1. 1-тапсырма. Нормативтік және әдістемелік құжаттармен жұмыс


-тапсырма. Бағалау тәсілдерінің сипаттамалары



бет6/6
Дата26.08.2020
өлшемі120,9 Kb.
#76977
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1,1 тарсырма
7-дәріс, 7-дәріс, A ylshyn-tili
1.5-тапсырма. Бағалау тәсілдерінің сипаттамалары

Бағалау әдістерінің валидтілігін, сенімділігін және объективтілігін бағалаңыз:

Ж (жоғары деңгей)

Т (төмен деңгей)






Бағалау тәсілдері

Валидтілік

Сенімдік

Объективтілік

1

Көп таңдауы бар тест тапсырмалары




+




2

Эссе




+




3

Сәйкестендіру




+




4

Топтық жоба







+

5

Тәжірибелік жұмыс

+







6

Бақылау

+







7

Сауалнама




+




8

Өзін-өзі бағалау




+




9

Бірін-бірі бағалау







+

10

Рөлдік ойын




+




1.6-тапсырма. Төменде берілген үзіндіні оқып шығып, тест әзірлеу процесі бойынша өз түсінігіңізді тұжырымдаңыз.

Тест тапсырмаларын құрастыру – өнер ме, әлде ғылым ба?

«Білім берудегі өлшем» (Educational measurements, 2006) кітабынан үзінді
Тест әзірлеудің тиімді тәжірибесі туралы бізге белгілі бірқатар деректер соңғы 60 жыл ішінде осы тақырып бойынша бірнеше табысты оқу құралын шығарған сарапшы мамандардың пікірлерінен, сондай-ақ тәжірибе жүзінде тест әзірлеумен айналысқан мамандардың тәжірибесінен туындайды. Тест тапсырмаларын әзірлеуге эксперименттік тұрғыдан дизайнды зерттеуге арналған зерттеулер де біршама әсер етті.

Мән-мағынасы айқын, күрделілік деңгейі жоғары тест тапсырмасын әзірлеу процесі нағыз өнер деп санайтын тест әзірлеуші мамандар бар, олардың бұл пікірінің де жаны бар. Бағалау тарихында әлі күнге дейін айқындалмаған мәселе – тест әзірлеушілердің тест тапсырмаларының мазмұнын, оны әзірлеу ресімдерін қандай дәрежеде зерттеп-зерделегені болып табылады, бұл тест әзірлеудің бастапқы кезеңдерінде, яғни тест дизайнын ойластырудан бастап тестілеу және бағалауға дейінгі тест әзірлеудің тұтас процесін бағыттап отыратын дәлелдемелерге ғылыми тұрғыдан берік негізделуі тиіс. Тест әзірлеудің ғылыми негізделуі бұл кәсіби тұрғыдан зерттеп-зерделеуді қажет ететін мәселе болып табылады.

Тест құрастырудың қажеттілігіне орай ғылыми компонентке негізделетіні туралы тұжырым жасау тест құрастырудың валидацияда (дұрыстығын растауда) маңызды рөл атқарады деп тұжырымдағанмен бірдей болады. Тест әзірлеудің білім алушылардың оқу нәтижелерін және соларға негізделген қорытындыларды айқындап, тұжырымдауда аса маңызды екендігі сөзсіз.

Тест нәтижелерін дұрыс қорытып шығаруы тиіс тест әзірлеуші маман ең алдымен ​​тест спецификациясын мұқият зерделеп, олардың қалай есептелгенін, тест құрастыру процесін және мүмкіндігінше, бір немесе бірнеше қолданылған тест формаларын зерттеуі тиіс. Бұл тест «мазмұнының валидтілігін» бағалау мәселесі ғана емес; тест әзірлеу көптеген валидтілік аспектілеріне, көптеген қорытынды түрлеріне әсер етеді. Бұрын тест әзірлеу жалпы өнер ретінде қарастырылды деуге болғанымен, бұл оны толыққанды сипаттай алмайды. Қазіргі кезде тест құрастырудың анағұрлым берік ғылыми негіздемесін қамтамасыз етуге баса назар аударылуда.



Қорытынды:

Қазіргі әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру жоғары технологиялар қатарына жатқызылады. Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде білімнің ажырамас бөлігіне айналды. Тестілеу жайлы айтпай тұрып, алдын-ала оқушы білімін бағалау үшін қолданылатын тесттің не екенін білу керек. Тесттік тапсырмалар арқылы жеке оқушыда қалыптасқан және жалпы білім ұйымының берген білім сапасы тексеріледі. Сондықтан ең алдымен «білім дегеніміз не?»- деген сұраққа жауап алуымыз керек. Пифагор: «мейірімділік біліммен байланысты, білімді адам қайырымды болады, білімнің жоқтығы жаман істер істеуге жетелейді» деген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет