Зоогигиена мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon жануар және hygieinos сау деген мағынаны білдіреді



бет9/9
Дата28.01.2018
өлшемі4,64 Mb.
#35370
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары

1 Микроклимат және оны анықтайтын факторлар дегеніміз не?

2 Ауа температурасының гигиеналық мәні неде?

3 Ағза мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу қалай жүреді?

4 Ересек мал мен төлдерде жылу реттелуі қалай жүзеге асады?

5 Мал қораларында ауа температурасын өлшеу ережелері қандай?

6 Ауа температурасын өлшеуге арналған құралдарға сипаттама беріңіз?

7 Термографтың құрылысы мен жұмыс істеу принципі қандай?

8 Қора ауасы ылғалдылығының мал ағзасына әсері қандай?

9 Қора ауасындағы ылғалдың жиналу көздерін атаңыз?

10 Мал қорасындағы ауаның жоғары ылғалдылығымен қандай күрес шаралары жүргізіледі?

11 Температура мен ылғалдылықтың әртүрлі үйлесімі мал ағзасына қалай әсер етеді?

12 Қандай гигрометрлік көрсеткіштерді білесіз?

13 Ауаның ылғалдылығын анықтауға арналған құралдарға сипаттама беріңіз?

14 Мал қораларында ылғалдылықты өлшеу қалай жүргізіледі?

15 Гигрографтың құрылысы мен жұмыс істеу принципі қандай?

16 Ауаның қозғалысы мал ағзасына қалай әсер етеді?

17 Мал қораларындағы ауаның қозғалыс жылдамдығы қандай факторларға байланысты?

18 Мал қораларында ауаның қозғалыс жылдамдығын реттеудің қандай әдістерін білесіздер?

19 Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтауға арналған құралдардың құрылысы мен жұмыс істеу принципі қандай?

20 Мал ағзасына күн сәулесінің биологиялық әсерін сипаттаңыз?

21 Фотопериодизм және ағза биоритмдері дегеніміз не?

22 Мал шаруашылығындағы ультракүлгін және инфрақызыл сәулелердің маңызы қандай?

23 Жарықтандырудың қандай түрлерін білесіз?

24 Қораларды жарықтандыруды анықтаудың қандай әдістерін білесіз?

25 Атмосфералық ауаның құрамы қандай және ол қора ауасынан несімен ерекшеленеді?

26 Мал ағзасына көмірқышқыл газы мен аммиак қалай әсер етеді?

27 Мал қорасы ауасында көмірқышқыл газы жиналуының қандай негізгі көздерін білесіздер?

28 Мал қорасы ауасындағы зиянды газдармен күресудің қандай әдістер бар?

29 Қора ауасындағы көмірқышқыл газын анықтаудың қандай әдістерін білесіздер?

30 Қора ауасындағы аммиакты анықтаудың қандай әдістерін білесіздер?

31 Көмірқышқыл газы мен аммиакты титрометрлік әдіспен анықтаудың принципі қандай?

32 Қора ауасындағы зиянды газдардың мөлшері УГ-2 құралымен қалай анықталады?

33 Шаңның жіктелуін беріңіз және оның мал ағзасы үшін маңызын көрсетіңіз?

34 Қора ауасындағы микроағзалар жиналудың көзін атаңыз?

35 Қора ауасындағы микрағзалар мал ағзасына және өнімінің сапасына қалай әсер етуі мүмкін?

36 Шаңдалу және микробтық ластанумен күресудің қандай шараларын білесіздер?

37 Қора ауасының шаңмен және микробтармен ластануын анықтаудың қандай әдістерін білесіздер?



3 Топырақты санитарлық-гигиеналық бағалау


Топырақ – бұл өнімділік, яғни өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз ету қасиетіне ие жер қыртысының (литосфераның) беткі қабаты. Топырақ – бұл үнемі физикалық-химиялық үрдістер, биохимиялық реакциялар, әртүрлі айналымдар жүріп отыратын ең күрделі табиғи зертханалардың бірі.

Топырақ – әртүрлі өсімдік, жануар, шаруашылықтық –тұрмыстық және өндіріс қалдықтарын қабылдаушы және сіңіруші, көптүрлі микрофлора мен микрофаунаның көзі мен қоры. Ол малдардың денсаулығы мен өнімділігіне үлкен тікелей және жанама әсер көрсетеді. Топырақтың гигиеналық мәні зор, және ол оның механикалық құрамымен, физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерімен анықталады.

Топырақты зоогигиеналық бағалау мақсатымен жер учаскелеріне физикалық, химиялық, бактериологиялық және гельминтологиялық зерттеу әдістерінен тұратын зертханалық талдау үшін топырақ сынамасын ала отырып, санитарлық-топографиялық зерттеу жүргізеді.

Санитарлық-топографиялық зерттеуге учаскенің жер бедерін, су қоймаларына қиыстауын және жарыққа қатысты зерттеу жатады. Бұдан басқа, тексергенде өсімдік жабынын, елді мекендерге қатысты орналасуын, топырақ типі мен су тәртібін зерттейді, топырақтың мүмкін болатын ластану көздерін анықтайды (қоқыстар, көң сақтау орындары және т.с.с.).

3.1 Топырақтың механикалық құрамы мен физикалық қасиеттерін анықтау



Жұмыстың мақсаты: топырақтың механикалық құрамы мен физикалық қасиеттерін анықтауға арналған әдістермен, құралдармен және аппаратурамен танысу.

3.1.1 Топырақтың орта сынамасын алу. Сынама белгілі бір учаскеге тән болуы керек. Бүкіл учаске бойында біртекті топырақ болса, шахмат ретімен орналасқан әртүрлі жерден бірнеше ойық немесе учаскенің ортаңғы сызығымен әртүрлі тереңдікте алады.

Топырақ сынамасын арнайы бұрғымен немесе таза күрекпен алады. Салмағы 2-3 кг болатын әрбір сынаманы үйкелген қақпақты шыны ыдыстарға, таза қапқа немесе тығыз орама қағаздың қос қабатына салады да, мерзімі, үлгіні алған жер мен алу тереңдігі көрсетілген жапсырма қағазбен қамтамасыз етеді. Зертханада топырақтың таңдалып алынған сынамаларын қағаз беттерге жұқа қабат етіп себеді, кесектерін ұсатып, ауада кептіреді. Талдау үшін 0,5-1,0 кг топырақ алынады. Зертханалық зерттеулер алдында топырақтан тамырлар және басқа да тән емес қоспаларды тазартады да, пайыздық қатынасын анықтау үшін оларды өлшейді.



3.1.2 Топырақтың механикалық құрамы мен кесектерінің көлемінің анықтау

Топырақ түзілу шартына және топырақ түзетін жыныстардың сипатына байланысты әртүрлі механикалық құрамды болады. Механикалық құрам деп топырақтағы әртүрлі диаметрлі механикалық элементтердің салыстырмалы мөлшерін айтады.

Топырақ массасы әрқашан әртүрлі мөлшердегі– бірнеше миллиметрден бірнеше микронға немесе миллимикронға дейінгі бөлшектерден түзіледі. Бұл бөлшектердің минералогиялық және химиялық құрамы әртүрлі болады, топырақта дамитын физикалық - химиялық және биологиялық үрдістерге қатысты әртүрлі белсенділікке ие болады, оның су, ауа, жылу және қоректік тәртіптеріне үлкен ықпалын көрсетеді. Топырақтың жеке кішкентай бөлшектерін, яғни минералдардың жеке кесектері мен тау жыныстарының сынықтарын механикалық элементтер деп атайды, олар топтарға немесе фракцияларға бірігеді.

Әрбір фракция оны басқа фракциялардан айыратын физикалық қасиеттердің жиынтығымен сипатталады. Жіктеу мақсатында көбінесе 0,01 мм ірі бөлшектердің барлығын физикалық құм фракциясына, ал 0,01 мм кіші бөлшектердің барлығын ұсағырақ – физикалық сазбалшық фракциясына біріктіреді.

“Физикалық” термині қандай да болмасын фракцияда құм немесе сазбалшықтың физикалық қасиеттерінің барын білдіреді, фракцияның химиялық құрамын болжамайды.

Сонымен қатар, әдетте барлық 1 мм кішкентай бөлшектер топырақ ұсағы деп, ал 1 мм ірі бөлшектер – топырақ қаңқасы деп аталады.


15-кесте – Механикалық элементтердің жіктелуі (Фадеев-Вильямс-Сабаниннің әдісі, Н.А.Качинскийдің өзгертуімен)

Бөлшектер көлемі, мм

Механикалық элементтер атауы

1

2

3,0

Тас

3,0 - 1,0

Қиыршық тас

1,0 - 0,5

Ірі құм

15 кестенің жалғасы

1

2

0,5 – 0,25

Орташа құм

0,25 – 0,05

Ұсақ құм

0,05 – 0,01

Ірі тозаң

0,01 – 0,005

Орташа тозаң

0,005 – 0,001

Ұсақ тозаң

0,001 – 0,0005

Қатты лай

0,0005 – 0,0001

Жұқа лай

0,0001 және кіші (0,1 мк)

Коллоидтар

16-кесте – Топырақтың механикалық құрамын жіктеу (Н.А.Качинский бойынша)



Топырақ атауы

Физикалық сазбалшық мөлшері, %

Сазды

50 және көп

Саздауыт

40 - 50

Орташа сазды

30 – 40

Жеңіл сазды

20 – 30

Құмдауыт

10 – 20

Құмды

10 және аз

Талдауды жүргізу: Топырақ кесектерінің көлемін анықтау үшін бірінің үстінде бірі орналасқан және диаметрлері 10, 7, 5, 3, 2, 1, 0,5, 0,25 мм тесікті Кнопптың електер жинағын қолданады.

Ең үлкен мөлшерлі тесіктері бар жоғарғы елеуішке 100 г ауалы құрғақ топырақ салады және бүкіл жиынтық арқылы біртіндеп елейді.

Топырақты елегеннен кейін әрбір порцияны өлшейді де нәтижесін пайызбен көрсетеді. Нәтижелер бойынша, №1,2,3 елеуіштерде диаметрмен 3 мм үлкен бөлшектер (тас, қиыршық тас);


№ 4, 5 – диаметрі 1 - 3 мм болатын бөлшектер (ірі құм); № 6, 7 – диаметрі 0,25 - 1 мм (орташа құм); терім түбіне ұсақ құм және шаң түсетіндігін ескеріп, әртүрлі мөлшерлі барлық бөлшектерінің арақатынасын, топырақтың механикалық құрамын және типін анықтайды.

3.1.3 Топырақтың құрылымын анықтау

Құрылымдық деп топырақтың жеке әртүрлі мөлшерлі және пішінді кесектерге ыдырай алу қабілеті аталады. Құрылым деп өзара цементтелген механикалық элементтер – құм, шаң, лайдан тұратын кесектердің өздері (агрегаттар) аталады. Құрылымның аса маңызды қасиеті оның суға төзімділік дәрежесі, яғни судың шаюшы әрекетіне қарсы тұра алуы болып табылады.

Суға төзімді агрегаттар нағыз агрегаттар деп аталады және топырақтың нағыз құрылымын анықтайды, суға төзімсіздер – жалған және топырақтың жалған құрылымын құрайды.

Талдауды жүргізу: Химиялық стаканның жартысына дейін су құяды да, оған зерттелетін топырақ агрегаттарын (кесектерін) салады. 15 мин. қалдырады. Егер агрегат жеке механикалық элементтерге ыдыраса, ол жалған құрылымға жатады, егер ыдырамаса – нағыз құрылым.

Топырақтың механикалық құрамы мен құрылымына топырақтың су мен ауа өткізгіштігі, бостығы мен тығыздығы, жылулық және биохимиялық қасиеттері байланысты болады.



3.1.4 Органолептикалық көрсеткіштері

Түсі. Топырақ ондағы органикалық заттар мен қоспалардың мөлшеріне байланысты күңгірт (қара), ашық-сұр, қоңыр және басқа реңді болуы мүмкін. Күңгірт түсті топырақта органикалық заттардың, яғни гумус пен көңмен күшті тыңайтылған топырақтың қарашірігі көп мөлшерде болады. Мұндай топырақта қара топырақпен салыстырғанда патогенді микроағзалар жиі кездеседі. Гумусқа, органикалық заттарға тапшы топырақтар ашық-сұр (күлді топырақ) немесе ашық-сары (құмды, сазды топырақ) реңді болады. Мұндай топырақта органикалық заттар ғана тапшы емес, сонымен қатар биологиялық белсенді минералды қосылыстар– кальций, фосфор, калий мөлшері де аз болады.

Иісі. Гигиеналық тұрғыда таза, ластанбаған топыраққа тән емес: нәжіспен, несеппен, тазаланбаған қалдық сулармен, мал өлекселерімен, химиялық қосылыстармен жаңа ластану кезінде пайда болатын шіріген, аммиакты, күкіртті сутекті иістері бар.

Иісті орта сынама алынуы кезінде сол орында анықтайды. Зертханада топырақтың жас сынамасын колбаға салады да, ыстық су құяды, тығынмен жабады, сілкілеп, содан соң ашады және иісті анықтайды.



Температурасы. Гигиеналық мақсатта топырақ температурасын сирек өлшейді, бірақ оның жазғы мал тұратын орынды, лагерьлер мен ерте көктемде немесе қара күзде жайылымда, сондай ақ загондардағы түнгі тұрақты таңдап алуда маңызы бар. Бұл мақсатқа арнайы термометрлер қолданылады.

3.1.5 Топырақтағы саңылаулардың көлемін анықтау (кеуектілігі)

Топырақтың кеуектілігі деп алынған топырақ көлеміне пайызбен берілген топырақ бөлшектерінің арасындағы барлық бос аралықтардың жалпы сомасын айтады.

Топырақтың кеуектілігі топырақ бөлшектерінің мөлшеріне, олардың пішіні мен құрылымына байланысты болады. Ұсақ кесекті топырақтарда ірі кесектімен салыстырғанда кеуектілік жоғарырақ, себебі топырақ дәндерінің мөлшері азайған сайын олардың арасындағы саңылаулар саны артады.

Топырақ кеуектілігінің үлкен санитарлық - гигиеналық маңызы бар, өйткені оған топырақ су және ауаны өткізгіштігі тәуелді болады.

Топырақтардың әртүрлі түрлерінің кеуектілігі әртүрлі: құм топырақтарда – 30-40 %; сазды – 50 % жоғарырақ; батпақтыда – 84 % болады.

Талдауды жүргізу: Градуирленген 500 мл цилиндрге 250 мл топырақ салып, оған 250 мл су құяды.

Топырақ пен су араласып, барлық саңылаулары толғаннан кейін қоспа көлемін анықтап, есептеуді жүргізеді.


Р = (А – Б) – К / В х 100
мұнда: Р – топырақтың кеуектілігі, %; А – топырақ көлемі, мл;
Б – су көлемі, мл; К – топырақ пен су қоспасының көлемі, мл;
В – топырақ пен су көлемдерінің жиыны, мл.

3.1.6 Топырақтың ылғал сыйымдылығын анықтау

Топырақтың ылғал сыйымдылығы деп топырақтың өзінде белгілі бір мөлшерде суды сыйғызып, ұстап тұру қасиетін айтады.

Талдауды жүргізу: Түбі тор цилиндр алып, өлшейді. Өлшенген цилиндрді ¾ көлемде құрғақ топырақ салады да тағы өлшейді.

Топырағы бар цилиндрді суы бар ыдысқа салып, ыдыстағы су деңгейін цилиндрдегі топырақта деңгейіне дейін жеткізеді. Су топыраққа сіңгеннен кейін, артық суды ағызып, цилиндрдің ылғалданған бетін сүртіп, өлшейді де есептеуді жүргізеді.
А = 100 (с - в) / (в - а)
мұнда: А – топырақтың ылғал сыйымдылығы, %; а – бос цилиндр салмағы, г; в – суға салғанға дейінгі топырағы бар цилиндр салмағы, г; с – сумен қаныққанан кейінгі топырағы бар цилиндр салмағы, г.

3.1.7 Топырақтың капиллярлылығын анықтау

Капиллярлылық деп топырақтың капиллярлармен төменгі қабатынан жоғарыға қарай суды көтеру қабілетін айтады, ол топырақтың механикалық құрамына байланысты, яғни топырақ бөлшегі неғұрылым ұсақ болса, соғұрылым ылғалдың капиллярлық көтерілуі жоғары болады. Жоғары капиллярлылық салдарынан сәйкес шаралар (гидроизоляция) қолданылмаса, төсеніш пен қоралар сыз тартуы мүмкін.

Талдауды жүргізу: Штативке бірқатар (топырақ үлгілеріне байланысты) диаметрлері 2-3 см болатын, биік 50 – 100 см сантиметрлерге бөлінген шыны түтіктерді орнатады. Әрбір түтікті зерттелетін топырақпен толтырады.

Түтіктердің төменгі ұштарын матамен орап, суы бар астауларға 0,5 см тереңдікке батырады. Топырақ түсінің өзгеруі бойынша су көтерілуінің жылдамдығы мен биіктігін бақылайды. Су деңгейін сантиметрмен 5; 10; 15; 20 и 60 минут сайын, кейіннен әрбір сағат сайын су көтерілуі тоқталғанша белгілейді.



3.1.8 Топырақтың су өткізгіштігін анықтау

Су өткізгіштік деп топырақтың суды жоғарғы қабатынан төменге өткізу қабілетін айтады. Су өткізгіштік (фильтрациялық қабілет) уақыт бірлігінде белгілі бір топырақ қабытынан өткен су мөлшерімен анықталады және топырақ дәндерінің мөлшеріне, коллоидты бөлшектер болуына, сондай ақ топырақ үстіндегі судың биіктігіне байланысты.

Құмды топырақтың су өткізгіштігі – 5-8 мин, сазды топырақта – 15 мин және одан көп.

Талдауды жүргізу: Диаметрі 3-4 см, биіктігі 25-30 см болатын шыны түтікті алады.

Түтіктің төменгі ұшын матамен орап, 20 см биіктікке дейін құрғақ ұсақталған топырақпен толтырады да, түтік қабырғасын шертіп біркелкі орналастырады.

Топырағы бар түтікті штативке бекітеді де топырақ үстіндегі су деңгейін 4 см етіп түтіктің мата түбінде алғашқы су тамшысы пайда болғанша тұрақты ұстап, су құяды.

Су өткізгіштікті анықтау барысында суды құюды бастағандағы уақыт пен алғашқы тамшы пайда болған уақытты белгілейді. Уақыт айырмасы 20 см топырақ қабатынан судың өту жылдамдығын көрсетеді.

17-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу


Топырақ сынамасы номері



Топырақтың физикалық қасиеттері

Температурасы, оС


Түсі

Иісі

Кеуектілігі,

%

Су сыйымдылығы,

%

Капилярлылығы,

с/мин


Су өткізгіштігі, сек




































































































3.2 Топырақты су сығындысы бойынша санитарлық бағалау



Жұмыстың мақсаты: Топырақты су сығындысы бойынша химиялық құрамы мен қасиеттерін анықтауға арналған әдістермен, құралдармен және аппаратурамен танысу.

Топырақтың органикалық заттармен ластану деңгейін, оның ыдырауының дәрежесі мен белсенділігін топырақтағы қандай да болмасын органикалық - минералдық қосылыстардың болуы көрсетеді.

Органикалық заттардың минералды заттарға айналуы: топырақтың өздігінен тазару үрдісінің динамикасы, белсенділігі мен жылдамдығы оның ластану деңгейіне байланысты болады. Топырақты бағалауда топырақ сапасының санитарлық көрсеткіштерін білу қажет.
18-кесте – Топырақтың ластану уақытын анықтау

NH3

Жаңа ластанған

NH3; Cl

Ластану жақында болған

NH3; Cl; HNO2

Органикалық заттардың ыдырау үрдісі

NH3; Cl; HNO2; HNO3

Ластану сәтінен біршама уақыт өткен, бірақ жаңа ластану да бар

Cl; HNO2; HNO3

Жаңадан ластану жоқ, органикалық заттардың минерализациясы жүріп жатыр

HNO2; HNO3

Ластану сәтінен көп уақыт өткен

HNO2

Органикалық заттардың толық минералдануы

19-кесте – Топырақтың ластануының санитарлық көрсеткіштері (100 г)



Көрсеткіштер

Топырақ

Салыстырмалы таза

Аздап ластанған

Қатты ластанған

Жалпы азот, мг

100 төмен

100 жоғары

200

Органикалық аммиак, мг

20 төмен

25 жоғары

50 жоғары

Органикалық заттардың көміртегі, мг

300 төмен

300 жоғары

500 жоғары

1 г топырақтағы бактериялар саны

10000

Жүз мыңдай

Миллион

Ішек таяқшасы

1000мг біреу

50 мг біреу

1-2 мг біреу


3.2.1 Су сығындысын даярлау

Су сығындысын даярлау үшін 100 г топырақты өлшеп алып, 500 мл дистиллденген суды құяды да, қоспаны 3 минут бойы шайқайды. Түссіздендіру үшін 1 мл 13 % күкіртқышқылды аллюминий ертіндісін қосады. Түссізденгеннен кейін сығындыны ыстық сумен жуылған тығыз қағаз сүзгімен сүзеді. Алынған фильтратпен аммиакты, нитраттарды, нитриттарды, хлоридтерді, тотығуын анықтайды.



3.2.2 Нитриттерін анықтау

Пробиркаға Грисс реактивінің 0,5 мл мен 10 мл сығындыны құяды. 20 минуттан кейін (мүмкіндігінше су моншасында қыздырып) боялу деңгейі бойынша кестені қолдана отырып, нитриттердің мөлшерін шамамен анықтайды:

20-кесте – Нитритерді анықтау

Бүйірінен қарағандағы боялуы

Жоғарыдан қарағандағы боялуы

Нитриттер мөлшері, мг/л

Жоқ

Жоқ

0,001

Жоқ

Дистильденген сумен салыстырғанда әзер байқалатын қызғылт

0,002

Жоқ

Әзер байқалатын қызғылт

0,004

Өте әлсіз қызғылт

Әлсіз қызғылт

0,02

Әлсіз қызғылт

Ашық қызғылт

0,04

Ашық қызғылт

Қызғылт

0,07

Қанық қызғылт

Алқызыл

0,20

Алқызыл

Ашық қызыл

0,40


3.2.3 Аммиакты анықтау

Пробиркаға 10 мл сығынды, 0,3 мл сегнет тұзын және 0,2 мл Несслер реактивін құяды. 10 минуттан кейін кесте бойынша аммиак мөлшерін анықтайды:


21-кесте – Аммиакты анықтау

Бүйірінен қарағандағы боялуы

Жоғарыдан қарағандағы боялуы

Аммиак мөлшері, мг/л

Жоқ

Жоқ

0,05 аз

Жоқ

Ерекше әлсіз сарғыш

0,1

Ерекше әлсіз сарғыш

Әлсіз сарғыш

0,2

Өте әлсіз сары

Сарғыш

0,4

Әлсіз сарғыш

Сары

0,8

Ашық сары

Ашық сары

2,0

Сары

Қарқынды қоңыр сары

4,0

Лайлы өткір сары

Қоңыр, ертінді лайлы

8,0

Қарқынды қоңыр, лайлы

Қоңыр лай

20,0


3.2.4 Хлоридтерді анықтау

Колбаға 20 мл сығынды мен 1 мл 10 % хром қышқылды калий ертіндісін құйып, 1 мл ертіндісі 1 мг хлорды тұнбаға түсіретін азотқышқылды күміс ертіндісімен титрлейді.



3.2.5 Топырақ сығындысының тотығуын анықтау

Пробиркаға 10 мл сығынды құйып, оған 0,5 мл күкірт қышқылы ертіндісін (1 : 3) және 1 мл 0,01-н марганец қышқылды калий қосады. Араластырып, 20 минутқа қалдырады. Тотығуды кесте бойынша анықтайды:


22-кесте – Тотығуды анықтау

Бүйірінен қарағандағы боялуы

Тотығуы, мг/л

Ашық ақшыл көк-қызғылт

1,0

Ақшыл көк-қызғылт

2,0

Әлсіз ақшыл көк-қызғылт

4,0

Бозғылт ақшыл көк-қызғылт

6,0

Бозғылт қызғылт

8,0

Қызғылт -сары

10,0

Сары

16,0 және жоғары

23-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу

Топырақ сынамасы номері

Нитриттер

Аммиак

Хлоридтер

Тотығуы
































4 Cуды санитарлық-гигиеналық бағалау


Судың санитарлық-гигиеналық мәні зор. Қоғамдық мал шаруашылығы жағдайында суды жүйелі түрде ауыз су ретінде және техникалық қажеттіліктерге жұмсайды. Судың сапасы біршама дәрежеде малдардың денсаулығы мен өнімділігіне, фермалардың, өндісітік кешеннің санитарлық жағдайына, шығарылатын өнімдердің сапасына және оларды өңдей кәсіпорындарының жағдайына әсерін тигізеді.

Қазір біздің елемізде ауыз су сапасының МЕМСТ 2874-82 сапа стандарты бар.

Судың сапасын су көзінің санитарлық-топографиялық тексеру, физикалық және химиялық-бактериологиялық талдау нәтижесінде анықтайды.



4.1 Cудың физикалық қасиеттерін анықтау



Жұмыстың мақсаты: су сынамасын алуға арналған әдістермен, құралдар және қондырғылармен танысу және судың физикалық қасиеттерін зерттеу.

4.1.1 Су сынамасын алу ережелері

Суды зерттеуде нақты нәтижелер алу үшін су сынамаларын алу, сақтау және тасымалдаудың орнатылған ережелерін ұстану қажет.

Су сынамасын зерттелетін судың бүкіл салмағына сәйкес келетіндей етіп алу қажет. Егер сынама алғанда қате кетсе, бұл теріс бағалауға алып келеді.

Су сынамасын алған құмыралар тазаланып жуылуы қажет. Шыны және полиэтилен құмыраларды концентрлі техникалық тұз қышқылымен жуады, ал зарарсыздандыру үшін синтетикалық жуғыш заттарды қолданады.

Содан кейін ыдысты дистилденген сумен жақсылап шайқайды. Сынама алар алдында ыдысты зерттеуге алынатын сумен бірнеше рет шайқайды, содан кейін оны тығынға дейін сәл ғана ауа кеңістігін қалдырып толтырады.

Ағынды сулы су қоймаларынан сынаманы малдың су ішетін жерінде, одан жоғары және төмен алады. Құдықтан суды су алардан бұрын таңертеңгілік және кешке су алынып болғаннан кейін бетінен 0,5 – 1,0 м тереңдікте, ал ашық су қоймаларынан– дәл сол тереңдікте, бірақ 1 – 2 метр қашықтықта алады.

Су сынамасын құбыр кранынан, құдық насосынан немесе артезиан скважинасынан алғанда, құбырларда тұрып қалған суды тартып немесе ағызып тастап, 10 – 15 минуттан кейін алады.

Талдау үшін сынаманы арнайы батометр көмегімен немесе 2-5 л көлемді құмыраға алады.

Су сынамасына қоса берілетін жолдама қағазда: сынама номері, алынған жылы, айы, күні және сағаты, су көзінің атауы және орналасқан жері, сынама алу жері, алу әдісі, қандай мақсатта, кімнің тапсырмасы бойынша алынғаны, сондай ақ судың физикалық қасиеті көрсетіледі.

Зертханаға жеткізілген су сынамасын жылдам зерттеу қажет; оларды тоңазытқышта немесе мұздықта: ластанбаған су сынамасын –72 сағатқа, ластанған су көзінен суды алғаннан бастап, 48 сағатқа сақтауға рұқсат етіледі.

Егер су сынамасын зерттеуге жеткізгенде 5 сағаттан артық уақыт кетсе, онда жазда сынаманы қыздырудан, қыста қатудан сақтау керек.

4.1.2 Судың физикалық қасиеттерін анықтау

Су көздерін ветеринариялық-санитариялық тексеру кезінде судың сапасын ең алдымен оның физикалық қасиеттері бойынша бағалайды, мұнда келесі көрсеткіштерге: температурасы, түсі, иісі, дәмі, мөлдірлігі, лайлығы мен тұнбасына назар аударады.

Су температурасы. Арнайы термометр немесе шаригі 5-6 қабат дәкемен оралған кәдімгі термометрмен өлшейді.

Температураны тікелей су көзі жанында су сынамасын алғанда өлшейді.

Термометрді 10-15 минутқа суға салады да, оның көрсеткіштерін судан ала салғанда, тұрақты температура орныққаннан кейін бірден белгілейді.

Жануарлар үшін ауыз судың температурасы 10-120 С, буаз және ауру малдар үшін – 150 С дейін және төлдер үшін жасына байланысты 15-300 С болуы керек.

Судың түсі. Сапалық тұрғыдан анықтауды ақ фонда биіктігі 10 – 12 см екі пробиркаға құйылған дистильденген және зерттелетін суды салыстырып жүргізеді.

Судың түсін кестені қолданып, градуспен өлшейді.

Түсінің сапалық анықтауын хромокобальт шкаласы бойынша жүргізеді.

24-кесте – Судың түсін шамамен анықтау



Қарағандағы түсі

Градус бойынша түсі

Бүйірінен

Жоғарыдан

Жоқ

Жоқ

10 кем

Жоқ

Әрең байқалатын, әлсіз сарғыш

19

Жоқ

Өте әлсіз сарғыш

20

Жоқ

Әлсіз сарғыш

30

Әрең байқалатын, бозғылт сарғыш

Сарғыш

40

Әрең байқалатын, бозғылт сары

Ашық сарғыш

80

Өте әлсіз сарғыш

Сары

150

Бозғылт сарғыш

Қарқынды сарғыш

300

Сары

Қарқынды сары

500

Жақсы судың түсі 200 төмен болмауы керек, ал 400 рұқсат етіледі. Судың түсін келесі терминдермен белгілейді: түссіз, ашық сары, қарқынды сары және т.б.

Судың иісі. Суды алған жерде және зертханада 20-400С қыздырып, анықтайды. Бұл үшін колбаға 2/3 көлеміне 20о зерттелетін суды құяды, колбаны сағаттық шынымен немесе үйкелген тығынмен жауып, сілкіп, иісінің сипаты мен қарқындылығын анықтайды, содан кейін 400С қыздырып, сілкиді де, шыныны ысырып кесте бойынша иісінің сипаты мен қарқындылығын бес баллдық шкаламен анықтайды:

25-кесте – Ауыз судың иісінің қарқындылығын анықтау



Иістің қарқындылығы (балл)

Иістің сипаты

Сипаттама анықтау

0

Иісі жоқ

Сезілетін иісі жоқ

1

Өте әлсіз

Иісті тұтынушылар байқамайды, бірақ мамандар анықтай алады.

2

Әлсіз

Егер назар аударса, тұтынушы анықтай алады

3

Байқалатын

Иіс жеңіл сезіледі және су туралы теріс пікір қалыптастырады

4

Анық

Назар аудартатын иіс: ішуден бас тартқызуы мүмкін

5

Өте күшті

Иістің күштілігі сондай, су ішуге жарамсыз

Иістер табиғи – хош иісті, батпақ иісті, шірік иісті, топырақ иісті, зең иісті, балық, күкіртсутегі, шөп иісті, белгісіз, және жасанды – хлор, фенол, бензин, камфора иісті болуы мүмкін.

Жақсы ауыз суы иіссіз болуы керек, ал рұқсат етілетін иіс 200 С температурада 2 баллдан жоғары болмауы керек.

Судың дәмі. Анықтауды сынама алған жерде тек судың санитарлық тұрғыдан қауіпсіздігіне сенімді болғанда ғана жүргізеді. Күманды жағдайларда оны алдын ала 5 - 10 минут қайнатып, 20-250 С дейін суыту қажет болады. Дәмін (татымын) анықтау үшін шамамен 15 мл суды ауызға алып, бірнеше секунд ұстап, жұтпай дәмін анықтайды. Шикі судың дәмін анықтағаннан кейін ауызды марганец қышқылды калийдің әлсіз ертіндісімен шаю қажет.

Судың дәмін: қышқыл, сілтілі, тұзды, ащы-тұзды, кермек, ауыз қуыратын, тәтті; татымын: темірлі, кермек, хлорлы, металл, балық дәмді деп белгілейді.

Дәмі мен татымының қарқындылығы баллмен: татымы жоқ – 0, өте әлсіз – 2, сезілетін – 3, анық– 4, өте күшті 5 баллмен бағаланады.

Судың мөлдірлігі. Анықтау үшін суды биіктігі бойынша сантиметрге бөлінген цилиндрге құяды, оның түбіне Снеллен шрифты бар баспа қағаз салады. Содан кейін біртіндеп суды резина түтігі бар төменгі тубустан шрифт анық көрінгенше ағызады. Бағана биіктігі бойынша оның мөлдірлігін сантиметрмен өлшейді.

Далалық жағдайда судың мөлдірлігін анықтау үшін диаметрі 1 – 1,5 см болатын сымтемір сақинаны қолданады. Тұтқасынан ұстап, сымтемірді 500 – 1000 мл көлемді цилиндрға құйылған зерттелетін суға оның контурлары көрінбей қалғанша батырады. Содан кейін, сантиметрлік сызғышпен сақина анық көрінетін жерге дейінгі тереңдігін өлшейді. Сақина бойынша зерттеуден алынған деректерді Снеллен шрифты бойынша көрсеткішке кестемен аударады:


26-кесте – Судың мөлдірлігін анықтау

Анықтау әдістері

Сақина бойынша, см

Снеллен бойынша, см

Сақина бойынша, см

Снеллен бойынша, см

1

2

3

4

2

0,5

24

17

4

2

26

18

6

3

28

19

8

5

30

21

10

6

32

23

26 кестенің жалғасы

1

2

3

4

12

8

34

25

15

10

36

26

17

12

38

28

20

14

41

30

22

16






30 см жоғары мөлдірлігі бар су жақсы деп саналады; 10 нан 30 см – қолдануға рұқсат етіледі. Судың мөлдірлігін: мөлдір, әлісіз мөлдір, сәл лайлы және күшті лайлы деген терминдермен анықтайды.



Судың лайлығы. сынамада органикалық және минералды текті ерімеген және коллоидты заттардың болуымен шартталады. Судың лайлылығы мен мөлдірлігі арасында белгілі бір тәуелділік бар. Осыдан лайлылықты анықтауды судың белгілі мөлдірлігін айналдырып кесте бойынша жүргізеді:
27-кесте – Судың лайлылығын анықтау

Мөлдірлігі, см

Лайлылығы мг/л

Мөлдірлігі, см

Лайлылығы мг/л

Мөлдірлігі, см

Лайлылығы мг/л

4,0

235

14,0

65,0

24,0

38,0

5,0

185

15,0

61,0

26,0

35,1

6,0

155

16,0

56,0

28,0

32,6

7,0

130

17,0

53,4

30,0

30,5

8,0

114

18,0

48,0

32,0

28,6

9,0

102

19,0

46,0

34,0

26,9

10,0

92

20,0

44,5

36,0

25,4

11,0

83

21,0

43,3

38,0

24,2

12,0

76

22,0

41,4

40,0

23,0

13,0

70

23,0

39,6

42,0

21,8

Судағы тұнба. Зерттелетін суды шайқап, биіктігі 30 см кем емес өлшем цилиндріне құяды да, бір тәулік тыныштықта қалдырады.

Мөлшері бойынша тұнбаның болуы: тұнба жоқ, аздаған, байқалатын, үлкен тұнба; сапасы бойынша – үлпек, сазбалшықты, құмды, сазды және т.с.с түсін көрсете отырып (сұрғылт, қоңыр, қара және сол сияқты) сипатталады.

28-кесте – Судың физикалық қасиеттерін зерттеу нәтижелерін жазу



Көрсеткіштер

МЕМСТ нормативтері


Су сынамасы

1

2

3

4

5

Температурасы, 0С



















Мөлдірлігі, см



















Лайлылығы, мг/л



















Түсі, град



















Иісі, балл



















Дәмі, балл



















Тұнбасы




















4.2 Судың химиялық құрамын анықтау



Жұмыстың мақсаты: тұздың химиялық құрамын (су тұздарын) зерттеуге қажетті әдістермен, құралдар және аппаратурамен танысу.

Судың химиялық құрамының көрсеткіштері судың сапалылығын санитарлық-гигиеналық бағалаудағы негізгі факторлардың бірі болып табылады.

Судың химиялық құрамын зерттегенде келесі көрсеткіштерді: судың реакциясы, аммиак, нитраттар мен нитриттерді, сульфаттар мен хлоридтерді, судағы темірді анықтайды.

4.2.1 Судың реакциясы (рН)

Сапалық сынама – екі пробиркаға шетіне дейін зертелетін суды толтырып алады да оларға бір бір жолақтан қызыл және көк лакмус қағаздарын салады. 5 минуттан кейін оларды дәл сондай, бірақ дистилденген суға шыланған қағаздармен салыстырады.

Қызыл қағаздың көгеруі сілтілі реакцияны, көк қағаздың қызаруы – қышқыл, қағаздардың түстерінің өзгермеуі – бейтарап реакцияны білдіреді.

рН сандық анықтау– зертханалық рН-метр (потенциометр) көмегімен жүргізіледі. Өлшеуді құралды қолдану нұсқаулығы бойынша жүргізеді.

Жақсы судың реакциясы бейтарап немесе әлсіз сілтілі (рН 6,0–9,0) болады.

4.2.2 Аммиакты анықтау

Суда альбуминоидты (белокты) аммиак пен минералды текті аммиак кездеседі. Малдарға органикалық текті аммиак уландырғыш әсер көрсетеді.



Сапалық анықтау – пробиркаға 10 мл зерттелетін су құяды да, 6 тамшы (0,3 мл) 50 %-ті сегнет тұзының ертіндісін, 6 тамшы (0,3 мл) Несслер реактивін қосады. Сынаманы әбден араластырады. Ертіндінің лайлануы немесе түсінің сарғыштан сары – қоңырға өзгеруі аммиак барлығын көрсетеді.

Сандық анықтау – дәл сол сынамада 10 минуттан кейін, колориметрлік кестені қолдана отырып, аммиак мөлшерін сары түстің қарқындылық дәрежесі бойынша мг 1 л суға есептеп (мг/л) анықтайды. Сапалы суда аммиактың тек иісі ғана рұқсат етіледі.

4.2.3 Нитриттерді анықтау

Суда азотты қышқылдардың тұздарының (нитриттердің) болуы оның органикалық ыдыраған қосылыстармен ластануын және суда органикалық заттарды минералдайтын оттегінің мөлшері жеткіліксіздігін көрсетеді.



Сапалық анықтау – пробиркаға 10 мл зерттелетін су құяды да, 2 тамшы күкірт қышқылын (1 : 3 сұйылтуда), үш тамшы 3 % йодты калий ертіндісін және үш тамшы 1 % крахмал ертіндісін қосады. Пробирканың ішіндегісін сілкиді.

Азотты қышқыл йодты сутегі қышқылыны бос йод бөліп ыдыратады. Бөлінген йод крахмалды көк түске бояйды, бұл суда нитриттер барлығын көрсетеді.



Сандық анықтау – Пробиркаға 10 мл зерттелетін су мен 10 тамшы (0,5 мл) Грисс реактивін құяды, содан кейін сұйықты су моншасында 5 минут бойы 70-800 С дейін қыздырады. Қыздырусыз бөлме температурасында анықтауды Грисс реактивін қосқаннан кейін 20 минут өткенде жүргізеді. Әртүрлі қарқындылықтағы қызғылт түстің пайда болуы нитриттер барлығын дәлелдейді.
29-кесте – Судағы нитриттерді анықтау

Бүйірінен қарағандағы пробиркадағы судың боялуы

Жоғарыдан қарағандағы пробиркадағы судың боялуы

Нитриттер мөлшері, мг/л

1

2

3

Жоқ

Жоқ

0,001

Әрең байқалатын қызғылт

Шамадан тыс әлсіз қызғылт

0,002

Өте әлсіз қызғылт

Әлсіз қызғылт

0,004

29 кестенің жалғасы

1

2

3

Әлсіз қызғылт

Ашық қызғылт

0,02

Қызғылт

Қою қызғылт

0,07

Қою қызғылт

Қызыл

0,2

Қызыл

Ашық қызыл

0,4

Сапалы суда МЕМСТ бойынша нитриттердің ізі ғана рұқсат етіледі (0,001 – 0,002 мг/л).



4.2.4 Нитраттарды анықтау

Азот қышқылының тұздары суға өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтары ыдырағанда түседі. Олардың суда болуы аммиак пен нитриттер болмаған жағдайда судағы азотты заттардың толық минерализацияға ұшырағандығын көрсетеді. Егер нитраттармен бірге суда бірмезгілде аммиак пен нитриттар болса, онда бұл су көзінің жүйелі түрде тоқтаусыз ластануын көрсетеді.

Егер суда бірмезгілде нитраттармен бірге хлоридтер мен сульфаттар болса (аммиак пен нитриттер болмаған жағдайда), онда бұл минерализация (нитрификация) үрдісінің аяқталғанын көрсетеді. Бұл жағдайда су сапалы деп есептеледі, бірақ қайта ластануды болдырмау үшін бұл су көзінен суды кезеңді тексеруден өткізіп тұру қажет.

Сапалық анықтау – таза пробиркаға 1 мл зерттелетін су құяды, оған 2 мл (екі ретке) концентрлі дифениламинді күкірт қышқылын қосады. Зерттелетін суда нитраттар болса, дифенилнитрозоамин түзілуі салдарынан қою-көк түс пайда болады.

Сандық анықтау – түссіз шыныдан жасалған пробиркаға 1 мл зерттелетін су мен 1 мл сульфофенол қышқылын тамшылары тек су бетіне таматындай етіп қосады. Қоспаны араластырып, 20 минутқа қалдырады, содан кейін боялу дәрежесі бойынша кестені қолданып, азот нитраттарының шамамен мөлшерін анықтайды. Түсінің өзгеруін бақылау үшін дәл сондай пробиркаға дистиллденген су құйып, оған сульфофенол қышқылын қосады.
30 -кесте – Судағы нитраттарды анықтау

Жоғарыдан қарағандағы түсі

азот нитраттарының мөлшері, мг/л

1

2

Бақылаумен салыстырғанда ғана байқалады

0,5

Әрең білінетін сарылау

1

30 кестенің жалғасы

1

2

Шамадан тыс әлсіз сарылау

2

Өте әлсіз сарылау

3

Әлсіз сарылау

5

Әлсіз сары

10

Ашық сары

25

Сары

50

Қою сары

100

МЕМСТ бойынша азот қышқылы тұздарының (нитраттар) зерттелетін судағы мөлшері 45 мг/л мөлшерінде рұқсат етіледі.



4.2.5 Сульфаттарды анықтау

Сульфаттар (күкірт қышқылының тұздары) суда ыдыраған белокты заттардың тотығуы нәтижесінде пайда болуы мүмкін, сондай ақ, су көздеріне шаруашылықтық-тұрмыстық және өндірістік қалдық сулардың түсуінде пайда болады. Судағы сульфаттар минералды текті –гипс түрінде де болуы мүмкін.



Сапалық анықтау – пробиркаға 10 мг зерттелетін суды қосады, 2 тамшы тұз қышқылымен сұйылтып, 5 тамшы 10 %-ттік хлорлы барий ертіндісін қосады. Суды қайнағанша қыздырады. Сульфаттар бар болса, органикалық және минеральдық қышқылдарда ерімейтін күкірт қышқылды барийдің ақ лайы пайда болады.

Сандық анықтау –стаканға 10 мл зерттелетін су құяды. Лай суды мөлдірленгенше алдын ала сүзеді. Содан кейін суға 2 тамшы тұз қышқылы мен 5 тамшы хлорлы барий қосады. Стаканның ішіндегісін шыны таяқшамен 30 секунд бойы араластырып, стаканды А. В. Озерновтың ең ұсақ шрифтына қояды. Стакандағы сұйықтық тыныштық күйге келгенше номері жақсы көрінетін шрифтқа ашық күндізгі жарықта немесе электрлі жарықтандыруда қарайды.

Егер суда сульфаттар көп болса, суда №5 шрифт көрінбесе, онда суды екі есе сұйылтып, бағалағанда түзету енгізеді.

Органикалық текті сульфаттардың рұқсат етілетін мөлшері 80 мл/л көп емес, ал минералды –500 мг/л көп емес.

4.2.6 Судағы темірді анықтау

Жер асты суында топырақ минаралынан және қазба кендерінен шыққан темірлі қосылыстар жиі кездеседі. Олардың мөлшері 1 л суда 1,5 мг болса, судың дәмі жағымсыз болып, сия дәміне ұқсап кетеді. Май дайындауда темірлі су майлардың үдемелі ыдырауына әкеп соғады және майға металл татымын береді.



Темірді толығымен сапалық анықтау. Темірдің шала тотығын тұздар тотығына ауыстырады, сонда олар роданды аммоний немесе калиймен қосылып, қызыл түс береді.

Пробиркаға 10 мл зерттелетін су құйып, оған 2 тамшы концентрлі тұз немесе азот қышқылын қосады. Пышақтың ұшымен 1-2 тамшы 3 %-ті сутегі асқын тотығын немесе аммоний персульфатын қосады. 4 тамшы 50 %-ды роданды калий немесе роданды аммоний қосылады. Темірдің шамамен мөлшері кесте бойынша анықталады.


31-кесте – Судағы темірді анықтау

Бүйірінен қарағандағы пробиркадағы судың боялуы

Жоғарыдан қарағандағы пробиркадағы судың боялуы

Темір мөлшері, мг/л

Боялу жоқ

Боялу жоқ

0,05 кем

Әрең білінетін сарғыш-қызғылт

Өте әлсіз сарылау -қызғылт

0,1

Өте әлсіз сарылау -қызғылт

Ашық- сарылау -қызғылт

0,25

Әлсіз сарылау -қызғылт

Әлсіз сарылау -қызғылт

0,50

Ашық- сарылау -қызғылт

Сарылау

1,0

Сарылау-қызғылт

Сарылау-қызыл

2,5

Ашық сарылау-қызыл

Ашық-қызыл

5,0

Сондай ақ, шала тотыққан және тотыққан темірді анықтауға болады.

Тотыққан темірді анықтау оның жиынтығын анықтау сияқты жүргізіледі. Айырмасы сутегі асқын тотығы немесе аммоний персульфатынан тұратын тотықтырғыш қосылмауында.

Шала тотыққан темірдің мөлшері жиынтық және тотық темірдің арасындағы айырмашылық бойынша анықталады.


32-кесте – Судың химиялық құрамын зерттеу нәтижелерін жазу

Көрсеткіш

Су сынамасы

1

2

3

4

5

Су реакциясы
















Аммиак мөлшері, мг\л
















Нитриттер мөлшері, мг/л
















Нитраттар мөлшері, мг/л
















Хлоридтер мөлшері, мг/л
















Сульфаттар мөлшері, мг/л
















Темір тұздарының мөлшері, мг/л















4.3 Судың тотығуын анықтау



Жұмыстың мақсаты: далалық жағдайда судың тотығуын анықтау әдістемесін меңгеру. Марганец қышқылды калий ертіндісімен титрлеу әдісі бойынша судың тотығуын анықтау әдістемесін меңгеру.

Судың тотығуы оның органикалық заттармен ластануының маңызды санитарлық-гигиеналық көрсеткіші болып табылады. Суда органикалық заттарды тікелей анықтау қиынға түседі, сондықтан олардың мөлшерін судың тотығуы бойынша бағалайды. Судың тотығуы деп судағы органикалық заттардың тотығуы үшін қажетті оттегіге мұқтаждықты түсінеді. Судың тотығуы 1 л судағы заттардың тотығуына шығындалатын оттегі мөлгері көрсеткішімен беріледі. Неғұрылым органикалық заттар көп болса, соғұрылым оттегі көп қажет болады, сәйкесінше, титрлеуге KMnO4 ертіндісі көп қажет. KMnO4 ертіндісінің ыдырауының аяғы оның түссізденіп бітуімен танылады.

Реактивтер: 1) 1 мл қышқыл ортада 0,08 мг оттегіні беретін 0,01 нормальды KMnO4 ертіндісі; 2) 1 мл тотығу үшін 0,08 мг оттегіні қажет ететін 0,01 нормальды қымыздық қышқылының ертіндісі;
3) 25%-ті күкірт қышқылының ертіндісі.

4.3.1 KMnO4. титрін анықтау барысы:

KMnO4 көбінесе химиялық таза препарат болып табылмауына байланысты, оның титрін қымыздық қышқылы бойынша анықтайды. Осы мақсатпен, сыйымдылығы 100 мл болатын конус колбаға таза дистиллденген су құйып, оған пипеткамен 5 мл 25 %-тті күкірт қышқылының ертіндісін және шыны бұрандалы бюреткадан– 8 мл 0, 01 нормальды KMnO4 ертіндісін қосады. Колбадағы сұйықты қайнау мерзімінен бастап тағы да 10 минут қыздырады. Содан кейін колбаға бюреткадан 10 мл қымыздық қышқылының титрленген ертіндісін қосады, сонда колбаның қызғылт түске боялған ішіндегісі түссізденеді. Түссізденген ыстық сұйықтықты KMnO4 ертіндісімен әлсіз сұйық рең пайда болғанша титрлейді.

Титрлеуге дейінгі және одан кейінгі шығындалған KMnO4 ертіндісінің миллилитрмен алынған мөлшері 10 мл 0,01 нормальды қымыздық қышқылының титріне тең және тотыққанда 0,8 мг оттегін бөледі.

4.3.2 Зерттелетін судың тотығуын анықтау барысы:

100 мл зерттелетін су толтырылған колбаға 5 мл күкірт қышқылының ертіндісі мен 8 мл KMnO4 ертіндісін қосады. Сұйықты қыздырып, 10 минут қайнатады. Егер сынамада органикалық заттар көп болса, ол қайнағанда бірден қоңырланып, түссізденуі мүмкін. Қыздыруды тоқтатқанда колбаға 10 мл 0, 01 нормальды қымыздық қышқылының ертіндісін қосып, сұйықты әлсіз қызғылт рең алынғанша KMnO4 ертіндісімен титрлейді.

Соңында титрлеуге дейін және титрлеу үрдісінде колбаға енгізілген KMnO4 барлық мөлшерін есептейді. Алынған саннан 10 мл 0,01 нормальды қымыздық қышқылының ертіндісімен реакцияға түскен KMnO4 мөлшерін есептейді, ал қалдығы бойынша 1 л зерттелетін суда еріген органикалық заттарды тотықтыру үшін қажет болған оттегі мөлшері туралы айтуға болады.

Есептеу мысалы:

10 мл 0,01 нормальды қымыздық қышқылының ертіндісін титрлеу үшін 11,2 мл KMnO4, зерттелетін суды титрлегенде 14,3 мл KMnO4 шығындалды.

Осылайша, 100 мл зерттелетін судағы органикалық заттарды тотықтыру үшін 3,1 (14,3-11,2)мл KMnO4 шығындалды, бұл 1000 мл суға шаққанда 31 мл болады. Органикалық заттарды тотықтыру үшін шығындалған оттегі мөлшерін (х) есептеу үшін пропорция құрамыз:



11,2 – 0,8

  1. х

бұдан х = 2,21 мг оттегі
Органикалық заттардың үлес салмағы туралы шамамен көрініс тотығуға кеткен оттегінің салмақ санын 20 көбейткенде алынады.
33-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу

Су сынамасы

I титр

(дистилл. су)



II титр

(зерттелетін су)



Титрлер айырмасы

Тотығуы мг/л

1












2












3












4












5














4.4 Судың кермектігін анықтау



Жұмыстың мақсаты: судың карбонатты және жалпы кермектігін анықтау әдістемесін меңгеру.

Судың кермектігі ондағы сілтілі металлдар кальций мен магнийдің еріген тұздарының болуына байланысты. Кейбір жағдайда судың кермектігі темір, марганец, алюминийдің шала тотық тұздарының болуымен шартталады.

Судың кермектігінің артуы оның ыдырау барысында топырақтан кальций мен магнийдің кермек тұздарын сілтілеуге жағдай жасайтын көмірқышқылы түзілетін органикалық заттармен ластануына байланысты болуы мүмкін.

Кермектіктің: жалпы, карбонатты, жойылатын және тұрақты түрлері болады.



Жалпы кермектік- кальций мен магний тұздарының бүкіл жиынтығымен шартталған шикі судың кермектігі.

Карбонатты кермектік- кальций мен магнийдің еріген гидрокарбонаттары және карбонаттарымен шартталған шикі судың кермектігі.

Жойылатын кермектік- судың қайнатқан кезде жойылатын кермектігі, кальций мен магнийдің суды қайнатқанда ыдырап, ерімейтін көмірқышқыл тұздарына айналатын қос көмірқышқыл тұздарының болуымен шартталады.

Тұрақты кермектік- судың бір сағаттық қайнатудан кейін хлоридтер, сульфаттар, бірен саран кальций мен магний карбонаттары қалатын кермектігі.

Судың кермектігі 1 литр суда миллиграмм-эквивалентпен көрсетіледі. Кермектіктің бір миллиграмм-эквиваленті 28 мг кальций тотығының (немесе 1 л судағы 20,16 мг магний тотығының) мөлшеріне сәйкес келеді.

Егер есептеуді кальций мен магнийдің мөлшері бойынша ғана жүргізсе, онда 1 мг/экв кермектік 1 л судағы 20,04 мг кальций немесе 12,16 мг магний мөлшеріне сәйкес келеді, мұнда 20,04 пен 12,16 – кальций мен магнийдің атомдық салмағының жартысына тең болатын эквивалентті салмағы.

Судың кермектігін градуспен де беруге болады. Кермектіктің бір градусы 10 мг кальций тотығының мөлшеріне сәйкес келеді. Бұдан 1 л судың 1 мг/экв кермектігі 2,80 тең.

Кермектігі 100 (1 л суда 3,5 мг/экв) дейін болатын су жұмсақ, 10 нан 200 (1 л суда 3,5-7 мг/экв) – орташа кермектік, 20-300 (1 л суда 7-10,5 мг/экв) – кермек және 400 жоғары (1 л суда 14 мг/экв) – өте кермек болып саналады. Ауыз судың жалпы кермектігі 30-400 жоғары болмағаны жөн.

4.4.1 Карбонатты кермектікті анықтау

Әдіс принципі метил қызғылт сарысы индикаторының қатысуымен карбонаттарды тұз қышқылымен титрлеуге негізделген. Әдістің негізінде келесі реакция жатады:

Ca(HCO3)2 + 2HCl = CaCl2 + H2O + 2CO2

Mg(HCO3)2 + 2HCl = MgCl2 + H2O + 2CO2

Титрлеуге кеткен 1 мл 0,1-N тұз қышқылы ертіндісіне 2,8 мг кальций тотығы сәйкес келеді.

Ыдыстар мен реактивтер: 1) 0,1 нормальды тұз қышқылы ертіндісі; 2) 1 %-ды метил қызғылт сарысы ертіндісі; 3) 100 мл бюреткалар; 4) сыйымдылығы 150 мл болатын конус колбалар;


5) пипеткалар.

Анықтау барысы: сыйымдылығы 150 мл болатын конус колбаға өлшегіш пипеткамен 100 мл зерттелетін су құяды, оған 2-3 тамшы метил қызғылт сарысын қосып, 0,1 н тұз қышқылы ертіндісімен қызғылт түске боялғанша титрлейді. Титрлеуді 2-3 рет жүргізіп, орта шамасын есептейді. Есептеуді келесі формула бойынша жүргізеді:


х = (а · 0,1 · 100) / V
мұнда х – карбонатты кермектік, 1 литрге мг/экв; а –титрлеуге кеткен 0,1 н тұз қышқылы ертіндісінің мөлшері, мл; 0,1 – қышқыл титрі; V – зерттелетін судың көлемі.

4.4.2 Жалпы кермектікті анықтау

Әдістің принципі сілтілі қоспаның көмірқышқылды кальций мен магний тотығы гидратын түзіп тұнбаға түсетін судағы кальций мен магнийге әсер етуіне негізделген.

Ыдыстар мен реактивтер: 1) сілтілі қоспа (0,1-н Na2CO3 және 0,1-н NaOH ертіндісінің тең бөліктерінің қоспасы); 2) тұз қышқылының 0,1 нормальды ертіндісі; 3) 1%-ды метил қызғылт сарысы; 4) сыйымдылығы 200 мл болатын өлшеу колбасы; 5) 100 мл бюреткалар; 6) пипеткалар; 7) қыздыратын құрал.

Анықтау барысы: Карбонатты кермектікті анықтағаннан кейін, бұл колбаға бюреткадан 20 мл сілтілі қоспасын қосып, 3 минут қайнатады.

Сұйықтықты суытады, өлшегіш цилиндрге құяды, 200 мл дейін дистиллденген су қосып, сүзеді. 100 мл фильтратты алып, оған 1-2 тамшы индикатор қосады да 0,1 н тұз қышқылының ертіндісімен титрлейді.

Титрлеуге қоспаның жартысы ғана алынғанын ескеріп (100 мл фильтрата), титрлеуге кеткен ертінді миллилитрі санын 2 –ге көбейтіп, сілтілі жер металдарының тұздарымен реакцияға түспеген сілтілі ертіндінің миллилитрі санын көрсететін санды алады. Бұл санды 20 мл сілтілі ертіндіден алып тастап, 2,8 көбейтіп, жалпы кермектікті табады.

Тұрақты кермектік жалпы және карбонатты кермектіктің арасындағы айырманы береді.

Есептеу мысалы: 100 мл фильтратты титрлеуге 6,5 мл 0,1 н тұз қышқылының ертіндісі шығындалды. Жалпы кермектік 6,5 х 2 = 13 мл, 20 – 13 = 7 мл, 7,мл х 2,8 = 19,60 тең болады.

Тұрақты кермектік жалпы және карбонатты кермектіктің айырмасы ретінде 19,6 –7,0 = 12,60 тең.
34-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу

Су сынамасы

Судың кермектігі

Карбонатты

Тұрақты

Жалпы

1










2










3










4










5












4.5 Cуды хлорлау



Жұмыстың мақсаты: хлорлы әктегі белсенді хлордың мөлшерін анықтау; берілген су көлеміне арналған хлорлы әк ертіндісінің қажетті мөлшерін анықтау; хлорланған суды хлорсыздандыруды жүргізу.

Суды тұндыру, коагуляциялау және фильтрациялау арқылы тазартқанда оны әртүрлі микроағзалардан, сонымен қатар патогенді микроағзалардан толық тазарту мүмкін емес.

Сондықтан, санитарлық тұрғыдан қауіп төндіретін ауыз суды қайнату арқылы, ультракүлгін сәулелермен, ультрадыбыспен, гамма сәулелендірумен, озондаумен, күмістеумен және хлорлау арқылы зарарсыздандырады.

Қазіргі кезде көбінесе суды хлорлайды, ол үшін хлорлы әкті және хлорды (хлор суымен) қолданады. Хлорлы әкті әк сүті арқылы газ тәрізді хлорды өткізу арқылы алынады.

Судың ластану дәрежесіне байланысты белсенді хлордың мөлшері, 0,5 тен 25 мг/л және одан жоғары ауытқиды. Белсенді хлордың суға әсер ету уақыты да әртүрлі: 15-20 минуттан 1-2 сағатқа дейін болады және судың хлор қажеттілігіне, микроағзалар болуына және суды зарарсыздандырудың қаурыттығына байланысты.

Хлорлы әктің белсенді бөлігі кальций гипохлориды болып табылады, ол сумен әсерлескенде хлорлылау қышқыл түзіп ыдырайды. Соңғысы бөліну кезінде стерильдеуші әсер көрсететін хлор мен оттегіне ыдырайды.

Ауадағы көмірқышқылдың, ылғалдың, жарық пен жоғары температураның әсерінен хлорлы әк белсенді хлорды жоғалтады да оның дезинфекциялаушы қасиеті күрт төмендейді. Сондықтан суды хлорлау кезінде хлорлы әктегі белсенді хлордың мөлшерін білу қажет.

Жақсы хлорлы әкте 35-32 % белсенді хлор болады. Белсенді хлор 20% төмен болса, хлорлы әк суды зарасыздандыруға қолдану үшін жарамсыз деп саналады.



4.5.1 Хлорлы әктегі белсенді хлордың мөлшерін анықтау

Әдістің принципі: қышқыл қатысуымен ертіндідегі хлордың йодты калийден бос йодтың баламалы мөлшерін ығыстыруына және оны күкірттілеу натриймен (гипосульфитпен) титрлеуге негізделген.

Реактивтер: 1) 1 %-ды хлорлы әк ертіндісі (1 г хлорлы әкті фарфор табақшаға өлшеп салып, оған 5-10 мл дистилденген су құяды да таяқшамен ботқа тәрізді масса түзілгенше езеді де, өлшеу стаканына салып, табақшаны аздаған үлеспен дистилденген сумен шайып, 100 мл көлемге дейін жеткізеді); 2) 25 %-ды күкірт қышқылы ертіндісі; 3) 5 %-ды йодты калий ертіндісі; 4) 1 %-ды крахмал ертіндісі; 5) 0,01-н гипосульфит ертіндісі; 6) титрлеуге арналған колба; 7) бюреткалары бар штатив.

Анықтау барысы: Сыйымдылығы 250 мл болатын колбаға 50 мл дистилденген су құйып, 2 мл 1 %-ды хлорлы әк ертіндісін қосады. Содан кейін 1 мл 25 %-ды күкірт қышқылын, 5 мл 5 %-ды йодты калий ертіндісін және 1 мл 1 %-ды крахмал ертіндісін қосады. Бөлінген йод крахмалмен көк түс береді. Қоспаны 0,01-н гипосульфит ертіндісімен түссізденгенше титрлейді.

Белсенді хлордың пайыздық мөлшерін (х) есептеуді төмендегі формула бойынша есептейді:


х = (а · 0,355 · 10) / 2
мұнда: а – титрлеуге кеткен гипосульфит миллилитрлерінің саны; 2 – зерттеуге арналған әк ертіндісі миллилитрінің саны; 0,355 – 1 мл гипосульфит ертіндісімен байланысқан белсенді хлордың мөлшері, мг; 10 – белсенді хлордың миллиграмдарын берілген шарттарда пайыздық мөлшерге айналдыратын көбейткіш.

Есептеу барысы: 2 мл 1 %-ды хлорлы әкті титрлеуге 16,8 мл 0,01 н гипосульфит ертіндісі шығындалды. Белсенді хлордың мөлшері: х = ( 16,8 · 0,355 · 10) : 2 = 29,8 % тең болады.

4.5.2 Берілген су көлемі үшін қажетті хлорлы әк ертіндісінің санын анықтау

Шаруашылық жағдайларда суды хлорлау үшін хлорлы әктің қажетті санын келесі жеңілдетілген әдіспен анықтайды.

Зерттелген суды колбаларға әрбіреуіне 100 мл-ден құяды. Содан кейін әртүрлі мөлшерде 1 %-ды хлорлы әк ертіндісін: бірінші колбаға – 0,5 мл, екіншіге – 0,6 мл, үшіншіге – 0,7 мл және төртінші колбаға – 0,8 мл құяды. Ертіндіні суға қосқаннан кейін араластырып, хлормен жанасуы үшін 1,5-2 сағатқа қалдырады.

Содан кейін әрбір колбаға 5 тамшыдан 25 %-ды күкірт қышқылын, 5 тамшы 1 %-дық крахмал ертіндісін, 3 тамшы 5 %-дық йодты калий ертіндісін қосып, шыны таяқшалармен араластырады.

Әрбір төрт колбада судың түсі біркелкі болмайды. Белсенді хлор толығымен органикалық заттардың тотығуына жұмсалған колбада су түссіз болады. Артық хлоры бар колбаларда су көк түске боялады.

Суға хлордың қажетте мөлшері қосылған колбада су көгілдір түске боялады. Мысалға: 0,6 мл 1 %-ды хлорлы әк құйылған су сынамасында көгілдір түс пайда болды делік, яғни бір литр құдықтағы суды зарарсыздандыруға 6 мл 1 %-ды хлорлы әк ертіндісі қажет болады деген сөз. Құдықтағы, су қоймасындағы, цистернадағы су мөлшерін біле отырып, хлорлы әк ертіндісінің қажетті санын немесе белсенді хлордың миллиграммдарын есептеу оңай болады.



4.5.3 Суды дехлорлау

Суды хлордың жоғары мөлшерімен зарарсыздандыру міндетті түрде дехлорлауды қажет етеді. Суды гипосульфитпен хлорсыздандырудан кейінгі қалдық хлордың мөлшері 0,3-0,5 мг/л болатындай етіп есептеп, дехлорлайды. Хлорланған суда хлордың иісі мен дәмі болмауы керек.



Анықтау барысы: Колбаға хлорланған 0,5 л суды алады да оған 1 мл 5 %-ды йодты калий, 1 мл 1 %-ды крахмал ертіндісін қосады да 0,01-н гипосульфит ертіндісімен көк түс жойылғанша титрлейді.

Гипосульфиттің қажетті мөлшерін есептеу келесі формуламен жүргізіледі:


х= ((а · 2 · 0,355) – 0,5) / 0,355 · 2,48
мұнда: х – 1 л зерттелетін судағы артық (рұқсат етілетін мөлшерден артық) хлор мөлшерін дехлорлауға гипосульфиттің қажетті саны (мг); а – 0,5 л судағы артық хлорды титреуге кеткен гипосульфит ертіндісінің мөлшері, мл; 2,48 – 1 мл 0,01-н ертіндісіндегі гипосульфиттің мөлшері, мг; 0,5 – 1 л судағы белсенді хлордың рұқсат етілетін мөлшері, мг.
35-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу

Су сынамасы

Белсенді хлордың пайыздық мөлшері

Хлорлы әк ертіндісінің қажетті саны

Хлорсызданған артық хлор үшін гипосульфит мөлшері, мг

1










2










3










4










5












4.6 Суды санитарлық-бактериологиялық және гельминтологиялық зерттеу



Жұмыстың мақсаты: Судың микробтық және гельминттық ластануын анықтау әдістерімен; берілген құрамды бөліктерінің ауыз судағы мөлшері бойынша нормативтік талаптармен танысу.

Беткі, тіпті жер асты су көздерінің сулары кәсіпорындардың, елді мекендердің, мал шаруашылығы нысандарының қалдық суларымен ластануы мүмкін. Мұндай жағдайда су жұқпалы аурулардың таралу және адам мен жануарлардың улану факторы болып табылады.

Суды санитарлық-бактериологиялық бағалауда қолда бар стандарттың талаптарын ескереді, онда эпидемиологиялық тұрғыдан судың қауіпсіздігі жанама көрсеткіштермен анықталатыны арнайы көрсетілген. Бұл жалпы бактериялық ластану дәрежесі мен ішек таяқшасы тобының бактериялары мөлшері. Осыдан келе, бактериялардың жалпы мөлшері 1 мл ештеңе қосылмаған суға 100 көп емес, 1 л судағы ішек таяқшасының саны (коли-индекс) үштен көп емес, ал коли-титр 300 мл кем емес болуы қажет.

4.6.1 Микроағзалардың жалпы санын анықтау

Су сынамасын араластырып, себу үшін стерильді пипеткамен судың белгілі бір мөлшерін: таза судан 1 – 0,1 мл, ластанған судан 0,01 – 0,001 мл алады. Мөлшері 1 ден 0,1 мл дейін болатын сұйылтусыз стерильді суды Петри табақшасына қақпағын сәл ашып, себеді. 0,1 мл аз мөлшердегі суды сұйылтылған күйінде енгізеді: пробиркаға 9 мл стерильді су мен 1 мл зерттелетін суды құяды да осы пробиркадан стерильді пипеткамен 1 ден 0,1 мл су алып, табақшаларға себеді. Суды сепкеннен кейін Петри табақшасына 10 мл балқытылған және 45 оС дейін салқындатылған агар қосады. Суды агармен табақшаны еңкейтіп, айналдыра отырып, жылдам араластырады. Петри табақшасын орта қоюланғанша столда қалдырады да, содан кейін термостатқа түбін жоғары қаратып 37 оС 24 сағатқа қалдырады.

Колонияларды санауды лупа мен Вольфгюгель торын қолданып, ауданы 1 см2 12 шаршыда жүргізеді. Саналған колониялардың жалпы санын қарастырылған шаршылар санына (12) бөледі, содан кейін см2 берілген табақша ауданына көбейтеді. Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі: (π · r2 · а) : 12

мұнда: π · r2 – см2 берілген Петри табақшасының ауданы; а –колониялар саны; 12 – есептелген шаршылар саны.

Есептеу мысалы: Петри табақшасына 1 мл зерттелген су себілді. Есептегенде 12 шаршыда 189 колония табылды. Петри табақшасының диаметрі 10 см. 1 мл судағы микроағзалар саны (колониялар):
3,14 · 52 · 180 = 1177 микроағзаны құрайды.

12

4.6.2 Ішек таяқшасы титрін (E. coli) анықтау

Ішек таяқшасы үнемі адам мен жануарларың ішегінде тіршілік етеді. Оның суда болуы, әсіресе суда бірмезгілде аммиак, азотты және азот қышқылдары, хлоридтер, сульфаттар болса немесе тотығуы жоғары болса, бұл ішек таяқшасымен бірге суға басқа, патогенді микроағзалар түсуі мүмкіндігінің көрсеткіші.

Судағы ішек таяқшасын сандық анықтау нәтижелерін коли-титр (ішек таяқшасының титрі) немесе коли-индекс түрінде береді.



Коли-титр ішек таяқшасы табылған зерттелетін судың ең төменгі көлемі. Коли-индекс 1 л судағы ішек таяқшасының санын көрсетеді.

Құралдар мен қоректік орта: термостат, 1 л әлсіз сілтілі ет-пептонды сорпадан, 12,5 г манниттен дайындалған Булир ортасы, 6 мл 1%-ды нейтральрот бояуы ертіндісі.

Ортаны колбалар мен пробиркаларға құяды, олардың ішіне түбін жоғары қаратып, ұсақ пробиркалар (газовкалар) салады.

Анықтау барысы: Сумен қамтамасыз ету көздерінен стерильді ыдысқа алынған зерттелетін суды зертханаға жылдам жеткізеді, онда оны колбалар мен пробиркаларға себеді. Салыстырмалы таза құбыр суын, көркейтілген құдықтардан, артезиан ұңғымаларынан 10, 25, 100 мл көлемінде алынған сынамаларды 1 және 5 мл мөлшерде пробиркаларға себеді.

Ашық сулардан алынған суды болжамды ластануына байланысты пробиркаларға 0,01; 0,1; 0,2; 0,5; 1 мл немесе 0,001; 0,01; 0,1; 1 мл (стерильді суда сұйылту арқылы) мөлшерде себеді. Себілген су мен қоректік ортаның арақатынасы 2 : 1 болуы қажет.

Пробирка немесе колбаны сілку арқылы себілген ортамен салынған ұсақ пробиркалардың (газовкалардың) бүкіл көлемін толтыруға тырысып, суды ортамен жақсылап араластырады.

Себіндіні 45 оС 24 сағатқа термостатқа қалдырады.

Нәтижелерді есептеу: Ішек таяқшасының өсуі мен тіршілігі әсерінен маннит газ түзіп ыдырайды, ол газовкадан жақсы байқалатын көпіршік ретінде көрінеді, соның салдарынан газовка тігінен орналасып, біршама қалқиды.

В. Coli өсуі барысында ортада қышқылдар жиналады, олар ортаның түсін қызылдан сарыға өзгертеді.

Орта түсінің өзгеруі және газ түзілуі бойынша ішек таяқшасы табылған судың ең аз көлемін анықтайды, бұл көлемді коли-титрге санайды, ол табылған су мөлшері неғұрылым аз болса, соғұрылым су ластанған деп саналады.

Коли-индексті ішек таяқшасының титрі бойынша есептейді: 1000 / коли-титр.

4.6.3 Суды гельминт жұмыртқаларына зерттеу

10 - 15 л мөлшеріндегі зерттелетін суды Гольдман воронкасына салынған қағаз сүзгілер арқылы зерттелетін судың әрбір 0,5 – 1,0 л ауыстырып, сүзеді. Фильтрацияны жылдамдату үшін Бунзен колбасындағы ауаны сирету қол насосымен жүргізіледі.

Қағаз фильтрлерді ондағы тұнбасымен қосып, 3-5 минут бойы тұз қышқылы ертіндісімен түссіздендіреді, кептіреді де, бөлшектерге бөліп, микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қарайды.

Жұмыртқалардың түр құрамын паразитологиялық атластардағы сипаттамаларына сәйкес анықтайды.


36-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу

Көрсеткіштер

Су сынамасы

1

2

3

4

Микроағзалар саны













Коли-титр













Коли-индекс













Гельминттер жұмыртқасының болуы















4.7 Қалдық суларды санитарлық бақылау



Жұмыстың мақсаты: Қалдық суларды тазалау сапасымен және зерттеу әдістерімен танысу.

Мал шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындарының қалдық сулары қоршаған ортаның санитарлық жағдайына, адам мен жануарға үлкен қауіп төндіреді. Оларда көптеген микроағзалар, сонымен қатар патогенді микроағзалар жақсы сақталады. Мал шаруашылығы кешендері гидрошаю, гидробалқыту жүйелерін қолданғанда, зарарсыздандыруды, малдәрігері мамандары мен технологтардың зарасыздандыру тиімділігін бақылауын қажет ететін өте көп мөлшерде қалдық сулар өндіреді. Әсіресе мұндай бақылау гидрошаюдың рециркуляциялық жүйелерін пайдаланғанда аса маңызды.

Қалдық сулар келесі көрсеткіштері болса, жеткілікті мөлшерде тазаланған болып есептеледі: қалқымалы заттары – 14-70 мг/л; құрғақ қалдығы– 100 – 4700 мг/л; ХПК (бихроматты әдіспен тотығуы) – 20-150 мг/л; БПК5 (оттегіні биологиялық қажет етуі) – 10-40 мг/л; Аммонийлы азот 6-7 мг/л; рН – 6,5-8,5.

Қалдық судың санитарлық жағдайын және оларды тазалаудың тиімділігін бақылау үшін қалқыған заттарын, құрғақ қалдығын, тотығуын, БПК5 (5 тәулік бойы оттегіні биологиялық тұтыну), рН анықтамаларын қолданады.

Көрсетілген қалдық суларды зерттеу әдістері тазартылмаған ағын суларды санитарлық бағалау үшін және тазалау тиімділігін бағалап, зарарсыздандыру үшін қолданылады.

4.7.1 Қалқымалы заттарды анықтау

Су сынамасын шайқап, стаканға 1 л құйып алады. Суда 50 мг/л көп қалқымалы заттар болғанда 1 л азырақ алуға болады.

Алынған су сынамасын күлсізденген 105 оС тұрақты салмағына дейін кептірілген, 0,0002 г дейінгі дәлдікпен өлшенген қағаз сүзгі арқылы сүзеді. Сүзгіден өткізгеннен кейін сүзгі қағазды шөгіндісімен қайтадан тұрақты салмағына дейін кептіреді де 2 және 1 өлшеу айырмалары бойынша қалқымалы заттардың мөлшерін формула бойынша есептейді:
Х = (1000 (d1 – d2)) / V
мұнда: d1 – фильтрациядан кейінгі сүзгі қағаздың салмағы; d2 – сүзгі қағаздың фильтрацияға дейінгі салмағы; V – сүзілген судың көлемі (1 л).

4.7.2 Құрғақ қалдықты анықтау

Сүзілген суды табақшада буландырады да, қалдығын 105 оС температурада кептіреді. Буландыру үшін қыздырылған және суытылған табақшаға 50 – 250 мл талданатын суды құйып, электрлі плиткаға қояды. Суды құрғағанша буландырып болғаннан кейін табақшаны кептіргіш шкафқа салады. Құрғақ қалдықты формула бойынша есептейді:



Х = ((А – В) 1000) / V , мг/л.
мұнда: А – құрғақ қалдығы бар табақшаның салмағы, мг; В – бос табақшаның салмағы, мг; V – талданатын судың көлемі, мл.

4.7.3 БПК5 анықтау

Судағы органикалық заттардың аэробты биохимиялық ыдырауы барысында белгілі бір уақыт интервалында шығындалған оттегі мөлшері оттегіні биологиялық тұтыну немесе БПК5 деп аталады.

Анықтау су сынамасындағы оттегінің стандартты шарттарда инкубацияға дейін және одан кейінгі мөлшерлерінің айырмасы бойынша жүргізіледі.

Стандартты шарттарға:

1) +20 оС температурада судың ауасыз бес тәуліктік инкубациясы.

2) Сынаманы сұйылтатын сумен оттегі 5 тәуліктен кейін 3 мг/л төмен болатындай етіп сәйкесінше сұйылту.

3) Сынама тәжірибенің алдында 8-9 мг/л концентрацияға дейін оттегімен қанығуы қажет.

Талдауды жүргізу. Мүмкін болатын БПК 6 мг/л жоғары болса, келесі түрде сұйылтады:


37-кесте – БПК5 анықтау

1 л қоспадағы Қалдық су сынамасының көлемі, мл

БПК5 анықтау диапазоны

500

4 – 12

200

10 – 30

100

20 – 50

50

40 – 120

20

100 – 300

10

200 – 600

5

400 – 1200

2

1000 – 3000

1

2000 - 6000

Талдау үшін алынған суды 10 минут аэрациялайды. Содан кейін сыйымдылығы 100 мл болатын 2 оттегілі үйкелген қақпақты құтыға құяды. Суды құтыда ауа қалмайтындай етіп, ернеуіне дейін құяды. Құтының бірінде судағы оттегіні бірден анықтайды. Екіншісін жабық күйінде температурасы 20 оС болатын судың астына 5 тәулікке қалдырады. 5 тәулік өткеннен кейін бұл құтыда да оттегіні анықтайды.

Оттегіні анықтау үшін суы бар құтыға маранец тұзының қаныққан ертіндісі бар пипетканы салады да 1 мл тамызады. Содан кейін дәл осылай 1 мл калий йодидінің сілтілі ертіндісін қосады да, құтыны тығынмен жабады. Мұнда 2 мл сұйықты төгіп тастайды, бұл есептеу барысында ескеріледі. Жабық құтыны бірнеше рет түбімен төңкеріп, қайта орынына келтіріп, араластырады. Құты түбіне тұнба жиналуына мүмкіндік беріп, оған 1 мл концентрлі күкірт қышқылыны қосып, бірден тығында жабады да, құтыны аударып, төңкеріп ішіндегісін әбден араластырады.

Тұнба толығымен еріп болғанда, сұйықты колбаға ауыстырып, бөлінген йодты натрий тиосульфиті ертіндісімен титрлейді, титрлеу соңында 1 мл крахмал қосады. Еріген оттегі мөлшерін формула бойынша есептейді:



О2 = (А · 0,08 · 1000) / (V - 2); мг /л
мұнда: А – титрлеуге кеткен 0,01-н натрий тиосульфиті ертіндісінің көлемі, мл; 0,08 – 1 мл 0,01-н натрий тиосульфиті ертіндісіне балама оттегінің мөлшері; V –анықтау жүргізілген құтының көлемі, мл; 2 – құтыға құйылған күкірт қышқылынан басқа реактивтердің көлемі.
4.7.4 рН анықтау

Ең бір қарапайым әрі жылдам әдіс – әмбебеп индикатор қағазын қолдану. Стаканға 50 – 100 мл зерттелетін қалдық суды құйып алып, оған индикатор қағазының жолағын салады. Үлгі бойынша түсін салыстырып, рН анықтайды.


38-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу

Көрсеткіштер

Қалдық сулардың үлгілері

Қалқыған заттардың мөлшері, мг/л







Құрғақ қалдығының салмағы, мг/л







БПК5, мг/л








Бақылау сұрақтары

1 Топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттері қандай?

2 Топырақтың мал ағзасының күйіне және климатқа әсері қандай?

3 Топырақтың механикалық құрамы мен физикалық қасиетінің зоогигиеналық мәні қандай?

4 Топырақтың жіктелуін атаңыз?

5 Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау әдістерін сипаттаңыз?

6 Топырақтың химиялық құрамы мал ағзасы мен өнім сапасына қалай әсер етеді?

7 «Биогеохимялық провинция» және «энзоотия» түсініктерінің мәні неде?

8 Топырақтың өздігінен тазаруына қандай үрдістер жағда жасайды?

9 «Топырақты санитарлық бағалау» түсінігіне не енеді?

10 Қандай топырақты ластанудан қорғау шаралары мен сауықтыру әдістері бар?

11 Қандай топырақтар мал шаруашылығы құрылыстары мен қайта өңдеу нысандарын салу үшін ең қолайлы болып табылады?

12 Көңді зарарсыздандыруға қойылатын зоогигиеналық талаптар қандай?

13 Биотермиялық шұңқырлардың құрылысына қойылатын зоогигиеналық талаптар қандай?

14 Мал шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсіптеріндегі судың санитарлық-гигиеналық мәні неде?

15 Ауыз судың зоогигиеналық нормативтері қандай?

16 Суды санитарлық-гигиеналық бағалаудың қандай әдістерін білесіздер?

17 Су көздерін санитарлық қорғау қалай жүргізіледі?

18 Судың физикалық қасиеттері қалай анықталады?

19 Судағы кейбір тұздарды анықтау принципін түсіндіріңіз?

20 Суда кейбір тұздардың (сульфаттар, хлоридтер, нитраттар, нитриттер) болуы нені білдіреді?

21 Судағы тұздардың жетіспеуі мен артық болуы мал ағзасына қалай әсер етеді?

22 Су мал шаруашылығы өнімдерінің сапасына қалай әсер етеді?

23 Судың кермектігі дегеніміз не және ол немен шартталған?

24 Кермектіктің қандай түрлерін білесіздер?

25 Судың жалпы және карбонаттық кермектігін анықтау әдісі қандай?

26 Малдар үшін судың кермектігінің зоогигиеналық нормативтері қандай?

27 Судың тотығуы дегеніміз не?

28 Судың тотығу көрсеткішіне қандай факторлар әсер етеді?

29 Әртүрлі су көздерінен алынған судың тотығу нормативтері қандай?

30 Судың қандай биологиялық қасиеттерін білесіздер?

32 Суды тазалау және зарарсыздандырудың негізгі әдістері?

33 Хлорлы әктің зарарсыздандыратын әсерінің механизмі қандай?

34 Судың «хлорға қажеттілігі» және «хлор сіңіргіштігі» түсініктерінің мәні?

35 Суды дехлорлау қалай жүргізіледі?

36 Суғаруды ұйымдастыруға және әртүрлі жастық жыныстық топтағы ауылшаруашылығы малдарын суару тәртібіне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар қандай?



5 Азықты санитарлық-гигиеналық тұрғыдан бағалау


Азық сапасы мен құндылығын бақылау малдәрігері мен зооинженердің міндетіне енеді. Мал мен құсты құнды әрі сапалы азықпен қамтамасыз ету сапасыз азықпен азықтандыру және азықтандырудың тәртібі мен ережелерінің бұзылуы нәтижесінде пайда болатын асқорыту мүшелерінің, орталық жүйке жүйесі мен жүрек қантамыр жүйесінің ауруларының алдын алу үшін негіз болып табылады.



5.1 Қатаң азықтарды зоогигиеналық бағалау



Жұмыстың мақсаты :

1) қатаң азықтардың сапалық бағалау әдістермен танысу.

2) қатаң азықтардың сапасын зертханалық және органолептикалық бағалауды жүргізу.

3) кестелер және гербарийлерді пайдалана отырып, улы және зиянды өсімдіктерді анықтау.



5.1.1 Қатаң азықтың орта сынамасын алу

Шөп пен сабанның орта сынамасын жануарларды азықтандырардан бұрын, 10 күннен кешіктірмей алады. Жаншылмаған шөптің бір реттік сынамасын (әрбір жерден 200-250 г) қолмен немесе сынама алғыш құралмен алады. Салмағы 25 т жаншылмаған шөптің партиясынан 20 бір реттік сынама, әрбір 5 т – 4 бір реттік сынама алады. Жаншылған шөп партиясынан теңнің 3 % сынама алады. Әрбір таңдалып алынған жаншылған шөп теңінен бір реттік сынамалар алады. Ол үшін теңнен сымды немесе жіпті шешеді, содан соң байқап, шөптердің жарылып, қиқымдалмауы үшін және әрбір теңнен бір қабат алады: бірінші теңнің - үстіңгі қабатын, екіншінің – келесі қабатын және т.с.с. Жалпы сынама салмағы жағынан біршама үлкен болуы мүмкін. Мұндай жағдайда шөп немесе сабанның орта сынамасын алу үшін, барлық бір реттік сынамаларды 2х2 м көлеміндегі брезентке орналастырып, біріктіреді, және өсімдіктер сынуын және қиқым түзілуін болдырмай байқап араластырады. Содан соң талдау үшін салмағы 1 кг кем болмайтын үлгі алады, ол үшін кем дегенде 10 әртүрлі жерден брезентте араласқан шөптен 90–100 г болатын шоқтар алады. Мұнда араластыру кезінде пайда болған қиқымды және өсімдіктердің ұсақ бөліктерін де орта сынамаға қосады .

Шөп немесе сабанның орта сынамасын тығыз қағазға өсімдіктерді сындырып алмау үшін орайды, шаруашылықты, ауданды, облысты, егістік және учаске нөмірлерін, шөптердің ботаникалық құрамын, олардың өсіп-өну фазасын, шабу мерзімін, дайындау технологиясы және сақтау тәсілін, мая (қойманың) нөмірлерін, сынама алу мерзімін көрсетіп, этикетка жапсырады. Этикеткада сынамаларды дайындау, сақтау және алынуына жауапты адамдардың қолдары қойылуы тиісті.

5.1.2 Қатаң азықтарды органолептикалық талдау

Шөп пен сабанның біркелкілігін көзбен болжап анықтайды, оның ботаникалық құрамына назар аударады. Астық тұқымдастардың негізгі ерекшеліктері: сабағы - қуыс, түйіндермен жабдықталған, жапырақтары тар, ұзынша, гүлдері масақ немесе сыпртқы түрінде болады. Бұршақты өсімдіктер жуан бұтақталған сабақты, ұсақ қысқа жапырақты болады. Жеуге жарамсыз өсімдіктердің (сарықалуен, қамыс, зығырлық шайқурай, мүктер, қияқөлең, жусан, папоротниктер, қымыздық, қырықбуындар) болуына назар аударады. Улы және зиянды шөптердің болуын анықтау (гербарий бойынша) ерекше маңызға ие.

Ылғалдылықты шөпті немесе сабанды ширатып орау арқылы анықтайды. Құрғақ шөп (ылғалдылығы 15-16 %) ширатып орау кезінде шытырлайды, қолмен оның қаттылығы сезіледі, бүктеп, жазғанда шоқ сынады. 17% ылғалдылықты шөп ширатып орау кезінде ешқандай дыбыс шығармайды және қолға жұмсақ көрінеді. Оны ары қарай ширатып орау оның жарылуына соқпайды. Ылғалдылығы 20 % дейінгі шөп ширатып орау кезінде дыбыс шығармайды және сонымен қатар ұстағанда салқын болып сеізледі. Мұндай шөп дымқылға жатады. 20 % көбірек ылғал болған кезде ол ширатылған шоқ бетінде көрінеді.

Сабан ылғал мөлшері 14 % көп емес болғанда құрғақ деп есептеледі. Орташа құрғақ сабанда ылғал 14 тен 15 % дейін болады. Ылғалдылығы 16 дан 20 % сабан дымқыл деп саналады. 20 % жоғары ылғалды сабан дым болып табылады.



Шөптің түсі жинау мен сақтаудың дұрыстығын көрсетеді. Дұрыс жиналған шөптің түсі әдетте әртүрлі реңді жасыл болады: астық тұқымдастарда – сұр реңді, бидайықты, селеулі – көкшіл-сары, жоңышқалы – жарқын түсті, жасыл. Қышқыл астық тұқымдастардан (қияқөлең) тұратын шөптің түсі қою жасыл болады. Шөпті дер кезінде жинамағанда, кептірмегенде және дұрыс сақтамағанда оның түсі мен қоректік құндылығы жоғалады. Шөптің ақ түсі шабылған шөптің шөмеледе күнде ұзақ жатып қалғандығын көрсетеді. Мұндай шөпте көптеген қоректік заттар (әсіресе дәрумендер) жойылады. Ашық-сары түс жинау кезінде жаңбырдың астында қалып қойған шөпке тән. Жарқын-сары түс су тиген шөпте маяда сақтағанда болады. Оның әдетте борсыған иісі болады. Күңгірт -сары, қоңыр, күңгірт түс бұзыла бастаған, шіріген шөпте болады. Әдетте маялардың үстіңгі қабатында кездеседі.

Сабанның түсі өсімдік түріне, жинау және сақтау шарттарына байланысты. Сапалы бидай, қара бидай, арпа және сұлы сабаны ашық –сары түсті қоңыр түсті түйіндерімен; тары сабаны жасылдан күңгірт-жасыл түске дейін боялған күңгірт-қоңыр түсті түйіндерімен болады. Сапалы сабанның өзіне тән жылтыры болады.



Иісі. Құрғақ жаңадан жиналған шөптің арнайы, өзіне тән хош иісі болады. Кейде шөп иісі онда хош иісті шөптердің: хош иісті сиыржоңышқа, түйежоңышқа, жусан қоспасы болуы байланысты. Сазды шөпте иіс болмайды. Шөпті ұзақ сақтағанда, жаңбыр астында жатып қалғанда, тамырымен артық тұрып қалғанда иісі жоғалады. Шөптің иісі сақтау шарттарының бұзылуы кезінде өзгереді. Дымқыл шөп сақтау барысында қызады да, пісірілген нан иісіне ие болады, бұдан кейін көгереді және өңез иісі шығады. Шіріп кеткен шөп топырақты шірік иісті болады.

Иісін дәл анықтау үшін зерттелетін шөптің аздаған үлесін (20 г) ұсақтап турап, стаканға салады да ыстық (600) су құяды. Стаканды шынымен жауып, 2-3 минутқа қалдырады. Кейіннен иісін анықтайды.

Әрбір түрдің сапалы шөбі көгерген, борсыған иіссіз, химиялық қосылыстарсыз өзгеше иісімен ерекшеленеді.

5.1.3 Қатты азықтарды зертханалық талдау

Жеуге жарамсыз қоспасын анықтау. Шөптің жеуге жарамсыз бөлігіне қатты өсімдіктер, бүлінген шөп, шөп-шалаң қоспалары – арамшөптердің тұқымдары, құм, шаң жатады. Шөп-шалаң қоспасын анықтау үшін шөп үлгісін өсімдіктерді сындырмай, 1 г дәлдікпен абаайлап өлшейді. Өлшенген үлгіні тығыз қағазға қағады. Өсімдіктердің 2-3 см болатын кішкентай бөлшектерін қолмен таңдап, жеуге жарайтын бөлімге қосады. Қалғанын диаметрі 3 мм дөңгелек тесікті елеуішпен қағазға елейді.

Елеуіштен өткен сазды бөлшектерден, құмнан және ұсақталған өсімдік бөлшектерінен құрылған шөп-шалаң қоспасын 0,1 г дейінгі дәлдікпен техникалық таразыда өлшейді және осы қоспаны анықтауға алынған үлгі салмағына % көрсетеді.

Қоспасы 3 % жоғары болса, шөп классыз деп есептеледі, шөп-шалаң қоспасы 1-3 % болған кезде класс шөп классты, ал 10 % көбірек мөлшерде болса шөп жеуге жарамсыз деп танылып, бракка шығарылады.

Шөпті ботаникалық талдау. Шөп шалаңнан арылтқаннан кейінгі қалған үлгінің 100 – 300 г мөлшеріндегі (шөптің ірілігіне байланысты) бөлігін келесі топтарға ажыратады: 1) астық тұқымдас өсімдіктер; 2) бұршақты өсімдіктер; 3) басқа да жеуге жарамды шөптер; жеуге жарамсыз шөптер; улы және зиянды өсімдіктер (қосымша 11).

Өсімдіктердің әрбір тобын жеке өлшеп, үлес салмағына % көрсетеді. Шөптің ботаникалық құрамын біле отырып, оның типін, тип тармағы мен классын анықтауға болады.

Барлық типтер мен класстар шөптерінде улы және зиянды шөптер 1%, мұнда улы шөптердің жеке шоқтары 200 г, ал зиянды өсімдіктер 500 г аспауы қажет.

Сабанның ластығын анықтау. Сабандағы арамшөп және улы шөптерді анықтау үшін 100-300 г сабан сынамасын топтарға – таза сабан, арамшөптер, қатты және жеуге жарамсыз шөптер, зиянды және улы шөптер деп бөледі. Әрбір фракция 0,1 г дәлдікпен өлшенеді және жалпы салмағына % көрсетіледі. Сабанда зиянды және улы шөптердің мөлшері 1 % көбірек немесе шоқтық улы шөптердің салмағы 0,2 кг жоғары болса, сабан азықтандыруға жарамсыз деп танылады. Сонымен қатар, 10 % көбі шірік, көгерген, мұз қатқан қоспасы бар сабан сапасыз деп есептеледі.

Шөп пен сабанның шаңдылығын анықтау. Сапалы шөпті және сабанды қағу кезінде шаң әзер көрінетін болады. Шаңның болуы мен мөлшерін су сығындысы бойынша анықтауға болады. Ол үшін стаканға 100 мл дистиллденген құяды да, ұсақ туралған 10 г шөп немесе сабан салып, стаканды сәл шайқайды. Лайланудың байқалуы және оның дәрежесі шаңның бары және оның сандық мөлшері туралы білдіреді.

Тұздар мөлшерін анықтау. Шөптің жақсы сақталуы және желінуі үшін кейбір шаруашылықтарда маялағанда шөпке тұз себеді. Оның шөпте болуы азотқышқылды күміспен сынама жасалып анықталады. 10 г ұсақталған шөпті колбаға орналастырады да, хлоридтері жоқ 50-100 мл дистиллденген су құяды және 2 минут шайқайды. Осыдан кейін сығындыны тұндырып, сүзеді. Азотқышқылды күміс ерітіндісінің 5-6 тамшысын 10 мл фильтратқа қосады. Хлорлы күмістің ақ тұнбасы байқалуы шөпте тұз барын көрсетеді.
39-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу


Азық үлгісі

Біркелкілігі

Ылғалдылығы, %

Иісі

Түсі

Ұсағы,

%


Құм,

%


Қатты бөліктері, %

Улы өсімдіктер, %












































































































40-кесте – Улы және зиянды өсімдіктер



№ р/с

Улы және зиянды өсімдіктер


Өсу шарты

Уланудың негізгі клиникасы

1










2










3










4










5










6










7










8










9










10












5.2 Шырынды азықтарды зоогигиеналық бағалау



Жұмыстың мақсаты: Шырынды азықтардың сапалылығын бағалау әдістерімен танысу; Сүрлем мен тамыржемістердің сапасын органолептикалық және зертханалық бағалауын жүргізу.

5.2.1 Сүрлем мен пішендеменің орта сынамасын алу

Сүрлем мен пішендеме сынамасын біртекті шикізатпен толтырылған сақтау орынынан (траншеялар, шұңқырлар, мұнаралар) алады. Егер сүрлем немесе пішендеме біртекті емес өсімдіктерден дайындалса, онда орта сынамасын траншеяның ¼ көлемін алып жатқан шикізаттың әрбір түрі үшін құрастырады.

Талдау үшін сынаманы траншеядан жануарларды азықтандыруға 10 күн, мұнарадан – 5 күннен кешіктірмей, бірақ сүрлем (пішендеме) сақтауға қойылуынан және консервілену үрдісінің аяқталуынан 4 аптадан ерте емес алады.

Траншея мен мұнаралардан сынама алу үшін әртүрлі конструкциялы қол сынама алғыштарын қолданады.

Траншеялардан сынаманы 2 м кем емес тереңдікте сүрлем немесе пішендеменің қабаты 2 ден кем болған жағдайда сынаманы қабаттың бүкіл тереңдігінен алады. Мұнарадан сынаманы алдымен жоғарғы 2-метрлік қабатынан, ал ойып алғаннан кейін– пішендеменің қалған бөлігінен 2 м кем емес тереңдікте алады.

Траншеялардан үш нүктелі сынама алады, біріншісін құрылыстың беткі қабырғаларынан 5 м ара қашықтықта еңкейген бөлімінің біреуінен ортасынан алады; екіншісін– тік қабырғалы траншеялардан 0,5 м қашықтықта, ал еңкейген қабырғалы траншеяларда қабырғаларының бірінен 1 м қашықтықта ортаңғы бөлігінде траншеяның ұзындығымен; үшіншіні траншея ортасынан алады. Сүрлемнің (сенаждың) әрбір нүктелі сынамасын полиэтилендық пленкадан жасалған бөлек пакеттерге орналастырады.

Траншеялардан алынған сүрлем мен пішендеме сынамаларын араластырады да квадратты бөлу әдісімен азықтың бір бөлігін талдауға алады (1 кг шамасында).

Тығыз полиэтилендық пленкалы пакетке немесе герметикалық жабылатын қақпақты банкілерге орналастырылған сүрлем (сенаж) сынамасына 1:1. арақатынаста 5 мл хлороформ мен толуол қоспасын қосады. Консервантты сынаманың үстіңгі жағынан, ортасына және түбіне енгізеді. Сынамасы бар пакетті ауасын алдын ала ығыстырып байлайды, банкілер азықпен толық толтырылған болуға тиісті.

Сүрлем (сенаж) сынамасы зерттеуге алынған сәтінен кейін 24 сағат ішінде түсуге тиісті. Талдау басына дейін сынамаларды мұздатқышта сақтайды.

5.2.2 Тамыржемістердің орта сынамасын алу

Тамыржемістердің құрамы және сапасы тамырдың мөлшеріне тәуелді болады. Сондықтан талдауға арналған орта сынамаға партиядан ірі, орташа және ұсақ тамырларды пропорционалды алады, мұнда алдымен тамыр жемістердің әрбір партиясынан бастапқы үлгі алады.

Қызылшаны үйінді асытнда сақтағанда үлгі ретінде әртүрлі қабаттардан (жоғарғы, ортаңғы, төменгі) тамырлардың шамамен келесі өлшемін: 200 кг – 10 кг, 201 ден 500 кг – 20 кг, 501 ден 1000 кг – 30 кг және партиядан 1001 ден 5000 кг – 60 кг алу керек. Орта сынаманың салмағы бастапқы үлгі салмағынан 10% кем болмауы тиіс.

Көлемі әртүрлі тамырлардың сапасын зерттеу үшін ашылған бурттардың әр түрлі жерлерінен қатарынан 100–150 тамыр алады. Оларды топырақтан тазалайды және ірі, орта және ұсақтарға сорттайды. Әрбір топтың тамырларын өлшеп, олардың арақатынасын анықтайды. Бастапқы үлгіні 10–12 есеге, бірақ орта сынамадағы ірі, ұсақ және орта тамырлардың арақатынасы бұрынғыдай қалатындай етіп азайту қажет. Зерттеуге 6 – 8 кг тамыр алады.

Зерттеуге дейін тамыр жемістердің дымқылдығын төмендетпеу үшін, оларды полиэтилен пакеттерге салады, немесе жәшікке орау кезінде олардың айналасын дымқыл мүкпен немесе ағаш үгіндісімен қымтайды.

Картоптың орта сынамасын алу кезінде суырмалар саны оның жалпы санына тәуелді болады. Картоп партиясының кез келген көлікпен түсуі кезінде орта сынаманы әрбір транспорттық бірліктен алады. Бөлек суырмаларды үйіндінің ені, ұзындығы және биіктігі бойына әр түрлі жерінен және қабатынан (жоғарғы, ортаңғы, төменгі) әр түрлі аралықта алады.

Картоп ақтара тиеп сақтау кезінде, сонымен қатар қамбаларда, бурттарда, траншеяларда жеке суырманы ағаш немесе дөңгелекті күректермен алады. Әрбір суырма – 3 кг кем емес, ал салмағы 60 кг және жоғарырақ картоп партиясынан –10 кг кем емес.

Партияның әр түрлі жерінен алынған картоптың жеке суырмаларын арластырады да, орта сынаманы алады. Егер соңғысы өте үлкен болса, онда мұқият араластырудан кейін зерттеу үшін 4–5 кг салмақты үлгі алады.



5,2,3 Сүрлем сапасын органолептикалық бағалау

Сапалы сүрлемнің түсі сарғыш - жасыл немесе ашық - қоңыр түсті. Салқын тәсілмен даярланған жеткілікті дымқыл сүрлемнің түсі жасылдау болады. Ыстық сүрлегенде азық қоңыр түске ие болады. Бүлінген сүрлемге күңгірт - қоңыр түс тән.

Сапалы сүрлемнің иісі жағымды, сәл қышқыл, хош иісті суланған алманың иісін, нәрсудың (компот), квастың, тұздалған қияр иісін еске түсіреді. Сірке қышқылы көп жиналғанда иісі өткір, қышқыл. Жағымсыз көң иісі май қышқылының жоғары мөлшерін білдіреді. Сонымен қатар оны егер сүрлем сынамасын саусақ арасында ұнтақтаса, (жағымсыз иіс ұзақ сақталады) сезуге болады. Сүрлемде май қышқылының анықталуын төмен сапаның көрсеткіші деп қарайды. Зең саңырауқұлақтары борсыған иісті береді. Мұндай сүрлеммен малды азықтандыруға болмайды.

Сапалы сүрлемнің консистенциясы мен құрылымы бастапқы шикізаттағы сияқты сақталуы керек. Сүрлем шырышты, мыжылған болмауы керек. Жапырақтары, сабағы серпімді, бір бірінен жеңіл бөлінеді. Жапырақтардың, сабақтардың шамадан тыс жұмсаруы, оларда шырышты, езілген қабаттың болуы – ашу үрдістерінің дұрыс өтпеуінің белгісі.



5.4.4 Сүрлемді зертханалық талдау

Шіруге сынау. Сүрлемнің шіруін онда аммиактың болуы көрсетеді. Бос аммиакты анықтау үшін кең шыны түтікке бір бөлік тұз қышқылдың (үлес салмағы 1,19), үш бөлік 960 спирт және бір бөлік эфирден тұратын 1-2 мл реактив құяды. Бұл реактивті көп рет қолдануға болады. Шыны түтікті төменгі жағы иілген сым жүргізілген тығынмен жабады. Бұл соңына кішкентай кесек сүрлем азығын бекітеді де шыны түтікке құйылған реактив бетінен 2 см ара қашықтықта болатындай етіп түсіреді. Бос аммиак болса, кесек жанында хлорлы аммонийдың шағын бұлты немесе одан ақшыл тұман түзіледі.

Сүрлемнің ластануын анықтау. Егер сүрлем мал экскременттерімен ластануға даярлау кезінде, дәл осылай сүрлем құрылысында да душар болса, онда бос аммиактан басқа хлоридтер және күкірт қышқылының тұздары табылады. Хлоридтерді анықтау үшін 10 мл фильтратты (даярлауды төменнен қараңыз) бірнеше тамшы азоттық қышқылымен қышқылдандырып, азотқышқылды күміс ерітіндісінің 10 тамшысын қосады. Хлоридтердің болуын ақ ірімшікті тұнба көрінуінен біледі. Күкірт қышқылының тұздары мөлшеріне зерттеу кезінде 10 мл фильтратты 5 тамшы 1:3 сұйылтылған тұз қышқылымен қышқылдандырып, 10 тамшы 10% хлорлы барий ерітіндісін қосады. Ақ лайдың пайда болуы сульфаттардың болуын көрсетеді.

Фильтрат даярлау: 100 г ұсақтап туралған сүрлемді өлшемді литрлік колбаға орналастырады, 3/4 көлемге дистиллденген су қосып, мұқият шайқайды, белгіге дейін суды үстеп құяды. Колбаны 4 сағатқа 20-250 температурада қалдырады да, оқтын-оқтын сілкіп отырады.



Жалпы қышқылдықты анықтау. 100 мл фильтратты (даярлануын жоғарыдан қараңыз) колбаға орналастырады да оған 5 тамшы 1%- фенолфталеиннің спирттік ерітіндісін қосады. 1 н күйдіргіш натрий немесе калий ерітіндісімен титрлейді. Сүрлемнің қышқылдығын градуспен көрсетеді, градус деп 100 г сүрленген азықтың су экстрактісін бейтараптауға қолданылған 1 мл сілтінің қалыпты ертіндісін есептейді.

5.4.5 Тамыржемістер сапасын бағалау

Органолептикалық бағалау. Тамыржемістерді органолептикалық бағалауда оның түсіне, сорттылығына, ірілігіне, тазалығына, жиырылуына, механикалық зақымдар және бұзылу белгілерінің (өніп кету, үсу, көгеру, шіру және т. б.) болуына назар аударады.

Зертханалық талдау. Зертханалық бағалауда картопта соланинді және піскен қызылшада нитриттерді анықтау маңызды болады.

Соланин картоптың өнген және жарыққа көгерген түйнектерінде жиналатын улы зат. Оны анықтау үшін түйнектен қалыңдығы төбесінен түйнек жартысына дейін, көлденең және көзшелерінің жанынан 1 мм болатын бірнеше пластинка кесіп алады. Картоп пластинкаларын Петри табақшасының қақпағына қояды да, алдымен 80-90 %- ды сірке қышқылын содан соң, концентрлі күкірт қышқылын, бірнеше тамшы 5 %- ды сутегі асқын тотығын тамшылатып қосады. Соланин болса, қызылға боялады, соланин мөлшерін оның қоюлығынан байқауға болады.

5.4.6 Қызылшадағы нитриттерді анықтау. Қызылшаның жас тілігінің бетіне бірнеше кристалл дифениламинді салып, оларды шыны таяқша арқылы бірнеше тамшы концентрлі күкірт қышқылымен ылғалдайды. Тілік бетінің қою көк түске боялуы нитриттердің көп мөлшерін, ал қызғылт түс – олардың аздаған мөлшерін, ал боялмауы –нитриттердің өте аздаған мөлшері барлығын көрсетеді.
41-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу

Көрсеткіштер

Азықтар

Сүрлем

Пішендеме

Қызылша

Картоп

Қойыртпақ

Қыспақ

Түсі



















Иісі



















Құрылымы



















Ластануы



















Шіруге сынама







Х

Х

Х

Х

Қышқылдылығы







Х

Х







Соланин мөлшері

Х

Х

Х




Х

Х

Нитриттер мөлшері


Х

Х




Х

Х

Х



5.3 Дәнді азықтарды зоогигиеналық бағалау



Жұмыстың мақсаты: Әртүрлі дәнді азықтардың сапасын зертханалық талдау және органолептикалық бағалауды жүргізу.

5.3.1 Дәнді азықтардың орта сынамасын алу

Дәндерді қоймаларда үйіндімен сақтау кезінде одан суырма алу үшін вагондық қуыс бұрғыны қолданады. Бір жолғы сынама алар алдында қоймадағы дәндердің бүкіл бетін әрбіреуі 100 м² ауданды секцияларға бөледі. Дәндерді суырып алуды әрбір секцияның 5 нүктесінде (ортада және бұрыштағы 4 нүктеден) келесі секцияның шекарасынан 1 м қалдырып алады. Әрбір 5 нүктеде бір жолғы сынаманы жоғарғы (10 – 15 см тереңдікте), ортаңғы және төменгі қабаттардан алады. Әрбір секциядан алынған дәннің жалпы салмағы 2 кг құрауы тиісті.

Автокөліктерден дән сынамаларын қуыс бұрғымен кузовтың төрт нүктесінде (беттен және төменгі қабаттардан немесе бүкіл үйінді тереңдігінде) алады. Суырмалардың жалпы салмағы 1 кг кем болмауы тиісті.

Қаптарға салынған дән суырмаларын қуыс бұрғымен үш жерден алады: үстінен, ортасынан және төменнен. Сынама алынатын қаптардың саны партияның мөлшерден тәуелді болады: 10 қапқа дейін – әрбірдің екіншіден; 10 нан 100 қапқа дейін – 5 қап + партиядағы қаптардың санының 5 %; 100 қаптан жоғары – 10 қап +партиядағы қаптардың санының 5 % алады.

Әрбір партиядан алынған дәндердің сынамасын қарайды және салыстырады. Егер дән біркелкі болса, онда барлық суырмалардан оны таза ыдысқа себеді. Бұл бастапқы үлгіні құрайды. Бастапқы үлгінің үлкен салмағында бүкіл дәнді тегіс бетті үстелге шашады, оны шаршы түрінде орналастырады және үш қайтара арластырады. Араластырудан кейін бастапқы үлгіні тегіс қабат етіп шаршы түрінде қайтадан орналастырады және қиғаш сызық бойымен төрт үшбұрышқа бөледі. Екі қарама-қарсы тұрған үшбұрыштан дәнді лақтырып тастайды, ал екі қалған үшбұрышты қайтадан араластырады және тағы үшбұрыштарға бөледі. Осылайша шамамен 2 кг дән қалғанша істейді де орта сынаманы құрастырады.

5.3.2 Дәнді органолептикалық бағалау

Дәннің түсін күңгірт қағазда шашыраңқы жарықта жарық күн сәулесінен алыста күндіз анықтайды.

Қалыпты сапалы дәннің түсі түрі мен сортына байланысты ашық - сары, сары немесе күңгірт - сарыға боялады және өзіне тән жарқылы болады. Суланған дән күңгірт бетті сұрлау немесе қоңыр түске ие болады. Сұлы қабыршақтарының жасыл түсі оның піспегенін көрсетеді.

Иісін дәндердің аздаған мөлшерін алақанға салып, деммен жылыта отырып анықтайды. Иісті дәнді 600 температуралы суы бар стаканға салып, шыны астында 2-3 минут ұстап, содан соң суды төгіп тастап анықтауға болады. Сапалы дәннің өзіне тән иісі болады. Дәнде ұзақ сақтау кезінде шіру бактериялары дамиды да, оған қамбалық иіс береді. Егер дән аз зақымдалса, оны сапалылығы төмендемейді, ал иісі желдетумен жойылады, егер дән терең зақымдалса, дән кетпейтін борсыған және шіріген иіске ие болады. Дәнде қаракүйе споралары болса, тұздалған балық иісі байқалады (триметиламин), дәндерді тышқан араласа– тышқан иісі пайда болады. Дәндерді қамба кенелері зақымдаса, ол «балды» иіске ие болады. Дән кез келген иістерді жеңіл қабылдау қасиетіне ие, сондықтан оны бөлек, өткір иісті заттардан (химреактивтер, жанар жағар материалдардан, дәрі-дәрмектерден) алыста сақтау керек.

Дәннің балғындығы. Балғын дәнде әрбір түрге тән қабыршақтардың жарқылы болады. Күңгірттігі, боялуының теңбілдігі, ұш жақтарының қарауытуы нашар жинауды, сақтауды және көгеру дамуын көрсетеді. Қабығының күңгірттенуі дәннің зиянды жәндіктермен зақымдалуында байқалады.

Дәннің дәмін әбден шайнап анықтайды. Балғын дәннің сүтті - тәттілеу дәмі болады және ауызда жабысады. Ұзақ сақталынған, сақтау кезінде бүлінген және бізтұмсықпен зақымдалған дән ащылау дәмге ие болады. Өткір, улы және шіріген дәмді дән малдарға беруге жарамсыз.

Ылғалдылық. Дәннің бүлінуі көбінесе оның жоғары ылғалдылығынан болады. Дымқыл дәнде органикалық заттардың ыдырау үрдістері жылдам жүреді, әртүрлі микроағзалар мен зең саңырауқұлақары жеңіл әрі қарқынды дамиды.

Дәннің шамалы ылғалдылығын дәнді қақ ортасынан кесу арқылы анықтайды. Құрғақ дәндердің жартылары ыршып түседі, ал қысқанда– жарылады (ылғалдылық 15 %). Дымқыл дән (20 %) пышақпен еркін кесіледі. 20 % жоғары ылғалдылықты дән кесу кезінде мыжылады.



5.3.3 Дәнді зертханалық талдау

Дәннің қабыршақтығы дәнінің толықтығын сипаттайды. Орта сынамадан 100 дәнді алады да суы бар стаканға орналастырады. Толық салмақты дәндер стакан түбіне шөгеді, пісіп жетілмеген, әлжуаз дәндер және олардың қабықтары (қабыршақтары) су бетінде қалады. Дәндердің қоректік құндылығы оның қабыршақтануының дәрежесіне тәуелді болады.



Абсолютті салмақ. Дәннің шағын сынамасын шыныға жіңішке қабатпен шаршы түрінде салып, қиғаш сызықпен төрт үшбұрышқа бөледі. Әрбір үшбұрыштан 250 дәнді санап алады (250 х 4=1000), өлшейді. Ең жақсы сапалы сұлының абсолютті салмағы –33 г , орташада –28-32 г , ең төменгі –25-23 г. Арпаныкі сәйкесінше –44 г, 38 г, 23-26 г болады.

Дәндердің натурасы дәннің 1- ші литрінің салмағымен анықталады. Ол дәндердің сапасын сипаттайды, натураның жоғарылауымен дәннің құндылығы артады. Алдын ала өлшенген өлшеу стаканына белгіге дейін 1000 мл дән салып, өлшейді.

Дәндердің қоқымдылығы. Дәнді азықтарға олардың қоректік құндылығын төмендететін, денсаулық үшін қауіпті болатын және сақтау кезінде бұзылуға ұшырататыын қоспалар жиі түседі. Арамшөпті (1-3 %), зиянды (2 %) дәнді (2-3 %) қоспаларды ажыратады. Арамшөпті қоспаға: сабан, ұнтақ, минералды қоспалар жатады. Зиянды қоспаға – улы өсімдіктердің: қастауыштың, қара күйенің тұқымдары, көгерген дәндер жатады. Дәнді қоспаларға басқа өсімдіктердің бүтін дәндері және негізгі өсімдіктің зақымдалған дәндері жатады.

Дәннің қоқымдылығы үлеске қатынасындағы пайызбен беріледі. Бұл үшін 100 г дәнді елеуіштер жинағы арқылы елейді, содан соң фракцияларды айырып, өлшейді. Қоспаның әрбір түрінің салмағы оның мөлшерінің пайызы болады.



Металл қоспалар дәнге жинау, сақтау, тасымалдау кезінде түседі және азықтармен жегенде малдарды ауруларға шалдықтырады. Темір қоспаларын бөліп алу үшін 1 кг дәнді 0,5 см көп емес қалыңдықтағы қабатпен тегіс үстелге жаяды. Таға тәрізді магнитпен дәннің үстінде ұзына бойымен, көлденең және қиғаш жүргізеді. Магнитке жабысқан темір бөлшектерін қағазға сыпырып түсіріп, өлшейді және пайызды мөлшерін анықтайды.

Дәндердің қышқылдығы. Дәндердің бүлінуі бос қышқылдардың бөлінуімен жүретіндігі анықталған. Дән неғұрылым көбірек бүлінсе, соғұрылым онда бос қышқылдардың үлкен мөлшері болады. Дәндердің қышқылдығы титрлеумен анықталады және градуспен беріледі. Қышқылдығы бойынша ыдырау дәрежесін, демек сапалылығын да бағалайды.

Қышқылдығы 3,5 - 4,5о болатын –бұзылу үрдісі басталды; 6,5о – дәнді сақтауға қауіпті; 7,5о – сақтауға шыдамайтын дән; 9,5о– дән мүлде бүлінген, азықтандыруға болмайды.

Қышқылдылықты анықтау үшін 5 г үгітілген дәнді сыйымдылығы 200 мл болатын колбаға салады. Содан кейін оған 40 мл дистиллденген су құйып, 2-3 минут бойы түзілген кесектерді шыны таяқшамен араластырып шайқайды. Алынған қоспаға 5 тамшы 1 %-ды фенолфталеин ертіндісін қосып, 0,1-н КОН немесе NaOH ертіндісімен 2 минут бойы жойылмайтын ашық қызғылт түс пайда болғанша титрлейді.

Сілтінің шығындалған мөлшерін (мл) 20-ға көбейтіп, 10-ға бөледі де, қышқылдық градусын алады.



Дәннің қамба зиянкестерімен зақымдалу дәрежесін анықтау.

Қамба бізтұмсығы. Бізтұмсықпен зақымдалған дәннің қоректік құндылығы төмен және мал ауруларын туғызады. Бізтұмсықты табу үшін 1 кг дәнді саңылау диаметрі 2,5 мм болатын електен өткізеді. Електен өткен бөлігін 10-15 минут қыздырады да қолмен тірі бізтұмсықтарды тереді. 1 кг дәнде 1-5 бізтұмсық табылса 1 дәрежелі, 6-10 бізтұмсық – 2 дәрежелі, 10 бізтұмсық – 3 дәрежелі зақымдалу деп есептейді.



Кенемен зақымдалуды алдын ала өлшенген сынамада (1 кг) анықтайды, оны диаметрі 1,5 мм болатын дөңгелек саңылаулы елек арқылы елейді. Елеуді үш қайтара жүргізеді. Електен өткен қалдықтарды 15 минут 20-300 температурада қыздырады, жұқа қабатпен шыныға немесе қара қағазға жаяды оны лупа астында 5-10 есе ұлғайтып қарайды. Кенелерді есептегенде зақымдалу дәрежесін анықтайды: 1 кг 20 кене– 1 дәреже, 20 кенеден астам – 2 дәреже, тұтас кене қабаты – зақымдалудың 3 дәрежесі.
42-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу

Көрсеткіштер

Дән түрлері













1

2

3

4

5

Түсі













Иісі













Балғындығы













Дәмі













Ылғалдылығы













Қабыршақтығы













Абсолютті салмағы













Натурасы













Қышқылдылығы













Қоқымдануы:













Дән қоспасы













42 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

Топырақ қоспасы













Металл қоспасы













Қамба зиянкестерімен зақымдалуы














5.4 Ұнды азықтарды зоогигиеналық бағалау



Жұмыстың мақсаты: ұнды азықтардың сапасын органолептикалық бағалау және зертханалық талдау.

5.4.1 Ұнды азықтардың орта сынамасын алу

Cуырмаларды алу және ұнды азықтардың орта сынамасын құрастыру (құрама жем, кебек, ұн) дәндегі сияқты жүргізіледі.



5.4.2 Ұнды азықтардың сапасын органолептикалық бағалау

Талдауға алынған ұн мен кебектің түсін сол сорттың алдын ала жақсы екендігі белгілі ұн және кебектің түсімен салыстырған дұрыс. Бидай ұнының түсі – ақ, сұрлау реңді, қара бидай ұны – ашық - сұр, арпа ұны – сарғыш - сұр, кебек – сұр, қоңыр немесе жасылдау реңді болады. Тұрып қалған ұн мен кебектің түсі күңгірттеу болады. Ұн шаңы ондағы топырақты бөлшектердің мөлшеріне байланысты ақ, сұр немесе күңгірт түсті болуы мүмкін.



Иісі. Иісін анықтау үшін ұнды немесе кебекті алақанға салып, деммен жылытады. Сынаманы стаканға салып, ыстық су құйып, стаканды шынымен жабады да, 2-3 минутқа қалдырады. Содан кейін иісін анықтайды. Сапалы ұнда нан иісі, кебекте де сонымен қатар – жағымды ерекше иіс болады. Суланған немесе дымқыл жерде сақталынған ұн немесе кебек борсыған, желдету кезінде кетпейтін иіске ие болады. Мұнда ол әдетте қатты түйірлерге айналады. Қара күйемен зақымдалуда ұн және кебекте тұздалған балық иісі болады.

Жақсы ұн мен кебектің дәмі тәттілеу, бүлінгенде– қышқыл немесе ащы.



Құрғақ ұн мен кебектің ылғалдылығы стандарт бойынша 12 %. Шекті рұқсат етілетін ылғалдылық 16 %. Ұнның ылғалдылығын қолмен сезу үшін бір уыс ұнды алып, қолмен сығымдайды, содан кейін қолды ашып, аздап сілкиді, мұнда құрғақ ұн шашылып қалады, ал дымқыл ұн кесек түрінде қалып қояды.

5.4.3 Ұнды азықтар мен құрама жемді зертханалық талдау

Ұнды азықтардың балғындығын оларға күйдіргіш натрий және күкірт қышқылының әсерімен анықталады: колбаға 2 г ұн салады, оған 5 мл 10 % күйдіргіш натрий немесе калий ерітіндісін қосады, 10 минуттан кейін қыздырады (300 жоғары емес) және 1:2. сұйылтудағы күкірт қышқылын тамшылатып қосады. Балғын ұнда клейстер, бүлінген ұнда – күкіртті сутегі иісі болады.

Минералды қоспаларды анықтау. 20 г ұнды немесе кебекті тар, биік цилиндрге салады, оны үш ширекке дейін сумен толтырады да жақсылап араластырады. Лай суды ақырындап төгіп, таза су құяды. Жуу операциясын төгілетін су әбден тазарғанша бірнеше рет қайталайды. Бейорганикалық қоспалардан тұратын тұнбаны кептіреді және өлшейді.

Кенелерді табу. Ұн немесе кебек сынамасын қағазға жұқа қабатпен шашады да лупа астында анықтап қарайды. Тірі және өлген кенелердің болуына қарай жемшөптің зақымдалуын анықтайды.

Қышқылдық. Азықтың жоғары қышқылдығы оның бүлінуін, ақуыздардың, майлардың және көмірсутектердің органикалық қышқылда түзіп ыдырауын көрсетеді. Қышқылдықты анықтау үшін сыйымдылығы 50 мл болатын конус колбаға 25 г құрама жем салады, 250 мл дистиллденген су құяды, колбаны тығынмен жабады және 10 минут бойы шайқайды. Содан кейін колбаны 35 минутқа үстелге қояды, 3-4 минут сайын оны оқтын-оқтын шайқап отырады. Содан соң сұйықтықты таза колбаға сүзеді. Сыйымдылығы 100 мл болатын химиялық стаканға өлшегіш тамызғышпен 25 мл фильтратты қосады және 0,1 н күйдіргіш натрий немесе калий ерітіндісімен фенолфталеин индикаторын қосып титрлейді. Қышқылдықты градуспен береді, формуламен есептеп шығарады:

К = (а · п · 40 ) : 10 немесе К = 4 · а · п
мұнда: К – қышқылдық градусы; а – титрлеуге кеткен 0,1 н сілті ертіндісінің мөлшері, мл; п – ертінді титрін дәл 0,1 н ертіндіге түзету.

5.4.4 Мәдени, арамшөп және улы өсімдіктердің ұнтақталмаған тұқымдарын анықтау. Азықтарды зоогигиеналық бағалау үшін улағыш қасиеттері бар улы өсімдіктердің тұқымдарының бар-жоқтығын ескеру қажет. Құрама жем үлесін
(500 г) біреуінің тесіктері 2 мм, екіншісі – 1 мм болатын екі елеуіш арқылы елейді. Әрбір елеуіш ішіндегісін шыныға аударады, мәдени өсімдіктердің бүтін дәндерін, өсімдіктердің және арамшөптердің жемісі мен тұқымын бөліп алады. Таңдалып алынған топтардың әрқайсысын 0,01 г, ал улы өсімдіктердің тұқымдары 0,001 г дәлдікпен өлшейді және бөлек топтар бойынша мөлшерлік пайызын есептейді. Тұқымдарды анықтау үшін 3 қосымшада келтірілген морфометриялық белгілерді пайдалануға болады.

5.4.5 Тұздарын анықтау. Шамадан тыс артық мөлшерде тұздары бар құрама жем шошқалар мен құстардың улануын туғызады. 5 г құрама жемді сыйымдылығы 200 мл колбаға салады, колбаның 2/3 көлеміне дейін дистиллденген су құяды. 30 минуттан жүйелі араластырудан кейін белгіге дейін үстеп су құяды да, әдеттегі құрғақ қағаз сүзгісі арқылы сүзеді. 50 мл фильтратты конус колбада 0,1 н азотқышқылды күміс ерітіндісімен 2-3 тамшы 10 % калий хроматы ерітіндісін қатысуымен жойылмайтын әлсіз қызғылт сары түсті шөгінді пайда болғанша титрлейді. Есептеу келесі формуламен жүргізіледі:

Х = (а · 0, 005846 · у · 100) : в · с
мұнда: Х – ас тұзының пайызы; а – титрлеуге кеткен 0,1-н азотқышқылды күміс ертіндісінің мөлшері, мл; 0,005846 –1 мл 0,1-н азотқышқылды күміс ертіндісіне сәйкес хлорлы натрийдің г алынғандағы мөлшері; у – өлшегіш колбадағы сұйық көлемі, мл; в –титрлеуге алынған фильтрат мөлшері, мл; с – құрама жем үлесі.
43-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу

Көрсеткіштер

Азық түрі













Түсі













Иісі













Ылғалдылығы













Балғындығы













Минералды қоспасы













Қышқылдығы, град













Тұз мөлшері, %













Қамба зиянкестерімен зақымдалу













5.5 Жмых, күнжараларды және жануар тектес азықтарды санитарлық-гигиеналық бағалау



Жұмыстың мақсаты: Жмых, күнжараларды және жануар тектес азықтарды санитарлық-гигиеналық бағалау әдістерімен танысу

5.5.1 Жмыхтар мен күнжаралардың сапасын бағалау

Жмыхтар мен күнжаралардың сапалылығын бағалау орта сынама алудан басталады. Мұнда сақтау орынына, партияның біртектілігіне, және бөгде немесе технологиялық шартталған қоспаларға назар аударады.

Жмыхтардың әрбірдің партиясынан бірнеше тақта немесе 0,5 кг әртүрлі деңгейлерден және үш жерден кем емес алады. Алып қойылған тақталарды 4 бөлікке бөледі және әрбір тақтадан бір ширектен алады. Олардан ұсақтау және араластырудан кейін салмағы 2,5 кг болатын үлгі құрастырады. Күнжара сынамасын дәнді немесе құрама жемдердің сынамасы сияқты алады.

Түсі. Әрбір жмыхтың өзіне тән түсі болады. Осылайша, күнбағыс жмыхы сұр түсті болады; зығыр – сұрдан ашық – қоңырға дейін; мақта – сары ( ашық- сарыдан ашық – қоңырға дейін) жасылдау немесе қоңырқайлау реңді; соя – ашық - сарыдан ашық – қоңырға дейін; жержаңғақ – ақ сары; рапс – жасылдау - сары тұқым қабығының бөлшектерінің қоңыр қоспасымен болады. Бұл түрге тән емес түс арамшөптер қосылғанда, өндіру немесе сақтау технологиялары бұзылуы нәтижесінде бүлінген жмыхтар және күнжараларда болады.



Жмых пен күнжаралардың иісін, дәмін және балғындығын сынаманы 40 оС дейін қыздырылған сумен сулаудан кейін анықтайды. Сапалы жмыхтың әрбір түрі үшін өзіндік ерекше дәм және иіс тән. Борсыған иіс, көк иісі және ащы дәм шикізаттың сапасыздығын немесе сақтау барысында өнімдердің бұзылуын көрсетеді. Егер жмыхты немесе күнжараны дымқыл, нашар желдетілетін жерде сақтаса, оларды көк басуы мүмкін. Ащылау дәм сонымен қатар жмых және күнжараларда болатын өсімдік майының қызуы салдарынан болуы мүмкін.

Жмыхтың түрін кейде органолептикалық анықтау қиын болады. Мұндай жағдайларда 1 г жмыхты шыны түтікке салып, 5 мл спирт пен тұз қышқылының қоспасын (10 мл спиртке 0,5 мл концентрлі тұз қышқылын) қосады. Сынаманы араластырады және бірнеше минутқа қайнап тұрған су моншасына орналастырады, кейіннен оны тағы бір араластырады және тұндырады. Тұнбаның үстіндегі сұйықтық жмых түсті болады: күнбағыс – шие, зығыр және рапс – ақ, мақта– сары.

Жмых пен күнжаралардың ылғалдылығын дәнді азықтардың ылғалдылығын анықтаған сияқты жүргізеді. Бұл өнімдердің қалыпты ылғалдылығы 8,5 – 11 % шегінде ауытқиды.



Металл қоспаларын күнжарада ұнды азықтардағы сияқты анықтайды. Күнжарадағы металл қоспалардың мөлшері 0,1 % көп болмауы керек, сондай ақ бөлшектердің өлшемі ең үлкен сызықтық өлшеуде 2 мм көп емес және бөлшектердің шеті үшкір, кескіш болмауы қажет.

5.5.2 Жануар тектес азықтардың сапасын бағалау

Қан, ет сүйек, сүйек және балық ұндары өндірістік кәсіпорындарымен сапалылығына кепіл беретін технологиялық шарттарға сәйкес шығарылады. Бірақ көбінесе тасымалдау және сақтау барысында жануар тектес азықтар бұзылып, ластанады. Осыған байланысты бірқатар жағдайларда азықтардың сапалылығы мен тазалығын зерттеу қажет болады.

Орта сынаманы аларда сыртқы түріне, ыдыстың жағдайына, маркировкаға, сақтау шарттарына назар аударады. Бүкіл партиядан
5 % дейінгі жерін ашуға таңдап алады. Әрбір таңдалып алынған жерден қуыс бұрғымен қиғаш сызық бойымен 50-100 г мөлшерінде суырып алады. Барлық суырмалардың біртектілігін бағалайды, әбден араластырып 500 г екі бастапқы үлгі құрастырып, бұрандалы қақпақты таза, құрғақ шыны банкаларға орналастырады. Сынаманың бір бөлігін зерттеуге жібереді, ал екіншісін үш ай бойы сақтайды.

Қан ұнының түсі қызыл қоңыр, ұнтақ тәрізді консистенциялы, ол 1 мм тесікті елеуіш арқылы өтеді. Сүйек ұны сәл сұрлау реңді ақ ұнтақ, тесіктері 0,4 мм болатын елеуіш арқылы өтеді. Трескалық ұн бірнеше түсті болады: жоғарғы сорты ашық сұр, бірінші сорт – сарғыш немесе қызыл қоңыр түсті. Тартылу ірілігі бойынша 2,5 мм тесіктері елеуіш арқылы өтетін ұсақ балық ұнын және елеуіште қалатын ірі ұнды ажыратады. Ет ұны – сары - сұр немесе қызыл қоңыр ұнтақ.

Жануар тектес азықтардың иісі өздеріне тән ерекше. Борсыған, шіріген немесе кез келген бөгде иіс ұнның бүліну белгісі ретінде қарастырылады.

5.5.3 Азықтарды зертханалық талдау

Жмых, шрот және жануар тектес азықтарда қышқылдарды және асқын тотықтарды анықтау бұл өнімдерде ауадағы оттегі әсерінен тотығатын майдың жоғары мөлшері болуымен шартталған. Мұнда өнімдерде бос қышқылдар және гидро асқын тотықтар мөлшері артып, А және Е дәрумендері мөлшері төмендейді. Сондықтан майының қышқылдық саны 20 мг КОН жоғары және асқын тотықты саны 0,1% йодтан жоғары жануар тектес азықтарды қолдануға шек қойылған.



5.5.4 Асқын тотықты (йодты) санды анықтау

Анықтау принципі олардың йодты калий және сірке қышқылының әсерлесуінде түзілетін йодсутекті қышқылдағы бос йодты бөлуіне негізделген. Йод крахмалмен бірігіп көк түс кешенін қалыптастырады. Бөлінген йод санын натрий гипосульфитымен көлемді титрлеп анықтайды.

Ұсақталған азықтың салмағы 5 г болатын үлесін колбаға орналастырады. Мұнда 10 мл хлороформ мен 10 мл сірке қышқылын құяды. Колбаның ішіндегісіне жылдам 0,5 мл қаныққан йодты калий ертіндісін құяды да, мұқият араластырады да 3–5 минутқа қараңғы жерге қалдырады. Содан соң колбаға алдын ала 1 мл 1 % крахмал ерітіндісі қосылған 100 мл дистиллденген су құяды да, лезде 0,01-н гипосульфита ерітіндісімен көк бояу жоғалғанша титрлейді.

Титрлеуге кеткен гипосульфит мөлшерін жазып алады және асқын тотық санын формула бойынша анықтайды:


Х = (а 0,00127 100) : Н
мұнда: а –титрлеуге кеткен гипосульфит мөлшері, мл; 0,00127 – 1 мл 0,01-н гипосульфит ертіндісіне балама йод мөлшері, г; Н – азықтағы майдың үлесі, г; 100 – дистиллденген су.
Асқын тотық саны 0,03 дейінгі азық өнімдерінің майы балғын деп есептеледі, 0,03 тен 0,06 дейін – балғын, бірақ жылдам реализацияны қажет етеді, 0,06 дан 0,1 – балғындығы күманды, 0,1 көп – бұзылған.

5.5.5 Қышқылдық санын анықтау

Қышқылдық саны деп 1 г майдағы бос май қышқылдарының бейтараптануына шығындалатын күйдіргіш калийдің мөлшері аталады. Ол май молекуласының ыдырау дәрежесін көрсетеді. Гидролиз кезінде және майдың тотықтырылып бұзылулары нәтижесінде қышқылдық саны артады.

Кішкене колбаға немесе химиялық стақанға 25 г шротты, немесе 10 г етсүйек ұнын, немесе 2 г балық ұнын өлшеп салады да 1:2 пропорцияда 80 мл этанол және хлороформ қоспасын құяды. Колбаның ішіндегісін 5 минут бойы араластырады және қағаз сүзгісі арқылы сүзеді. Колба мен сүзгіні 10 мл мөлшеріндегі экстракциялайтын қоспамен екі қайтара жуады. Титрлеу үшін 30 мл экстракт алып, стаканға құйып, 3-5 тамшы фенолфталеин қосады да 0,1-н күйдіргіш калий ертіндісімен 1 минутта жойылмайтын бозарыңқы - қызғылт түс көрінгенше титрлейді. Кейде титрлегенде ерітінді лайлана бастайды немесе қабаттанады, оны экстракциялайтын қоспалар қосып жоюға болады.

Титрлеуге кеткен сілті санын қышқыл санын ескеріп, қышқыл санын формуламен есептейді:


Х = (а • 5,6 • К) : е
мұнда: а – титрлеуге кеткен 0,1 н. КОН ертіндісі, мл; 5,6 – 1 мл 0,01 н ертіндідегі күйдіргіш калий мөлшері, мг; К – күйдіргіш калий ертіндісінің титріне түзету; е – азықтағы май үлесі.
Кейбір майлардың қышқылдық саны төмендегідей: балық майы – 2,25; техникалық май және жануар тектес азықтар майы 12 – 18; өсімдік майлары 0,3 – 6.
44-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу

Көрсеткіштер

Азық түрі













Түсі













Иісі













Біртектілігі (құрылымы)













Металл қоспасы













Қышқылдық саны













Сутегі саны












5.6 Азықтардың саңырауқұлақтармен зақымдалуы



Жұмыстың мақсаты: Жиналған азықтар мен тірі өсімдіктерде паразиттік тршілік ететін саңырауқұлақтармен танысу; кейбір саңырауқұлақтардың мицелийлерінің суретін салу; саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтардың улылығын анықтау әдістерімен танысу; саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтарды зарарсыздандыру және қолдану әдістерін зерттеу және азықтардың саңырауқұлақтармен зақымдалуының алдын алу шараларымен танысу.

Дұрыс сақтамағанда және жаңбырлы ауа райында азықтар жиі саңырауқұлақтармен және микроб флорасымен зақымдалуға ұшырайды. Мұнда су тиген немесе кептірілмеген азықтардың өздігінен қызуы барысында бактериялардың саны бірте-бірте азаяды, ал саңырауқұлақтардың саны, керісінше, артатындығы маңызды дерек болып табылады. Қатты азықтарда әсіресе шөпте табылып жатқан саңырауқұлақтардың көпшілігі улы, ал олардың кейбіреуі – патогенді. Мұндай азықтар көбінесе малдардың жапай ауыр ауруы себебімен және өлімінің себебі болып табылады. Саңырауқұлақ және микрофлорамен зақымдалған азықтардың зиянды қасиеттері саңырауқұлақтар бөлетін улағыш заттардың түзілуімен, азықтың қоректік заттарының ыдырау өнімдерінің қорлануымен, сонымен қатар саңырауқұлақтардың кейбір түрлерінің азықпен және ауамен ағзаға түсу барысында жануарлардың ұлпалары мен мүшелерінде паразиттік тіршілік етуге қабілеттілігіне байланысты. Зиянды саңырауқұлақтардың ағзаға әсер ету механизміне тәуелді олар микоздар және микотоксикоздарға бөлінеді.



Микоздар – бұл мал ағзасына түскен саңырауқұлақтардың оның ұлпасы мен мүшелерінде өсіп - өніп, көбейіп, сондай - ақ жергілікті механикалық және жалпы улағыш әсерін көрсететін аурулар (актиномикоз, кандидомикоз, бұзаутаз).

Микотоксикоздар – әртүрлі улы саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтарды жеу нәтижесінде туатын аурулар. Олар токсиндер бөледі, бірақ ұлпаларда паразиттік тіршілік етпейді. Азықтарда қолданғанда жануарларда токсикоз тудыратын микотоксиндердің жинақталуы жүреді (эрготизм, фузариотоксикоз, стахиботриотоксикоз және т.б.). Микоздар мен микотоксикоздардың айырмашылық қасиеттерін кестеден қараңыз.

Көбінесе азықтарда кездесетін саңырауқұлақтарды шартты түрде екі негізгі топқа бөледі – егістік саңырауқұлақтары мен сақтау зеңдері. Біріншіге дәнде өсімдіктің вегетация кезеңінде енуге және дамуға қабілетті түрлерді жатқызады. Олардың ылғалдылық деңгейіне қоятын талаптары өте жоғары болып табылады– 20-25%.


45-кесте – Микоздар мен микотоксикоздардың айырма қасиеттері

Көрсеткіштер

микоздар

микотоксикоздар

Этиология
Инкубациялық кезеңі
Таралуы

Зақымдалу


Ауруды жою

Саңырауқұлақтар токсиндер бөледі, ұлпалар мен мүшелерде өсіп өніп, көбейеді
Ұзақ

Жаппай (барлық мал басы)


Бар
Емдеу

Саңырауқұлақтар токсиндер бөледі, бірақ өздері ұлпаларда тоғышарлық етпейді

Қысқа


Жаппай (жануарлар тобы)
Жоқ
Зақымдалған азықпен азықтандыруды тоқтату

Екінші топты Aspergillus және Penicillium туысының топырақта болатын, тек кейбір жағдайларда вегетациялық өсімдіктерде болатын, бірақ дәндердің сақталатын бөлігіне тән саңырауқұлақтар құрайды. Бұл саңырауқұлақтар дәннің сақтау кезіндегі ылғалдылығы – 13-18 % төмен ылғалдылықта дами алады, бірақ мұнда саңырауқұлақтардың ылғалы өнімнің ылғалдылығынан біршама жоғары болады. Зең саңырауқұлақтарының споралары табиғатта кең тараған (топырақ, су, ауа, азық). Қолайлы жағдайларда (температура 5-150 С және ылғалдылық 18-30 %) азықтарда жіп тәрізді, өрмек тәрізді, мақта тәрізді жабындар (ақ, сұр, қара, қызғылт, жасыл және басқа түсті) түзіп дамиды.



5.6.1 Тірі өсімдіктерде тоғышарлық ететін саңыпауқұлақтарды анықтау

Тат саңырауқұлақтары көпшілік астықтұқымдастарды және басқа бірқатар өсімдіктерді зақымдайды. Тат саңырауқұлақтарымен өсімдіктің жер үсті бөлігі зақымданады: оларда қызыл, қара және сары дақтар мен жолақтар пайда болады, мұнда тат саңырауқұлағымен зақымдалған жерлердегі жолақтар кетірілген тәрізді және бүтін емес болып көрінеді. Қарпайым көзбен немесе ұлғайтқыш әйнектің көмегімен тат саңырауқұлақтарымен зақымдалған азықтық өсімдіктерді қарағанда нүктелер мен жолақтар көрінеді. Тат саңырауқұлақтары жануарларда ауыр аурулар туғызатын патогенді саңырауқұлақтарға жатады. Тат саңырауқұлақтарымен зақымдалған өсімдіктермен улану жасыл массамен де, сабан және шөппен де қоректендіргенде байқалады.

Қаракүйе әртүрлі өсімдіктерді зақымдайды, оларда қарайып кеткен масақтар мен сыпыртқылар түзіледі. Бұл өсімдіктердің тұқымы жағымсыз тұздалған балық иісті қара массаға айналады.

Қаракүйенің болуын төмендегідей анықтайды. Аздаған мөлшерде шөп алып, оны алақанда ысқылайды. Қолда қара шаңның пайда болуы шөптің қастауышпен зақымдалғандығының белгісі. Шөп үлгісінде қара күйенің болуын микроскоп көмегімен анықтауға болады. Шөп сынамасын жылтыр бетті қағазға сілкиді. Түскен шаңды жинайды да, оның аздаған мөлшерін заттық шыныға су немесе глицерин тамшысына салып, жабын шынысымен жауып, кіші ұлғайтқышпен қарайды. Препаратта қаракүйеге тән спораларды табуға болады. Қаракүйенің рұқсат етілетін мөлшері 0,06 %.


46-кесте – Азықтардың өсуі барысында саңырауқұлақтармен зақымдалуы

Көрсеткіштер

Тат саңырауқұлақтары

Қаракүйе

Қастауыш

Клавицепспали-токсикоз

1

2

3

4

5

Табылуы

Тат түсті дақтар мен жолақтар (бүкіл өсімдік бойында қоңыр)

Жағымсыз балық иісті қарайған масақтар мен сыпыртқылар

Тұқым орынына іші ақ, күңгірт сиякөк түсті мүйізшелер өсіп шығады

Масақтарында тамыздың басында мүйізшелер түзіледі

Зақымдалуы

Барлық ауылшаруашылық малдары түрлері

Барлық ауылшаруашылық малдары түрлері

Барлық ауылшаруашылық малдары түрлері

Көбірек жылқылар, ірі қара мал, басқалары аздаған


Белгілері

Сілекей ағу, бас жақ қабынады, іш өту, көбінесе қан аралас, жүрісі қиралаңдаған, артық аяқтарының салдануы

Сілекейі, жас ағу, іш өту, жөтел, қарашық ұлғаюы, түсіктер

Түсіктер, шеткі мүшелердің ганренасы

Қиралаңдаған жүріс

46 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

Алдын алу

Зақымданған азықтарды сілтілермен зарарсыздандырып беру

Буаз малдарға бермеу, қатты зақымдалған азықты жою, тұқымдарды гранозанмен өңдеу

Буаз малдарға бермеу, аз мөлшерде зақымдалған азықты бордақыланатын малға шектеп беру

Зақымдалған азықты рационнан алып тастау


Қастауыш бидай, қара бидай, сұлы, қылтанақсыз арпабас, түлкіқұйырық, қоңырбас сияқты өсімдіктерді зақымдайды. Тұқымның орнында мұндай өсімдіктердің масағында сырты күңгірт сиякөк, ал іші ақ үлкен мүйізшелер өсіп шығады. Қастауышта эрготоксин, эрготамин, эргометрин алкалиодтары бар.

Зертханада шөптің сынамасы немесе үлгісін ақ қағаз бетіне қағады, түскен ұсақ бөлшектерді скальпелмен жинайды. Олардың арасында күңгірт қаракөк түсті қастауыш склеродияларын кездестіруге болады. Ұнды азықтарда, сонымен қатар шөп ұнында қастауыш барлығын келесі әдіспен анықтауға болады: сыйымдылығы 100 мл болатын 10 г зерттелетін азыққа 70 %-дық спирт және 5 %-дық тұз қышқылының қоспасын құяды, су моншасында жарты сағат қыздырып, азықты суытады. Қастауыш болса, сұйық әлсіз қызғылт түске боялады. Бұл сынаманың көмегімен 0,03-0,04 % мөлшердегі қастауышты табуға болады. Қастауышпен уланудың алдын алу үшін 0,2 % мөлшерден жоғары қастауышы бар ұн қауіпті болып саналатындығын және азыққа шекті мөлшерде жіберілетіндігін (тек буаз малдарға емес) ескеру қажет. Құрамында көп мөлшерде жас аналық мүйізшелері бар дән қалдықтары мен ұнды малдарға беруге болмайды. Құрама жемдегі қастауыштың рұқсат етілетін мөлшері


0,05 % дейін.

5.6.2 Жиналған азықтарда тоғышарлық ететін саңырауқұлақтарды анықтау

Саңырауқұлақпен зақымданған азықтың түсі күңгірттеу, иісі жағымсыз, шоқты желімденген кесектерден тұрады. Азықтарды Aspergillus, Penicillium, Mucor, Fusarium және басқа туыстардың саңырауқұлақтары жиі зақымдайды. Саңырауқұлақтармен қоса, азықтарда әдетте азықтарды ыдырататын әртүрлі қышқылға төзімді бактериялар мен коккалар өсіп өнеді.

Азықтарды тексергенде вегетация кезеңінде азықтық өсімдіктерде тоғышарлық ететін саңырауқұлақтардың, ең алдымен қастауыштың болуына назар аударады. Азықты сақтау кезеңінде саңырауқұлақтардың дамуы айқын білінетін ошақтылықпен ерекшеленеді. Ошақтар жатып қалған қабаттарға, күңгірттенген, қоңырайған ұяға немесе көбінесе арнайы зең иісі бар, шаңдауыт, қара, жасыл, сұр немесе басқа түсті саңырауқұлақ (зең) жабыны бар қабаттамалар түрінде болады.

Fusarium туысының саңырауқұлақтары. Олар вегетациялық та, өсіп келе жатқан дәнді астық тұқымдастарда да дами береді. Олардың өсуі үшін қолайлы шарттар кептірілмеген дәнді немесе егістікте қыстайтын өсімдіктерді нашар сақтағанда туады. Саңырауқұлақтар токсиндері жылуға және химиялық заттарға төзімді. Олар өз улылығын жылдар бойы сақтайды. Бұл туыстың ең бір улы саңырауқұлақтары Fusarium Sporotrichiella болып табылады.

Органолептикалық тұрғыдан Fusarium туысының зең саңырауқұлақтарымен зақымдалған дән нәзік, күңгірт, ақ, қызғылт-ақ немесе кейде біршама биік болатын қызылдау жабынмен көмкерілген болады. Микроскоппен жабын қырындысын дистильденген су тамшысында зерттегенде мицелийдің тізбек тәрізді, бұтақталған немесе қарапайым конидияларға айналатын жіпшелерін көруге болады. Конидийдің ұшында және айналасында сопақша, дөңгелек, ұршық тәрізді, орақ тәрізді немесе басқа пішінді макроконидийлер орналасқан болады.



Stachybotris alternans саңырауқұлағы. Бұл саңырауқұлақтарға зерттегенде олардың дамуы үшін аса қолайлы шарттар сабанда, шөпте 5-300С температурада және 25-70 % ылғалдылықта туатындығын ескеру қажет. Сондықтан, қарайған жерлерден, су тиген жерлерден әрқайсысы 20-30 г болатын 10 сынама алады да әрбір сынаманы жеке қағазға орайды.

Бұл саңырауқұлақ тұтас сабанда немесе түйіндерінде ғана жеңіл алынатын қара жабын түзеді. Бірақ қара жабын жануарларға қауіпсіз басқа саңырауқұлақтар дамығанда да жиі түзіледі. Микроскоппен зерттегенде көбінесе түйіндерде кездесетін сұр күйелі жабынмен көмкерілген жеке шөп талдарын алады. Ұлғайтқыш әйнекпен қарағанда ол күйені еске түсіретін қара ұсақ ұнтақ түрінде көрінеді. Қолмен жеңіл сүртіледі. Бұл жабынның аздаған мөлшерін скальпельмен немесе инемен заттық шыныдағы су тамшысына қырып алып, жабын шынысымен жауып, микроскоптың кіші және үлкен ұлғайтқышымен зерттейді. Мұнда сегменттелген мицелийдің түссіз жіпшелерін (гифалар) көруге болады. Мицелий массасынан қысқа, кейде жасыл-зәйтүн түске боялған конидийлерді көруге болады. Олардың ұшында өлшемі ұзынынан 8-12 мкм және ені 6-8 мкм болатын жетілген эллипс пішінді 6 дан 8 ге дейін күңгірт-қоңыр конидийлерді біріктіретін розетка түріндегі жапырақ тәрізді өсінділер – стеригмалар байқалады. Жетіліп түсіп қалған конидийлердің орнына жаңалары дамиды, кейде стеригмаларсыз конидийлерді көруге болады.



Dendrodochium toxicum саңырауқұлағы. Бұл улылығы жоғары саңырауқұлақ сабан бұзылуының көзге көрінетін белгілерін бермеуі мүмкін. Сабан сапалы сияқты болады. Бұл саңырауқұлақтың дамуы үшін қолайлы шарттар: 250 С температура, 50 % ылғалдылық, бидай, қара бидай, арпа мен сұлының үгіндісі мен сабан субстраты болып табылады. Органолептикалық зерттегенде саңырауқұлақтың сабақ ішінде дамуына байланысты сабан сыртынан қалыпты болып көрінуі мүмкін. Бірақ, шөпті сындырғанда немесе саңырауқұлақпен зақымдалған үгіндіде ақ, бөлек аумақтарда орналасқан жабынды табады. Микроскоп арқылы зерттегенде заттық шыныдағы су тамшысына қыру әдісімен алынған жабынның (мицелийдің) аздаған бөлшегін салады. Мұнда ағаш тәрізді бұтақталған, тығыз қабат етіп орналастырылған конидийлер мен дәл сондай түссіз ұсақ ұштары үшкірленген конидийлер байқалады. Бұл саңырауқұлақ бөлетін токсиндер, жоғары температура мен химиялық заттарға төзімді, сондықтан зақымдалған азық залалсыздандыруға жатпайды, оны жарамсыз деп таниды.

Penicillium туысының саңырауқұлақтары. Олардың саны шамамен 900 түрге жетеді. Бұл туыстың дамуы үшін қолайлы жағдайлар – оттегі жеткіліксіз болғандағы азықтардың біршама жоғары (22-350 С) температурасы және жоғары (18-30 %) ылғалдылығы. Олардың арасында улы және патогенді қасиеттері бар өкілдері кездеседі, бірақ көпшілік саңырауқұлақтар сапрофиттер. Азықтарда бұл туыстың саңырауқұлақтары аспергилл және мукор саңырауқұлақтарымен бірге өседі.

Органолептикалық пеницилл саңырауқұлақтарының азықтарды өсуінің сыртқы түрі төмен орналасқан көкшіл жасыл реңді зең басумен сипатталады. Микроскоппен зерттегенде түссіз немесе ашық түске боялған мицелий жіпшелері байқалады. Олардан стеригмалармен аяқталатын тік немесе өрлегіш конидийлер шығады. Соңғылары бір-, екі- немесе үш қабатты орналасады да, өзгеше құрылған шашақтардың қалыптасуына әкеледі. Оның ұштық бұтақталуларында конидийлер тізбегі орналасады. Әртүрлі типті шашақтар кездеседі. Конидийлері дөңгелек немесе сопақша пішінді және көпшілігі жасылдау түсті.



Aspergillium, Penicillium, Mucor туысының саңырауқұлақтары – сапрофиттер, өлі субстраттарда өскенде улы қасиеттерге ие болады және жануарлар мен құстардың ағзасында тоғышарлық етуге қабілетті, яғни патогенді (микоз қоздырушылары) болып табылады. Aspergillium туысының саңырауқұлақтары (Aspergillium fumigatus, Aspergillium flavus, Aspergillium niger жиі кездеседі). Органолептикалық зақымдалған азықтарда түтін тәрізді, қара сарғыштау, үлпек немесе төмен орналасқан зең жабыны байқалады. Бұл жабындардың қырындысын микроскоппен қарағанда көп клеткалы перделі мицелийлерді анықтайды. Саңырауқұлақтың кейбір түрлерінде ауалық мицелийі қалың қабырғалы жасуша-аяқшалар түрінде көрінеді. Олардан перпендикулярлы бағытта тік тұратын бұтақтар – ұштары томпиған болашақ конидийлер шығады. Аспергиллдердің басқа түрлерінде конидийлердің негізінде тірек аяқшасы болмайды. Кеңеюлердің бетінде өсінділер – стеригмалар түзіледі. Аспергиллдер түріне байланысты стеригмалар бір немесе екі қатарға орналасуы мүмкін. Стеригмалардың үшкір ұшынан конидий спораларының радиальды ұзын тізбектері шығады. Стеригмалары мен конидий тізбектері бар томпақ бас деп аталады.

Оның пішіні суы ағып жатқан су сепкішке ұқсайды. Осыдан Aspergillium туысының зең саңырауқұлақтарының “су сепкіш зең” деген атауы шыққан. Конидийлердің көпшілігі түссіз немесе боялған, шар тәрізді, жұқа немесе сәл қалыңдаған қабықты.



Mucor туысының саңырауқұлақтары. Органолептикалық Mucor туысы саңырауқұлақтарымен зақымдалған азықтарда үлпек күңгірт-сұр немесе қара борпылдақ киіз тәрізді, желімденген шоқтары мен жағымсыз иісті кесектері бар жабын түрінде байқалады. Микроскоппен зең кесегі бар препаратты зерттегенде бөлшектенбеген бұтақталған мицелийді табады, одан тік тұратын конидийлер шығады (спорангийлер). Ұшында шар тәрізді спорангийлер орналасады. Спорангий қабығы жырылғанда көптеген шар тәрізді, тегіс, түссіз немесе әлсіз боялған споралар шашылады.

5.6.3 Азықтың улылығын анықтау әдістері

Саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтың улылығын сезімтал зертханалық жануарларға жегізу арқылы, тері сынамасын қою арқылы анықтайды.

Тері сынамасы әдісі зерттелетін азықтың эфирлік немесе спирттік сығындысын терісі пигменттелмеген ересек қоянның жалаңаштанған терісіне апликация жасау арқылы жүргізіледі. Әдістің мәні микогенді текті улы заттардың қоян терісіне дерманекротикалық әсеріне негізделген зерттеу жүргізу болып табылады.

Сынама қоятын күні қоянның мықын, жауырын немесе бүйірінің 6 х 6 см болатын тері алаңының түк жабынын мұқият қырқады (толық жалаңаштанғанша). Теріні зақымдауды болдырмайды. Сынауды жүргізу үшін пигменттелген тері, сондай ақ түлеу белгілері бар тері жарамсыз. Бір қоянда бірмезгілде төрттен көп емес сынама қоюға рұқсат етіледі. Сынаманы қою үшін қояндарды алдыңғы зерттеулердің нәтижелері теріс болған жағдайда ғана қайталап қолдануға болады.




47-кесте – Азықтардың сақтау барысында саңырауқұлақтармен зақымдалуы


Ауру

Фузарио-токсикоз

Стахиботрио-токсикоз

Дендродо-токсикоз

Пеницилло-токсикоз

Аспергилио-токсикоз

Фикомикоз

Саңырауқұлақ атауы

Fusarium roseum

Stachybotris alternans

Dendrodochium toxicum

Penicillus linfs

Aspergillus fumigatus

Mucor racemosus

Улану

жылқы, ірі қара, қой, шошқа, құс

жылқы

жылқы, қой

барлық ауылшаруашылық малдары

барлық ауылшаруашылық малдары

жиірек жылқы, барлық ауылшаруашылық малдары

Ауру белгілері

асқорыту жолының бұзылуы, жүйке құбылыстары, қозғалыс қиындауы

бас ісуі, шаршау, асқорыту жолының бұзылуы,

көзге көрінетін клиникасыз жылдам өлу

шөлдеу, іш өту, құсу, жиі дефекация, тыныс алу жиілеуі

асқорыту жолы мен орталық жүйке жүйесі зақымдалуы, өткір байқалатын жүйке бұзылыстары, түсіктер

ішкі мүшелердің сөл түйіндерінде гранулемалар түзілуі

Алдын алу

Дәнді 80- 900 С темпе-ратурада 2-3 сағат қыздыру

Зақымдалған сабанды азыққа, төсенішке қолданбау

Рационнан шығару, төсенішке қолданбау

Рационнан шығару

Рационнан шығару

Рационнан шығару, төсенішке қолданбау

Қоянның қырқылған тері алаңына сығындының жартысын сәл үйкеп шыны қалақшамен жағады, сығындының екінші жартысын қайталап жағу үшін келесі күнге қалдырады. Жалаңаштанған тері алаңының аздаған бөлігін бақылау үшін сығынды жақпай бос қалдырады. Егер сығынды екі жаққанға жетпесе, оны алдын ала жалпы көлемі 1 г кем болмайтындай етіп сұйылтады. Теріге жағылған сығындыны жалап қоймауы үшін қоянның мойынына 3 тәуліктен кейін шешілетін жаға тағады.

Реакцияны бақылауды сығындыны қайталап жаққаннан кейін келесі күні бастап, азықтың улулық дәрежесіне байланысты 3-5 тәулік бойы жалғастырады.

Зерттелетін азықтардың улылығын сығындының жағылу орынында қабыну үрдісінің болуына қарай анықтайды. Азықтан немесе саңырауқұлақтар өсіндісінен (S. alternans, F. sporotrichiella, D. toxicum, Aspergillus) жасалған сығындыны жаққаннан кейін дамитын реакцияны үрдістің тереңдігі және сипаты бойынша төрт дәрежеге бөледі.

I дәреже – қызару, терінің сезімталдығы артуы, түлеу; улылығы өте әлсіз азықтар мен саңырауқұлақ өсінділері туғызады;

II дәреже – терінің қызаруы, ауырсынуы, терінің аздап қалыңдауы, ұсақ, бірлі жарым тары дәніндей немесе одан да кіші сарғыш көпіршіктер, түлеу (улылығы әлсіз азықтар мен саңырауқұлақ өсінділері туғызады);

III дәреже – қызару, қатты қалыңдау, ауырсыну, терінің қатпарлануы, бүкіл өңделген бетте сарғыш көпіршіктер, беткі құрғақ өліеттену, кейде жаралар, тұтас жіңішке қабыршақ (улы азықтар мен саңырауқұлақ өсінділері шарттайды);

IV дәреже – қызару, сығындыны жағу ошағының төменгі шекарасында көлемді білік түрінде шығып тұратын күшті ісіну, тері асты өзегін де қамтитын терең құрғақ өліеттену, көбінесе ұзақ жазылмайтын жаралар түзілуі, тұтас, қалың қабыршақ.



Улы емес азық – қабыну реакциясы жоқ. Сығындыны жаққаннан кейін 2 тәуліктен артық сақталмайтын, тері түлеуінсіз қызару болуына рұқсат етіледі.

Улылығы әлсіз азық – Сығындыны жаққаннан кейін 2-3 тәулік бойы сақталатын, терінің түлеуімен аяқталатын гиперемия, немесе қызару, ауырсыну, кейіннен жеке қабыршақтар түзетін терінің аздап қалыңдауымен байқалатын ісіну. Бұл азық арнайы өңдеуге жатады.

Улы азық – өткір гиперемия, ауырсыну, қатпарлану, терінің қатты қалыңдауымен жүретін ісік, алаңның бүкіл бетінде жаралар, кейіннен тұтас қабыршақ пайда болады. Мұндай азық қолдануға жарамсыз. Сығындыны қайталап жағудан кейін 24-72 сағатта оң реакция береді.

Тетрахимена пириформис инфузорияларына биосынама қою арқылы азықтың улылығын анықтау. Әдіс зерттелетін сынамадан негізінен микогенді текті улы заттарды экстракциялап, кейіннен бұл фракциялардың сулы ертінділерімен тетрахимена пириформис инфузорияларына әсер етуге негізделген.

Азықтың әрбір сынамасын зерттеуді 3 рет жүргізеді. Антибиотиктерге арналған үш флаконға 1 см3 сығынды енгізеді, оған 0,1 см3 3-5 тәуліктік тетрахимена пириформис инфузорияларының өсіндісін қосып, бөлме температурасында қалдырады.

30 және 60 минуттан кейін биосынама эффектін пастер пипеткасымен алынған тамшыдан заттық шыныға салып микроскоптың ұлғайтқышымен (х7 – х10) тамшының бүкіл көлемі мен қабаттарын қарайды. Зерттелетін сынамаларда тірі және өлген инфузорияларды санайды, бұл азықтың улылық дәрежесіне байланысты болады. Байқауды бақылау фоны – пептон ортасында жүргізеді, мұндағы барлық инфузориялар тірі қалуы керек. Инфузориялар өлп қалса, бақылауды жаңа орта мен өсіндіде қайталайды.

Азықтың улылық дәрежесін сынақ басталуынан 30 және 60 минут өткенде тірі инфузориялардың саны бойынша анықтайды: улы емес азық – 60 минут бойы бақылағанда инфузорияларда өлім мен ешбір морфологиялық өзгерістер жүрмейді; улылығы әлсіз азық – 60 минут бойы бақылағанда инфузорияларда морфологиялық өзгерістер және жартылай өлім жітім (25 тен 30 %); улы азық – 60 минут бойы бақылағанда барлық инфузориялардың өлуі байқалады.

Тауық сырғаларында сынама жасау. 1:2 немесе 1:3 қатынасындағы спирттік-эфирлік сығындылар даярлайды. Содан кейін сығындыны сұйылтады: 0,5 мл сығындыға 4,5 мл стерильді бейтарап балық майын немесе күнбағыс майын қосады. Араласқан майлы сығындыны тауықтың бір сырғасына 0,1-0,2 мл мөлшерінде енгізеді, екінші сырғасына сапалы екендігі белгілі азық сығындысын немесе майды енгізеді. Улы азық сығындысын енгізген жерде қабыну, ісіну, қан құйылу тіпті өліеттенуді байқауға болады. Сырғаның қалыңдығын кутиметрмен өлшеуге болады. Реакцияны бағалауды өзгеру барлығына қарай жүргізеді. Егер сырғаның диффузды ісінуі 4-24 сағатта басталса, қалыңдығы 8 мм және одан көп болса, екінші күні ісіктің ортасында қан құйылу пайда болып, кейіннен өліеттену дамыса– реакция жіті оң деп саналады. Диффузды сырға ісігі 24 сағаттан кейін пайда болса, оның қалыңдығы 5-8 мм жетсе, ал қан құйылуы мен өліеттену дамымаса – реакция оң. Егер 24 сағатта тек сырғаның шектеулі ісік пада болса, ал оның қалыңдығы 4 мм көп болмаса, реакция теріс деп есептеледі.

Улылық пен токсигенділікті балапандарда анықтау. Азық сынамасын келсапта шприцтың қалың инесінен бөлшектері еркін өтетіндей етіп түйеді. Азықтың бір бөлігін химиялық стаканға көшіріп, қаймақ консистенциясына дейін сумен езеді. Шприцпен 1-3 мл суспензияны алып, тәжірибелік топтың апталық жастағы балапандарға (5 бас) құрсағына енгізеді. Екінші тәжірибелік топтың балапандарына (5 бас) сол мүшелеріне алдын ала 20-30 минут бойы қайнатылған немесе автоклавталған суытылған азық суспензиясын енгізеді. Бақылау тобының балапандарына қайнатылған судың сәйкес мөлшерін енгізеді. Әрбір балапанды жеке торға салады, суды шектеусіз береді, бірақ 1-2 тәулікке жем бермейді, осы кезде құстардың жалпы жағдайын байқайды. Өлім оқиғаларын зерттелетін азық енгізілген балапандардың жалпы санына пайызбен көрсетеді. Әрбір 20 % өлімді балл бойынша бағалайды: 100 %-ды өлім (5 балл) – азық өте улы, 80 % (4 балл) – азық жоғары улылықта, 60 % (3 балл) – азық улы, 40 % (2 балл) – азық орташа улы, 20 % (1 балл) – азық төмен улылықта.

Зертханалық тышқандарға сынама жасау. Құрама және басқа азықтардың улылығын тышқандарға 0,5 мл сығындыны тері астына немесе қарынға зонд немесе доғал инелі шприцпен енгізу арқылы анықтауға болады. Мұнда тышқандардың бақылау тобына 0,5 мл бейтарап май (күнбағыс майы, балық майы) енгізеді. Өте улы азықтардың сығындысынан тышқандар 6-48 сағат аралығында өледі. Әлсіз улы азықтардың сығындысы өлім туғызбайды, бірақ оларды енгізу орынында қабыну реакциясы, некроз байқалады.

Гуппи балықтарына сынама жасау. Балықтарда дәнді фураждардың (құрама жемнен басқа) улылығын анықтауға болады. Дән сынамасын (50 г) зертханалық диірменде әбден ұсақтайды, үйкелген қақпақты колбаға (500 мл) ауыстырады да 10 мл ацетон құяды. Экстрактілеуді Сокслет аппаратында 2 сағат бойы сілкілеу кезінде жүргізеді, сығындыны қағаз фильтр арқылы фарфор табақшаға сүзеді де су моншасында (50-600 С) сорғыш астында буландырады. Құрғақ қалдығын 5 мл ацетонда ерітеді де шыны колбаға ауыстырады, оған 500 мл аквариум суын құяды. Колбаға 5 гуппи балығын орналастырып, оларды 24 сағат бойы бақылайды, нәтижелерді 1, 2, 4, 8, 12 және 24 сағат сайын тіркейді. Егер азық улы болмаса, бір тәулікте бір балық қана өледі (20 % дейін), улылығы өте әлсіз болса 12-24 сағатта 2-3 балық (40-60 %), әлсіз улылықта –4-8 сағаттан кейін 4 балық (80 %), улы болса–2-4 сағаттан кейін 5 балық (100 %), өте улы болса 1 сағатта 5 балық (100 %) өледі. Бақылау ретінде үш тәулік бойы балықтар тірі қалатын 1 %-ды ацетон ертіндісі алынады.

5.6.4 Микотоксикологиялық зерттеу. Ұнды, дәнді азықтардан саңырауқұлақтарды алғашқы бөліп алу үшін әдетте Чапектің агарлы ортасын қолданады, ал қатаң азықтардан саңырауқұлақтарды бөліп алу үшін Петри табақшаларына Чапек агарына ылғалды камераларға себу әдісін қолданады. Петри табақшаларын себінділерімен стерильді қағазға орайды, термостатқа салады, өсіреді де 22-250 С температурада 7-10 тәулік ұстайды. Саңырауқұлақтардың өсуі мен спора түзуі 3 тәулікте байқала бастайды, бірақ саңырауқұлақтарды түрге ажырату үшін өсірудің көбірек уақыты: 5-7 тәулік қажет. Ұнды азықтарда себуден кейінгі колонияларды санауды 2-3 тәулікте бастайды. Есептеуді жеңілдету үшін табақшаның түбін карандашпен секторларға жұмсартып бөледі немесе Вольфлюгельдің санау камерасын қолданады.

Саңырауқұлақтарды микроскопиялық зерттеу ең алдымен тікелей табақшаларда, микроскоптың кіші ұлғайтқышын қолданып жүргізіледі. Мұнда жеміс денелерінің склероциттерінің мицелиальды тарамдарын, спорангийлерінің құрылысы мен бұтақталу сипатын көруге болады. Содан кейін саңырауқұлақ морфологиясын бөлшектеп зерттеу үшін препараттар дайындайды. Саңырауқұлақ бөлшектерін түріне байланысты колониялардың әртүрлі жерлерінен: колонияның ескі бөліктерінде ортасынан, жас колонияларда – шетінен алады. Заттық шыныға бекітетін сұйықтың тамшысын жағады. Содан кейін инемен абайлап, саңырауқұлақ мицелийінің аздаған мөлшерін зақымдап алмауға тырысып, басқа инемен ұқыптап сыпырып, сұйықтық тамшысына енгізеді. Препаратты жабын шынысымен жабады. Микроскоптың кіші (х8, х10), содан кейін үлкен (х40,х90) ұлғайтқышымен препараттарды зерттейді, макроскопиялық кілті бар арнайы анықтағыштарды қолдана отырып саңырауқұлақтарды түрге дейін ажыратады.



5.6.5 Биосынама. Микологиялық зерттеулер барысында арасында бір саңырауқұлақ түрі улы саңырауқұлақтардың болуы анықталса, ал зертханалық зерттеу әдістері оң нәтиже бермеген жағдайда диагнозды нақтылаудың жалғыз әдісі ретінде қолданады. Мұндай азықтың улылығын анықтау үшін оны сапалы азықпен қатар екі жануарлар тобына (топта жануар саны үш бастан кем болмауы керек) береді. Биосынаманы қойғанда мал топтарын оқшаулап ұстау қажет. Бақылау тобына сапалы екендігі белгілі азықты береді. Күнделікті желінген азықтың мөлшерін есептеп, клиникалық бақылаулар жүргізеді. Биосынаманы қойғанда егер зақымдалған азықты тәжірибелік жануарларға аш қарынға, яғни 5-6-сағаттық аш ұстаудан кейін берсе, токсикоз жылдам байқалатындығын ескеру қажет. Суды шектеусіз береді. Егер зерттелетін азықты берген жануарлар ауырып қалса немесе азықтан бас тартса, ал бақылау тобының жануарлары өздерін қалыпты ұстаса, биосынама оң деп есептеледі. Улы саңырауқұлақтармен уланғанда биосынаманың оң көрсеткіштері деп: тәбеті төмендеуін, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуын, қозғалыс координациясының бұзылуын, дірілді, жабығу немесе қозуды, түсік тастауды, асқорыту жолының бұзылуын, тісін шықырлатуды, ауыз уылуын, шошқаларда құсуды, сондай ақ температура көтерілуін санайды. Өткір улы азықтар клиникалық белгілері байқалуынсыз тәжірибелік жануарлардың өлімін туғызуы мүмкін. Азықтың улылық дәрежесін биосынама нәтижелерін кестемен салыстырып бағалауға болады.
48-кесте – Зерттелетін азықтың улылық дәрежесін бағалау

Азықтың улылық дәрежесі

Өлген малдар

(5 бастық топта)



Өлген уақыты, сағат

саны

%

улы емес

1 көп емес

20

24 дейін

әлсіз улы

5

100

10-24

улы

5

100

1-10


5.6.6 Қатаң азықты залалсыздандыру әдістері

Азықты күйдіргіш натриймен (каустикалық тұзбен) өңдеу.
100 кг туралған азыққа 1,5 кг 300 л суда сұйылтылған (күйдіргіш натрийдің 0,5 % сулы ертіндісі алынады) техникалық күйдіргіш натрийді жұмсайды. Сілті ертіндісін қара темірден жасалған ыдыста (түсті металл, мырышталған темір жарамсыз) дайындайды. Сілтіні алдымен аздаған мөлшерлі суға езіп, содан кейін қажетті 300 мл көлемге жеткізеді (күйіп қалудан сақтану үшін қорғаныш құралдарын қолданады). Тураманы ыдысқа салып, ертінді құйып, мұқият араластырады, ертіндіге толығымен батырып, бір тәулік бойы ұстайды, содан кейін ертіндіден шығарып, ағаш қалқаларға жайып, 24 сағат ұстайды. Осыдан кейін сабанды жумай ақ бере беруге болады. Сиырларға 30 кг дейін, 1 жастан асқан жас малдарға –15 кг, қойларға – 3 кг дейін.

Азықты кальцийленген содамен өңдеу. 100 кг қатаң азыққа 15 кг сода, 1кг ас тұзы мен 300 л су шығындайды. Ертіндіні бөшкелерде дайындайды, онда үлестеп азықты салады, өңделген азықты цементтелген шұңқырға алып, 24 сағат ұстайды, осыдан кейін жумастан дәл жоғарыдағыдай мөлшерде (күйдіргіш натрий тәрізді) азыққа қосады. Ертіндіні бірнеше қайтара қолдануға болады.

Азықты аммиакпен өңдеу. Сұйылтылған аммакпен өңдеу техникасы төмендегідей жүргізіледі: шөмеле немесе маяны мелиоративті матадан жасалған жапқышпен немесе полиэтилен пленкамен жабады. Матаның шеті маядан 1,5-2 см алыс тұруы қажет: оларды топырақ, құм қабатымен герметикалы болуы үшін бастырады. Сұйылтылған аммиакпен өңдеуді арнайы қайнатушы автокөліктермен жүргізеді: В-3502, 3БА-2 немесе АВА-0,5. Сұйылтылған аммиакты 1 т азыққа 30 кг есептеп қосады. Сұйылтылған аммиакты ық жағынан металл «инесі» бар диаметрі 30-50 мм, ұзындығы 3,5 м құбырдан жасалған иілгіш шланг арқылы енгізеді. «Инені» маяға әрбір 4-5 м сайын 2-2,5 м тереңдікке, түбінен 1-1,5 м биіктікте салады. Аммиакты баяу жібереді, 20-тонналық маяны 1-1,5 сағат бойы өңдейді. Аммиакты жіберу аяқталғаннан кейін пленканың етегін түсіреді де, 10 күнге дейін, суық кезеңде (250 С дейінгі t) – 12 күн герметизациялайды. Осыдан кейін жабынды шешіп, 3-5 күн бойы азықты реакцияға түспеген аммиакпен желдеткеннен кейін, азық азықтандыруға дайын болады.

Азықты аммиак суымен өңдеу. Аммиакпен өңдегендегі тәрізді техникалық шарттарды қажет етеді. Бұл үшін 20-25 % аммиагы бар синтетикалық аммиак суын қолданады. 1 т азыққа 25 %-ды концентрациялы аммиак суының 120 л, 20 %-ды – 150 және 17,5 %-ды – 170 л енгізу қажет. Маяны жапқышпен герметикалық жауып, аммиак суын цистернадан шамамен 1 атм жұмыс қысымымен жібереді. Өңделген азықты жабын астында 10-15 күнге қалдырады. Содан кейін жапқышты шешіп, маяны аммиак иісі кеткенше желдетіп, ірі қара малға және 6- айлық жастан асқан жас малдарға береді.

Сөндірілмеген әкпен өңдеу. Сөндірілмеген әкпен Фузариум туысынан басқа әртүрлі саңырауқұлақтармен зақымдалған улылығы I және II дәрежелі сабан мен шөпті өңдейді. 100 кг қатаң азыққа (турама) 3 кг сөндірілмеген әк немесе 50 % судан тұратын 9 кг әк қамырын немесе 1 кг ас тұзымен араластырылған 4,5 кг әк жұмсайды. Әкті бөшкелерде аздаған мөлшердегі сумен сұйылтады, содан кейін араластырғанда оған тағы 250-300 л су құяды да алынған әк сүтін күбіге немесе тығыз қағылған жәшікке құйып, оған тураманы толық әрі біркелкі шыланатындай етіп орналастырады. Оны 5-10 минуттан кейін алып, ағаш қалқаға жаяды. Содан кейін, тураманың келесі үлесін өңдейді, ертіндіні толық қолданып біткенше осылай жасайды. Ылғалданған сабанды (шөпті) 24 сағат ұстайды. Осылайша өңделген тураманы бірден ірі қара малдың жас төліне тәулігіне– 4-6 кг, ересек қойларға – 1-2 кг береді.

5.6.7 Концентрлі азықтарды залалсыздандыру әдістері

Дәнді кальцийленген содамен залалсыздандыру. Төмендегіге негізделген. Кальцийленген соданы біртіндеп жылы суға толығымен ерігенше қосады, ертінді концентрациясын 4 % дейін жеткізеді. Даярланған ертіндімен дәнді ыдыстарда орналасқан немесе егер олар болмағанда алаңда мұздатылуын болдырмай шылайды. Содан кейін дәнді кептіргіш агрегаттарда жылу ұстағыштың 180-2000 С температурасында кептіреді. 100 кг дәнге 4% кальцийленген соданың 8 л ертіндісін жұмсайды. Фузариумнан басқа Аспергилиус, Пеницилиум, Мукор, Альтернария, Ризопус және басқа туыстың саңырауқұлақтарымен зақымдалғанда қолданады. Сақтау мерзімі шектелмейді.

Дәнді 4 % натрий (калий) пиросульфиты ертіндісімен өңдеу. Натрий (калий) пиросульфитінің 4% ертіндісін даярлап, онымен дәнді 8 л 100 кг есептеп, шылайды да 48 сағат мұздауды болдырмайтын температурада ұстайды. Содан кейін дәнді кептіргіш агрегаттарда жылу ұстағыштың 180-2000С температурасында кептіреді. Калцийленген содамен өңдеу көрсетілген саңырауқұлақтарда қолданылады.

Еріткіштермен жұмыс істегенде сақтану қажет (противогаз бен қолғап кию қажет), себебі пиросульфитті суға еріткенде тыныс жолдарының және көздің кілегейлі қабығына күшті тітіркендіргіш әсер көрсететін күкіртті газ түзіледі. Өңделген дәнді 30 күннен артық сақтауға тыйым салынады.



Дәнді 10 % натрий пиросульфиті ертіндісімен өңдеу. Фузариум саңырауқұлақтарымен I және II дәрежеде зақымдалған дән үшін 100 кг салмағына 10% натрий пиросульфиті 8 л ертіндісі жұмсалады, шыланған дәнді 48 сағат ұстап, АВМ 180-2000 С дейінгі температурада кептіреді.

Дәнді натрий пиросульфиті ұнтағымен өңдеу. Натрий пиросульфитін дәнге салмағы бойынша 1,5 % мөлшерде қосады, механикалық араластырғышта, тасымал ленталарында немесе қолмен күрекпен мұқият араластырады. Өңделген дәнді ыдыста немесе алаңда 30 күн бойы ұстайды да, содан кейін малды азықтандыруға концентрлі азықтың 30 % мөлшерінде рұқсат етеді. Мұндай дәнмен азықтандырудың және сақтаудың ұзақтығы 30 күннен көп болмауы қажет.

Дәнді жоғары температурамен өңдеу. Фузариум туысының саңырауқұлақтарымен зақымдалудан басқа, әлсіз улы дән фуражы жіберіледі. Өңдеуді АВМ, СБ, СЗПВ-2 маркалы кептіргіш агрегаттарда жылу ұстағыштың 3000 С температурасында және 10-12 минут экспозициямен жүргізеді.

Автоклав арқылы өңдеу. Азықты 1:1 қатынасында сумен шылап, 1,5 атмосферада 1 сағат бойы автоклавтайды.

Қайнату арқылы өңдеу. Азыққа 1:4 қатынасында су құйып қазанда су қайнағаннан кейін 1 сағат бойы қайнатады.

Бу арқылы өңдеу. Азықтарды азық булағышта немесе басқа ыдыстарда 1000 С температурада 2 сағат бойы 0,1 %-ды кальцийленген сода ертіндісінде булайды.

5.6.8 Саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтарды пайдалану

Азықтық құралдардың зерттелген саңырауқұлақтармен зақымдалуы байқалса, олардың зақымдалу және улылық дәрежесін анықтайды. Егер азықтар 10 % артық зең саңырауқұлақтарымен зақымдалса (шірік иісті қарайған, зең басқан алаңдар), олар сулауға және булауға жатпайды, себебі мұнда улы саңырауқұлақтар одан сайын қауырт дамып, улы заттар жиналады. Улы фузариялармен, аспергиллдермен және басқа саңырауқұлақтармен зақымдалған және биосынама бойынша (қоян терісіндегі қабыну реакциясының III және IV дәрежесі) улылығы күшті қатаң азықтар фураждық мақсатқа жарамайды. Саңырауқұлақтармен зақымданған бірінші және екінші дәрежелі улылықты қатаң азықтарды (фузариумнан басқа) сөндірілмеген әкпен, ал Fusarium туысы саңырауқұлақтарымен зақымдалған азықты– кальцийленген содамен өңдеуге болады. Улы емес немесе биосынама бойынша әлсіз улы азықтарды мұқият сұрыптайды. Саңырауқұлақтарымен зақымдалған алаңдарды жойғаннан кейін азықты ірі қара малдың бордақыдағы тобына сапалы азыққа қатаң азықтардың нормасынан 25 % аспайтын мөлшерде қышқыл азықтар немесе олардың сілтіленуі (қышқылы кету) болмаса қосып береді. Мұндай азықтарды сақтауға тыйым салынады.

Dendrodochium toxicum және Fusarium улы саңырауқұлақтарымен зақымдалған қатаң азықтарды фураждық мақсатта қолдануға тыйым салынады, оларды азық және төсеніш ретінде жояды. Stachylobotrus alternaus туысы саңырауқұлағымен зақымданған азықтарды тек қана қайтадан улылыққа зерттегенде теріс нәтиже алынса, залалсыздандырып қолданады. Aspergillus, Penicillium, Mucor, Rhisopus туысы саңырауқұлақтарымен зақымдалған азықтарды қатаң азық нормасының 25 % мөлшерінде өңдеп, кептіріп лактациядағы және буаз аналықтардан басқа ірі және ұсақ мүйізді малдарға береді. Заласыздандырғаннан кейін шектеусіз азықтандырады. Төсеніш ретінде жас төлдерге және құстарға Aspergillius fumigatus саңырауқұлақтарымен зақымдалған шөп пен сабанды қолдануға болмайды.

Улылығы үшінші және төртінші дәрежелі дәнді қандай да болмасын саңырауқұлақтармен зақымдалуына байланыссыз азықтық мақсатқа пайдалануға тыйым салынады. Бұзылуы үшінші дәрежелі дәнді технкалық мақсаттарға (шрот өндіру үшін) пайдаланады, бұзылудың төртінші дәрежесінде– жояды (өртейді немесе жерге көмеді). Споротрихинелла және Фузариумграминепрум секциясы өкілдерінен басқа Фузариум туысының улы саңырауқұлақтарымен зақымдалған әлсіз улы дәнді (қоян терісіндегі қабыну реакциясының бірінші және екінші дәрежесі) бордақыдағы ірі қара малға сапалы азықпен концентраттардың нормасынан 25 % аспайтын мөлшерде қосып 10- күндік үзіліспен береді. Мұндай дәнді бірмезгілде қышқыл азықтармен беруге тыйым салынады. Шошқалар, жылқылар мен құстарға бірінші және екінші дәрежелі улылықты дәнді тек қана залалсыздандырып, кептіргеннен кейін қолдануға болады. Залалсыздандырылған дәнді асыл тұқымды, жоғары өнімді, буаз малдар рационына қосуға болмайды, тек бордақыдағы малдарға береді. Өндірістік типті шаруашылықтықтарда кез келген дәрежелі улылықтағы және бұзылған дәнді пайдалануға қатаң тыйым салынады.

I және II дәрежелі бұзылған дәнді азықтық мақсатқа малдәрігерлік зертханада оның малдарға қауіпсіздігі жөнінде қортынды алғаннан кейін ғана тұтынуға болады. I дәрежелі бұзылған улы емес дәнді құрама жем өндіруге пайдалануға болады. Aspergillius fumigatus саңырауқұлағымен зақымдалған дәннен құстарға арналған құрама жем жасауға тыйым салынады.

5.6.9 Азықтардың саңырауқұлақтармен зақымдалудан сақтандыру шаралары

Қатаң азықтарды саңырауқұлақтармен зақымдалудан сақтандыру. Қатаң азықтарды дұрыс жинау, даярлау және сақтау– олардың жоғары санитарлық сапасының кепілі.

Қатаң азықтар құрғақ ауа райында және мүмкін болатын қысқа мерзімде шабу және азықтандыру арасына (2-3 күн) уақыт салып, жиналады.

Жаңбырлы ауа райында жиналып, кептірілмеген шөп жылдам қызып, бұзылады. Сондықтан, кептіруге жағдай болмаса, жасыл массаны сүрлемдейді немесе пішендейді.

Шөп пен сабанды сүйретіп жинауға болмайды, себебі шаңмен қоса, оларға улы саңырауқұлақтардың споралары түседі.

Қатаң азықтарды маяларда сақтау керек. Олар биік жерде тығыз, біркелкі маяланып, жоғарғы жағы түспейтіндей етіп бүйірлері тегістеліп, полиэтилен пленкамен жабылуы қажет.

Сақтаудың ең жақсы әдісі– сарай немесе жабын астында.

Шөп пен сабанды даярлаудың ең дұрыс әдісі – түктерге жинау.

Егер сақтау барысында зақымдалу ошақтары мен азықтың өздігінен қызуы байқалса, оларды қайтадан өңдеп, кептіріп және бұзылған жерлерін жою қажет.

Концентрлі азықтарды саңырауқұлақтермен зақымданудан сақтандыру. Дәнді дақылдарды желдету жақсы жолға қойылған қоймаларда 100 С температурада сақтайды. Бұзылмау үшін дәнді 13-14% ылғалдылықта сақтау керек.

Қамбаны дән салу алдында дезинфекциялап, желдетеді: дезинфекция үшін 1 м3 бөлмеге 15-20 мл есебінен формалинмен аэрозольды өңдеу әдісін қолданады.

5.7 Мал шаруашылығында емдәмдік азықтарды қолдану гигиенасы



Жұмыстың мақсаты: Емдәмдік азықтандыру тәртібі мен принциптерін зерттеу; емдәмдік заттар топтарымен, емдәмдік құралдарды қолдану рецептері және әдістерімен танысу.

Малды азықтандыру ережелерінің бұзылуы кезінде, оларға сапасыз азықтарды бергенде немесе қандай да бір ауруға шалдыққанда ауру малды сапалы азықтармен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар оның жылдам жазылуына тырысу керек. Бұл үшін көбінесе емдәмдік азықтандыруды қолданады – бұл арнайы ұйымдастырылған ауру малды емдік немесе әлсіз малды сақтандыру мақсатында қоректендіру. Емдәмдік азықтандырудың мақсаты – ауру малдың жылдам жазылуына жағдай жасау, оның қоңдылығын, жұмысқа қабілетін және өнімділігін қалпына келтіру.

Емдәмдік азықтандырудың жалпы принциптері келесі ережелерден тұрады: 1 – рационға тек қана сапалы толық құнды азықтарды қосады; 2 – ағзаның қандай да бір функциясы бұзылған кезде сіңетін азықтарды ғана береді; 3 – емдәмдік азықтандыру жануарлардың түрлік, жастық және физиологиялық ерекшеліктеріне сай болуы керек; 4 – ауру малды емдәмдік азықтандырудан әдеттегі рационға ауру белгілері қайтқанда 7-10 күннен кейін ауыстырады.

Емдәмдік азықтандырудың әртүрлі тәртіптерін ажыратады: аш, жартылай аш, босаң, тітіркендіргіш.



Аш тәртіп рационнан азықтардың толық шығарылуын ескереді, бірақ міндетті түрде су беріледі (мысалы – алдыңғы қарындар атониясында).

Жартылай аш тәртіпті аш тәртіптен азықтанудың әдеттегі тәртібіне көшкенде 2-3 тәулікке тағайындайды. Ол асқазан - ішек жолдарының, бауыр, бүйректердің жіті ағымды аурулары кезінде тағайындалады.

Босаң тәртіп ағзаның қандай функциясы бұзылуына байланысты арнайы емдәм үшін негіз қызметін атқарады.

Тітіркендіргіш, немесе ынталандырушы тәртіпбұл жабыққан мүшелердің қызметін ынталандыратын емдәм. Белоктық емдәм күшейтілген азықтану қажет малдарға, көмірсутекті – малдың ауыр аурулары кезінде (пневмония, кетоздар, улану), концентратсыз - асқазан және ішек атониясында, гастриттер және гастроэнтериттерде, нефроздарда, гепатиттерде тағайындалады.

Мал ауруларын сақтандыруда және емдеуде арнайы даярланған емдәмдік азықтарды берудің маңызы зор. Олардың биологиялық құндылығы көптеген дәрумендер және ағза функциясын белсендіруге жағдай жасаушы басқа да биологиялық белсенді заттардың болуында.

Емдәмдік құралдарды шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады:

1) зақымдалған мүше функциясын жақсартатын құралдар.

2) берілген ауру кезінде ағзада қандай да болмасын бір заттардың жетіспеушілігін толықтырушы құралдар.

3) Бүкіл ағза үшін профилактикалық және емдік құралдар.

Заттардың бірінші тобына пішенді, қылқанды тұнбаларды; жидектердің, шөптердің, тамырсабақтардың, қабықтың қайнатпаларын; спирттен жасалған сығындылар – аллилчеп , аллилсат және т.б. жатқызуға болады.

Екінші топқа ауру түріне байланысты әртүрлі құралдар жатады, мысалы, асқазан сөлі, сүрлем шырыны және басқалары.



Үшінші топ – бұл ацидофилды айран, ПАБК, АБК, жасанды уыз, лизоцим, жұмыртқа - қант қоспасы, адсорбенттер және сол сияқты азықтар мен құралдар.

5.7.1 Емдәмдік құралдардың сипаттамасы

Ацидофильді сорпа культурасы (АБК) – қанды-сарысу сорпасындағы ацидофильді бактериялардың тірі культурасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу және емдеу үшін қолданылады.

Пропионды - ацидофилды сорпалық культура (ПАБК) құрамында В және басқа да топ дәрумендері бар. В тобы гиповитаминоздарынан және асқазан - ішек ауруларынан сақтандыру үшін тағайындайды.

Жасанды сүт (ИМ) 1 л жаңа сауылған сүттен, 15 мл дәруменді балық майынан, 10 г ас тұзынан және 3 жас емдәмдік тауық жұмыртқасынан тұрады.

Ацидофилды айран (АП) жаңа туған бұзауларға емдік және профилактикалық мақсатпен азықтануға дейін бір сағат бұрын тағайындалады. Лизоцимді 1 бөлік тауық жұмыртқаларының ақуызына 5 бөлік 0,5 % ас тұзы ерітіндісін және 1|20 бөлік 10 % лимон қышқылы ерітіндісін қосып әзірлейді. Араластырудан және сүзуден кейін ерітіндіні 2–3 күннен артық сақтамайды. Дәрі бактерицидты және ынталандырушы әсерге ие. Қылқанды тұнбаны қарағай немесе шыршаның ұсақ бұтақтарын ұсақтап, ыстық суды (70 – 80 оС) 1:9 арақатынаста құйып, 5–6 сағат тұндыру арқылы әзірлейді. Гипоавитаминоздардан сақтандыру және оларды емдеу үшін тағайындайды. Емен қабығы қайнатындысын асқазан және ішектің қабынуы кезінде тағайындайды. 100 г жұқалап ұсақталған қабыққа 3 л су құйып, қайнауға дейін жеткізеді. Пішен тұнбасы. Сапалы және әртүрлі құрамды шөпті 3 – 5 см дейін ұсақтайды да, қайнатылған ыстық суды (70 – 80 оС) 1:6. арақатынасында құяды. Бір тәулік бойы тұндырады. Содан соң тұнбаны сығып, сүзіп тазартады және 70 – 80 оС температурада су моншасында 30 минут пастерлейді. 1 литріне 5 г есебінен тұз қосуға болады. Пішен тұнбасының емдік әсері минералды тұздармен, фитонцидтермен, дәрумендермен, ББЗ шартталады. Сүрлем шырыны. Сапалы, жақсы сүрлемді ұсақтайды, оған қайнатылған (70 – 80 оС) ыстық су 4-2:1 пропорцияда (200 г кесіндіге 50-100 г су) құяды. Араластырады, су моншасында 30 минут тұндырады, содан соң суытып, 3 қабатты дәке арқылы сығады, пастерлеп шөлмектерге құйып, сургучпен тығындап тастайды. Оның 1 л сұйығында 20 мг каротин, 20 г шикі протеин, 1 % сүт қышқылы, С дәрумені, минералды тұздар болады. Сұлы киселі. Сұлы ұнына 100:250, арақатынасында су, құяды, араластырады да жарты сағат тұндырады, дәке арқылы сүзіп, тұз қосады (5 г тұз 1 л) және қоюлануға дейін араластыра отырып қайнатады. Сұлы киселінің қаптаушы және жұмсартатын әсері бар, қоректік құндылығы және сіңімділігі жоғары болады. Жасанды сүтті жазба бойынша даярлайды: беті алынған сүт –80 %, өсімдік майы –15 %, өсімдік майын тазарту қалдықтары –5 %, А дәрумені – 30 мың МЕ, Д дәрумені–10 мың МЕ, тұзқышқылды биомицин – 50 мг (дәрумендердің және биомициннің мөлшері 1 кг алмастырғышқа есептелген).

Бақылау сұрақтары

1 Малдарды азықтандырудағы қатаң азықтардың гигиеналық маңызы.

2 Қатаң азықтың сапасыздығына қандай себептер алып келеді?

3 Қатаң азықты бұзылудан және қоректік заттарының жойылуынан қалай сақтау керек?

4 Шөпке қойылатын МЕМСТ талаптары.

5 Қатаң азықтармен улану себептері және олардың алдын алу шаралары.

6 Малдарды азықтандырудағы шырынды азықтардың гигиеналық маңызы.

7 Шырынды азықтардың сапасыздығының белгілері және олардың себептері.

8 Жануарлардың картоппен, картоп сабағымен, картоп қойырптпағымен улану механизмі. Бұл уланулардан сақтандыру шаралары.

9 Шошқалардың пісірілген қызылшамен, қызылша сабағымен улану себептері. Сақтандыру шаралары.

10 Әлсіз дәрежеде зеңмен зақымдалған азықтарды қалай залалсыздандыру қажет?

11 Малдарды азықтандырудағы концентрлі азықтардың гигиеналық маңызы.

12 Концентрлі дәнді азықтарға қойылатын МЕМСТ талаптары.

13 Дәнді азықтардың сапасыздығына қандай себептер алып келеді?

14 Дәнді азықтарды зақымдайтын қамба зиянкестері.

15 Дәнді азықтардың басынан және сақтауда саңырауқұлақтармен зақымдалуы.

16 Малдарды азықтандырудағы ұнды азықтардың гигиеналық маңызы.

17 Ұнды азықтарға қойылатын МЕМСТ талаптары.

18 Ұнды азықтардың сапасыздығына қандай себептер алып келеді?

19 Ұнды азықтарды зақымдайтын қамба зиянкестері.

20 Ұнды азықтардың саңырауқұлақтармен зақымдалуы.

21 Жиналған азықтарда қандай саңырауқұлақтар тоғышарлық етеді?

22 Тірі өсімдіктерде қандай саңырауқұлақтар тоғышарлық етеді?

23 Қандай азықтар микробтық ластануға бейім?

24 Саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтардың улылығын анықтау әдістері.

25 Микоздар мен микотоксикоздар деген не? Мысал келтіріңіз.

26 Саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтарды залалсыздандыру.

27 Саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтардың жануар ағзасына әсері.

28 Саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтарды пайдалану.

29 Азықтарды жинауға, сақтауға, тасымалдауға қойылатын талаптар.

30 Азықты саңырауқұлақтармен және микробтармен ластанудан сақтандыру шаралары.

Әдебиеттер

1 Аликаев В. А., Онегов А. П., Старов Т. К. Практикум по гигиене сельскохозяйственных животных. – М. : Госсельхозиздат, 1960. – 245 с.

2 Ануш З. Гигиена воды в животноводстве. – М. : Колос, 1979. – 187 с.

3 Бабов Д. М., Надворный Н. Н. Руководство к практическим занятиям по гигиене. – М. : Медицина, 1976. – 278 с.

4 Бессарабов Б. Ф. Ветеринарно-санитарные мероприятия по профилактике болезней птиц. – М. : Россельхозиздат, 1983. – 147 с.

7 Брандт Г. Проектирование животноводческих комплексов. – М. : Стройиздат, 1985. – 386 с.

8 Вагин Б. И., Прокофьев Г. И., Барсов Н. А. Технологическое оборудование звероводческих и кролиководческих ферм. – М. : Россельхозиздат, 1984. – 210 с.

9 Ветеринарно-санитарные и зоогигиенические проблемы промышленного животноводства / под ред. Г. К. Волкова и


В. С. Ярных. – М. : Колос, 1979. – 145 с.

10 Ветеринарно-санитарные правила для птицеводческих хозяйств и требования при их проектировании. – Л. : ВНИВИП, 1981.

11 Ветеринарное обслуживание животноводческих комплексов / под ред. Н. Ф.Хорошилова. – М. : Колос, 1976. – 320 с.

13 Волков Г. К., Гущин В. Н. Гигиена в промышленном овцеводстве. – М. : Россельхозиздат, 1980. – 180 с.

14 Волков Г. К. Гигиена крупного рогатого скота. – М. : Россельхозиздат, 1987. – 423 с.

15 Волотко И. И. Кормовой травматизм крупного рогатого скота. – М. : Агропромиздат, 1987. – 284 с.

16 Всяких А. С. Производство молока на промышленной основе. – М. : Колос, 1984. – 214 с.

18 Голосов И. М. Применение лучистой энергии в животноводстве и ветеринарии. – Л. : Лениздат, 1971. – 356 с.

19 Голиков А. Н. Адаптация сельскохозяйственных животных. – М. : Агропромиздат, 1985. – 142 с.

20 Данилова А. К., Найденский М. С., Шпиц И. С. и др. Гигиена промышленного производства яиц. – М. : Россельхозиздат, 1987.


– 236 с.

21 Докторова И. Н., Карпенко Н. М., Бабужина Р. И. Лабораторный практикум с методическими указаниями по зоогигиене с основами проектирования и строительства животноводческих объектов. – Ульяновск: Изд. СХИ, 1995. – 182 с.

23 Зайцев Ю. В., Промыслов В. Ф. Строительные конструкции. – М. : Стройиздат, 1985. – 402 с.

24 Закомырдин А. А. Ветеринарно-санитарные мероприятия в промышленном птицеводстве. – М. : Колос, 1981. – 358 с.

25 Зоогигиена и ветеринарная санитария в промышленном животноводстве / под ред. Г. К.Волкова. – М. : Колос, 1982. – 425 с.

26 Зоогигиенические нормативы для животноводческих объектов / под ред. Г. К.Волкова. – М. : Агропромиздат, 1986. – 166 с.

27 Испенков А. Е., Сапего И. П. Зоогигиенический и санитарный режим на фермах и комплексах. – Минск : Уроджай, 1984. – 318 с.

28 Карелин А. И. Гигиена промышленного свиноводства. – М. : Россельхозиздат, 1979. – 354 с.

29 Карелин А. И., Маравин Б. Л. Зоогигиенические основы проектирования, строительства и эксплуатации животноводческих объектов. – М. : Россельхозиздат, 1987. – 425 с.

30 Карташева В. М. Гигиена получения молока. – М. : Колос, 1980. – 305 с.

31 Кобозев В. И. Зоогигиена с основами ветеринарии: Учебн. Пособие. – Минск : Ураджай, 2001. – 360 с.

33 Ковалев Ю. Н. Основы технологического проектирования животноводческих ферм и комплексов. – М. : Россельхозиздат, 1980. – 340 с.

35 Комар А. Г. Строительные материалы. – М. : Высшая школа, 1983. – 284 с.

36 Красота В. Ф., Потокин В. П., Лебедев Ю. В. И др. Животноводство / 4-е изд., перераб. И доп. – М. : Агропромиздат, 1991. – 312 с.

37 Канаев А. И. Ветеринарная санитария в рыбоводстве. – М. : Агропромиздат, 1985. – 145 с.

38 Кузнецов А. Ф., Баланин В. И. Справочник по ветеринарной гигиене. – М. : Колос, 1982. – 411 с.

39 Кузнецов А. Ф. Гигиена кормления сельскохозяйственных животных. – Л. : Агропромиздат, 1989. – 222 с.

40 Кузнецов А. Ф., Демчук М. В., Карелин А. И. и др. Гигиена сельскохозяйственных животных : В 2 кн. – М. : Агропромиздат, 1992. – 280 с.

41 Кузнецов А. Ф., Найденский М. С. Шуканов А. А. и др. Гигиена животных. – М. : Колос, 2001. – 352 с.

42 Лебедев П. Т. Гигиена выращивания молодняка.– М. : Колос, 1965. – 174 с.

43 Мотесс Э. Э. Микроклимат животноводческих помещений. – М. : Колос, 1981. – 316 с.

44 Онегов А. П., Дударев Ю. И., Хабибулов М. А. Справочник по гигиене сельскохозяйственных животных. – М. : Россельхозиздат, 1984. – 418 с.

45 Онегов А. П., Храбустовский И. Ф., Черных В. И. Гигиена сельскохозяйственных животных. – М. : Колос, 1984. – 345 с.

46 Осмоловский М. С., Старков А. А., Шеруденко Ю. С. Животноводческие комплексы на промышленной основе. – М. : Стройиздат, 1984. – 368 с.

47 Плющенко С. И., Трофимов А. Ф. Содержание коров на фермах. – Минск, Ураджай, 1985. – 202 с.

48 Плященко С. И., Хохлова И. И. Микроклимат и продуктивность животных. – Л. : Колос, 1976.

49 Поляков А. А. Ветеринарная санитария. М. : Колос, 1979. – 355 с.

50 Помытко В. Н. Зоотехнические основы промышленного кролиководства. – М. : Россельхозиздат, 1984. – 356 с.

52 Руководство по ветеринарной санитарии / под ред. А. А.Полякова. – М. : Агропромиздат , 1986. – 176 с.

53 Сельскохозяйственные здания и сооружения / Д. Т.Топчий, В. А.Бондарь, О. Б.Кошлатый и др. – М. : Агропромиздат, 1985.


– 436 с.

54 Семенюта А. Т. Гигиена содержания крупного рогатого скота. – М. : Колос, 1972. – 386 с.

55 Соловьев Ф. А. Гигиена сельскохозяйственных животных. – Л. : Лениздат, 1969. – 264 с.

57 Справочник по ветеринарной санитарии / под ред.


В. Я.Шаблия. – Киев : Урожай, 1987. – 408 с.

58 Торпаков Ф. Г. Гигиена содержания свиней. – М. : Колос, 1969. – 188 с.

59 Ходанович Б. В. Строительное дело – М. :Агропромиздат, 1985. – 384 с.

60 Храбустовский И. Ф., Демчук М. В., Онегов А. П. Практикум по зоогигиене. – М. : Колос, 1984. – 162 с.

61 Юрков В. М. Микроклимат животноводческих ферм и комплексов. – М. : Россельхозиздат, 1985. – 242 с.

62 Юрков В. М. Влияние света на резистентность и продуктивность животных. – М. : Росагропромиздат, 1991. – 126 с.

Бұдан басқа зоогигиена бойынша материалдар келесі журналдарда берілген: Зоотехния, Ветеринария, Молочное и мясное cкотоводство, Овцеводство, Свиноводство, Птицеводство, Кролиководство и пушное зверовдство және басқа.

А қосымша

(міндетті)

А.1-кесте – Ауыз суының сапа нормативтері (МЕМСТ 2874 – 82 «Ауыз су»)



Көрсеткіш

Норма

1

2

1 мл араластырылмаған судағы бактериялардың жалпы мөлшері

100 көп емес

1 л ішек таяқшасы тобы бактериялардың мөлшері,

(коли-индекс)



3 көп емес

Коли-титр, мл

300 кем емес

Судағы, негізінен табиғи суда кездесетін немесе өңдеу барысында суға қосылатын рұқсат етілетін химиялық заттар концентрациясы, мг/л:




Бериллий

0,0002

Молибден

0,5

Мышьяк

0,05

Полиакриламид

2,0

Қорғасын

0,1

Селен

0,001

Стронций

2,0

Фосфор:




1 және 2 климаттық аудандар үшін

1,5

3 климаттық аудан үшін

1,2

4 климаттық аудан үшін

0,7

Табиғи уран және уран 238

1,7

Радий 226, Ки/л

1,2 х 10 -10

Стронций 90, Ки/л

4,0 х 10 -10

200С және 600С дейін қыздырғандағы иісі, балл

2 көп емес

200С дәмі, балл

2 көп емес

Платина-кобальт шкаласы бойынша түсі, град

20 көп емес

Стандартты шкала бойынша лайлығы, мг/л

1,5 көп емес

Сутегі көрсеткіші (pH), шегінде

6,5-8,5

Суды хлорлау кезінде пайда болатын арнайы иістер мен дәмдер, балл

1 көп емес

Табиғи суда кездесетін немесе өңдеу барысында суға қосылатын судың органолептикалық қасиетіне әсер ететін химиялық заттар, мг/л:




Құрғақ қалдығы

1000 көп емес

Хлоридтер

350 көп емес

А.1-кестенің жалгасы



1

2

Сульфаттар

500 көп емес

Темір

0,3 көп емес

Марганец

0,1 көп емес

Мыс

1,0 көп емес

Мырыш

5,0 көп емес

Қалдық алюминий

0,5 көп емес

Гексаметафосфат

3,5 көп емес

Триполифосфат

3,5 көп емес

Жалпы кермектігі, мг экв/л

7,0 көп емес

Ескерту:

1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісім бойынша 35º дейінгі судың түсі, 1500 мг/л дейін құрғақ затының мөлшері, 10 мг экв/л. дейінгі жалпы кермектік рұқсат етіледі.

2 Темірсіздендіру қондырғылары болмағанда жер асты суларын қолданғанда санитарлық қадағалау органдарымен келісім бойынша су желісіне түсетін судағы темірдің мөлшері 1 мг/л рұқсат етіледі.

3 Орталықтанбаған немесе жергілікті сумен қамтамасыз етуде келесі нормативтерге рұқсат: рН – 7,07; құрғақ қалдық – 500-1000 мг/л; аммиак – ізі; азотты қышқыл– ізі; азот қышқылы –20 мг/л көп емес; хлоридтер – 30-50 мг/л; сульфаттар – 60 мг/л; судың тотығуы 2-5 мг О2/л; жалпы кермектігі – 10-12,5 мгэкв/л; 1 мл судағы микробтық сан– 100-1000; коли-титр – 100-200 мл.

Ә қосымша

(міндетті)

Ә.2-кесте – Ауылшаруашылығы малдарының суға қажеттілігі (ОНТП алынған)



Жануарлар тобы

1 бас малға қажеттілік нормасы, л/тәулік

Барлығы

Суаруға

1

2

3

Сүтті сиырлар

100/15

65

Етті сиырлар

70

65

Бұқалар мен құнажындар

60/5

40

Бұзаулар

20/2

10

Тайыншалар

30/2

25

Өндіруші–айғырлар

70

45

Емізетін биелер

80

65

Биелер, аттар, 1,5 жастан асқан тайлар

60

50

1,5 жасқа дейінгі тайлар

45

35

Ересек қойлар

8

6

Тоқтылар

4

3

Қозылар жасанды өсіру мен бордақыда

3

2

Өндіруші-еркек шошқалар

25

10

Мегежіндер:







буаз және қысыр

25

12

өнімімен емшектегі

60

20

Енесінен айырылған төлдер

5

2

Толықтыру табынындағы жас малдар

15

6

Бордақыдағы шошқалар

15

6

Тауық:







ересек жұмыртқалы тұқымды

0,46

0,27

ересек етті тұқымды

0,51

0,3

балапан

0,25-0,37

0,15-1,23

Күркетауықтар:







ересек

0,65

0,46

балапан

0,35-0,67

0,23-0,45

Үйректер:







ересек

2,64

1,65

балапан

1,84-2,28

1,12-1,38

Қаздар:







ересек

2,47

1,5

балапан

1,44-2,16

1-1,5

Ә.2-кестенің жалғасы

1

2

3

Цесаркалар:







ересек

0,60

0,30

балапан

0,3-0,4

0,15-0,17

Қара күзендер

3

0,25/0,15

Түлкілер, бұлғындар

7

0,5/0,3

Қояндар:







Шедада

3

1/0,3

Қоян қорада

4

1/0,3

Су құндызы:







Сыртқы торлар мен қашада ұстағанда

235/7

0,75/0,5

Жабық қорада ұстағанда

10

2/1

Ескерту:

1 Екінші графада ірі қара мал үшін алымында жалпы су қажеттілігі, ал бөлімінде – ыстық су қажеттілігі берілген.

2 Аңдар үшін 2 графада бір аналыққа жалпы су қажеттілігі (аталық пен төлді қосқанда), 3 графада – алымында – негізгі табынның бір басына, бөлімінде – бір бас төлге берілген.

3 Елдің ыстық әрі құрғақ аудандарында судың шығын нормасы 25 %, ал аңдар үшін 50 % артады.

4 2 графада су тышқаны үшін алымында оларды бассеинде ұстағандағы су нормасы, ал бөлімінде –бассейнсіз ұстағандағы су нормасы берілген.



Б қосымша

(міндетті)

Б.3-кесте – Шөп сапасына қойылатын техникалық талаптар



Көрсеткіштер

Класстар сипаттамасы мен нормасы

1

2

3

Бұршақтұқымдас өсімдіктер мөлшері, % шөп үшін кем емес:

себілген бұршақтұқымдастар

себілген бұршақ- астықтұқымдастар


90

50



75

35



60

20



Астық және бұршақтұқымдас өсімдіктер мөлшері, %, шөп үшін кем емес:

себілген астықтұқымдастар

табиғи шабындықтар


90

80



75

60



60

40



Құрғақ заттың үлес салмағы, %, кем емес

17

17

17

Құрғақ затындағы шикі протеин мөлшері, %, кем емес, шөп үшін:

себілген бұршақтұқымдастар

себілген астықтұқымдастар

себілген бұршақ- астықтұқымдастар

табиғи шабындықтар


14

10



11

9


10

8



9

7


8

6



7

5


Құрғақ затындағы шикі өзек мөлшері, %, көп емес, шөп үшін:

себілген бұршақтұқымдастар

себілген астықтұқымдастар

себілген бұршақ- астықтұқымдастар

табиғи шабындықтар


27

28



27

28


29

30



29

30


31

33



32

33


Құрғақ затындағы каротин мөлшері, мг/кг, кем емес, шөп үшін:

себілген бұршақтұқымдастар

себілген астықтұқымдастар

себілген бұршақ- астықтұқымдастар

табиғи шабындықтар


30

20



25

20


20

15



20

15


15

10



15

10


Құрғақ затындағы шикі күл мөлшері, %, көп емес

0,3

0,5

1,0

Улы және зиянды өсімдіктер мөлшері, %, көп емес, шөп үшін:

себілген бұршақ, астықтұқымдастар, бұршақ- астықтұқымдастар

табиғи шабындықтар


--
0,5



--
1,0



--
1,0




В қосымша

(міндетті)

В.4-кесте – Сүрлем сапасына қойылатын техникалық талаптар



Көрсеткіштер

Сипаттамасы мен нормасы

1

2

3

Иісі

Жағымды жидек иісті, тұздалған жеміс иісті

Әлсіз бал иісі, сірке қышқылы иісі немесе жаңа піскен қарабидай наны иісі рұқсат етіледі

Құрғақ заттың үлес салмағы, %, кем емес

20

18

16

Құрғақ затындағы каротин мөлшері, мг/кг, кем емес

40

40

40

рН

3,7 – 4,4

3,7 – 4,4

3,6 – 4,4

Жалпы мөлшеріндегі сүт қышқылы, %, кем емес

50

50

40

Май қышқылы мөлшері, %, көп емес

0,1

0,2

0,3


Г қосымша

(міндетті)

Г.5-кесте – Пішендеме сапасына қойылатын техникалық талаптар



Көрсеткіштер

Сипаттамасы мен нормасы

1

2

3

Иісі

Хош жеміс иісті

Әлсіз бал иісі немесе жаңа піскен қарабидай наны иісі рұқсат етіледі

Түсі

Сұрғылт-жасыл, сары-жасыл, беде үшін сұрғылт-қоңыр түс рұқсат етіледі

Сұрғылт-жасыл, сары-жасыл, беде үшін ашық-қоңыр түс рұқсат етіледі

Құрғақ заттың үлес салмағы, %, кем емес, пішендемеде:

бұршақ және бұршақ-астық

астық және астық-бұршақ


40-55


40-60

40-55


40-60

40-55


40-60

Құрғақ затындағы шикі протеин мөлшері, %, көп емес, пішендемеде:

бұршақ және бұршақ-астық

астық және астық-бұршақ


16

14



14

12



12

10



Құрғақ затындағы шикі өзектің мөлшері, %, көп емес, пішендемеде:

бұршақ және бұршақ-астық

астық және астық-бұршақ


30

28



33

32



35

34



Құрғақ затындағы каротин мөлшері, мг/кг, кем емес

55

40

30

Құрғақ затында шикі күлдің болуы, %, көп емес

12

14

15

Май қышқылының мөлшері, %, көп емес

---

0,1

0,2


Д қосымша

(міндетті)

Д.6-кесте – Сұлы дәнінің сапасына қойылатын техникалық талаптар



Көрсеткіштер

Сипаттамасы мен нормасы

Түсі

Сұлының қалыпты дәніне тән, қарайған түс рұқсат етіледі

Дәннің сипаттамасы

Дән дөңгелек, ұзынша, толық, цилиндрлі дерлік, алмұрт немесе ұзынша жіңішке пішінді

Ылғалдылығы, %

17

Натура, г/л

460

Арамшөп қоспасы мөлшері, % көп емес

Оның ішінде:

Ұсақ жұмыр тастар

Зиянды қоспасы

Оның ішінде зинды қоспасы:

Қаракүйе


Қызғылт укекіре, укекіре-ақмия, арамтұмсық (жиынтығы бойынша)

Шегіршін


Жұрындалған жемісті гелиотроп

Ақбас триходесма



8,0
1,0

1,0
0,5


0,1

0,1


0,1

Рұқсат етілмейді



Дән қоспасының мөлшері, %

Оның ішінде өнген дәндер, көп емес



15,0

5,0


Астық қамбасының зиянкестерімен зақымдалуы

Кенемен зақымдалудан басқасы рұқсат етілмейді


Е қосымша

(міндетті)

Е.7-кесте – Арпа дәнінің сапасына қойылатын техникалық талаптар



Көрсеткіштер

Сипаттамасы мен нормасы

Түсі

Арпаның қалыпты дәніне тән, қарайған түс рұқсат етіледі

Иісі

Арпаның қалыпты дәніне тән, не борсымаған, мия, көк, бөгде иіссіз

Күйі

Сау, қызбаған

Ылғалдылығы, %

17

Арамшөп қоспасы мөлшері, % көп емес

Оның ішінде:

Ұсақ жұмыр тастар

Зиянды қоспасы

Оның ішінде зинды қоспасы:

Қаракүйе


Қызғылт укекіре, укекіре-ақмия, қандауыр тәрізді термопсис (жиынтығы бойынша)

Шегіршін


Жұрындалған жемісті гелиотроп

Ақбас триходесма



8,0
1,0

1,0
0,5


0,1

0,1


0,1

Рұқсат етілмейді




Дән қоспасының мөлшері, %

Оның ішінде өнген дәндер, көп емес



15,0

5,0


Астық қамбасының зиянкестерімен зақымдалуы

Кенемен зақымдалудан басқасы рұқсат етілмейді


Ж қосымша

(міндетті)

Ж.8-кесте – Шошқаларға арналған құрама жемнің сапасына қойылатын техникалық талаптар (орташа деректер)



Көрсеткіштер

Сипаттамасы мен нормасы

Сыртқы түрі, түсі мен иісі

Берілген құрама жемнің ингредиенттері жиынтығына сәйкес көк және шірік иіссіз. Құрам жемге антибиотик қосылса, берілген антибиотикке тән иіс рұқсат етіледі

Ылғалдылығы, %

14,5

Ірілігі:

диаметрі 3 мм болатын електегі қалдығы, %, көп емес

диаметрі 5 мм болатын електегі қалдығы

5,0 – 12,0


Рұқсат етілмейді

100 кг құрама жемдегі азық бірлігінің үлес салмағы, кем емес

85 – 100

Шикі протеиннің үлес салмағы %, кем емес

11,0 – 18,0

Шикі өзектің үлес салмағы, %, көп емес

7,0 – 10,0

Металл қоспаларының болуы, көп емес

шеті мен ұштары ұшкір металл бөлшектер

1 кг құрама жемдегі өлшемі 2 мм дейінгі металл бөлшектер, мг, көп емес

оның ішінде 0,5 до 2 мм болатын бөлшектер, мг, көп емес


Рұқсат етілмейді

10 – 30
4 - 10


Құм мөлшері, % көп емес

0,3 – 0,7

Зиянды қоспалардың үлес салмағы:

Дән талдауы бойынша құмық, үйбидайық пен қастауыш, %, көп емес

Қаракүйе

Кекіре мен шегіршін

Жұрындалған жемісті гелиотроп пен

ақбас триходесма



0,25


Рұқсат етілмейді

Рұқсат етілмейді


Рұқсат етілмейді

Бүтін дәндердің үлес салмағы, %, көп емес

оның ішінде жабайы өсімдіктердің тұқымдары, %, көп емес



0,3 – 0,5
0,1

1 кг құрама жемнің астық қамбасының зиянкестерімен зақымдалуы, дана, көп емес

5




И қосымша

(міндетті)

И.9-кесте – Бидай кебегінің сапасына сапасына қойылатын техникалық талаптар



Көрсеткіштер

Сипаттамасы мен нормасы

Түсі

Қызыл-сары сұр реңді

Иісі

Борсымаған, көк иісті емес және бөгде иіссіз

Дәмі

Ащы немесе қышқыл дәмсіз

Ылғалдылығы, %

15

Зиянды қоспалардың болуы, %

оның ішінде: кекіре мен шегіршін

Құмық мөлшері %, көп емес

Гелиотроп пен триходесманың тұқымы қоспасының болуы



0,05

0,04


0,10

Рұқсат етілмейді



Металл қоспаларының болуы, көп емес

шеті мен ұштары үшкір металл бөлшектер

1 кг кебекте өлшемі 2 мм болатын металл бөлшектер, мг, көп емес

оның ішінде 0,5 до 2 мм болатын бөлшектер, мг, көп емес



0,5
0,1


0,1

Астық қамбасының зиянкестерімен зақымдалуы

Кенемен зақымдалудан басқасы рұқсат етілмейді


К қосымша

(міндетті)

К.10-кесте – Күнбағыс жымығы мен шротының сапасына қойылатын техникалық талаптар



Көрсеткіштер

Сипаттамасы мен нормасы

Жымық

Шрот

Түсі

Ашықтан күңгірт қоңырға дейін

Иісі

Жағымды, өсімдік майы иісі, борсыған емес, көк иісті емес және бөгде иіссіз

Ылғалдылығы, %, кем емес

8

7,0 – 9,5

Абсолютті құрғақ затқа есептегенде шикі май мен экстрактивті заттар, % көп емес

7

1,5

Абсолютті құрғақ затқа есептегенде шикі протеин, % кем емес

44,0

45,0

Абсолютті құрғақ затқа есептегенде қауызы, % көп емес

15,5

16,5

Абсолютті құрғақ затқа есептегендегі күлі

1,0

1,5

Бөгде қоспалардың болуы (тас, шыны, топырақ)

Рұқсат етілмейді

Рұқсат етілмейді

Металл қоспаларының болуы, көп емес

шеті мен ұштары ұшкір металл бөлшектер

өлшемі 2 мм дейінгі металл бөлшектер

өлшемі 2 мм үлкен металл бөлшектер



Рұқсат етілмейді

0,01


0,001

Рұқсат етілмейді

0,01


0,001

Еріткіштің қалдық мөлшері, % көп емес

---------

0,1


Л қосымша

(міндетті)

есте – Зиянды және улы өсімдіктер

Өсімдіктер

Әсер ету бастамасының шоғырлануы

1

2

I топ: Қатаң, жеуге жарамсыз өсімдіктер

Тікенекті сарықалуен

Үшжапырақты вахта

Шайқурай

Бөріаяқ


Қамыс

Қау


Тікеншөп

Кәдімгі сиякөк

Жуа, сарымсақ

Сақаушөп (қансигек)

Мүктер

Қияқөлең


Ұсақ жусан

Шаңжапырақ

Шегіршін жапырақты тобылғы

Ақселеу


Түйетікен

Қымыздық


Мысыққұйрық

Қырықбуындар






II топ: Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін өсімдіктер

Қозу белгілерін тудыратын өсімдіктер

Белладонна

Қара меңдуана

Нағыз меңдуана

Жабайы көкнәр

Сүйелшөп


Жапырағы, тамыры

Жапырағы


Сабағы, жапырағы

Тұқымдық қорапшалары

Тамыры


Жабығу және салдану белгілерін тудыратын өсімдіктер

Улы аконит
Улы вех

Омежник


Сырғақ

Таврия жусаны



Бүкіл өсімдік, соның ішінде тамыр түйнектері

Бүкіл өсімдік, әсіресе тамыры

Сол мүшелері

Сол мүшелері

Бүкіл өсімдік, сабаны








Л.11-кестенің жалғасы

1

2

Жабығу және салдану белгілерін тудыратын өсімдіктер

Әлекшөп

Теңбіл болиголов

Баттауық

Итжелкек


Виршния темекісі

Қырықбуындар

Укекіре

Үйбидайық



Кәдімгі жүрекше

Тегеурінгүл



Бүкіл өсімдік, әсіресе тамыры

Бүкіл өсімдік, әсіресе тұқымы

Жапырағы, сабағы

Сол мүшелері

Сол мүшелері

Шөбі


Сабағы, гүлі

Тұқымы дәнді азықтарда

Бүкіл өсімдік, әсіресе тұқымы

Бүкіл өсімдік



III топ: Негізінен асқорыту мүшелерінің зақымдалуы белгілерін туғызатын өсімдіктер

Улы сарбасқурай

Кәдімгі сүттіген

Қара алқа

Шалғындық супияз

Құмық

Майкене


Қалтагүл

Сарғалдақтар

Орман желайдары

Шалғындық құндызшөп

Тілік құндызшөп


Барлық жасыл бөлігі, сабаны

Өсімдіктің барлық жасыл бөлігі

Барлық жасыл бөлігі, жемісі

Өсімдіктің барлық жасыл бөлігі

Тұқымы

Тұқымы


Өсімдіктің жасыл бөлігі, гүлі

Сол мүшелері

Сол мүшелері

Сол мүшелері

Сол мүшелері


IV топ: Тыныс алу және асқорыту мүшелерінің зақымдалуы белгілерін туғызатын өсімдіктер

Егістік қыша

Орман сарбасы

Талтақ ақбас

Жабайы шалқан

Екпе шытыр

Рапс


Ошаған

Қышабас


Жасыл бөлігі, сабаны, тұқымы

Сол мүшелері

Сол мүшелері

Сол мүшелері

Сол мүшелері

Тұқымы, жымығы

Сол мүшелері

Сабағы, гүлі, тұқымы



Л.11-кестенің жалғасы

1

2

V топ: Зат алмасуына әсер ететін өсімдіктер

Терінің күнге сезімталдығын туғызатын өсімдіктер

Егістік қарақұмық

Сарбасқурай

Кәдімгі сарысояу

Кәдімгі шайқурай

Беде

Ақ көкбек



Егістік жоңышқа

Қабыршақшөп

Егістік тары

Құмқайыр


Екпе эспарцет

Райграс


Жасыл бөлігі, әсіресе сабаны

Сол мүшелері


- // -

- // -


- // -

- // -


- // -

- // -


- // -

- // -


- // -

- // -


Ұлпалық тыныс алуға әсер ететін өсімдіктер

Ешкісабақ

Беде


Егістік зығыры

Мүйізді лотос

Жарма

Сиыржоңышқа



Итқонақ

Құмай


Судан шөбі

Тұқымы

Өсімдіктің жасыл бөлігі, тұқымы

Сол мүшелері

- // -


- // -

- // -


- // -

- // -


- // -

Тұз алмасуына әсер ететін өсімдіктер

Қышқыл қымыздық

Кәдімгі саумалдық



Өсімдіктің жасыл бөлігі

Сол мүшелері



VI топ: Жүрек пен қантамырлар зақымдалуы белгілерін туғызатын өсімдіктер

Інжугүл

Оймақгүл


Көктемгі жанаргүл (адонис)

Қарғакөз


Ақ нарцисс

Олеандр


Сары түйежоңышқа

Жапырағы

Жапырағы, гүлі

Сабағы, жапырағы, гүлі, құрғақ шөбі

Сабағы, жапырағы, жидегі

Бүкіл өсімдік

Жапырағы


Сабағы, жапырағы, шөбі

Л.11-кестенің жалғасы

1

2

VII топ: Бауыр зақымдалуы белгіліерін туғызатын өсімдіктер

Көк люпин

Сары люпин

Якоб бақалағы

Кәдімгі бақалақ



Сабаны

Тұқымы


Сабағы, жапырағы

Сабағы, тамыры



VIII топ: Фитоэстрогендері бар өсімдіктер

Таспалар

Теңбіл болиголов

Сосновский аюбалдырғаны

Дуал шырмауығы

Азықтық бұршақ

Ақ түйежоңышқа

Картоп

Беде


Жүгері

Жоңышқа


Құс алқасы

Күнбағыс


Сүйекжемісті аққурай (құмқайыр)

Жалаң мия

Мәдени соя

Құлмақ


Сабағы, жапырағы

Сол мүшелері

- // -

- // -


Сабағы, жапырағы, тұқымы

Сол мүшелері

Жемісі, өркендері

Жапырағы


Жапырағы сабағы

Сол мүшелері

Жапырағы, жемісі

Жапырағы, бастары

Сол мүшелері

- // -


- // -

Жапырағы, гүлі



IX топ: Буаз аналықтарда түсік белгілерін туғызатын өсімдіктер

Егістік дәрменесі

Үлпілмәлік (майкене)

Европа құсықшөбі

Арша


Қара алқа

Үйбидайық

Арамсояу

Рапс


Жапырағы, гүлі, тұқымы

Сол мүшелері

Сол мүшелері

Жапырағы, тұқымы

Жапырағы, жемісі

Сол мүшелері

Жапырағы

Жымығы


X топ: Тұзды өсімдіктер

Аюбалдырған

Орман сораңы

Жағалау құлқайыры

Төбесораң

Ақсора

Шөптесін бұзаубас сораң



Сораң

Жапырағы, сабағы

Жапырағы


Жапырағы, сабағы

Сол мүшелері

Сол мүшелері

Сабағы


Сол мүшелері




Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет