«0 5» января 2010г аомкди институтының директоры К. Жәйшібекова Бекітемін


Балқаш ауданы бойынша 2012-2013 жж аралығындағы пәндер бойынша салыстырмалы мәлімет



бет3/7
Дата25.08.2017
өлшемі1,05 Mb.
#27407
1   2   3   4   5   6   7

Балқаш ауданы бойынша 2012-2013 жж аралығындағы пәндер бойынша салыстырмалы мәлімет




Пән атауы

2011-2012 ож

2012-2013 ож

1

Қазақ тілі (қаз.т.)

70,80%

71,20%

2

Қазақ тілі (ор.т.)

74,20%

73,00%

3

Орыс тілі (қаз.т.)

55,30%

57,90%

4

Орыс тілі (ор.т.)

71,90%

74,00%

5

Қазақ әдебиеті

65,00%

65,20%

6

Орыс әдебиеті

67,10%

66%

7

Шет тілі

66,90%

65,80%

8

Қазақстан тарихы

64%

64,40%


Жаратылыстану - математика бағытындағы пәндердің оқытылуы

Аудан мектептерінде 25 әдістемелік пән бірлестіктері бар. Әр әдістемелік пән бірлестіктерінің жетекшілері тағайындалған. 2012-2013 оқу жылына жаратылыстану – математикалық бағыттары бойынша жылдық жұмыс жоспарлары жасалған. Жаратылыстану - математика бағытындағы пәндердің оқытылу барысында аудан мектептерінде жаратылыстану – математикалық бағытының бірлестік жетекшілері бұйрықпен бекітілген. Аудан бойынша бірлестіктерде физика пәнінің мұғалімі – 28, математика пәнінің мұғалімі -50, информатика пәнінің мұғалімі – 35, химия пәнінің мұғалімі – 30, биология пәнінің мұғалімі -46, география пәніненен 48 мұғалім жұмыс жасайды. Педагогикалық технология –мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Ғалым академик В.М.Монаховтың пікірінше «Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі».

Барлық аудан мектептерінде оқу жоспарлары және күнтізбелік жұмыс жоспарлары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 10 маусымдағы №1399 бұйрығымен, «2012-2013 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатқа негізделіп жасалған.

Жұмыс жоспарларының негізгі бағыттарына бірлестік отырысы, бірлестік жиналысы, мұғалімнің кәсіптілігін, өздік білімін жетілдіру жұмыстары, мұғалімдерді аттестациялау, пән бойынша білім стандартының орындалуы, мұғалімнің өткізетін ашық сабақтары, мұғалімдерге, оқушыларға дифференциалды ықпал жасау, дарынды оқушылармен және жалпы оқушылармен (ОҒҚ) жұмыс, пән кабинеттерімен жұмыс, әдістемелік апталықтар, семинар, дөңгелек үстел, педагогикалық оқу, конференция, тренингтер, құжаттармен жұмыстар қамтылған. Бағдарламаның өзіндік жұмыстары, сарамандық жұмыстары орындалған.

Биылғы 2012 – 2013 оқу жылында Балқаш ауданы білім мекемелерінде 11 сынып бітіруші түлектердің жалпы саны 363, қазақ сыныбында 322, орыс сыныбында 41. ҰБТ-ге қатысқаны – 293, қазақ сыныбынан -268, орыс сыныбынан -25, қатысу пайызы 80,7.





математика

биология

география

химия

2013 ж

10,8

13,2

13,8

10,3

2012 ж

8,3

16,2

17

13,3

айырма

шылқ


2,5

- 3

-3,2

-3




Пәндер атауы

Қатысқан

оқушы саны



Жалпы балл

орташа

балл


білім

сапасы


үлгерім

сапасы


«2»

математика

293

3152

10,8

42

98

6

биология

158

2090

13,2

49,4

100




география

35

482

13,8

57,1

100




химия

31

31

10,3

33,3

100




Физика

21

31

10,3

33,3

100




Оқу жылының басында жаратылыстану - математикалық бағыттағы пәндер мұғалімдерінен сауалнамалар алынып, өз білімдерін жетілдіру жұмысы туралы ереже үлгісімен қамтамасыз етілді. Пән бірлестіктерінде ашық сабақ, жазба жұмыстары, дөңгелек үстел, семинарлар, конференциялар кестесі жасалған.

Мектеп ұстаздарымен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар бағытының бірі кәсіби байқаулар. Кәсіби деңгейі жоғары, шығармашылықпен жұмыс істейтін талантты мұғалімдерді анықтау, оқушылардың білім сапасын жоғарылату мақсатында оқытумен тәрбиелеудің әдістемелік тиімді педагогикалық технологияларын таңдау, озық педагогикалық тәжірибелерді тарату және насихаттау мақсатында аудан ұстаздары арасында мектепішілік, аудандық, облыстық кезеңдерге ұласқан байқаулар өтті.

Жаратылыстану математика бағыты бойынша - «Жыл сынып жетекшісі 2013» байқауында Үшжарма о.м 6-сынып жетекшісі Толеубекова Гүлзат ІІ орынды, химия пәні мұғалімдерінің арасында химиялық білім мен біліктілікті жетілдіру үшін өткізілген аудандық «Үздік химия пәні мұғалімі - 2013» байқауында Үлгілі орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Алпарова Сақыпжамал бас жүлдені иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алып, номинация иегері атанды. Информатика пәні мұғалiмдерi арасында өткен "Алтын диск 2013” байқауында Ж.Бәрібаев ат.о.м информатика пәнінің мұғалімі Байділдаева Алия бас жүлдені иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Аудандық “Авторлық бағдарлама жобалары” аудандық конкурсы 2013 жылдың 20 қарашасы күні сырттай бөлімде өткізілді. «Авторлық бағдарлама жобалары» байқауында Н.Бозжанов ат.о.м.қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абылхапова Б.Т. бас жүлдемен марапатталды. Аудандық «Ең үздік әдістемелік пән бірлестік жетекшісі» аудандық байқауы 2013 жылдың 18 қарашасында Береке орта мектебінде өткізіліп, Ақкөл о.м жаратылыстану – математика бағытындағы пән бірлестігінің жетекшісі Орынбаева Раушан ІІ орынды иеленді.

Балқаш аудандық білім бөлімі Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған жас экологтардың «Жер бетіндегі тіршілікке Біз жауаптымыз» атты облыстық экологиялық форумына №1 Жамбыл ат.о.м. 8-сынып оқушылары мен жетекшісі болып Жанатова Айдын барып қатысып қайтты. 2013 жылы желтоқсан айының 5-і күні «Жаратылыстану- математикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында Он-лайн режіміндегі әдістемелік семинарға қатысып пікір алмасты. Халықаралық «Кенгуру-математика 2013» конкурсына аудан бойынша 318 балаға сұраныс беріп, қатыстырылып 25 бала ІІІ орынды иеленді.

Биылғы оқу жылында Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтымен бірлесе отырып «Үйірме жетекшілердің авторлық жұмыс және қолданбалы таңдау курстарының бағдарламалар жинағы» тақырыбында мұғалімдердің іс – тәжірибесі жинақталған жинақ шыққан болатын. Бұл жинақта Ақкөл, Бірлік, Қарағаш, Бейсекбаев, Ахметов, Бозжанов, Бәрібаев, Топар, №2Жамбыл мектептерінің мұғалімдерінің авторлық бағдарламалары және бейіндік пәндер бойынша бағдарламалары енген. «Тәрбие басы – тал бесік» атты облыстық жинаққа аудан мектептерінің сынып жетекшілерінің үздік тәрбие сағаттары енгізілген және информатика пәні мұғалімдерінің үздік сабақтары да облыстық жинаққа енгізіліп, жарыққа шығарылды. Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы «...оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс» деп атап көрсетті.

Жалпы аудандық әдістемелік кабинеттің жұмысы қойылған міндеттерге сәйкес терең, жүйелі жүргізілді. Бұл жұмыс формасының тиімділігін, орнықтылығын қамтамасыз етеді. Осындай ұтымды инновациялық сәйкестілік пен жүйелілік арқылы жұмыстың үйлесімділігі алдағы жылда да өз жалғасын табады

Алматы облысы әкімінің 2013 жылы «2012-2013 оқу жылына әскерге шақырылатын жастарды дайындау жоспарын бекіту туралы» шешімінің орындалу барысын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімінің шешімі қабылданып әскер жасына дейінгі және әскер жасындағы азаматтарды қызметке дайындау жөніндегі аудандық оқу бөлімінің бұйрығы шығарылып 2013-2014 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Әдістемелік кабинеттің 2012 -2013 оқу жылындағы жоспары мен бастапқы әскери даярлық пәнінің оқытылу сапасын арттыру мақсатында осы пәннің оқытушы-ұйымдастырушыларымен жыл барысында бірнеше аудандық семинар өткізілді Бастапқы әскери даярлық пәнінің оқу-материалдық базасын жетілдіру барысында да біршама жұмыстар атқарылды. Бастапқы әскери даярлық кабинеттері, қарауыл қалашықтары, тактикалық алаңдар, кедергімен жүгіру, тирлер талапқа сай жабдықталмаған. Кейбір мектептер өз күштерімен немесе демеушілер көмегімен материалдық базасын нығайту үстінде. Мектеп тирлері мен қару-жарақ сақтайтын бөлмелері босатылып, әрлеу жұмыстары жүргізілді. Жастардың бойында отансүйгіштік сезімдерді ояту мен бастапқы әскери даярлық пәні оқытушы-ұйымдастырушыларының осы саладағы еңбектерін бағамдау мақсатында әскери-патриоттық ойындар өткізіліп тұрады

Сонымен бірге, АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының шығармашылығын жандандыру мақсатында 2013 жылы сәуірдің 5-і күні Желторанғы ауылында «Алғашқы әскери дайындық пәнінің ең үздік ұйымдастырушы ұстазы-2013» аудандық байқауы өткізілді. Байқау қортындысы бойынша алғашқы әскери дайындық пәнінің ең үздік ұйымдастырушы ұстазы болып Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Оразбаев Салман танылды.

Аудандық қорғаныс бөлімі аудандық білім бөлімімен бірлесіп аудан мектептерінде АӘД пәнінің жүргізілуін және патриоттық тәрбиенің өткізілуін алдағы оқу жылында бірігіп жоспарлау шараларын ұйымдастырып, іс –шаралар жоспарын жасап аудан әкімімен бекітілген. Сонымен бірге, аудандық қорғаныс бөлімімен бірігіп түрлі семинарлар ұйымдастырылып отырады.

Аудан мектептерінің әскери жетекшілері патриоттық іс-шаралар ұйымдастырумен қатар денешынықтыру пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып, жастардың спорттық деңгейін көтеруге жете көңіл аудара бастады. Атқарылған іс-шаралар өз нәтижесін беріп, мектеп оқушыларының денсаулығы өткен жылдармен салыстырғанда біршама артқанын көруге болады. Былтырғы жылы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде шақыру учаскесінен тіркеуден өткен 1997 жылы дүниеге келген жасөспірімдердің әскери қызметке жарамдысы 50,7 пайыз болса, биылғы жылы (1997 ж.т.) ол көрсеткіш 51,6 пайызды құрап отыр.

Бастапқы әскери даярлық пәні оқытушы-ұйымдастырушыларының кәсіби білімін жетілдіру мақсатында Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінде өткізілетін курсқа Топар орта мектебінің пән мұғалімі жіберілді. Осы уақытқа дейін аталған курсқа аудан мектептерінен 6 адам жіберілді. Өкінішке орай олардың екеуі түрлі себептермен курсқа бара алмады.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әр айдың үшінші сәрсенбісінде аудандық білім бөлімі маманының қатысуымен бастапқы әскери даярлық пәні мұғалімдерімен семинар өткізіліп тұрады. Семинарда тәжірибелі пән мұғалімдері көрсетімдік сабақ өткізіп, тәжірибе алмасады. Сонымен қатар, әскери жетекшілер өздеріне қажетті сұрақтарға жауап алады.

13-15 мамыр аралығында бастапқы әскери даярлық пәні мұғалімдерімен және аудан оқушыларымен Алматы облысы, Жетіген ауылындағы, №65229 әскери бөлімінде өткен үш күндік жиында АӘД пәнінің мұғалімдері және аудан оқушылары қорғаныс саласының ұшақтары мен тік ұшақтарымен және де әскери сарбаздар өмірімен толықтай танысып қайтты. 2007 жылдың 21 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің №299 Жарлығымен шыққан мемлекетіміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған әскери доктринасының бірінші кезеңінің (2007-2008ж.ж.) аяқталуына байланысты екінші кезеңдерді қамтитын (2009-2012 жылдар аралығы) қауіпсіздік негіздері мен бағыттары туралы мағлұмат берілді. Бұқаралық қорғаныс айлығы кезінде мектептің әскери жетекшілері өздеріне бөлінген төменгі сынып оқушыларына шефтік көмек көрсетіп, түрлі шаралар ұйымдастырды. Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеген жауынгерлермен және еңбек ардагерлерімен кездесулер өткізді. Сонымен қатар, мектепішілік әскери-патриоттық «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ойындары және өзге де спорттық жарыстар өткізілді.

Сондай-ақ, аудан мектептерінде бастапқы әскери даярлық пәні оқытушы-ұйымдастырушылары мектеп кітапханашылары, денешынықтыру пәні мұғалімдері және сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, «Мен өз елімнің патриотымын ба?», «Ұлт рухын ұлықтаған», «Желтоқсан желі» секілді сынып сағатары мен кездесулер, диспуттар және «Қазақстан туған елім менің» атты Елбасы Н.Назарбаевтың шығармаларына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2012-2013 оқу жылында технология пәні білім саласының жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің бұйрықтарымен бекітілген оқу бағдарламаларының негізінде оқытылады .

Мектептерде « Шебер қолдар» үйірмелері жұмыс атқарады .Оқушылар қолданбалы қол өнерінен аудан көлемінде өткізіліп тұратын көрмелерге қатысып тұрады

Технология пәнінде оқушылар еңбек құралдарын толық пайдалана отырып түрлі жұмыстар атқарады. Ауданда технология пәні мұғалімдері және мектеп оқушылары арасында қолданбалы қолөнер байқауы ұйымдастырылып өткізіледі.

Аудандағы 21 орта және негізгі мектептерде 2012-2013 оқу жылында мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жоспар құрылып, іс- шаралар өткізілді. Аудан мектептерінде 55 дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері жұмыс істейді, олардың 39 жоғары білімді мамандар, 12 арнаулы орта білімді дене шынықтыру пәні мамандары, 3 аяқталмаған жоғары білімді.

Дене деңгейі дайындығын қамтамасыз ету мақсатында және педагогикалық кәсіби шебер мамандарды анықтау мақсатында Бірлік орта мектебінде «Дене шынықтыру пәнінің ең үздік мұғалімі - 2013» аудандық байқауы өткізіліп аудан мектептерінің 17 пән мұғалімі қатысып, өз білімдерін шыңдап қайтты.

«Жаңа ғасыр» көгіндегі білім беру саласына енген жаңалықтар барлық пәндерге бірдей қойылатыны анық, технологиялардың дене тәрбиесі пәніне енгізілгені бүгінгі сабақтарда көрініс тапты. Жарыста мұғалімдердің ізденіс деңгейлері байқалды. Және жекелеген мұғалімдердің алдағы уақыттарда ізденісті арттыруына ықпал етеді». 2012-2013 оқу жылында аудан мектептеріне 10 717 000 теңгеге спорттық құрал-жабдықтар сатып алынып таратылып берілді, оның ішінде 21 мектепке қысқы спорт түрлерімен айланысу үшін шаңғы және конькилермен қамтамасыз етілді, сонымен бірге футбол, волейбол, баскетбол доптарымен және басқа да спорттық инвентарьлармен жабдықталды. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2006-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындау мақсатында денешынықтыру сабақтары мен спорттық үйірмелерге ерекше көңіл бөлінуде. Аудан көлемінде мектептерде 114 спорттық секциялар жұмыс жасайды. Ол секцияларда 1667 оқушы әртүрлі спорт түрлерімен айналысады. Аудан мектептерінің бала санына шаққанда 30 пайызды құрайды. Мектептерде міндетті түрде таңертеңгілік 15-20 минуттық жаттығулар және сабақ арасында төменгі сыныптарда бой жазу жаттығулары өткізіліп тұрады. Елбасының жылдағы дәстүрлі жолдауларында басты назарда болатын салауатты өмір салтын іске асыру жолында аудан мектептерінде «Президенттік тест» көрсеткіштері қабылданды. Ал мектеп оқушылары аудандық Президенттік көпсайыс спартакиадасына жаппай қатысады.

Алматы облысында дене тәрбиесі және спортты дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, Балқаш ауданы бойынша дене тәрбиесі спортын дамытудың 2007-2013 жылдарға арналған іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Балқаш ауданы әкімінің 15 ақпандағы № 2-2 шешімімен бекітілген. Әр тоқсандық спорттық-көпшілік іс-шараларының жоспары негізінде тұрақты жұмыс істейді. Ауданның 21 орта мектептері 85 % спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру- қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Білімді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:


- білім беру ұйымдарын компьютерлеу;
- интернет-сызығын қамтамасыз ету;
- білім басқармасының ақпараттандыру жүйесін енгізу;
-қазіргі заманға сай ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және объективтік-бағытталған бағдарламалар негізінде оқуға арналған отандық бағдарламалық құралдарды жасау;
- оқу теледидары және мектептегі теледидарлық техникалық орталықтарды құру;
-ара қашықтық формасын дамыту болып табылады.

Бұл бағыттар ұлттық білім моделін жақсартуда анық болды.

2012-2013 оқу жылына аудандағы барлық компьютерлер саны –609 , 2013-2014 оқу жылы компьютерлер саны 651 – ге жетті. Өткен оқу жылында аудан бойынша 1 компьютерге 8,8 баладан келсе, 2013-2014 оқу жылына 1 компьютерге 8,2 баладан келіп отыр. Жабдықталған компьютерлік сыныптардың саны - 33.

Балқаш аудандық білім бөліміне қарасты 25 мектептің барлығы да компьютерленген.



Лингофонды - мультимедиялық кабинет ауданның 11 мектебінде: Б.Бейсекбаев атындағы орта мектебінде ( 16+1), №1 Жамбыл атындағы орта мектебінде ( 16+1), Бақанас орта мектебінде ( 9+1), Ақкөл орта мектебінде ( 16+1), Ахметов атындағы орта мектебінде (16+1), Үлгілі орта мектебінде (16+1), Қарағаш орта мектебінде (16+1), Н.Бозжанов атындағы орта мектебінде (16+1), Бақанас мектеп интернатында (16+1), Ақдала орта мектебінде (16+1) лингофонды – мультимедиялық кабинеттер берілді және қазіргі уақытта бірқалыпты жұмыс істеп тұр. Мұның өзі Қазақстан Республикасының бірнеше шет тілін білетін азаматтарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар, аудан мектептеріне физика кабинеті 6 мектепте Б.Бейсекбаев ат.о.м, №1 Жамбыл ат.о.м, Ақдала о.м, Ж.Бәрібаев ат.о.м, Д.Қонаев ат.о.м, №2 Жамбыл ат.о.мектептерінде, биология кабинеті 8 мектепте Ы.Алтынсарин ат.о.м, Топар о.м, Бірлік о.м, Жиделі о.м, Бақанас мектеп интернаты, Көкжиде о.м, Береке о.м, Ақкөл орта мектебі, химия кабинеті 5 мектепте Үлгілі о.м, Қарағаш о.м,Н.Бозжанов ат.о.м, Бақанас о.м, Аралтөбе о.мектептерінде орнатылып, қазіргі таңда оқушылар мен мұғалімдер сабақтарында қолдануда. Барлық пәндік кабинеттер білім беру үрдісіне қосылған, мұғалімдер интерактивті және пәндік жабдықтармен жұмыс бойынша қажетті дайындықтан өткен. Педагогтармен оқу үрдісін басқару жүйесі жобаланған. 2013 жылғы жоспарға сәйкес білім мекемелеріне 42 компьютерлер алынып, орнатылды.

Б.Бейсекбаев атындағы орта мектепке, Ақкөл орта мектебіне, №1 Жамбыл ат.о.м, №2 Жамбыл ат.о. мектептерге кең арналы жоғары жылдамдықты интерактивтік тақталар орнатылып, «Оn-line» режиміндегі белгіленген жоспарлы интерактивті сабақтарға уақытылы қатысып отыр.

Ауданымыздың 12 мектебіне қашықтан оқытудың спутниктік каналы (СКДО) орнатылды.

Аудандағы білім мекемелерінде барлығы дерлік түгелдей интернет жүйесіне қосылған. Кең жолақты интернет АDSL қызметіне қосылған - 3 (Бақанас о.м, Б.Бейсекбаев ат.о.м, №1 Жамбыл ат.о.м) мектеп, Sky edge спутниктік қызметіне -14 (Д.Қонаев ат.о.м, №2Жамбыл ат.о.м, Жиделі о.м, Береке о.м, Н.Бозжанов ат.о.м және Орақбалға шжбм, Бірлік о.м, Үлгілі о.м, Ақкөл о.м, Топар о.м, Көкжиде о.м, Ә.Ахметов ат.о.м, Аралтөбе о.м), 2012 жылы EV-DO желісіз қызметіне 7 (Үшжарма о.м, Қарағаш о.м, Ақдала о.м, Бәрібаев ат.о.м, Бақанас мектеп интернат, Ы.Алтынсарин ат.о.м, Бояулы шжбм) мектептері қосылған.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі – білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу болып табылады. «Білім беру ұйымдарына электронды оқыту (e-learning) жүйесін енгізу» тақырыбындағы пилоттық жобаға Бақанас о.м, №1 Жамбыл атындағы орта мектеп және Б.Бейсекбаев атындағы орта мектептері 2020 жылы енгізіледі. Қазіргі уақытта ақпараттық және коммуникациялық технологиялармен жұмыс істей білу - оқу және жаза білумен қатарлас жүреді, ол қоғамның ары қарай дамуын анықтайды.


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет