1. Қайта өрлеу дәуірі және ғылымның дүниетанымдық және теориялық алғы шарттарыны қалыптасуы. Қайта өрлеу дәуірінде ғылым түсінігінің эволюциясы



бет1/8
Дата07.02.2022
өлшемі40,38 Kb.
#87575
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
4 апта


Сұрақтар


1. Қайта өрлеу дәуірі және ғылымның дүниетанымдық және теориялық алғы шарттарыны қалыптасуы. Қайта өрлеу дәуірінде ғылым түсінігінің эволюциясы..............................................................................................................2
2. Н. Коперник, Д. Бруно әлемінің гелиоцертлік жүйесі және шексіз әлем.........................................................................................................................11


Қайта өрлеу дәуірі және ғылымның дүниетанымдық және теориялық алғы шарттарыны қалыптасуы. Қайта өрлеу дәуірінде ғылым түсінігінің эволюциясы.
Қайта өрлеу дәуірі жалпы антикалық мәдениетпен, антикалық философия бөліміне қызығушылықтың өсуімен негізделеді. Ол өз бастауын тарихи кезеңнің аталуынан алды. Қайта өрлеу дәуірі үш кезеңге бөлінеді: ежелгі (ХІV-ХV ғғ.), орта (ХVІ ғ.), кейінгі (ХVІІ ғ.). Қайта өрлеу философиясы Италиядан басталды, таңқаларлықтай емес, өйткені осы территорияда қызығушылық тудырған антикалық философия гүлдене бастаған, содан кейін ғана солтүстікке, батысқа және шығысқа жылжый бастаған. Әрине осыған сәйкес италиалық, немістік, француздық Қайта өрлеу дәуірі туралы айтылған…
Қайта өрлеу дәуірі орта ғасырлық философия аяқталуы мен Жаңа заман философиясының басталуы кезеңінде пайда болды. Сол себепті де ол өтпелі болып келеді, ал бұл өз кезегінде оның мазмұнына өз әсерін тигізді. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы өз кезегінде пайда болу кезеңіндегі философия тағдырын қайталады десекте болады. Мұнда философия мифологиялық ойдан арылып, философияны мәдениеттің жаңа саласы ретінде құрды, ендігі философия діни түсініктерден бөлек мәдениеттің жеке жаңа саласы болып келеді. Бірақ ойлау қайтадан философияға оралды (мұнда Қайта өрлеу сөзі тура айтылған – антикалық мәдениеттің, яғни антикалық философияның пайда болуы).
Қайта өрлеу дәуірінің философиясының мұндай екі мінезділігі, оның екі түрлі сапасымен түсіндіріледі: абсолюті шындықты анықтауға бағытталған бала сенімімен қатар, орта ғасырлық философия бағалауының скептицизмімен түсіндіріледі. Сократ философиялық әдісті ойлап тапты, Жаңа заман философиясы – ғылыми әдіс (негізін Аристотель құрған), және де ол жемістілігін көрсетті.
Қайта өрлеу дәуірі діни сенімдердің шынайылығына сенбеушіліктен басталды. Ежелгі Грецияда Сократ жақтаушыларының қарсы күресуші мектептері құқылықтылық негізіне қатысты келісімге келе алған жоқ, со себепті скептицизм пайда болды, сөйтіп орта ғасыр соңында діни сенім әлсіреп, скептицизм қайта пайда болды. Ол жаңа сенімге жер дайындады – адам санасына, оның күші мен қабілеттілігіне.
Скептицизм орта ғасыр философиясының қортындысын құрды. Оның спецификасы – діни сенім мен діни шындыққа сенімді әлсірету және де дінге адам санасын қарама-қарсы қою. Бір жағынан, сектицизм саналы діни сенімділік мүмкін емес деген шешімге келсе, екінші жағынан – сана дінен жоғары демек еді. Сонымен, Қайта өрлеу спектицизімі – схоластикаға қарсы күрес қаруы. Схоластика шіркеу жүйесі сана алдында өз анықтамасын табуына негізделетін философия ғылымын құруға бағытталған. Бұл ретте пайда болған қиыншылықтар скептицизм туындауына кері импульс әсерін тигізді. Философия және дін мәдениеттің әр түрлі саласы, және, ХІІІ ғасырдағы Фома Аквинский зерттеулерінде бір-біріне жақындаған мәдениет салалары қайта ажырай бастады, ал бұл скепсис пайда болуына әкелді. Қайта өрлеу философиясы схолостика қойнауында оның дамуының заңдылық өнімі ретінде пайда болды.
Скептизм шіркеу абыройына деген сенімді бұзды. «Намыс және жақсылық оқушылары, адам санасында, яғни оның сөзінде бейнесін тауып, одан басқа жетекшіні білмесін», – деп ең қызық скептицизм жақтаушысы Мишель Монтень (1533-1592) айтқан. Сана қайтадан бастапқы пунктке оралуда және осыдан Жаңа заман философиясының басталуына тартылады. Монтень «өзіне және өзінің жеке жақсылығана өзінің барлық ойлары мен істерінің назарын аударуға» шақырғанда, ол сол арқылы Қайта өрлеудің негізгі идеясының бірін бейнелейді: адам өзінің ойымен, істерімен әлем орталығында орналасқан. Адамға үндеу Монтеньеге, діни сенім символын жоққа шығару үшін қажет. Бұл жағдайда ол антикалық скептиктерге жақын және де орта ғасырлық философияны аяқтауда. Философия батыс жанынының ерекшелігін ескере отырып жаңа деңгейде антиканы қайталау үшін, өзінің дәстүрлі мәселелеріне антикалық мәдениет ренесансы арқылы оралды.
Монтень көбіне шіркеу сенімдеріне қарсы болған, ал Никколо Макиавелли (1469-1527) қазіргі қоғамның абсолюті моральдігін жоққа шығарған. Макиавеллидің саяси құндылығы қарама-қайшы – қарапайымдылыққа бағытталған кинизмге негізделген. Бұл бағытта Макиавелли Диоген экстровагантігіне жетіп, тіпті одан да асып кетті.
Қайта өрлеу дәуіріндегі философияның позитивті бағыттары адамның идивидуалдық, еркіндік және творчествалық потенциял мәселелеріне негізделген. Қайта өрлеу дәуірі – әлемдік мәдениет титандарының творчествалық уақыты: Леонардо да Винчи, Микеланджело, Шекспир және тағы басқалары. Бұлардың өмірге әкелкен әйгілі шығармалары адам мүмкіндігінің шексіздігіне сенбей пайда болмас еді. Әлем орталығында адам орналасқан, сол себепті де антропоцентризм атауын иеленді.
Қайта өрлеу дәуірі – бұл европалық өмірдің де қайта тууы, адамның да жаңа өмірге бейімделуі. Қайта өрлеу табынан жаңа мәдени адам пайда болды. Бұл адам жанының жаңаруы деген сөз. Шынымен Жаңа заман атауын ақтайтын, жаңа өмір басталды.
Қайта өрлеу дәуірінің философтарының көңілі Құдайдан адамға ауысуда және гуманизм түсінігі басты рольге ие болуда («homo» – адам). Философ-гуманистің жарық мысалы ретінде Эразм Роттердамскийді (1466/69-1536) көрсетсе болады. Дүниедегі барлық заттардағыдай гуманизмнің кері жағы да бар, адамды пайда болу негізі, Әлемнің ең күшті жаны және қоршаған ортаны өзіне бағындырады деген шектен тыс жоғарлатуында. Сонымен қатар адамның жоғарғы этикалық бағытымен, жоғарғы құқылық деңгейге көтерілетіні, творчествалық, моральдік қасиетіне сәйкес құдайға ұқсас бола алатынымен тамақтанбаса антропоцентризм мәдениетте басты орынға ие бола алмайтын еді. «Гуманизм» түсінігі «антропос» түсінігіне қарағанда гумандылық анықтамасымен байланысты. Цицирон шығармалары қайта өрлеу дәуірінің философиялық қозғалысы үшін үлкен мәнге ие, осыдан Қайта өрлеу философтары гуманизм түсінігін алды.
Гуманизімнің қайта өрлеу тұжырымдамасы европа мәдениеті тарихындағы ең бірінші тұжырымдама, бірақ тарих бойынша одан да көне Конфуций гуманизімі, олардың айырмашылығы европалық мәдениеттің ғылыми бейімделуі табиғатқа бағыттағандығында және антропоцентризммен тығыз байланыста болмағанында. Дәл осы европа гуманизімінің құқылығы қазіргі философия сынауына алып келді, ол туралы төменде айтылады.
Қайта өрлеу дәуірінің индивидуализімі, адамға қарсы тұрған әлем объектілігіне емес, әлемнің ішкі психологиялық негізіне – әлем субъектілігіне, философиялық жоспарда қалыптасқан жеке мәселеге негізделуінде. Одан кейін Жаңа заман философиясында мұндай әдіс субъек және объект дилеммасына айналды және де Декартта екі субстанция түсінігі қалыптасты.
Қайта өрлеу дәуірінің гуманизімі әлеуметтік қатынастарда да таралды. Егер де Макиавелли өзінің әлеуметтік-саяси қортындыларында скептик болса, онда Томас Мор (1478-1535) Платонның идеалды мемлекетінен бас тартып Қайта өрлеу дәуірінің жаңа әлеуметтік идеалын бейнеледі. Платонның идеалды мемлекетінде екі жоғарғы классқа өз жеке меншігіне иеленуіне тиым салынады. Т.Мордың «Утопия» аты шығармасы барлық азаматтарға материалдық байлықты теңдей бөлуге негізделеді. Мұндай жаңа әлеуметтік идеалды нұсқау қоғам ойының дамуына үлкен әсерін тигізді.
Утопиялық әлеуметтік жобаларда адам табиғатының жетіспеушілігі ескерілмейді, ол ескерілмегендіктен қоғам идеалды бола алмайды. Мор барлық утопия серияларының бастауын құрды – оның ең алғашқысы Томмазо Кампанелланың (1568-1639) «Город Солнца» шығармасы, одан кейін топтар құру арқылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, сонымен ХІХ ғасырда кең массалар саяси аренаға шыққанда, Маркстің коммунистік идеологиясына негізделді және ХХ ғасырда СССР-де оны жүзеге асыруға бағытталды.
Философия орталығындағы құқықтың маңызды тәжірибиелік қадамы Гуго Гроциемнің (1583-1645) құқықты тарихи және табиғи деп бөлуі болып келеді, біріншісі қоғам құрылымына, екіншісі адам табиғаттылығына негізделеді. Мемлекеттік келісім шарт теориясындағы Гроция ойы бойынша адам қажеттілігі араласуға әкеледі, ол өз бастауын Жан-жак Руссоның қоғамның келісім шарты негізінде алынған мемлекеттік тұжырымдамасынан алған. Жеке индивиттерден келісім бойынша мемлекет туындайды демекші, Гроция ойы бойынша мемлекет арасындағы келісім күшіне халық қоғамдастықтары кіреді.
Қайта өрлеу дәуірінде дүние жүзілік саяхаттар және географиялық ашулар әсерінен горизонттар кеңейе түсті. Әлем әлеуметтік бірлестікке айнала бастады, адамзат жер шарының бірлескен жаны ретінде қалыптаса бастады. Марко Полоның Қытай және Үнді еліне саяхатты ұлы цивилизацияларды біріктірді, ал Васко да Гама мен Колумбтың сол жақа жол табуы Америка ашылуына әкелді. Одан кейін Коперник қазіргі ғылымның негізін қалап, өзінің әлем жүйесінің гелиоцентрімен Әлемді (Вселенная) «ашты». Қайта өрлеу дәуірі – табиғаттың эмперикалық тәжірибиесіне сүйенген теориялық жетістіктер негізінде құрылған қазіргі ғылым түсініне әкелді, ол оның ішкі және сыртқы табиғатына оралуы. Қайта өрлеу дәуірінің маңызды ерекшелігі – философиялық ойлаудың ғылым көмегіне бағдарлануы. Қайта өрлеу дәуірі Италиядан басталды, сол себепті де натурфилософия формасындағы философиялық позитивті қорытындылар Италиядан шыққандығы таңқаларлық емес. Оның маңызды өкілі Джордано Бруно (1548-1600) болды – ғылым бейнеті, өзінің ойы үшін инквизиция кезінде алау отына жанып өлген.
Антикалық кезеңде жоқ болған математика негіздері жаратылыстану дамуының басталуында түсінікті болды. Леонардо да Винчи (1456-1519) атақты суретші ғана емес, сонымен қатар қазіргі жаратылыстану негізін қалаушы. Ал одан кейін ғана Галилео Галилей (1564-1642) Табиғат Кітабы математика тілімен жазылған деп жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет