Зерттеу практикасы бағдарламасын орындау мерзімі



бет1/7
Дата03.10.2023
өлшемі6,89 Mb.
#183568
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лаура
лаура .шугаева (копия) (копия)

Зерттеу практикасы бағдарламасын орындау мерзімі

Бағдарламаға сәйкес орындауға(зерделуге) қажет жұмыстар тізбегі

Ескерту

29.05.2023-
31.05.2023

Кәсіпорынмен танысу. Кәсіпорынның сипаттамасы.
Мен екінші өндірістік тәжірибемді ЖШС «Сарыарқа Нан Қарағанды» нан зауытынан өттім. Өндірістік тәжірибенің алғашқы күндері жалпы ЖШС «Сарыарқа Нан Қарағанды» нан зауытының толық тарихымен жәнеде біздің мақсатымыз оқу орнында алған теориялық білімімізді қолданып,соны толықтыру мақсатында өндірістің толық мақсатымен танысып өттім.1-суретте көрсетілген.
1
-сурет. ЖШС «Сарыарқа Нан Қарағанды» нан зауыты
«Сарыарқа Нан Қарағанды» зауыты күніне 75 тонна нан-тоқаш, 3 тонна кондитер өнімдерін шығарады. 8 айдың ішінде тұрғызылған зауытқа 3 млрд теңгеден астам инвестиция құйылған. Жоба ҚР «Бәйтерек» Ұлттық қорының, «Цеснабакн» және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамдарының қолдауымен жүзеге асты. Зауыттың ерекшелігі - құрылысына тек отандық материалдар мен элементтер қолданылған. «Нан зауыты Германия, Италия, Словения секілді Европа елдерінің заманауи қондырғыларымен жабықталған. Зауыт шеберлері жабдықтармен жұмыс жасауды осы елдердің жетекші мамандарынан үйреніп келді», - деді словениялық Gostol компаниясының директоры Матьяж Компара.Жаңа технологияларды қолдана отырып, нан зауыты өндірістің тазалығын, нан-тоқаш өнімдерінің дәмділігі мен тағамдық құнарлығының жоғары сапасын қамтамасыз етеді.«Сапа стандарты «Сарыарқа Нан» зауыты кәсіпорынының ең басты артықшылығы болады. Нан, кондитер өнімдерінде тек табиғи қоспалар қосылады. Жасанды нәрлендіргіштер болмайды. Нан зауыты 250 астам адамды жұмыспен қамтыған. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға да жұмыс қарастырылды. Қызметкерлердің жұмысы технологиялық процестердің механикаландырылуы мен автоматтандырылыуы арқылы жеңілдетілді.Зауыт нан өнімдерінің 45-тен астам түрлерін шығарады. Бұдан кейін шығарылатын өнім түрі ай сайын 3-4 түрімен толықтырылып отырады. Барлық өнім отандық өндірушілер шығарған ұннан өзіндік рецептермен пісіріледі. Нан зауытының өнім шығарудағы тұжырымдамасы қазақ наубайшыларының рецептерін пайдалана отырып, заманауи технологиямен нан өнімдерін пісіру болып табылады.Нан зауытының мол ассортиментін Қарағанды қаласының және маңайдағы Теміртау, Шахтинск, Саран, Абай сияқты спутник қалалардың тұрғындарына ұсыну үшін тұтынушыларға қолайлы 47 фирмалық дүкен ашылды. Логистикамен қамтамасыз ету үшін, нан өнімдерін сауда орындарына таситын 65 жаңа отандық автокөлігі бар көлік цехы қарастырылған.«Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС нан зауытының басты басымдығы сатып алушылар мен серіктестер алдындағы жауапкершілік, қызметкерлердің кәсіпқойлығы, жұмысқа құрметпен қарауы болып табылады. Сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысқа жетуі тегін қарастырылған.Әлеуметтік қолдау шарасы аясында «Сарыарқа Нан» зауытының алғашқы өнімі Қарағанды қаласындағы балалар үйіне жөнелтілген.Зауытта арнайы қонақ күтуге арналған зал да қарастырылған.2-суретте көрсетілген

2-сурет.Қонақ күтуге арналған зал.
Нан зауытта екі автоматты желі орнатылған. Біріншісі нарықта сұранысқа ие негізгі өнімді – бірінші сортты нанды пісіруге арналған. Екінші автоматты желі нан және батон шығарады бұл бөлімде батонның 6 түрі шығарылады. Тағы екі жол, бірақ автоматты емес, тоқаштар мен арнайы нан түрлерін пісіруге арналған. Олар қаптамада қол еңбегін қажет етеді. Бұл жабдықтың жалпы қуаты -тәулігіне 55 тонна. Егер бұл көлем тапсырыс берушілерге жетпесе, цехта тәулігіне тағы 25 тонна пісіруге мүмкіндік беретін 10 айналмалы пеш орналастырылған. Осылайша, зауыттың барлық қуаты тәулігіне 80 тоннаны құрайды. Зауыт ішінің температурасы +35С градусқа дейін болады. Нан-тоқаш өнімдерінен басқа, екі цех қатпарлы және кондитерлік өнімдер шығаруға берілді.3,4-суретте көрсетілген.


3,4 -сурет.Батон -тоқаштар.




01.06.2023-
05.06.2023



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет