдалануға болатындығын түсіндім. АКТ-ның оқушыларға пайдалы жағы олардың көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытуға пайдасын тигізеді екен. АКТ оқушылар сыныпта, топта керекті ақпарат көздерімен жумысты тез атқаруын қамтамасыз етеді екен.

Білім берудегі басқару және көшбасшылық модулі мұғалім өз сабағын басқара отырып сыныпта ынтымықтастық атмосферасын ұйымдастыру, сабақты бір жүйеге келтіру, уақытты үнемдеу шеберлігін арттыруда көп көмегін тигізеді екен. Мектеп ұжымында мұғалімнің көшбасшылық қабілетінің артуы ісін дұрыс жоспарлай алуына көп көмегін тигізетіні байқалды.

Сонымен қатар іс-тәжірибеде сыныпты топтармен жұмыс жасату барысында оқушылар арасында да басқару мен көшбасшылықтың орны ерекше екенін түсіндім. Сынып топ-топпен жұмыс жасаған кезеңдерде көшбасшылар әр кезде ерекшеленіп, топты біріктіре, ынтымақтастықта жұмыс жасауына жағдай жасады. Бұдан қорытынды шығаратын болсам, топ, ұжым арасында міндетті түрде басқару, көшбасшылық болады. Көшбасшылар мұғалімнің көмегінсіз берілген тапсырманы өз бетімен жүзеге асыруға ұмтылып және топ мүшелерімен бірлесе жұмыс жасай отырып, топты алға жетелейді. Көшбасшылық рөлін сыныптағы үндемейтін оқушыларға тапсырдым. Олар өздеріне артқан жауапкершілікті орындауға тырысты, кейбіреулері берілген тапсырмаларды топ мүшелеріне бөліп беріп, өз ойларымен бөлісіп жұмысты бір жүйеге келтіріп ұйымдастырып жұмыс жасай алғаны дәлел болып, көшбасшылықтың тиімділігі байқалды.

Жаңалық ретінде бағалаудың жаңа түрлерін алдым. Мысалы арнайы бағалау критерийлерін жасап, сабақтың басында таныстырып отырдым. Бағалаудың өзіме тиімдісін, соның ішінде бағалау парағын таңдап алдым. Оны 3 түрде жүргіздім. Өзін-өзі бағалау, топ басшысы бағалау, топ-топты бағалау, мұғалімнің қорытынды бағасы. Осы қысқа мерзім ішінде балалар өздерін бағалап үйренді деп айта алмаймын, бірақ та бағалаудың тиімді екенін көрді.

Келесі сабақтарымда топқа бөлуді ұйымдастыра отырып, сөздік қорларын дамыту жолында диалогтік және сыни ойлауға үйретудің тиімді жолдарын қарастырамын. Осы сабақтың өзінде өзгешеліктер айқын біліне бастады. Сонымен қатар бағалаудың басқадай түрін жүзеге асыруым қажет деп ойлаймын. Оқушылардың білімді жүйелі түрде меңгеруіне және жеке оқушылардың қабілет деңгейінің дамуына мұғалімнің ықпалы ерекше әсер етеді. Ендеше біздің міндетіміз оқытуда тиімді әдістерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу. Оңды өзгеріс оқушымның немесе әріптесімнің бойынан ғана емес, сонымен қатар өзімнің бойымнан да байқалды. Бұл өзгерісті мен Бірінші Бетпе-бет аудиторлық кезеңінің өзінде-ақ байқадым. Егер бұрынғы курстарда біз көбінесе тыңдаушы болып қана отыра берсек, осы курста өзімізді еркін сезініп, ресурстарды талқылау барысында тың идеядар ұсынып, бір-бірімізге пікір айтып отырдық. Бұрынғы курстарда барлық жаңалықты жазбаша жазып алумен шектелсек, осы курста жаңаулық атаулыны ой елегінен өткізе отырып, алдымен бақылап, содан кейін бірлесе талдап, соңында барлығын логикалық сипатта қорытындылауды үйрендік. Екінші алға басқан қадамым – ақпараттық-коммуникативтік технологияны мүмкіншілігінше көбірек қолдануым еді. Бұрынғы курстарда мұндай мұмкіндік көп туа қоймайтын. Және қажеті де шамалы еді. Рефлексивтік есеп, түрлі таныстырылымдар үшін сандық технологияны қолдана білу өте қажет. Себебі, онсыз өзгеріске ілесу мүмкін емес. Сандық тенологиямен тек қана оқушы емес, мұғалімнің де қарулануы қажет.Қазіргі заманда ақпарат тез өзгереді. Осыдан барып ақпаратпен алмасу, оны өңдеу, жеткізу қажеттілігі туындайды. Яғни бұл заман талабынан туындайды деген сөз. Алайда, өзгерген сабақтарды өткізу барысында көңілімдегі күдік пен күмән сейіле бастағандай болды. Ол немен байланысты дейсіз ғой? Оқушыларымның көзінен байқаған өзіне деген, бір-біріне деген, маған деген сенімділік ұшқыны маған қанат бітіргендей болды. Және де оқушыларымның: «Мұғалім, үнемі осылай топқа бөлініп оқиықшы» деген сөздерінен өзгерген сабақтарымның оларға ұнағанын байқадым.

Әрине, курстың идеясын жүзеге асыру барысында бірқатар кедергілер кезікті. Ол, әсіресе, оқушыларда тілдік ортаның, еркін сөйлеу дағдыларының қалыптаспауына байланысты деп ойлаймын. Бұрынғы сабақтарда оқушыларым қызығып отырған күннің өзінде «Мына жері қызықты екен» деген сияқты ойларын айтуға батылдары көп жете бермейтін. Лекцияға ұқсас

сабақтар оларды жалықтырып жіберетін де, дарынды және үлгерімі жақсы деген оқушылар болмаса, түрлі деңгейдегі оқушылардың зейіні шашырап кететін. Осындай оқушылардың барлығын бір арнаға тоғыстыру оңай болған жоқ. Әсіресе, Жанай оқушымның зейінін тұрақтандыру мен үшін маңызды болды. Себебі, ол көп қозғалатын және сонысымен маған да көп кедергі келтіретін. Мен осы кедергіні болдырмау үшін, оған үнемі деңгейлік тапсырмаларды алдын ала дайындап әкеліп жүрдім. Нәтижесінде, оқушым бұрынғыға қарағанда зейінін көбірек сабаққа шоғырландыратын болды. Әрине, маған ол баламен алдағы уақытта көбірек жұмыс істеуге тура келеді. Ол үшін әрбір сабағыма жүйелі түрде тыңғылықты даярлықпен келу қажет деп ойлаймын. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» демекші, мен осы уақыт аралығында әлемді өзгертуші басты күш мұғалім екенін түсіндім. Ол үшін Бағдарлама идеясымен мықтап қарулануым қажет деп ойлаймын. Сындарлы (конструктивті) оқыту теориясының басты идеясы өзіме өте үнады. Себебі ол әрбір оқушының жеке мүмкіндігін ескереді, оны алдын-ала болжайды. Көп модуль екіжақты қарастырылады, біріншіден, оқушыға қатысты, екіншіден, мұғалімге қатысты. Алдағы уақыттағы басты міндетім – әрбір сабағыма жеті модульді ықпалдастыра отырып енгізу.

Соған байланысты мен алдыма мынадай мақсаттар қоямын:

1.Жеті модульде қарастырылған барлық әдіс-тәсілдерді қайта қарастыра отырып, оларды қалай және қандай жағдайда қолдану туралы білімімді жетілдіру.

2.Топтық жұмыс негізінде жүзеге асатын жеке, жұптық, топтық жұмыстарды зерттеушілік бағытта жүргізу.

3.Әрбір сабағымда күтілетін нәтижеге бағытталған кері байланысты қамтамасыз ету

4.Өз әріптестеріммен, соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен ынтымақтастық орната отырып, қауымдастық құру.

5. Сандық технологияларды оңтайлы пайдалану және ақпараттық-басқару жүйелерін тиімді қолдану.

6.Әріптестеріммен ынтымақтастық ортасын құру, оны жүргізу және басқару.

7.Әрбір сабағыма күнделікті рефлексия жасап отыру.

Курстан кейін менің қөзқарасым ұстаз туралы ұғымдарым өзгерді деуге болады.Осы курстың мақсаты да бала әрекетінің нәтижесін бақылау мен бағалаудағы оң өзгерістер, сыни тұрғысынан қарастыру, өзара әрекеттесу барысында үнемі кінәламай ыңғайлы жағдай жасауға талпыну, олардың өздеріне деген сенімін қалыптастыру екенін түсіндім. Менің түсінгенім жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес, тек осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек. Бұл курс келген тындаушыларын осындай мақсатта үйретіп, білімді жетілдіруде тиімді екенін дәлелдеді. Үш айда мен баспалдақпен бір емес бір сәтте бірнеше сатыға жоғарылағандаймын. Осы курста үйреніп, білген әр әдіс- тәсілдерді ары қарай жетілдіріп сабақтарымда үнемі қолдануды ұйғардым. Менің ойым, осы курс барысында мектептегі іс - тәжірибеме көп өзгерістер енгенін байқадым және бұл енгізген өзгерістерім өзіме, оқушыларыма және сабағымды көріп бағалаған басқа әріптестеріме де ұнады деген ойдамын. Сондықтан алдағы уақытта жаңаша оқытуға деген көзқарасымды қалыптастырып, дұрыс шешім қабылдап, үнемі оқушылардың шығармашылығын арттыратын сабақ құрылымын ұйымдастыруға тырысамын деп ойлаймын.

Келешекте, оқытуда әртүрлі әдістерді қолданудың маңыздылығын ескере отырып, Кембридж университетінің ұсынған жеті модулінің идеясының негізін өз менталитетімізге икемдеп, жаңаша оқыту үдерісін дамытуға өз үлесімді қосамын деген ойдамын.


Сыни тұрғыдан ойлауды « ойлау туралы ойлану» деп сипаттаған. Ол маңызды мәселелерді талқылауды және тәрбиені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау бақылаудың, тәжірбиенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бақылауға, талқылауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешім қабылдауға, ойлау және іс әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді еңгізуге дайын болуға , ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды үйретеді.

Балалардың сыни ойлауын дамыту жолдары оларды мәселеге көңіл аударуға шақыру және саяхаттар мен көліктер туралы мәліметтерді талдау жолымен қарастыратын және бағалататын болды. Осы сәтте сабақты меңгере алмаған оқушылар Тұрғылдинов Ерік, Даулетбекова Бота, Алатаев Дастан, схема сызу арқылы, суреттерге қызығушылық арқылы жанағы бағалауда түрлі түсті қағаздардың өзіне , плакаттар мен маркерларға қарап та баланың қызығушылығының пайда болғанын аңғардым. Міне, бұның өзі психология.

Сыни тұрғыдан ойлауды « ойлау туралы ойлану» деп сипаттаған. Ол маңызды мәселелерді талқылауды және тәрбиені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау бақылаудың, тәжірбиенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бақылауға, талқылауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешім қабылдауға, ойлау және іс әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді еңгізуге дайын болуға , ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды үйретеді.



Диалогтік оқыту туралы ғылыми зерттеу жүргізген ғалымдар Мерсер мен Литлтон (2007) сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын атап көрсетті. Олар өз еңбектерінде диалогтың оқушы қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын да айқындап берді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 39бет)

Ия, диалогтық оқытуда екі оқушы бір-біріне сұрақ қою арқылы сабаққа деген қызығушылығы артады. Сұраққа жауап беру арқылы білім деңгейі өседі. Өйткені, олар ойланып, толғанып сұрақ қояды. Сұраққа жауап бере отырып бала өз білімінің деңгейін анықтайды. Сонымен қатар, оқушы диалог жасағанда ойлайды, сөйлейді, шешім шығарады, нәтижеге жетеді, әрбір сөзді ой елегінен өткізеді.

Мен қолданған сәттердің барлық кезеңдерінде оқушылардың және оқушылар мен мұғалімнің арасында құрылған диалогті көруге мүмкіндік туды. Сонымен қатар, менің оқушыларым әр кезде бірінен - бірі көмек сұрап, не болмаса бір - бірінен үйрене алды. Әр оқушы өз ойын ұсынып және өзгенің ойын қабылдай алды. Оқушылардың бірлесе жұмыс жүргізе алатынын ескере отырып, бұл әдістің мен үшін маңызды екендігін түсіндім.

Диалогтық сұхбаттасу мұғалімге де, оқушыға да білім алу үшін үлкен үлес қосатын өзара іс- қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі.Сондықтан, мұғалімдер диалогтік оқытуды әрбір сабақтың тиімді, құрамды бөлігі ретінде пайдаланса, сабақ табысты болады деп ойлаймын.



Қорыта келгенде, жаңа әдіс - тәсілдерді пайдалану өзімнің іс - тәжірибеме өзгеріс енгізумен бірге, оқушылардың өз беттерімен ақпарат жинау арқылы білімдерін дамытуды көздейді. Ең алдымен оқушылармен бірлесе отырып, топ ережесін құрып, сыныпқа іліп қойғанымыз, топтағы әрекетте топ ережесін өте жаксы сақтай алуларына бірден-бір себеп болды.

Сондықтан сабағымызда осындай түрлі әдіс - тәсілдерді түрлендіріп, оқушының деңгейіне, жас ерекшелігіне сай пайдалана білсек, әлемдік деңгейге мемлекетіміздің білімін де танытуға мүмкіндік болатынына көзіміз жетеді. Оқушылар да, ата - аналар да, әріптестерім де өткізілген сабақтарымдағы үлкен өзгерістерді байқап, жылы лебіздерін білдіріп, пікірлерін айтты. Осындай жылы лебіздерден соң одан ары күш - қуат, талпыныс алып, тәжірибемде жүйелі қолданамын деген ойға келдім. Сондықтан кездесіп жатқан кедергілердің шешу жолдарын іздестіре отырып, дұрыс ұйымдастыруды міндет етіп аламын. Бұл әдіс- тәсілдерді зерттеп, қолданып көру арқылы және де келешекте сабағымда тиімді пайдалану мақсатында аянбай еңбек етемін деген сенімдемін.
Каталог: uploads -> doc -> 0a8d
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a8d -> Сабақ Әзірлемесі пәН: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет