Зерттеуі (talis) – мұғалімдерді, мектеп директорларын және білім беру ортасын қарастыратын әлемдегі ең ауқымды зерттеу. Бұл жазбахатта мемлекеттік және жеке


 Қазақстан бойынша жазбахат – TALIS-2018 зерттеуінің нәтижелері © ЭЫДҰ 2019



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата01.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#194442
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
TALIS2018 CN KAZ
Ерлік- елдің қасиеті..., 9-сынып 130 бұйрық қмж
4

Қазақстан бойынша жазбахат – TALIS-2018 зерттеуінің нәтижелері
© ЭЫДҰ 2019
» 

том: Мұғалімдер мен директорлар: өмір бойы білім алу

Қазақстанда мұғалімдердің және мектеп директорларының өндірістен қол үзбей кәсіби даму 
бағдарламаларына қатысу тәжірибесі кеңінен таралған: мұғалімдердің 98%-ы (ЭЫДҰ елдері 
бойынша орта есеппен – 94%) және директорлардың 100%-ы (ЭЫДҰ елдері бойынша орта 
есеппен – 99%) зерттеуге қатысқанға дейінгі бір жыл ішінде кәсіби даму бойынша кем дегенде бір 
шараға қатысты.

ЭЫДҰ елдерінің мұғалімдері арасында курстар мен семинарларға қатысу ең кең таралған кәсіби 
даму формасы болып табылады. Қазақстанда болса, мұғалімдердің 89%-ы осындай іс-шараларға 
қатысады. Мұғалімдердің 94%-ның кәсіби дамуы өзара оқытуға және коучингке негізделген. Атап 
өте кететін жайт, ЭЫДҰ елдерінің мұғалімдері ұстаздардың өзара ынтымақтастығы мен 
бірлестігіне негізделген кәсіби даму іс-шараларын ең тиімді деп есептейді. 

Қазақстан мұғалімдері өздерінің кәсіби дамуына разы көрінеді, себебі олардың 86%-ы кәсіби даму 
шараларына қатысу олардың тәжірибесіне жағымды әсер еткенін атап өтті. Бұл көрсеткіш ЭЫДҰ 
елдері мұғалімдерінен (82%) жоғарырақ. Сондай-ақ, осындай пайдасы мол кәсіби даму 
шараларына қатысатын мұғалімдердің тиімділігі және жұмысына қанағаттану деңгейі жоғары 
келеді.

Бірақ мұғалімдердің пікірі бойынша кәсіби дамудың кейбір салалары әлі де қарастырылмаған. 
ЭЫДҰ елдері мұғалімдерінің жауаптары сәйкес, оларға ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар (АКТ) саласындағы озық дағдыларды дамыту, көптілді және көпмәдениетті ортада 
білім беру, ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға сабақ беру сияқты кәсіби даму курстары аса 
қажет. Аталған кәсіби даму бағыттарының ішінде Қазақстан мұғалімдері бірінші орынға АКТ-ны 
қояды. 
Оқытуда АКТ-ны қолдану 

Қазақстанда орташа есеппен мұғалімдердің 66%-ы оқушыларға сынып жұмысында немесе жеке 
жобаларды орындағанда АКТ-ны қолдануға «жиі» немесе «үнемі» мүмкіндік беретінін айтты. Бұл 
көрсеткіш өз кезегінде ЭЫДҰ елдерінен жоғарырақ (53%). 

Қазақстанда мұғалімдердің 75%-ы мамандық бойынша білім алғанда «сабақта АКТ-ны қолдану» 
білім мазмұнына кіргендігін айтты, дегенмен, мұғалімдердің тек 69%-ы ғана оқуларын аяқтағанда 
өздерін сабақта АКТ-ны қолдануға дайын сезінді. 

Бұдан басқа мұғалімдердің 90%-ы зерттеуге қатысқанға дейінгі соңғы 12 ай ішінде «сабақта АКТ-
ны қолдану» тақырыбын қоса алғанда кәсіби біліктіліктерін арттыру іс-шараларына 
қатысқанымен, мұғалімдердің жауаптары бойынша бұл бағыттың қажеттілігі жоғары. Қазақстан 
мұғалімдерінің 30%-ы «сабақта АКТ-ны қолдануды» аса қажет деп белгіледі (ЭЫДҰ елдері 
бойынша – 18%).

Қазақстанда орта есеппен директорлардың 45%-ы сапалы білім беру процесін ұйымдастыруға 
мектепте цифрлық технологиялардың жетіспеушілігі немесе сәйкессіздігі кедергі жасайды деп 
хабарлайды (ЭЫДҰ елдерінде – 25%).


Қазақстан бойынша жазбахат – TALIS-2018 зерттеуінің нәтижелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет