№ Тақырыбы Бет



бет1/4
Дата24.05.2017
өлшемі0,68 Mb.
#17021
  1   2   3   4
Мазмұны



Тақырыбы


Бет



Ақпараттық анықтама.


2



Шағын орталық 2015-2016 оқу жылындағы қызметінің сараптамасы

4



2015-2016 оқу жылының міндеттері.

9




Педагогикалық кеңестер.


10



Ұйымдастырылған педагогикалық жұмыстар.

13



Балалармен жұмыс.


24



Ата-анамен жұмыс.


28



Қосымша





8.

Сауықтыру жұмысының жоспары


30

9.

Мектеппен байланыс


31

10.

Төтенше жағдай жөніндегі жоспары

32



Ақпараттық анықтама.

І. Жалпы мәлімет.

Заңды тұлғаның аталуы М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектеп жанындағы шағын орталық

Пайдалануға енгізілген: 2014 жыл.

Жобалық қуаты: 50 бала.

Заң төлқұжаты: р.н Талас , с Қызыләуіт , М.Қыстаубай мектебі «Б» блогы

Ғимараттың жоспар-сызбасы.

Дәрігерлік қызмет көрсету .

Штаттық кесте және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулары.

8.Тәрбие үрдісін ұйымдастыру бойынша ішкі нормативтік құжаттар.

9.Есеп берудің формалары.

10.Ұжымдық келісім шарт.

11. Тәрбиеленушілер және педагог қызметкерлер контингенті туралы

Балабақша 5 күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейді, сағат 09.00 бастап 18.00 сағатқа дейін.Балабақшаға балалар 2 жастан 5 жасқа дейін қабылданады.

Шағын орталықта 2топ бар ,топтар мемлекеттік тілде ,оның ішінде1тобы – қысқартылған жарты күндік шағын орталық .



ІІ. Педагог қызметкерлер туралы мәлімет.

Жалпы педагог саны

Білім деңгейі

Біліктілік санаты

Педагогикалық жоғары

Мектепке дейінгі жоғары

Орта арнаулы

Мектепке дейінгі орта

Жоғары

Бірінші

Екінші

Санаты жоқ

5

3




2













5

Педагог қызметкерлердің жас ерекшеліктері.

Жалпы педагог саны

20-30 жас

30-40 жас

40-50 жас

50 жастан жоғары

5

3

2







Педагог қызметкерлердің еңбек өтілі.

3 жылға дейін

3-5 жыл

5-10 жыл

10-20 жыл

20 жылдан жоғары

3

2











ІІІ Оқу тәрбие беру жұмысын ұйымдастыру туралы мәлімет.

Орталықта оқу-тәрбие жұмысы төмендегідей бағдарламамен жүзеге асырылады:«ҚР Жалпыға бірдей міндетті білім беру» стандартын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2012жылғы 23тамыздағы №1080 қаулысы бойынша және 2012 жылғы желтоқсандағы №557 қосымша бұйрығын басшылыққа алып,«Балбөбек» «Зерек бала » «Алғашқы қадам» бағдарламалары негізінде міндеттерді жүзеге асырдық.

Оқу үрдісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.

ІV. Оқу тәрбие үрдісінің негізгі сүйенер демократиялық және адамгершілік ұстанымы :


  1. Салауатты өмір салты құндылықтарына бейімдеу, балалардың денсаулығын сақтау және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  2. Баланың қызығушылығын қанағаттандыру және қабілетін дамыту, тәрбиеленушінің сезімінің үйлесімді қалыптасуын қамтамасыз ету, жеке тұлға ретінде жетілуіне ықпал ету;

  3. Қазақ халқының салт дәстүрі, айналамен таныстыру, әлемнің және ұлттың мәдениеті негіздері арқылы баланың патриоттық және азаматтық сезімдерін қалыптастыру;

  4. Білім алу сұраныстарын қамтамасыз ету, ойын белсенділігін арттыру, танымдық және өзара қатынасқа жағдай жасау;

  5. Тәрбиеленушілердің ата -аналарымен тығызқарым - қатынас орнату.

V. Нәтиженің соңғы көрсетілімдері:

  • Физикалық және психикалық жағынан денсаулығын нығайтқан және сақтаған балалар;

  • Еркін, іс - әрекетінде, қарым - қатынаста өз бетінше өзінің ойын еркін жеткізе және қорғай алатын балалар (жас ерекшеліктеріне сай) ;

  • Адамгершілігі мол, қабілетті, табиғатта және қоғамдық өмірде болып жатқан негізгі құндылықтарды түсінетін бала;

  • Өз таңдауын жасай алатын, ынталы, мәселені қоятын және оның шешуін табатын бала.


2014-2015 оқу жылына атқарылатын шағын орталық қызметінің сараптамасы

Заңды тұлғаның аталуы М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектеп жанындағы шағын орталық

Пайдалануға енгізілген: 2014 жыл.

Жобалық қуаты:50 бала.

Оқу процесінің сапасын арттыру ,балалармен жүргізілетін жұмыстың мазмұны мен әдістерін жетілдіру , тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету және педагогтарға көмек көрсету мақсатында меңгеруші, әдіскер, әдістемелік кеңес пен шығармашылық топ мүшелері мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартынын орындалуын қадағалайды .

2014-2015 оқу жылындағы оқыту тәрбие қызметінің сараптамасы мынаны көрсетті: балалармен жұмысты жақсарту және жетілдіру қажет, өйткені келген балалардың негізгі пайызы бұрын балабақшаға барып көрмеген балалар.Оқу жылының соңындағы жүргізілген диагностика нәтижесі білім сапасы деңгейінің едәуір өсу динамикасын көрсетті ,бұл- педагогтар қызметіне берілген оң баға.«ММ» балабақшасының жинақталуы штаттық кестеге сәйкес жүзеге асырылды.

Шағын орталық кадрмен қамтамасыз етілуі Педагог қызметкерлер:

Барлық педагогтар

Педагогикалық

жоғары білім



%

Арнаулы орта білім

%

5

3


68

2 Бастауышқа білім беру

32

Педагог қызметкерлердің сапалық деңгейі

Барлық

Педагог


Жоғары

Санат


%

Бірінші санат

%

Екінші санат

%

Санатсыз


%

5



















5




Педагогикалық құрамның жас сипаттамасы

Барлық педагог

20-25

Жас


25-30

жас


30-35

Жас


35-40

Жас


40-45

жас


45-50

жас


50-55

Жас


55-60

Жас


5



2

3














Педагогикалық еңбек өтілі:

3жылдан кем

3-5

Жыл


5-10

Жыл


10-20

жыл


20жылдан

Жоғары


3

2










2014-2015 оқу жылында шағын орталықтың ұжымы өз алдына мынадай міндеттер қойды :

шағын орталықтың тақырыбы:

Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау , сөйлеу, есте сақтау қабілетін дамыту.



Мақсаты:мектеп жасына дейінгі жеке баланың толыққанды кеңістігін құру, тіл дамыту,қатынас,денсаулық, әлеуметтік орта,шығармашылық салаларын қалыптастыру.

Міндеттері :

1.Балалардың салауатты өмір сүріп , денсаулығын нығайту барысында дене шынықтыру, сауықтыру шараларын табиғатпен үйлестіре қалыптастыру. Валелогиялық тәрбие беру арқылы мінез-құлық мәдениетін, саналы тәртібін ұқтыру;

2.Шағын орталықта балалардың сөздік қорын ,тіл байлығын халық педагогикасы (ойын, жұмбақ жаңылтпаш, көркем сөз, ертегі ) арқылы қалыптастырып , адамгершілікке тәрбиелеу;

3. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыта отырып музыка және өнер арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру;

Балаларды сауықтыру жұмыстары балалардың денсаулығын жақсарту кешенді стратегиясының негізінде және үш бағытта жүргізілді: сауықтыру, білім беру, тәрбие беру. Орталық мақсатқа жету балалардың рационалды салауатты тамақтану принциптері жүзеге асырылады: уақтылы толыққанды, әр түрлі болуы , тамақтану режимінің сақталуы, тамақтану гигиенасы мен тамақтану кезінде балаларға деген жеке-дербес қатынас жасау.Күнделікті ас мәзірінде құрамында микроэлементтер, дәрумендер бар, балалардың тамақтануына деген мұндай қатынас әлжуаз балалардың әжептеуір салмақ қосуына , олардың физикалық дамуына жақсаруына ықпал етті.Салауатты өмір салты туралы ұғымдар мен дағдылардың қалыптасуына қатысты жұмыстар орталықтағы балалар әрекеттерінің барлық түрлері арқылы жүзеге асырылады .Науқастанудың салыстырмалы сараптамасының нәтижесінде науқастану көрсеткіштерін қадағалауға болады .Бұл көрсеткіштер ауырған балаларды уақтылы анықтау және оларды сау балалардан оқшаулау; сауықтыру және жалпы нығайту шараларын өткізу, дәрумендік терапия,жағымды психологиялық орта жасау;санитарлық-гигиеналық режимнің орындалуы арқасында төмендеді .Сауықтыру бағдарламаларының кешенді жүзеге асуының ,материалдық техникалық жағдайлардың жасалуының жақсы медициналық-әлеуметтік жағдайлардың нәтижесінде балалар денсаулығының оң динамикасы қалыптасты. Саматикалық және инфекциялық ауру балалар жоқ.

Сауықтыру және шынықтыру шараларының жүйелі жүргізілуі, қозғалыс режимінің сақталуын қадағалау оң нәтижелерін жалпы көрсетті : балалардың физикалық дамуын жеттілдіру, жалпы физикалық және интелектуалдық жұмыс қабілетінің жақсаруы.Күн тәртібінде қозғалыс белсенділігін оңтайлануы арқылы балаларды сауықтыру жұмысында кешенді қатынасты жүзеге асыра отырып,орталық ұжымы әр түрлі спорттық, сауықтыру шараларына белсенді түрде қатысты.Осы жұмыстар барысында балаларда физикалық сапалар дамыды, өзіне деген сенімділік ,өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыстар пайда болды.Ересек жастағы балаларда физикалық жаттығуларға деген тұрақты қызығушылық қалыптасқан; қимыл-қозғалыс қабілеттері жақсарған; төзімділік пен ептілік сияқты физикалық сапалары жетілген .

Жаңа 2015-2016оқу жылында қызметті жоспарлаудың резервтері

1. Балабақшадағы санитарлық режимді қадағалауды күшейту.

2. Ата –аналар мен тәрбиеленушілер, педагогтар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүйелі түрде өткізу. Салауатты өмір салты мен ӨҚЕ,инфекциялық аурулардың алдын алу жұмыстарына айрықша назар аудару .

3. Баланың физикалық денсаулығын нығайту және жақсартуда атқарылатын сауықтыру –тәрбие жұмыстарын жүргізу.

ІІ. Жылдық екінші міндетті жүзеге асыру мақсатында жұмыс бірнеше бағытта жүргізілді :



  • Тәрбиешілердің біліктілігін мектепке дейінгі мекемеде педагогикалық кеңестер,тәжірибелер, ашық сабақтар,көрме-байқаулар арқылы көтеру.Біздің МДҰ–да әр жылдың бір педагогикалық кеңесі тәрбиеленушілердің шығармашылық дамуына арналады,әдістемелік күндері тәжірибелі педагогтар аталған бағытта жұмысты ұйымдастыру жөнінде кеңестер береді,ашық оқу және мәдени –ағарту әрекеттерінің көріністерін тәжірибеден өткіземіз,ата-аналарға ашық есік күндері,шығармашылық апталықтар өткізіледі, үнемі балалардың шығрмашылық көрмесі ұйымдастырылады.

  • облыстық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін көтеру институтының курстарында біліктілігін арттырады.

Көркем –эстетикалық тәрбие жүйесі бойынша бағдарламаны жетік меңгеру үшін педагогпен баланың педагогикалық өзара қатынасы эстетикалық дамуға бағытталған,сонымен қатар балабақшада үш бағытқа негізделген :

  • арнайы ұйымдастырылған оқыту

  • педагог пен баланың бірлескен әрекеті

  • баланың өзіндік әрекеті

Педагог пен баланың өзара әрекеті дифференциалды жағдай жасау есебінде іске асырылады және әртүрлі формалар мен әдістемелік жұмыстар кіріктірілген:

  • топтық және жартылай топтық сабақтар

  • мерекелер

  • ойын-сауықтар

  • тақырыптық музыкалық кештер

  • шығармашылық апталықтар

  • дидактикалық ойындар

  • суреттер мен қол өнер бұйымдарының көрмесі

  • қолдан жасалған заттардың кітабын жасау

МДҰ көркем эстетикалық тәрбие беру жүйесінің іске асырудың ең маңызды жағдайы пәндік –дамыту ортасын дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Орталық белгілі бір стильде эстетикалық жабдықталған. Музыка сабағынан музыкалық білімі бар педагогқа залында өтеді. Коридорларда және топтардын шешінетін орындары тиімді қолданылады: оларда фото көрмелер, балалардың суреттері, табиғи материалдан жасалған туындылардың көрмелері қойылған.Орталықта жасалған пәндік – дамытушылық орта танымдық орта, өнер әлеміне қызығушылықты дамыту, бейнелеу, ән, театрландырылған әрекет, шығармашылыққа ықпал етеді. Күтелетін нәтижеге жету үшін біздің орталықта, өзара әрекеттескен құрауыштардан тұратын көркемдік эстетикалық тәрбие беру жұмыстарының жүйесі жасалған:

  • Білім мазмұнын жаңарту (бағдарламалар және технологияларды таңдау).

  • Эстетикалық тәрбие беруге жағдай жасау (оқу–әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, пәндік–дамытушылық ортаны қалыптастыру);

  • Оқу – тәрбие процессін ұйымдастыру (балалар мен ата-аналармен жұмыс);

  • Балабақшада ұйымдастырылған оқу және тәрбие шараларына жанұяларды қатыстыру.

Аталған бағыттармен жұмыс жасауда әртүрле тәсілдер мен формалар қолданылады: ата – аналар орталықта тек тәртіптік кезеңдер мен кез келген сабақтарға қатысуға ғана емес,сонымен бірге оған белсенді араласуға ашық есік күндерін өткізу, ата – аналар мен балалардың бірлесе жасаған қолөнер бұйымдарының көрме-байқауларын ұйымдастыру, оларды мерекелерге, театрландырылған спектакльдерге қатысуға, костюмдер мен театр қуыршақтарын дайындауға қатыстырамыз.

  • Ата – аналардың психология – педагогикалык мәдениетін көтеру, ата – аналар жиналысы және конференциялар, кеңестер, семинар – тәжірибелер арқылы іске асырылады.

ІІІ. Жылдық үшінші міндетті іске асыруда балаларды театрландырылған әркетке бейімдеуде және олардың өзін-өзі көрсетуге жағдай жасауда педагогикалық ұжым үлкен іс атқарды. Аталған міндетті тиімді жүзеге асыру мақсатында театрландырылған әрекет түрлері бойынша теориялық семинарлар, кеңестер топтарда театрландырылған бұрыштардың, көрме- байқауларын ұйымдастыру, әр түрлі жастағы топтарда театрландырылған ашық сабақтар өткізіледі. Ата-аналар мен балалар үшін театр үйірмесінің қойылымдары көрсетілді, әр түрлі театрландырылған әрекет түрлері арқылы балалардың өзін-өзі көрсетуі тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогтар осы мәселе бойыншеа әдістемелік білімдерін жүйеге келтірді және бұл оларға жылдық жоспардың міндеттерін жүзеге асыруда көмек болды. Педагогтар алған білімдерін өз іс тәжірибелерінде қолданды. Балабақшаның әдістемелік ақпараттық қоры толықты. Балалар көпшілік алдында өнер көрсетуді үйренді, балалардың қабілеттері ашылды. Аталған мәселеде жасалған жұмыстардың барлығы балалардың тілін дамытуда өз нәтижесін берді. Ата-аналарды оқу процессіне шақыруда, тәрбиеленушілердің жанұяларымен өзара әрекеттестігін жүзеге асыруда, оларды балабақша мәселелерін шешуге шақыруда тәрбиешілер жұмыс жасайды.

Тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін жасалынатын жағдайлар:



  • Тәрбиешілердің мәселеге мән беруі;

  • Мәселе бойынша жұмыстың жүйелігі;

  • Аталған мәселенің материалдық жабдықталуы;

  • Балабақша қызметкерлерінің тәрбиеленушілердің жанұяларымен тығыз байланысы;

  • Аталған кезеңде мәселенің өзектілігі.

Педагогтардың жылдық міндеттер бойынша жасаған жұмыстарының тиімділігін бағалау барлық тарауды қамтитын педагогикалық диагностиканың көмегімен жүзеге асырылды.

2014-2015 оқу жылында оқу әрекетін ұйымдастырудың сараптамасы




денсаулық

қатынас

Таным

шығармашылық

Әлеуметтік

Жыл басында

70,1

63,6

77,4

61,7

55,2

Жыл соңында

80.1

69,6

80,6

66,7

57,2

Жылдың орташа көрсеткіші

75

65

78

62

59

Қорытынды:

Оқу жылының басындағы және соңындағы өткізілген балалардың даму деңгейін көрсететін диагностиканың сараптамасы оң нәтижесін көрсетті.



  • Дене шынықтыру-сауықтыру бағыты бойынша даму деңгейінің пайызы 70-ден 80-ге дейін көтерілді, орташа -75пайыз;

  • Танымдық-тілдік бағыты бойынша даму деңгейінің пайызы 77-ден 80-ге дейін көтерілді, орташа -65пайыз;

  • Көркемдік - эстетикалық бағыты бойынша даму деңгейінің пайызы 61-ден 66-ға дейін көтерілді, орташа -62пайыз;

  • Әлеуметтік-тұлғалық бағыты бойынша даму деңгейінің пайызы 55-ден 57-ге дейін көтерілді, орташа -59пайыз.

Орталықтың 10 түлегімектепке барды.

ШО мектепке дейін білім беру сапасының стандарты жүзеге асырылған.

2014-2015 оқу жылының жұмысын қорытындылай келе, балабақша ұжымы 2015-2016 оқу жылына оқу және тәрбие жұмыстарын жақсарту мақсатында төмендегі міндеттерді қойды:


  1. Балалардың денсаулығын нығайтуға және олардың өмір сүру қауіпсіздігіне жағдай жасауды жалғастыру;

  2. Экологиялық мәдениетті дамыту және балалардың экологиялық әрекеттерін ұйымдастыруға жағдай жасау.

  3. Құқықтық тәрбие жөнінде жанұя мен балабақшаның бірлескен жұмысын іске асыру.

2015-2016 оқу жылының жылдық міндеттері:

1.Балалардың денсаулығын нығайту және өмір қауіпсіздігін сақтау үшін қолайлы жағдай жасауды жалғастыру .

2.Балалардың экологиялық мәдениетін дамыту және экологиялық қызметті ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау .

3.Балабақша мен отбасы арасында құқықтық тәрбие жұмысын жетілдіру .


Каталог: uploads -> doc -> 081b
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
081b -> Сабақтың тақырыбы Жауапкершілік пен жауапсыздық №1 Жауапкершілік абырой арттырады, Жауапсыздық ұятқа қалдырады
081b -> Сабақтың мақсаты міндеттері: Білімділік: Оқушыларды батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру
081b -> Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау. Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу
081b -> Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным Сабақтың мақсаты
081b -> «Ән-күй шежіресі» Білім беру саласы: Шығармашылық, қатынас


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет