№ исх: 36-01-05/2477 от: 22. 12. 2015 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының



бет8/15
Дата06.07.2018
өлшемі3,7 Mb.
#48073
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

2.2.2. Әлеуметтік сала

Демографиялық потенциал

Оңтүстік Қазақстан облысы туылу деңгейі жоғары, тұрғындар тығыз орналасқан аймаққа жатады. 2007 - 2009 жж. тұрғындар 98,0 мың адамға немесе 4,2 % артқан және 2429,5 мың адамды құраған. Тұрғындар санының жыл сайынғы өсімі орта шамамен 2,0 % құрайды. Жалпы саннан қалалық тұрғындардың саны 37,5 % (912 мың адам), ауылдық – 62,5% (1517,5 мың адам). Қалалық жерлерде тұрғындардың 1000 адамына 30,2 туылу, ауылдық жерде – 29,9 туылу келеді.

2009 жылы 20,9 мың неке қию және 2,6 мың ажырасу тіркелген (2005 жылмен салыстырғанда тиісінше 22,4 % және 29,0 % өсімі байқалады).

2011 – 2012 жж. тұрғындар 56,4 мың адамға немесе 2,2 % артқан және 2676,3 мың адамды құраған. Жалпы саннан қалалық тұрғындардың саны 39,1% (1 047,5 мың адам), ауылдық – 60,8 % (1 628,8 мың адам). Қалалық жерлерде тұрғындардың 1000 адамына 30,2 туылу, ауылдық жерде – 29,9 туылу келеді. 2012 жылы 22,7 мың неке қию және 3,4 мың ажырасу тіркелген.

Облыс бойынша 2013 жылы халық саны 2766,9 мың адамды құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 52,9 мың адамға немесе 1,9 % артты. 2014 жылғы көрсеткіш бойынша қала халқының саны 1088,5 мың адам, ауыл халқының саны 1678,4 мың адамды құрады. 2014 жылы 1000 адамына шаққанда 29,9 - туылу, 5,67 - өлгендер, 24,23 - табиғи өсімді көрсетеді. 2013 жылы 9,7 мың неке қию және 1,58 мың ажырасу тіркелсе, 2014 жылы 8,32 мың неке қию және 1,57 мың ажырасу тіркелген.
Денсаулық сақтау

Демографиялық жағдайдың оң өзгерістеріне қарамастан ана мен нәресте өлімнің көрсеткіштері әлі де тұрақтанбай тұр. Ана өлімінің көрсеткіші 2005-2007 жылдар аралығында 100 мың тірі туылған нәрестелерге шаққанда 36,1-дан 56,1-ге дейін өсіп отыр. Бұл көрсеткіш 2011-2013 жылдар аралығында 39,3 % дейін төмендеген. Қазақстан Республикасында ана мен бала өлімін азайту жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған салалық Бағдарламасын жүзеге асыру ана өлімінің көрсеткіштерін 100 мың туылған нәрестелерге шаққанда 37,8-ге дейін төмендеуге жағдай жасады. 2011 жылы өлім орны бойынша 13 әйел қайтыс болды, көрсеткіш - 16,8 %. 2012 жылы - 16 әйел қайтыс болды, көрсеткіш - 20,6 %, 2011 жылмен салыстырғанда 18,4 % өскен. 2012 жылы ана өлімінің көрсеткішін 100 мың тірі туылған нәрестелерге шаққанда 20,6 дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2013 жылы 8 әйел қайтыс болды, көрсеткіш-10,2 %, 2012 жылмен салыстырғанда 50,5 % төмендеді. Мекен жайы бойынша - 10 жағдай, көрсеткіш - 12,8, 2012 жылмен салыстырғанда 44,8 % төмен. 2014 жылы 12 әйел қайтыс болды, көрсеткіш – 15,2%, 2013 жылмен салыстырғанда 49% жоғарылаған. Мекен - жайы бойынша – 12 жағдай көрсеткіш – 15,2%, 2013 жылмен салыстырғанда 18,7% жоғарылаған.

2014 жылы ана өлімі себептерінің 4-де жүкті әйелдердің ми қанайналымының туа бұзылуынан болды.
Нәресте өлімінің көрсеткіші

2008 жылы республика көлемінде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының тірі және өлі туу критерийлерін енгізуіне байланысты, 2005 жылы 1000 тірі туылған нәрестелерге шаққанда 15,9-дан 2008 жылы 25,56-ға дейін, 60,8% өсуге ықпал жасады. 2009 жылы 20,98-ден 2013 жылы 13,1-ге дейін, 37,6% төмендеді.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, еңбек жасындағы тұрғындардың шығыны көп жағдайда қан айналымы жүйесінің органдары, қант диабеті сияқты жұқпалы емес аурулардан себебінен болуда. Осыған қарамастан, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының өмір сүру деңгейі 2005 жылдағы 67,36-дан 2009 жылда 69,49-ға жетті, 2011-2013 жылдары 69,86–дан 70,69 - дейін жоғарлады, алайда, туберкулез, қатерлі ісік аурулары әлі де жоғары көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік бермей отыр.

2011-2014 жылдары 69,86–дан 70,88 - дейін жоғарлады, алайда, туберкулез, қатерлі ісік аурулары әлі де жоғары көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік бермей отыр.



Қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім 2011жылы 168,58-ге; 2012 жылы 137,31-ге; 2013 жылы 111,45-ке төмендеді, жарақаттанудан өлім-жітім үш жылда 67,99–дан 65,56–дейін төмендеді, онкопатологиядан 54,92-тен 52,92-ге дейін төмендеді. Облыс халқының арасында профтексеру, скринигтер, санитарлы-ағартушылық жұмыстардың сапасы жақсарды. Әсіресе, 16-62 жас аралығындағы жұмысқа жарамды тұлғалар жалпы көлемнің едәуір бөлігін құрайды. ОҚО-да 2007-2009 жылдарға арналған кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту Бағдарламасының бекітілуі мен жүзеге асырылуы арқасында 2008 жыл мен 2009 жыл аралығын салыстырғанда өлім-жітім көрсеткіші 17,4 %, 2011 - 2013 жылдар аралығын салыстырғанда 36,2 % төмендеп, 100 мың адамға шаққанда 276,2-ні құрап, 2011-2013 жылдары 168,58-ден 111,45-ге дейін төмендеді (2007 ж-343,2, 2008 ж-334,3). Стационарларда миокардтың жедел инфактынан өлу көрсеткіші 1990 жылы 16,9 % 2009 жылы 9,8 % құрауына қарамастан, стационарға дейінгі этапта төмендемеуде. Көрсетілген көрсеткіш жалпы өлім-жітім көрсеткішісінің құрылымында 1 орында алады.

2011 - 2014 жылдар аралығын салыстырғанда 37,3 % төмендеп, 100 мың адамға шаққанда 274,18-ді құрап, 2011-2014 жылдары 168,58-ден 105,6-ге дейін төмендеді (2007 ж-343,2, 2008 ж-334,3). Стационарларда миокардтың жедел инфарктынан өлу көрсеткіші 1990 жылы 16,9 % 2009 жылы 9,8 % құрауына қарамастан, стационарға дейінгі этапта төмендемеуде. Көрсетілген көрсеткіш жалпы өлім-жітім көрсеткішісінің құрылымында 1 орында алады.

Қан айналымы ауруларынан өлім-жітімнің динамикалық төмендеуі соңғы үш жылда профтексерулердің сапасының жақсаруынан, уақытылы анықталып, диспансерлік есепке алу (97 пайыз). Уақытылы жақсарту шараларын жүргізу, ЖМК госпитальға дейінге кезеңде тромболизис жүргізу («Актилизе» препаратын 621 науқасқа енгізді), тегін дәрілермен қамтамасыз ету, жоғары технологиялық араласуларды ендіру: жіті коранарлы жетіспеушілікте кезінде және жіті инфаркт миокарды стентирлеу жүргізу (2681 стентирлеу), уақытылы оперативтік араласуларды жүргізу ( аорто-корарлы шунтирлеу 502 ауруға жүргізу. Жарақаттану, жазатайым оқиғалар мен улану көрсеткіштерінің 2005 жылы 95,0-ден 2009 жылы 75,2-ге төмендеуіне қарамастан жалпы өлім-жітім құрылымында екінші орынға ие, 2011 - 2013 жылы 8,1 % төмендеді. 2011 жылы 67,99, 2012 жылы 10,8 % төмендеп, көрсеткіш 60,64, 2013 жылы 8 % өсті, көрсеткіш 65,56, 2014 жылы 0,85% төмендеп, көрсеткіш 65,00 құрады. Жарақаттану арасында өлім-жітімнің көбею тұрмыста және өндірісте қауіпсіздік шараларының сақталмауы, автотранспортын 81,6 % көбейді. Үшінші орынды қатерлі ісік аурушаңдығы 2009 жылы көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 96,8-ды, бұл республикалық көрсеткіштен 1,8 есеге төмен (182,6) құраған, 2011 жылы 100 мың адамға шаққанда 98,7-ды, бұл республикалық көрсеткіштен 1,8 есеге төмен (183,0) құраған. 2012 жылы көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 93,3, бұл республикалық көрсеткіштен 2,1 есе төмен (190,6). 2013 жылы көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 98,6 құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 2,0 есе төмен (193,9). 2014 жылы көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 99,2 құрады. Тұрғындардың өлім-жітімі 2005 жылдан 100 мың тұрғынға шаққанда 61,45 –тен 2009 жылы 56,6-ға дейн төмендеп, тұрақтанды (ҚР-сында 2005ж-114,3, 2009ж-111,76) 2011 жылы - 54,92, 2012 жылы - 54,0, 2013 жылы - 52,92-ге, 2014 жылы – 53,9-ға дейін төмендеді.

Төртінші орынды қант диабетіне шалдыққандар құрады. Қант диабетіне шалдыққандар санының 2005 жылда 17152-ден 2009 жылы 23758 адамға көбейгені анықталып отыр. 2011 жылы - 127,5; 2012 жылы - 131,4; 2013 жылы - 131,5; 2014 жылы -123,6 көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда. 2008-2009 жылдар аралығында қант диабетіне шалдыққандар мың адамға шаққанда аурушаңдық көрсеткіштері 830,5-тен 992,7-ге дейін өсіп, қалқанша безінің ақауы 1940,2-ден 2043,0-ге дейін, гипофизарлы нанизм - 20 %, ал балалардың ерте есею аурушаңдығы 15 % өсті.

2005-2009 жылдара аралығында туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып отыр. Аурушаңдық көрсеткіші 20,6 % төмендеп, 2005 жылы 100 мың адамға шаққанда 98,4-ден 2009 жылы 78,1-ге, 2011 жылы 67,1; 2012 жылы 63,0; 2013 жылы 59,5-ке; 2014 жылы 56,6-ға дейін төмендеді. Алғашқы анықталғандар арасында туберкулездің асқынған түрлері 72,9 % төмендеді. Өлім-жітім көрсеткіші 2005 жылы 100 мың адамға шаққанда 10,8-ден 2009 жылы 9,6-ға немесе 7,4 %, 2011 жылы 100 мың адамға шаққанда 6,0; 2012 жылы-5,0; 2013 жылы-3,9 - 100 мың адамға шаққанда 6,0-ден 3,9 төмендеді; 2014 жылы – 3,8 көрсеткіш, 100 мың адамға шаққанда 6,0-ден 3,8 төмендеді. Өлім-жітімнің негізгі себебіне, туберкулез процессінің созылмалы түрге айналуы мен дәрі-дәрмекке тұрақтылығы себеп болуда.

Жүйке аурулары бұзылуларымен есепте тұрғандардың санының өсуі байқалуда. 2005 жылы 24469 науқастан 2009 жылы 29858-ге өскен ( ауылды жерлерде - 15400), Психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуларымен сырқаттанушылық 2011 жылы-118,1; 2012 жылы -95,2; 2013 жылы -90,1 100 мың тұрғынға шаққанда 118,1-ден 90,1-ге; 2014 жылы-71,9 100 мың тұрғынға шаққанда 118,1-ден 71,9-ға дейін төмендеген.

Олардың ішінде, әйелдер - 13246, ерлер - 8907, балалар мен жасөспірімдер - 7705-ті құраған.

2014 жылы олардың ішінде, әйелдер - 11522, ерлер - 9196, балалар мен жасөспірімдер - 7477-ті құраған.

ВИЧ-инфекциясы тіркелінген уақыттан бері облыста (1993 ж.) 2010 жылдың 1 қаңтарына 1691 адам, 2014 жылдың 1 қаңтарына 2375 адам анықталып, СПИД диагнозы 113, 2014 жылы 159 тіркелініп, оның 46-сы, 2014 жылы 68-і қайтыс болды.

ВИЧ-инфекциясы тіркелінген уақыттан бері 2015 жылдың 1 қаңтарына 2558 адам анықталып, СПИД диагнозы 2014 жылдың қорытындысымен 185 тіркелініп, оның 73-і қайтыс болды.

«ОҚО-дағы ЖҚТБ/ АҚТҚ- жұқпасының алдын алу және емдеудің 2007-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының» іске асыру арқылы АҚТҚ-жұқпасының концентрациялық сатыда таратылуы тұрақтандырылды (орташа республикалық көрсеткіш 1,1 %, 2014 жылы 0,6 %, ал, ОҚО-да өткен жылдары 0,2 %, 2014 жылы 0,1 % болып отыр).

Профилактикалық іс-шаралардың өткізілуіне қарамастан, жыныстық жолмен таралатын жұқпалармен аурушаңдық 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 9,2 % өскен, 2012 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 251,6-дан 243,5-ке дейін төмендеді. 2009 жылы соз (гонорея) ауруына шалдыққандар саны көбейді, 2005 жылы 100 мың халыққа шаққанда 88,1–ді құраса, 2009 жылы 63,0-ды құрады. Бұл көрсеткіш 2011 жылы - 39,0, 2012 жылы - 30,3, 2013 жылы - 21,9, 2014 жылы - 24,8 төмендеген. Сифилиске шалдыққандардың жалпы санының 80,2 %, 2011 жылы 20,3 %, 2012 жылы - 24,2, 2013 жылы - 28,9 %, 2014 жылы - 21,28% 18-45 жастағы еңбекке жарамды халық құрады.

Бүгінгі таңда облыста балалар стоматологиялық қызметін дамыту қажет. Профилактикалық тексеру нәтижесінде 2009-2011 жылдар ішінде балалар арасында тіс жегісінің таралуы 65-70 % құраса, аудандарда 80-85 % құрайды. 2012 жыл ішінде қалада балалар арасында тіс жегісінің таралуы 64,5-70 % құраса, аудандарда бұл көрсеткіш 79,5-85% құрайды, 2013 жылы 64-69,5 %, бұл көрсеткіш аудандарда 79-84,5 % құрайды, 2014 жылы 64-69%, бұл көрсеткіш аудандарда – 76-82% құрайды.

Халық денсаулық деңгейінің төмендеу себептерінің бірі ақпараттық жұмыстарының жеткілікті жүргізілмеуі, салауатты өмір салтын ұстау, аурудың алдын алу, дұрыс тамақтану мәселесі бойынша халықтың қызығушылығын тұдыру. Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене шынықтыру жүйесін дамыту мақсатында «Салауатты өмір салты» 2008-2016 жылдарған арналған мемлкеттік бағдарламасы іске асырылуда. Зерттеулерді жүргізу нәтижесінде 2009 жылы облыстың халқы арасында темекі шегуінің таралуы мен алкоголизмнің таралуы 21% және 16,4 %, сәйкесінше 2013 жылы 19,5% және 15,0% құрады. 2014 жылы темекі шегуінің таралуы мен алкоголизмнің таралуы 18,7 және 14,5 % құрады. Әртүрлі жастағы топтар арасында шылым шегу деңгейі байқалады, тек қана кіші жастағы топтар арасында шылым шегушіліктің таралуы қауіп төндірумен қатар, әйелдер мен қыздар арасында шылым шегушілік саны көбеюде.

2005 жылы шылым шегетін әйелдер мен ер адамдар арасында 1-ге 5 құраған. Темекі шегетін әйелдердің ең жоғарғы деңгейі 18-19 жас (20 %) және 20-29 жастағы (17,2 %) топтар арасында байқалады.

Облыс үшін өзекті мақсаттардың бірі – санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру болып саналады. Вирустық гепатитпен «В» аурушаңдық көрсеткіш 2005 жылы 170,0 болса, 2009 жылы 92,9 –ке дейін төмендеді, 2011 жылы 13,83 болса, 2013 жылы 35,7 құрады, ал жіті ішек аурулары 2009 жылы 232,0 (2005 жылы - 262,53), 2011 жылы 171,3-тен

2013 жылы 111,71-ге дейін төмендеген, бруцеллез 2009 - 28,3 (44,3) болған, 2011 жылы - 17,84-тен 2013 жылы 16,11-ге дейін төмендеген. 2 жастағы балаларға вакцина егудің арқасында «А» вирустық гепатитпен аурушаңдық көрсеткіші төмендеді. Бұл көрсеткіш 2005 жылы 166,86 болса, 2009 жылы 89,9-ды құрады, 2011 жылы 29,52 болса, 2013 жылы 6,76-ға 2014 жылы 5,84-ке дейін төмендеді.

Жергілікті атқарушы органдардың тиісті бағдарламаларды іске асыруы арқылы су құбырлары суымен қамтамасыз етілген халық саны көбейді, 2008 жылы 68,3 % қамтылса, 2009 жылы тұрғындардың 76,5 %, 2014 жылы 84% қамтамасыз етілді.

Құтыруға шалдығу бойынша қиын жағдай әлі де сақталынуда, аурушаңдық деңгейі 2006 жылы 0,13-тен 2009 жылы 0,4-ке дейін өсті, 2011 жылы 3 жағдай тіркелген, 2013 жылы 1 жағдайға дейін төмендеген. 2014 жылы құтыру жағдайлары тіркелмеді. Конго-қырым қанды безгегінің тіркеу тенденциясы да байқалуда. 2007 жылы тіркелінген 2-5 жағдайдан, 2009 жылы 22 жағдайға өскен, 2011 жылы тіркелінген 10 жағдайдан, 2013 жылы 5 жағдайға дейін төмендеп, 2014 жылы 8 жағдай тіркеліп отыр. Аурушаңдықтың өсуіне малдармен бірге кенелердің таралу шекарасының кеңеюі бірден бір себеп болуда.

Тұрғындардың денсаулығы мен өлім - жітім көрсеткіштеріне, дәрігер кадрлардың жетіспеушілігі, кәсіби дайындығы сапасының төмендігі, кәсіби білімнің үздіксіз жүйесінің жоқтығы кері әсерін тигізуде. 2010 жылы облыс тұрғындарына медициналық көмекті 17 197, 2013 жылы 31 598 медициналық қызметкерлер, оның ішінде 6539 дәрігер, 2013 жылы 8701 дәрігер, ауылды жерлерде 2121 дәрігер, 2013 жылы 2619 дәрігер қызмет атқарады. 18 169 орта буын медицина қызметкері болса, 2013 жылы 28897, оның ішінде 8537, 2013 жылы 7688-і ауылды жерлерде қызмет атқарады. 2014 жылы облыс тұрғындарына медициналық көмекті 29 968 медициналық қызметкерлер, оның ішінде 7532 дәрігер, 21650 орта буын медицина қызметкерлері қызмет атқарады. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтылуы 26,9 (ҚР- 30,5), 2013 жылда 31,8 (ҚР- 39,2), 2014 жылы 27,6 (ҚР- 39,2), ауылды жерлерде 13,9 болған, 2013 жылы 15,7 болды, орта буын медицина қызметкерлерімен қамтылуы 56,26-ны, 2013 жылы 46,2-ні, 2014 жылы 82,1-ді құраған. Дәрігерлермен жасақталу орта буын медицина қызметкерлерімен жасақталу 95,93 % құрады. Медициналық ұйымдарды педиатрлар, анестезиолог-ренаиматолог, жедел жәрдем көмекгі дәрігерлері, неонатологтар, балалар кардиоревматологы, аймақтық терапевтер мен педиатрлар, паталоганатомдармен қамтамасыз ету үлкен мәселе болуда. Жергілікті атқарушы органдарымен әлеуметтік пакет беру арқылы аулыды жерлерге жас мамандарды тарту жұмысы, облыстағы кадрлардың жетіспеушілігін толық жаппай отыр. 2005 жылы мен 2009 жыл аралығында жалпы саны 1461 жас мамандардың 234-і немесе 16 % 93,8 млн. теңгені, 2011 жылы мен 2013 жыл аралығында жалпы саны 315 жас мамандардың 355,7 млн. теңгені, 2014 жылы 125 жас маман әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіліп 111 509,0 мың теңгені құрады.

Дәрілік заттарға жеткіліксіз қолжетімділік пен сапа медициналық көмек сапасы деңгейінің нашарлығымен түсіндіріледі. 2005 жылдан бастап амбулаториялық деңгейде халықтың жекелеген санаттарын, сондай-ақ айқындалған ауру түрлерінің тізбесі бойынша науқастарды дәрі-дәрмекпен жеңілдікті шарттармен қамтамасыз етудің енгізілуі халықтың емделуге бетбұрысын жақсартуға жетуге, науқастарды амбулаториялық кезеңде емдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Алайда жыл сайын амбулаториялық кезеңде дәрілік заттар жеңілдікті және тегін босатылатын аурулар тізбесінің кеңейгендіктен, осы мақсаттарға қаражат жеткіліксіз бөлінеді.

Халықты және медициналық ұйымдарды дәрілік қамтамасыз етуді фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар 860 объекті, 2013 жылы 1249 объекті іске асырады. Мемлекеттік медицина ұйымдарының құрылымында 27 дәріхана, 2013 жылы 66 дәріхана бар. 749 бастапқы медициналық-санитарлық көмек объектілерінің 179-да дәрілік заттарды сатуды ұйымдастыру қажет, 570 объектінің дәріханалары бар, қалған 148 елді мекендерде бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдары арқылы медикаменттерді сатуды ұйымдастырудың қажеттілігі жоқ, өйткені бұл елді мекендер көршілес жатқан елді мекендермен қосылып кеткен.

Халықты және медициналық ұйымдарды дәрілік қамтамасыз етуді фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар 2014 жылы 1487 объекті іске асырады. Мемлекеттік медицина ұйымдарының құрылымында 2014 жылы 66 дәріхана бар. 738 бастапқы медициналық-санитарлық көмек объектілерінің 179-да дәрілік заттарды сатуды ұйымдастыру қажет, 571 объектінің дәріханалары бар, қалған 147 елді мекендерде бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдары арқылы медикаменттерді сатуды ұйымдастырудың қажеттілігі жоқ, өйткені бұл елді мекендер көршілес жатқан елді мекендермен қосылып кеткен.

Денсаулық сақтаудың өзекті бір проблемасы ретінде тұрғындардың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігі мен оның сапасы жатады. Медициналық ұйымдарды медициналық көмекті көрсетудің халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін медициналық ұйымдардың қызметін айқындау бойынша шаралар жүргізілді. Алға қойған міндеттерге жету үшін ішкі аудит мен сыртқы тәуелсіз экспертиза қызметтері құрылды (11 эксперт).

Облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті 2005 жылдан 2,5 есеге өсіп, 40,2 млрд. теңгені құрады, 2013 жылы 2011 жылдан 1,7 есеге өсіп, 65,789 млрд. теңгені құрады, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілденген көлемінің шығынына 13,7-ден 33,9 млрд. теңгеге артты, 2013 жылы 2011 жылдан 34,5-тен 54,7 млрд. теңгеге артты. ТМККК аясында бастапқы медициналық-санитарлық көмекті көрсету 2009 жылы 39,1 пайызды, 2013 жылы 39,2 % құрады. Облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті 2011 жылы 43,95 млрд. теңгеден 2014 жылдан 1,6 есеге өсіп, 70,84 млрд. теңгені құрады.

Позитивті өзгерістерге қарамастан аймақты қаржыландыру әлі де жеткіліксіз болуда. Жыл сайын бөлінетін қаржының ұлғаюына қарамастан Оңтүстік Қазақстан облысында 1 адамға шаққандағы қаржыландыру көрсеткіші 2009 жылы 18 727 теңгені, 2013 жылы 24 582 теңгені (2005 жылы - 8001 теңге, 2011 жылы - 17139 теңге) орташа республикалық көрсеткіш – 28965 теңге, 2013 жылы 26741 теңге (2005 жылы-12298 теңге, 2011 жылы - 21881 теңге), 2014 жылы 29744,4 теңгені құрап отыр.

Денсаулық сақтау саласындағы проблемалары, басқару мен қаржыландырудың түпкілікті нәтижеге емес, жүйені қолдауға бағытталуымен байланысты болып отыр. Әлі де медициналық қызметке біркелкі жету мен медициналық қызметтің сапасының төмендігі сақталуда.

2005 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға шығындардың көбейгені анықталып отыр. 2011-2013 жылдар аралығында 12 % ұлғайған (2011 жылы 5046,1 млн. тенгеден 2013 жылы 5663,6 млн. теңгеге артқан). Медициналық қызметпен науқастарды тексеруге арналған медициналық құрал-жабдықтар алынды: магнитті-резонансты томограф, компьютерлі томограф, ангиограф, жылжымалы медициналық комплекс, дистанционды литотриптер, реанимобилдер, УДЗ аппараттары.

2005-2009 жылдар аралығында Ордабасы және Мақтарал аудандық орталық ауруханалары, Арыс, Отырар аудандық туберкулезге қарсы диспансерлері, облыстық қан орталығы, медициналық бұйымдарды залалсыздандыру орталығы, облыстық кардиологиялық орталығның кардиохирургиялық корпусы салынып, халыққа қызмет жасауда.

2005-2009 жылдар аралығында жергілікті бюджет қаржысы арқасында 231 нысанда жалпы сомасы 1 057,5 млн. теңгені құрайтын, оның ішінде РБ-тен -1020,4 млн тенге, ЖБ-тен- 498,9 млн. тенге, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 324 нысандарда жалпы сомасы 782,5 млн. теңгені құрайтын ағымдағы жұмыстар жүргізілді. 2013 жылы 38 денсаулық сақтау объектісінде 3,9 млр. тенгеге күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілді.

Объектілердің күрделі жөндеу жұмыстары кезінде ғимараттарды жөндеу, инженерлік жүйелері мен жылу жүйелерінің сапасын жақсақту арқасында жылыту маусымы кезінде температуралық режимнің нормативтік көрсеткішіне қол жеткізілді. Жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстардың арқасында ведомстваға бағынысты ұйымдарда халыққа медициналық қызмет көрсету сапасы жақсарды.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің «Техникалық –экономикалық көрсеткіштері» ақпараттық базасының мәліметі бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі 27,2 %, 2013 жылы 56,66 % жабдықталды, орташа республикалық көрсеткіш 56,4 % құрады, ал ауылды жерлерде 23,48 % құраған. Ауылдық дәрігерлік амбулаториясында бұл көрсеткіш 35,72 %, ауылдық учаскелік ауруханаларда- 24,1 %, медициналық, фельдшерлік және фельдшерлік-акушерлік бекеттерде 23,57 % құрады.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің «Техникалық –экономикалық көрсеткіштері» ақпараттық базасының мәліметі бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі 2014 жылы 63,35 % жабдықталды. Ауылдық дәрігерлік амбулаториясында бұл көрсеткіш 58,16 %, ауылдық учаскелік ауруханаларда-54,56%, медициналық, фельдшерлік және фельдшерлік-акушерлік бекеттерде 58,01 % құрады.

Аудан деңгейіндегі медициналық ұйымдардың замануи лабораторлық құрал-жабдықпен, халықаралық стандарттарға сай диагностикалық және инструменталды құрал-жабдықдар жоқтың қасы. Облыстық клиникалық және балалар, 6 аудандарда құрылған телемедицианлық жүйесінің арқасында, облыстық клинкалық және балалар ауруханасының білікті мамандарымен телемедициналық кеңестерді беру жолға қойылды.

Сонымен қатар, медициналық персоналдың компьютерлік сауаттылығының төмен деңгейде болуы және емдік-профилактикалық процессті толық автоматтандырудың болмауы облыстық денсаулық сақтауда ақпараттық технологияларды дамытуға жол бермеуде. (533 нысан, 57,2 % компьютермен қамтамасыз етілген). 904 нысан телефон желісімен қамтамасыз етілген, бұл 97 % құрады.
Еңбек нарығы

2007-2009 жылдар аралығында облыс бойынша экономикалық белсенді халық саны 4,7 % өсті және 1132,7 мың адамды, немесе еңбекке қабілетті халықтың 46,6 % құрады.

Экономикалық белсенді халықтың басым бөлігі - 723,8 мың адам (63,9 %) ауылдық жерлерде тұрды, қалалық жерлерде тұратындар - 408,9 мың адам (36,1 %). Облыс экономикасындағы экономикалық халықтың басым бөлігін ер азаматтар құрады – 595,8 мың адам, немесе 52,6 пайызы, әйелдер -536,9 мың адам, немесе 47,4 %.

2011-2014 жылдар аралығында облыс бойынша экономикалық белсенді халық саны 2,6 % өсті және 1229,8 мың адамды, немесе еңбекке қабілетті халықтың 44,1 % құрады.

Экономикалық белсенді халықтың басым бөлігі - 764,9 мың адам (62,1 %) ауылдық жерлерде тұрды, қалалық жерлерде тұратындар - 495,4 мың адам (40,2 %). Облыс экономикасындағы экономикалық халықтың басым бөлігін ер азаматтар құрады – 672,3 мың адам, немесе 54,6 %, әйелдер -588,0 мың адам, немесе 47,8 %.

Жұмыспен қамтылғандар санының 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда өскендігі облыстың барлық аумақтарында байқалады. Жалдамалы жұмысшылар санының өскендігі Кентау (8,1%), Шымкент қалаларында (11,0 %), Қазығұрт (16 %), Түлкібас (12,2 %), Төлеби (12,8 %), Ордабасы (22 %), аудандарында орын алды.

Жұмыспен қамтылғандар санының 2014 жылы 2011 жылмен салыстырғанда өскендігі облыстың барлық аумақтарында байқалады. Жалдамалы жұмысшылар санының өскендігі 638,3% -ге орын алды.



Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өздігінше жұмыспен қамтылған халық үлесі 48,4 %, 2014 жылы 46,8 % құрады және ол Қазақстанның өңірлері арасында ең жоғары. Мұндай жағдай ауылшаруашылығымен қамтылған халық үлесінің көптігімен және онымен байланысты экономикалық қызметтің көп түрлілігімен түсіндіріледі.

2013 жылдың 1 қаңтарына облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша облыста экономикалық белсенді халық саны 1242,7 мың адамды, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 1173,0 мың адамды, жұмыссыздар 67,7 мың адамды құрайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өздігінше жұмыспен қамтылған халық 553,1 мың адамды құрап, жұмыспен қамтылған халықтың 47,2 % болды. Олардың санын төмендету мен экономиканың нақты секторында формальды жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін 2013 жылдың 21 маусымында облыс әкімдігінің арнайы № 150 қаулысымен іс-жоспары бекітіліп, тиісті шаралар көрілуде. 2015 жылға дейін олардың саны жыл сайын орта есеппен 48,0 мың адамға кеміп, 100 % формальды секторға өтеді деп күтілуде.

2015 жылдың 1 қаңтарына облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша облыста экономикалық белсенді халық саны 1229,8 мың адамды, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 1163,2 мың адамды, жұмыссыздар 66,6 мың адамды құрайды.



Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде), %-бен 2014 жылдың жоспары 99,5%, 2014 жылдың орындалуы 98,3%. Ауытқуы(-1,2)п.п. құрады.

- Қарттар мен мүгедектерге арналған МӘМ-де жалғызілікті қарттардың қарттық жасқа толып қайтыс болуына байланысты;

- Көксәйек тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған МӘМ-де емделушілердің ата-аналарының өтініші бойынша мекемеден алып кетуі және ата-аналардың мекемеге орналастыруға өтініштердің азаюына байланысты;

- Арнайы кәсіптік колледжінде білім алатын мүгедектердің денсаулықтары нашарлауына байланысты, колледжден шығып кету себептерімен көрсетілген нәтижеге қол жеткізе алмады.

2014 жылдың қорытындысымен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өздігінше жұмыспен қамтылған халық 525,0 мың адамды құрап, жұмыспен қамтылған халықтың 45,1 % болды. Олардың санын төмендету мен экономиканың нақты секторында формальды жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін 2013 жылдың 21 маусымында облыс әкімдігінің арнайы №150 қаулысымен іс-жоспары бекітіліп, тиісті шаралар көрілуде. 2015 жылдың соңына дейін олардың саны жыл сайын орта есеппен 48,0 мың адамға кеміп, 100 % формальды секторға өтеді деп күтілуде.

Жалпы, облысқа 2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» Бағдарламасына 9533,9 млн.теңге бөлінді, жылдың қорытындысы бойынша 9390,5 млн. теңгесі (98,5 %) игерілді.



Жұмыссыздар Шымкент және Түркістан қалаларында (тиісінше 32,4 % және 9,6 %), Сарыағаш ауданында (6,5 %) көп.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2010 жылдың 1 қазанына облыстың экономикалық белсенді халқынан 0,1 % құрады. Жасырын жұмыссыздықтың ең үлкен көлемі Шымкент қаласында (1,1 %).

Номиналды жалақының 2007 жылғымен салыстырғандағы өсімі облыстың барлық өңірлерінде байқалады, алайда ол Созақ ауданында ерекше болды (2,6 есе).



Жалдамалы еңбекке ақы төлеудің жоғары деңгейі Шымкент қаласында – 50861 теңге және Арыс қаласында 51637 теңге сақталады. Орта жалақының төменгі мөлшері Ордабасы ауданында 34993 теңге , (облыстық деңгейдің 72 %), Қазығұрт ауданында 36483 теңге (75%), Бәйдібек ауданында – 36188 теңге (74%) қалыптасты.

Еңбек рыногының тапшы қызметкерлері болып табылатындар: билік органдарының және басқармалардың басшылары; энергетика, экология, ауылшаруашылығы ғылымы мен денсаулық сақтау салаларының жоғарғы білікті мамандары, орта техникалық және агротехникалық білім берудің оқытушылары мен шеберлері, техникалық және құрылыс мамандықтарының жұмысшылары.

2013 жылы облыста экономикалық белсенді халық саны 1256,2 мың адамды, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 1188,6 мың адамды, жұмыссыздар 67,6 мың адамды құрады.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өздігінше жұмыспен қамтылған халық 553,4 мың адамды құрап, жұмыспен қамтылған халықтың 46,6 % тең болды. Олардың санын төмендету мен экономиканың нақты секторында формальды жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін 2013 жылдың 21 маусымында облыс әкімдігінің арнайы № 150 қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті шаралар қабылданды. Нәтижесінде, 2013 жылдың 1 маусымындағы формальды секторда істеп жүрген 241,3 мың азаматтың саны 2014 жылдың 1 тамызына 520,0 мыңға жетті.

Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы өзін-өзі жұмыспен қамтылған тұрғындардың үлесі 2014 жылғы жоспар 45,7% болған. 2014 жылдың 4-ші тоқсаны бойынша бұл көрсеткіш 46,8 % құраған. Жыл қорытындысымен статистика органдарының мәліметіне сейкес 45,1 % құрап жоспар орындалды. Мұндағы 0,6 %-ға төмендеуі өздігінше жұмыспен қамтылғандардың жалдамалы қызметкерлердің құрамына өтуімен түсіндіріледі. 2015 жылдың 1 қаңтарына 538,8 мың азаматтар формальды секторда істеп жүр. 2015 жылдың соңына дейін олардың саны жыл сайын орта есеппен 48,0 мың адамға кеміп, 100 % формальды секторға өтеді деп күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысы статистика департаментінің 2011-2013 ж.ж. аралығындағы мәліметіне сәйкес:


  • экономиканылық белсенді халық саны 4,7 %-ға көбейді (1198,3 мың адамнан – 1255,2 мың адамға - 57,0 мың адамға дейін)

  • жұмыспен қамтылғандар саны 56,0 мың адамға көбейді (1129,8 мың адамнан – 1185,7 мың адамға дейін)

  • жұмыссыз халық саны 1,1 мың адамға көбейді (68,4 мың адамнан – 69,5 мың адамға дейін)

  • жұмыссыздық деңгейі 0,2 %-ға төмендеді (5,7 %- дан - 5,5 %-ға дейін), Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 2013 жылы басқа облыстарымен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш Алматы қаласында - 5,6 %, соның негізінде экономикалық белсенді халық саны 787,5 мың адамды құрап отыр. Ал ең төменгі жұмыссыздық деңгейі Ақтөбе облысында - 4,9 %, соның негізінде экономикалық белсенді халық – 434,1 мың адамды құрап отыр.

  • жастардың жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас) 1,9 %-ға төмендеді (5,3%- дан 3,4%-ға дейін).

  • әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 1,0%-ға көбейді (6,4 %-дан 7,4 %-ға дейін).

Жастардың жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне 2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы әсер етті.

2013 жылдың қорытындысы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыруға қарастырылған 16 282,6 млн. теңгенің 16 203,8 млн.теңгесі игерілді (99,5 %).

Бағдарламаны іске асыруда 34415 адаммен әлеуметтік келісім-шарттар түзілді.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша: 413 жоба іске асырылды. 8553,919 млн.теңгенің 8507,3 млн.теңге (жылдық соманың 99,5 %) игерілді. 3075 жұмыс орындары ашылды, 1827 Бағдарлама қатысушысы жұмыспен қамтылды.



Екінші бағыты бойынша: 2013 жылға 3046,6 млн.теңге бөлінді.

2663 адам кәсіпкерліктің негіздеріне оқуға жіберілді (46,6 млн.теңге жұмсалды). 1348 адамға шағын несие берілді (3098,9 млн.теңгені құрады). 1692 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Үшінші бағыты бойынша: 10103 адам тұрақты жұмысқа орналасуға жәрдем берілді.

Кәсіби оқумен 10426 адам қамтылды (оның ішінде 7447 адам 2010-2012 жылдардан өтпелі контингент). 4783 адам оқуды аяқтады, 4756 адам тұрақты жұмыспен қамтылды (99,4 пайыз).

Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу. 984 кәсіпорында 7334 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды. 6995 адам (95,4 пайыз) тұрақты жұмысқа орналасты. Орташа жалақы 49,4 мың теңге. 1151,0 млн.теңге толығымен игерілді.

Жастар практикасын ұйымдастыру. Жастар практикасын ұйымдастыруға 1651 жұмыс берушілерге 8886 адам жолданды. 917,3 млн.теңге толығымен игерілді. 4960 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Үшінші бағыттың шеңберінде Шымкент қаласында 480 пәтерден тұратын алты көпқабатты үйлердің құрылысы аяқталды (құрылысқа 2011-2012 ж.ж. бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 2655,1 млн.тг. құрады).

324 отбасы (987 отбасы мүшелері) Бағдарлама қатысушылары қоныс аударды. Еңбекке қабілетті жастағылары 419 адамның ішінде 196 –сы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Бағдарламаның іске асырылу нәтижесінде облыста жұмыссыздықтың деңгейі 5,5%, өткен жылмен салыстырғанда 0,1 %-ға төмендеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы статистика департаментінің 2011-2014ж.ж. аралығындағы мәліметіне сәйкес:



  • экономикалық белсенді халық саны 2,6%-ға көбейді (1198,3 мың адамнан – 1229,8 мың адамға- 31,5 мың адамға дейін)

  • жұмыспен қамтылғандар саны 33,4 мың адамға көбейді (1129,8 мың адамнан – 1163,2 мың адамға дейін)

  • жұмыссыз халық саны 1,8 мың адамға азайды (68,4 мың адамнан – 66,6 мың адамға дейін)

  • жұмыссыздық деңгейі 0,3%-ға төмендеді (5,7 %- дан - 5,4%-ға дейін), Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 2014 жылы басқа облыстарымен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш Алматы қаласында - 5,5 %, соның негізінде экономикалық белсенді халық саны 809,2 мың адамды құрап отыр. Ал ең төменгі жұмыссыздық деңгейі Шығыс Қазақстан облысында - 4,8%, соның негізінде экономикалық белсенді халық – 740,9 мың адамды құрап отыр.

  • жастардың жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас) 2,6 %-ға төмендеді (5,3%- дан 2,7%-ға дейін).

  • әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 0,4%-ға төмендеді (6,4%-дан 6,0%-ға дейін).

Жастардың жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне 2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020жол картасы» бағдарламасы әсер етті.

Жастардың жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне 2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы әсер етті.

2014 жылдың қорытындысы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыруға қарастырылған 15,1 млрд. теңгенің 14,9 млрд. теңгесі игерілді (98,9 %).

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамту орталықтарына келген 56002 адаммен әлеуметтік келісім-шарттар түзілді. Оның ішінде:



  • өздігінен жұмыспен қамтылғандардың саны 32 559 адам (338,4%);

  • жұмыссыздар – 23 230 адам (185,7%),

  • аз қамтамасыз етілгендер – 16 172 адам (206,3%).

1. Бірінші бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету».

Бұл бағытты іске асыру үшін жалпы 2014 жылы 9,3 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 8,4 млрд.теңгесі бөлінді.

Облыста 681 жобалар бойынша білім беру, мәдениет, спорт, аймақты көріктендіру, жолдарды жөндеу және ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункттері мен дәрігерлік амбулаторийлердің құрылысы салаларында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілу жоспарланған.

2014 жылы 677 жобалар бойынша білім беру, мәдениет, спорт, аймақты көріктендіру, жолдарды жөндеу және ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункттері мен дәрігерлік амбулаторийлердің құрылысы салаларында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жұмысын аяқтады. Нәтижесінде 4 447 жұмыс орындары ашылып, жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен Бағдарламаның 2 478 қатысушысы жұмыспен қамтылды.

2. Екінші бағыт «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға» 2014 жылға 3 140,498 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде: 3 120,0 млн. теңгесі шағын несиелендіру жұмыстарына; 20,498 млн.теңгесі кәсіпкерліктің негіздерін оқытуға қаралған.

2014 жылы 1481 азаматқа 3 977,0 млн.теңге шағын несие (оның ішінде «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры есебінен 719,5 млн.теңге және «Ырыс» микроқаржы ұйымы есебінен 137,5 млн.теңге) берілді. Орташа көлемі 2,7 млн. теңгені құрайды. Қосымша 2 047 жаңа жұмыс орны жұмыспен қамту орталығы арқылы ашылды.

3. Үшінші бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу».

1. Кәсіптік бағдарлау. 2014 жылғы 27 тамызынан Оңтүстік Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде пилоттық кезеңде жүзеге асырылатын кәсіби бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру басталды.

2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына 191,8 млн.теңге қаржы бөлініп, қаралған қаржыға сәйкес жыл соңына дейін өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыздар және табысы аз азаматтар санатындағы 21 005 азаматты кәсіби бағдарлаудан өткізу көзделген.

Кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыруға қаралған қаржы толығымен игеріліп, 21 030 азамат кәсіптік бағдарлаудан өткізілді. Оның ішінде 11 237 өздігінше жұмыспен қамтылғандар, 9 793 жұмыссыздар, 8 391 табысы аз адамдар. Кәсіптік бағдардан өткен бағдарламаға қатысушылар қатарынан 2 799 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, 783 адам кәсіптік даярлауға жолданды.

2. Тұрақты жұмыспен қамту. Бағдарлама аясында 18891 қатысушыға тұрақты жұмысқа орналасуға жәрдем берілді.

3. Кәсіби оқыту. 2014 жылы 3951 адам оқуды аяқтап, оның 3144 адамы тұрақты жұмыспен қамтылды (79,6 %).

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу. 2014 жылы 604 кәсіпорынмен келісім-шарттар жасалып, 3841 нысаналы топтағы азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ашылды, бұл жоспардың 140,4 % құрайды (2736 адам). Мерзімінен кейін аяқтап, тұрақты жұмыспен қамтылғандардың саны 3 744 адам (97,5%). Орташа жалақы 51,4 мың теңгені құрады.

5. Жастар практикасын ұйымдастыру. 2014 жылы Жастар практикасын ұйымдастыруға 1066 жұмыс берушілермен келісім-шарттар жасалды, оларға сәйкес 3541 адам жұмыспен қамтылды, бұл жоспардың 168,6% құрайды (2100 адам). Жолданғандардың ішінде жұмыстарын аяқтап, тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны 2 383 адам (67,3%) болды.

6. Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3-ші бағытының аясында салынған көп қабатты үйлерге 2012-2013 жылдары 324 отбасы (987 отбасы мүшелері) Бағдарлама қатысушылары немесе (Шымкент қаласының «Нұрсат» шағын ауданында) қоныс аударды. Жалпы 2014 жылдың 1 шілдесіне 480 отбасы (1533 отбасы мүшелері) қоныстанды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде:


  • облыста жұмыссыздықтың деңгейі жыл сайын 0,1% төмендеп, 2014 жылдың 1 қазанына 5,3%-ды құрады;

  • Күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындардың үлесі 2011 жылдағы 10,4 % 2014 жылдың 3 тоқсанына 6,9% дейін төмендеді;

  • 4 жылда аз қамтамасыз етілген азаматтардың жан басына шаққандағы табыстары 12,7 % артты;

  • атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген бюджет қаржысы 250,0 млн.теңгеден астам үнемделді.


Халықтың тұрмыстық деңгейі

2007-2009 жылдары аралығында тұрғындардың жанбасына шаққандағы орташа табысының артуы тұтас облыс бойынша да және оның барлық әкімшілік аумақтарында байқалды. 2009 жылы бір тұрғынға шаққанда ақшалай табыстың жоғары деңгейі Шымкент қаласында (23239 теңге), Арыс қаласында (18202 теңге), Созақ ауданында (36353 теңге) тіркелді. Ал табыстың төменгі деңгейі Қазығұрт ауданының (13955 теңге), Сарыағаш ауданының (13949 теңге) тұрғындарына тиесілі, бұл аумақтардағы табыстың мөлшері облыстық орта көрсеткішке салыстырмалы қатынасы тиісінше 79 % құрады.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2009 жылы орташа айлық номиналды жалақы - 48551 теңгені, ал ең төмен күнкөріс деңгейінің орташа мөлшері тұрғындардың жанбасына шаққанда - 11184 теңгені құрады, демек жалақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 58,5 %, бұл 1 тұрғынды ғана емес, оған қоса оның асырауындағыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚР Президентінің 2006-2008 жылдардағы Жолдауларына сәйкес халықтың өздігінше кедейлік жағдайынан шығуға мүмкіндіктері жоқ аса мұқтаж санаттарына атаулы көмек көрсетуге басым көңіл бөлінді. Осы мақсатпен атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін төлеу, жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен аз қамтамасыз етілген азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау іске асырылды. Осы мақсаттарға 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда кепілдендірілген әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру 49,9 % артты. Нәтижесінде 48,6 мың адам 359,0 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек алды, 18,8 мың отбасыға 484,9 млн.теңге тұрғын үй көмегі төленді. 2008 жылмен салыстырғанда аз қамтамасыз етілген отбасыларды қамту тиісінше 35,8 % және 96,9 % өсті. 2013 жылы 4,3 мың адам 35,0 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек алды, 6,4 мың отбасыға 149,5 млн теңге тұрғын үй көмегі төленді. 2012 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда аз қамтамасыз етілген алушылардың саны тиісінше 62 % және 14,7 % төмендеді.

2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда кепілдендірілген әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру 44,0 % артты. Нәтижесінде 53,2 мың адам 500,6 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек алды, 58,3 мың отбасыға 416,7 млн.теңге тұрғын үй көмегі төленді. 2011 жылмен салыстырғанда аз қамтамасыз етілген отбасыларды қамту тиісінше 28,4 % және 110,2 % өсті.

2013 жылы 7,7 мың адам 90,7 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек алды, 7,8 мың отбасыға 149,1 млн теңге тұрғын үй көмегі төленді. 2012 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда аз қамтамасыз етілген алушылардың саны тиісінше төмендеді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде аз қамтамасыз етілген отбасылардың жан басына шаққандағы жиынтық табысы 2009 жылы 8,1 % өсті және айына 3427 теңгені құраса, 2013 жылы жан басына шаққандағы жиынтық табысы 5,1 % өсті және 2012 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда айына 4997 теңгені құрады. Әлеуметтік саясаттың тағы бір басымдығы – ана мен баланы қорғау. 2006 жылы балалы отбасыларды қолдаудың жаңа жүйесі ендірілді, оған басқа жәрдемақылармен бірге аз қамтамасыз етілген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы қосылды (1 айлық есептік көрсеткіш). 2009 жылы 18 жасқа дейінгі 216,5 мың балаға 2475,8 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 662,5 млн. теңге – республиканың бюджеттен нысаналы трансферт, оның өзі 2008 жылмен салыстырғанда 37,6 % артық. 2008 жылмен салыстырғанда балалар жәрдемақысын алушылар саны бала туудың өсуіне байланысты 22,4 % артты.

2013 жылы 18 жасқа дейінгі 259,5 мың балаға 2191,9 млн теңге балалар жәрдемақысы төленді. Бұл 2012 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда балалар жәрдемақысын алушылар саны бала туудың өсуіне байланысты 11,3 % артты.

2014 жылы 18 жасқа дейінгі 252,7 мың балаға 3607,8 млн теңге балалар жәрдемақысы төленді. Бұл 2011 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда балалар жәрдемақысын алушылар саны бала туудың өсуіне байланысты 13,1 % және 15,9 % артты. Жыл сайынғы балалар жәрдемақысын алушылар санының өсуі тууылу көрсеткішінің өсуіне байланысты.

Аса мұқтаж отбасыларға жергілікті жерлерде көрсетілетін әлеуметтік қолдауларға қосымша шаралар қабылданды: 2009 жылы - 27 отбасыға 11,3 га жер телімдері берілді, 188 отбасы жергілікті бюджеттерден бөлінген материалдық көмекке 520 үй малын сатып алды, 2013 жылы 6 отбасыға 0,8 га жер телімі берілді, 10 отбасы демеуші есебінен және жергілікті бюджеттерден бөлінген материалдық көмекке 13 үй малын сатып алды.



Аса мұқтаж отбасыларға жергілікті жерлерде көрсетілетін әлеуметтік қолдауларға қосымша шаралар қабылданды: 2011 жылы - 130 отбасыға 24,8 га жер телімдері берілді, 172 отбасы жергілікті бюджеттерден бөлінген материалдық көмекке 366 үй малын сатып алды, 2013 жылы 1 отбасыға 0,5 га жер телімі берілді, 10 отбасы демеуші есебінен және жергілікті бюджеттерден бөлінген материалдық көмекке 14 үй малын сатып алды.

2014 жылы 5044 адам 67,2 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмегі, 6620 отбасыға 157,2 млн.теңгенің тұрғын үй көмегі төленді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде аз қамтамасыз етілген отбасылардың жан басына шаққандағы жиынтық табысы 2014 жылы 1,9 % өсіп, айына 4847 теңгені құрады.

2014 жылы 18 жасқа дейінгі 276,8 мың балаға 4224,8 млн теңгенің балалар жәрдемақысы төленді.

Аса мұқтаж отбасыларға жергілікті жерлерде көрсетілетін әлеуметтік қолдауларға қосымша шаралар қабылданды: 2014 жылы - 6 отбасыға 0,8 га жер телімдері берілді, 6 отбасы жергілікті бюджеттерден бөлінген материалдық көмекке 6 бас үй малын сатып алса, 7 отбасыға демеушілер есебінен 10 бас мал алып берілді.

Әлеуметтік ахуалды тұрақтандыру мақсатында аз қамтамасыз етілген отбасыларға қосымша қолдаулар көрсетілуде. 13 әлеуметтік дүкен арқылы 3000 азаматқа, 81 сауда нүктесі арқылы 1627 азаматқа бағасы арзандатылған азық – түлік берілді, 9 әлеуметтік дәріханадан 138 адам арзандатылған дәрі – дәрмек сатып алды, 6239 азаматқа негізгі азық –түлік түрлерінің қымбаттауына байланысты 9861,5 мың теңге өтемақы төленді.



Сонымен бірге, 2008 жылмен салыстырғанда бірде – бір жұмыс істеушісі жоқ отбасылар үлесінің азайғанына қарамай, 2009 жылы аталған отбасылардың жоғарғы деңгейі әлі де сақталып отыр, олар атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар санының 40,3 пайызын немесе 3800 отбасын құрады. Бұның өзінде, көп уақыт бойы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 2667 отбасын немесе 28,3 пайызды құрады.

Адамның даму жағдайының жақсаруына ардагерлерге, мүгедектерге және басқа азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету де жатады.



2013 жылы облысымызда 39,6 мыңнан астам соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар өмір сүреді, оның ішінде 1492 соғыс мүгедегі мен қатысушысы, сондай–ақ 113 мыңнан астам көпбалалы аналар (2008 жылғыдан 5,47 пайызға артық) және 80 жастан асқан 603 жалғызбасты қарттар есепке алынған.

Облыста 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында орташа номиналды айлық жалақы – 78380 теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда (74964 теңге) 4,6 % өсті және ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің орташа мөлшерінен (17342 тенге) 4,5 есе жоғары болып, бұл 1 тұрғынды ғана емес, оған қоса оның асырауындағыларды да қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2014 жылы облысымызда 36 мыңнан астам соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар өмір сүреді, (бұл 2011 жылдан 3 мың адамға кеміген) оның ішінде 584 соғыс мүгедегі мен қатысушысы, сондай –ақ 156 мыңнан астам көпбалалы аналар (2011 жылғыдан 6,8 пайызға артық) және 80 жастан асқан 547 жалғызбасты қарттар есепке алынған.

Оңалту және медициналық - әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарда 2009 жылы 2 мыңнан астам адам, 2014 жылы 2984 адам мемлекет қамқорлығына алынған.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында облыста аудандық, қалалық әкімдіктерде әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілерін паспорттау жүргізуге арналған жұмыс топтары құрылды.

Нәтижесінде 4083 әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандарға паспорттау жүргізіліп, оның 3316-сы бейімдеу керектігі анықталды. 2014 жылы 1148-і бейімдеуден өтті. 2015 жылы 398 нысан бейімдеуден өту жоспарлануда.

2015 жылдың 1 мамырына облысымызда 29 мыңнан астам соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар өмір сүреді, оның ішінде 427 соғыс мүгедегі мен қатысушысы, сондай –ақ 152 мыңнан астам көпбалалы аналар және 80 жастан асқан 530 жалғызбасты қарттар есепке алынған.

Білім беру

Мектепке дейінгі білім беру

Облыста мектепке дейінгі білім беруге теңдей қолжетімділік қамтамасыз етілген. 2010 жылдың 1 қыркүйегіне мектепке дейінгі 345 мекемеде мектепке дейінгі жастағы 34278 бала тәрбиеленуде, облыста мектепке дейінгі мекемелер мен балаларды қамту 21,4 % құрады. Қазіргі кезде (1 тамыздағы жағдаймен) мектепке дейінгі 1323 мекемеде (2013 жылы – 1256 мектепке дейінгі мекеме) 1-6 жастағы 137666 бала тәрбиеленуде (2013 жылы – 132983 бала). Оның ішінде 3-6 жастағы бала-124100 «Балапан» бағдарламасы бойынша 3-6 жастағы балаларды қамту 68,5%-ды құрайды.

2014 жылы мектепке дейінгі 1416 мекемеде мектепке дейінгі жастағы 152515 бала тәрбиеленуде, облыста мектепке дейінгі мекемелер мен балаларды қамту 76,8% құрады. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 9,6%-ға артық.

Мектеп алдындағы дайындықпен балаларды қамту 2009 жылы 76 % құрап, 2013 жылы 56,8 % құраса, 2014 жылы 100 % құрады, 2015 жылы 100 % жеткізу жоспарлануда.

Мектеп алдындағы дайындықпен балаларды қамту 2013 жылы білім беру мекемелерінде 2012 жылмен салыстырғанда 23,5% кеміген, 68,5% құрады. Демографиялық болжауға сүйенсек оқушылар санының өсуінде тұрақты тенденция байқалады. Егер 2002 жылы ОҚО жыл сайын 46 мың бала туылса, 2009 жылдары жылына 72 мың бала, 2011 жылы 77319 бала, 2012 жылы 77601 бала, 2013 жылы 78233 бала дүниеге келді. Бала туудың өсуі бала бақшаларда орын жетпеуіне әкеліп соғады. 2014 жылы 190797 бала үйде тәрбиеленуде.

Жалпы, облыс бойынша 65 мыңнан астам бала, 2014 жылы 88559 бала мектепке дейінгі мекемеден орын алуға кезекте тұр, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 10392-ге көп.

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы туындаған осы жағдай жағымсыз құбылыстарды жеңу жүйесінің қажеттілігін, түбегейлі ұйымдастырушылық, құрлымдық өзгерістерді, жоғары дамыған елдердің озық тәжірбиелерімен республикамыздың заманауи әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына сай мамандарды даярлау сапасын жетілдіру және білім беру мазмұнын жаңартуды қажет етеді.

Мектепке дейінгі білім беру саласында 12372 педагогтар еңбек етуде, олардың 17,2 % жоғары және бірінші санатты ұстаздар. 2014 жылы мектепке дейінгі білім беру саласында 15093 педагогтар еңбек етуде, олардың 17,8 % жоғары және бірінші санатты ұстаздар.

Орта білім

Орта білім саласында төмен материалдықтехникалық, оқу-әдістемелік базамен байланысты, сонымен қатар оқытудың әдістері мен мазмұнын жаңарту қажеттілігіне байланысты мәселелер орын алуда.

2010 жылдың 1 қыркүйегіне облыста 1021, 2014 жылы 1022 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептері жұмыс істеуде, ол жерде 524,5 мың, 2014 жылы 576,918 мыңға жақын оқушы оқуда, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 5 мектепке және 33,4 мың оқушыға артық. Мектептердің жалпы санынан 2011 жылы - 48,6%, 2014 жылы - 61,2% (2011 жылы - 53,9%) типтік ғимараттарда, 2010 жылы - 51,3%, 2014 жылы.- 38,7%,2015 жылы 1 қаңтарға 35,5% - ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан (2011 жылы - 46%), 2010 жылы - 62, 2014 жылы - 48, 2015 жылы 1 қаңтарға 46 мектеп апаттық жағдайда ( 2011 жылы - 62).

2010 жылы - 17 мектеп, 2014 жылы - 28 мектеп (2013 жылы - 37) 3 аусымда оқиды. Білім саласының негізгі проблемасы - апатты және ыңғайланған саман мектептерді жою. Мектептердің негізінен өткен ғасырдың 50-60-шы жылдары салынғанын есепке алсақ, бүгінгі күні бұл мектептер толығымен ескірген, жыл сайын апатты мектептер саны өсуде, жылына орташа есеппен апатты мектептер саны 10-15 бірлікке көбеюде.

Жаңа модификациялы физика кабинеттерімен 54,7 %, биология кабинеттерімен 31%, ЕМК – 57,9 % негізгі және орта мектептердің тек қамтылған.

Әрбір 5 мектеп мектептің асханасы мен буфеті жоқ. Мектеп асханасының жабдықтары мен құралдарының тозуы 80 % құрайды. 47,5 % мектептердің спортзалы жоқ.

Мемлекеттен қаржыландырылатын арнайы автобустармен оқушыларды мектепке тасымалдау бағдарламасы жоқ.

Осының барлығы орта білімнің 12 жылдық моделін енгізу мерзімін кейінгі қалдырудың себебі болды.

Білім жүйесінің бір көрінісі шағын жинақты мектептердің бар болуы, олар мектептердің жалпы санынан 26,8%, 2014 жылы - 16,1 % құрайды (2009 жылы - 28,2 %, 2013 жылы - 17,1 %).

2009 жылы екі аусымдағы оқушы орындарының жеткіліксіздігі 41005 оқушы орнын құрады, бұл көрсеткіш 2015 жылға 40000 орынға аз.

Бүгінгі күні ұстаз еңбегінің материалдық және моральдық ынталандыру жүйесі және заманауи заңнамалық база және ұстаздардың әлеуметтік статусын жоғарлатуға жағдай жасалмаған.

Жоғары және бірінші санатты жоғары білікті педагог қызметкерлердің саны 2009 жылы ұстаздардың жалпы санының 41,4 % құрады, бұл көрсеткіш 2015 жылға 54,0 % көп. Жыл сайын жас мамандардың жұмысқа қабылдануы 0,1 % ғана құрайды.

Гендерлік қайшылық, мамандықтың феминизациясы байқалуда (мұғалімдердің 76,1 % - әйелдер). Жалақының төмендігі (ел бойынша орташа айлықтың 60 % көлемінде), ұстаз мамандығының беделсіздігі жоғары білікті кадрлардың жұмыстан кетуіне ықпал етуде. 2000 жылдан бері білім саласы қызметкерлерінің айлығы 400 % өскеніне қарамай, оның деңгейі еліміздегі ең төмен жалақылардың бірі болып табылуда.

Балалар және мектеп қоғамдық ұйымдарының қызметі жолға қойылмаған. Балаларды қосымша біліммен қамту тек 4,2%, 2014 жылы - 9,3 % (2013 жылы -7,5%) құрайды.

Оқушыларды спорт секцияларымен қамту 2010 жылы - 15,5%, 2013 жылы - 38,5 % 2014 жылы - 39% құрайды.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан білім бағдарламаларымен қамтылған балалар үлесі облыс бойынша 2010 жылы - 13,5%, 2013 жылы - 10,4 %, 2014 жылы - 14 % құрады, бұл көрсеткіш 2015 жылға - 18% құрайды.

Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім мекемелерінің үлесі 2010 жылы - 8 %, 2011 жылы - 10 %, 2012 жылы - 12 %, 2013 жылы - 14,8 % , 2014 жылы - 28 % , 2015 жылға - 30 % құрайды.

ОҚО орта білім беру мектептерінде оқитындар саны 2003-2009 жылдар аралығында 4,7% кеміген. Жекелеген аудандарда: Кентау қаласында, сонымен қатар Бәйдібек, Отырар, Созақ, Түлкібас және Шардара аудандарында оқушылар санының кемуі 13 %-дан 16 % дейін. Оқушылар санының аз ғана өсуі тек Сайрам, Ордабасы аудандарында және Түркістан қаласында 1,4 %-дан 2,9 %-дейін тіркелген. Сыныптардың толықтырылуы норма бойынша 32 оқушы кезінде 22,4-тен 21,7 оқушыға кеміген, педагог қызметкерлер саны 3439 бірлікке, немесе 2,9 % көбейген.

Облыста бір тұрғынға білім беру шығынының ең төменгі деңгейі бола тұра, біліктілік санаты бар педагог қызметкерлер үлесі бойынша ОҚО республикадағы 14 облыс арасында 6 орында тұр.

2009 жылы ОҚО барлық аудандарындағы бір мұғалім жүктемесінің орташа деңгейі 18,4 сағатты құрады. Жүктеменің ең төмен деңгейі Отырар, Сайрам, Сарыағаш және Созақ аудандарында тіркелген.



Қазіргі кезде Интернет желісіне облыстағы барлық мектептер қосылған. Мектептер 100 % сымтетікпен қамтылған. Кең көлемді Интернет қолданатын мектептер саны – 978 (2013 жылы-93 %). Мектептердегі мультимедиялық-лингофонды кабинеттер саны 671 жинақты құрайды. Интерактивті тақталары бар мектептер саны 592 (2013 жылы - 380), интерактивті тақталар саны -1390.
ОҚО техникалық және кәсіптік білім беру

Облыста 2010 жылы - 86, 2013 жылы - 97 техникалық және кәсіптік білім мекемелері бар (2010 жылы - 43, 2013 жылы - 42 мемлекеттік), оның ішінде 26 кәсіптік лицей (25 мемлекеттік), 60 колледж (18 мемлекеттік), 2013 жылы 55 жекеменшік колледж жұмыс істейді, ондағы оқушылар саны – 72991, 2013 жылы - 77094. 2014 жылы 92 колледжде (42- мемлекеттік , 50-жекеменшік) 75600 студент білім алады.

2013 жылы 3 колледж (2 мемлекеттік, 1 жекеменшік) жабылып, 1 жекеменшік колледж ашылып, 2012 жылмен салыстырғанда 2 колледжге кеміді. 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 5 колледжге кеміді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 2010 жылы - 24525, 2013-2014 оқу жылында 29012 оқушы білім алуда, бұл 2012-2013 жылмен салыстырғанда 1427 оқушыға, яғни 5,5 %-ға артты. 2014-2015 оқу жылында 28902 студент, яғни 38,2%-ы мемлекеттік білім тапсырысымен білім алады.

Соңғы үш жылдың ішінде ТжКББ мекемелеріндегі білім алушылардың үлесі 9,5%-дан 14,2%-ға, 2011 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 6,4 %-ға көбейді. 2014 жылы ТжКББ мекемелерінде білім алушылардың үлесі 15,4% жоспарланғанымен орындалғаны 14,7% болып -0,7%-ға кеміді.



2014 жылы облыс бойынша техникалық және қызмет көрсету саласына кадрларды даярлайтын ТжКББ мекемелерінде оқушы орындарының жетіспеуі байқалады. 24 кәсіптік лицейдің 16-сы типтік, 5-уі ыңғайластырылған, 2-уі апатты жағдайдағы ғимараттарда орналасқан, 1 кәсіптік лицейде мүлдем ғимарат жоқ (кәсіптік лицей №22 Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің базасында орналасқан).

Бүгінгі күні облыс бойынша техникалық және қызмет көрсету саласына кадрларды даярлайтын ТжКББ мекемелерінде оқушы орындарының жетіспеуі байқалады. 24 кәсіптік лицейдің 18-і типтік, 5-уі ыңғайластырылған, 1-уі (№1 колледж Созақ ауданы) апатты жағдайдағы ғимараттарда орналасқан.

Облыстағы 36 мемлекеттік колледждің 28-і типтік, 7-уі ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Апатты жағдайдағы ғимаратта орналасқан №6 колледждің оқу ғимараты және ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан №19 колледж құрылысы толығымен 2013 жылдың желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда, облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру саласында 6551 инженер-педагог қызметкерлері қызмет атқаруда, оның ішінде 4385-і оқытушы, 748-і өндірістік оқыту шеберлері, оның ішінде 1636 инженер-педагог жоғары санатты, 1061-і бірінші санатты.

Арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін жоғарылату мен кәсіпорындарында сынау мерзімінен өтудің заңнамамен бекітілген қалыптасқан жүйесі жоқ. Техникалық және кәсіптік білім ұйымдары мен әлеуметтік әріптестер арасындағы байланысты нығайту мақсатында жыл сайын «Әлеуметтік әріптестік – сапалы маман даярлаудың кепілі» атты форум өткізіледі, әлеуметтік әріптестер, сонмен қатар оқытушылар мен инженерлік-педагогикалық жұмыскерлердің біліктілігін көтермелеу мақсатында базалық тәжітибиеден өткізіледі.

ТжКББ мекемелерінде оқу процесінің сапасын арттырып, сапалы маман даярлау үшін «Кәсіптік маман даярлауда инновациялық жобалар» тақырыбында арнайы пән оқытушылары, өндірістік шеберлер мен оқушылар арасында ғылыми шығармашылық конференциялар жыл сайын өткізіліп, қорытындысында облыстық «Жыл шебері» байқауы өткізіледі.

Соңғы үш жылда облыстағы техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасы республикалық және жергілікті бюджеттен қаржылар бөліп жаңартылуда. Атап айтқанда 2012 жылы - 62,8 % болса, 2013 жылы жабдықтарының үлесі – 70,45 %-ды құрады. 2014 жылы материалдық-техникалық базамен жабдықталуы 77,8% болып, 2013 жылмен салыстырғанда 7,35%-ға артты.

Облыстағы ТжКББ мекемелерінде интерактивті тақтамен колледждерді 100 % қамтамасыз етілген.



Білім саласында негізгі проблемалары:

  • Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім мекемелерінің үлесінің төмендігі;

  • Қоғамның инклюзивті білім беру жүйесін қабылдауының төмендігі;

  • Инклюзивті білім беру, қашықтықтан оқыту бойынша мұғалімдердің біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігі.


Проблемаларды шешу жолдары:

  • Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім мекемелерінің үлесін арттыру;

  • аудан, қалаларда психологиялық-педагогикалық кеңес беру мекемелерін ашу, қаржы көздерін қарастыру;

  • инклюзивті білім беруді қашықтықтан оқыту бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру.


Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет