« облысының білім басқармасының ауданы бойынша білім бөлімінің орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі33,92 Kb.
#120061
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
әлем тарихы
Нұсқаулық КБ Негізгі және орта мектеп, үйде оқыту ктп (2), 10 факультатив. Алашорда (1), 10 факультатив. Алашорда (1), Атлас адам анатомиясы 2 томpdf, Атлас адам анатомиясы 2 томpdf, 1577285663, 1577285663, 3144 test english (1), Тұлғааралық қабылдаудың өзара түсіну механизмдері мен әсерлері BY AIDAROV TURAR, №3 микроскоп хаттама

«........... облысының білім басқармасының
............ауданы бойынша білім бөлімінің ..... орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Бекітемін» «Келісілді»
Мектеп директоры: _______
................ _____________
«______________»_____2021жыл АББ меңгерушісі:
«_____________»_____2021жыл
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Курс атауы: «Әлем тарихы»
курс бағдарламасы
Сынып:
Сағат саны:
Бағдарлама авторы:


2021


Дүниежүзі тарихы пәнінен .....-сыныпқа арналған « Әлем тарихы» таңдау курсының КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
(аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат)
Түсінік хат
Жоспарды дайындау барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы; сондай-ақ Президентіміздің «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруға байланысты білім беру саласының алдына қойып отырған міндеттер; мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында келтірілген оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалауда туындап отырған міндеттер басшылыққа алынды. 2015 жылы оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі;) математикалық сауаттылық; жаратылыстану ғылыми сауаттылық (химия, биология, география) бағаланатыны ескеріле отыра, пәнді оқытуға қойылатын мақсат пен міндеттерге де баса назар аударылды.
ҚР-сы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары негізге алынды.
Пәнді оқытудың мақсаты – ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдағы дүниежүзі елдері мен халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының негізгі бағыттарын талдап-түсіндіру.
Оқу пәнін оқытудың міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.
Қазіргі білім процесінде тарихи фактілер мен құбылыстарды түсіндіру, бағалау кезінде тарихи білімді қолдану мен қазіргі қоғам дамуындағы түрлі мәселелерді (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық) талдау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл адамзаттың жаһандық мәселелерін саналы түсінуіне білім негізін қалыптастырады.
Оқытудың түрлі әдістері мен технологияларын таңдау кезінде оқушылардың танымдық деңгейлерін ескеру керек. Мысалы, оқытудың құрылымдық-логикалық технологиясы қойылған дидактикалық міндеттерді кезеңдер бойынша ұйымдастыру процесі мен оларды шешу тәсілдерін таңдауды, алынған нәтижелерді диагностикалау және бағалауды қарастырады. Мұндай міндеттердің құрылымдық логикасы әртүрлі болуы мүмкін: қарапайымнан күрделіге, теориядан практикаға немесе керісінше. Жоба технологиясы – жеке тұлғаға бағытталған білім жүйесі. Бұл технология оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, бастамашылдық, шығармашылық қабілеттілігі сынды сапаларын ашуға мүмкіндік береді және оқу жобаларын ретті орындауға бағытталған. Интерактивті технология – бұл іс-әрекет арқылы және өзара әрекет арқылы оқыту, оқушылардың өз бетінше шешім қабылдау, жеке жауапкершілік сезімін, топпен және ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастырады. Оқу курсының вариативті бөлігі мынадай таңдау курстары бойынша жүзеге асырылады: «Еуропалық қайта өрлеу», «Капитал билеген әлемде», «Өнеркәсіптің даму тарихынан», «Халықаралық сауда жолдары», «Қазіргі алып құрылыстар» т.б.
Оқу жүктемесінің көлемі:
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт: 11 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет