1. Қайта өрлеу дәуірі және ғылымның дүниетанымдық және теориялық алғы шарттарыны қалыптасуы. Қайта өрлеу дәуірінде ғылым түсінігінің эволюциясы



бет4/8
Дата07.02.2022
өлшемі40,38 Kb.
#87575
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
4 апта

Ағылшын эмпиризмінің философиясы
Алғашқы сезім тәжірибиесінің мағынасын ерекшелейтін, шындықты іздеу және оның критерилері эмперизм кезінде де жүргізілді. Рационалим мен эмперизімнің бәсекелестік тізбектері Гераклит пен элеаттарға сәйкес дәстүрін жалғастыруда. Европа елдерінде рационализімге неміс философиясы, ал эмперизімге – ағылшын философиясы тартылды. Ағылшын философтарымен ұсынылған және континентальді рационализмге қарсы шыққан бағыт, ағылшын эмперизімі атына ие болды. Олардың өкілдерінің ішінен үш философтарды ерекшелесек болады.
Декарттың үлкен құрбысы Френсис Бэкон (1561-1626) ең жақсы дәлелдеу – тәжірибие, ал сезім – білім негізі деген. Бэкон өтірік ойды адасу себебі деп санады, және оларды идол немесе елес (призрак) деп атады. Туудың елесін – адамдардың барлығына жалпы және адам өз меншігін басқа зат табиғатына алмастырғандықтан, заттардың өтірік бейнесін бейнелейді деді. Үнгірлердің елесі әр адамның жеке индивидуалдығынан пайда болады. Нарықтың елесі – сөзді дұрыс пайдаланбағандықтан. Театр елесі – салтанатты көріністермен аяқталатын, өтірік білім.
«Елесті» жеңу жолы – индукция көмегімен оны талдау және тәжірибиеге жүгіну. Индукция, «тәжірбиеден аксиоманың шығарылуы» – Бэкон ойынша, жеке факттарды қабылдап, қадам сайын жоғарлап, жалпы жоғарғы деңгейге жетіп, ғылыми әдістің негізін құрады.
Декарт сияқты Бэконда ғылыми әдістің маңыздылығын жоғары бағалады, ол цикульге ұқсас неше түрлі индивидуалды ерекшеліктерді жойып және әркімге дұрыс дөңгелек салу мүмкіндігін береді. Бірақ рационалды әдіске қарағанда ол эмперикалық әдісті қалады.
Көбінесе Бэкон эксперименттік және талдаудың ғылыми мағынасын өзгещеледі. «Табиғатты бөлек кеткенше, оны бөліктерге бөлген жақсы». Ол табиғат құпияларын ашқазуға «мәжбүр» еткізетін, эксперимент көмегімен «табиғатты тексеруге» шақырды.
«Новая Атлантида» атты утопиялық шығармасында Бэкон идеалды мемлекет бейнесін көрсетті. Платон Атлантидасында басты өжеттік идеалды басқару қағидаларына берілсе, Бэконда, Жаңа замандағы ғылыми жетістіктер сеніміне жүгіне отырып, тұрғындардың жағдайы ғылыми-техникалық жетістіктерге тәуелденеді, бірақ та ақылды басшылар алдынала қандай құралды пайдаланады, қандайын пайдаланбайтының шешіп қойған. Атақты «Білім – күш» афоризімі Бэкон шығармашылығы.
Келесі ағылшын эмперизімінің өкілі – Джон Локк (1632-1704) бірінші рет Жаңа заман философиясынан тану теориясын арнайы тәртіп ретінде бөліп шығарды. Локка антикалық атомистиканы еске түсіретін, алғашқы және екінші сапа туралы білім қарайды. Алғашқы сапаға ол ажырамайтын «денеде нақты бар» заттарды жатқызады (көлем, тығыздық, форма, сан, орналасуы, қозғалысы). Екінші сапасы (түсі, иісі, дәмі, дыбысы) дененің өзінде болмайды, бізге бірінші сапасның әсерін көрсетеді. Сонымен, бірінші сапа адамға тәуелсіз біздің денемізде өмір сүреді, екіншісі дененің сезім органдарымен өзара байланысы. Локк ойы бойынша барлық сезімдердің ішінен түйсік сезім ғана заттардың алғашқы сапасы туралы ақпарат береді, бірақ оған көру, есту, иіс сезу, дәм сезу жатпайды.
Локкқа «tabula rasa» («чистая доска») адам тууы анықтамасы жақын. Локк ойынша барлық түсініктер адам өмір тәжірибиесінен жинайды, және де Декартқа қарсы олар туа бітпейді дейді. Эмпиризм позициясы бойынша Локк ойлау субстанциясында талқылауға шығарды, осыдан кейінірек ағылшын философы Джордж Беркли (1685-1753) материалды субстанцияның баршылығын талқылады.
Ағылшын эмпиризмінің қорытындысы Д.Юм (1711-1776) философиясы болды. Локктың алғашқы және екінші сапаларын талқылай отырып, Юм тартылыс пен көргіштік сапасы алғашқы сапа аталуына құқығы жоқ деп жазды. Тартылыс ойын біз көру мен есту арқылы жүзеге асырамыз, ал егер барлық сезімдер объектіде емес санада жиналатын болса, онда қорытынды екінші сапа мен сезім идеаларына тәуелді тартылас идеясына ауыстыруымыз қажет.
Сонымен, мысалы, тығыздықты бейнелеу тікелей адам мен қоршаған ортаның қатысты көлемдеріне байланысты. Егерде адам көлемі атом көлеміне жақын болса, онда қоршаған орта біз үшін тығыз болмайтын еді. Мысалы, егер атом ядросы көлемі бойынша бұршақ сияқты болса, онда олардың арасындағы арақашықтық 5 км болатын еді. Ал әлем керсінше адам денесінің мөлшеріне жақындап, біз үшін майдаланбаған болатын еді, үлкен қарақшы болса кіші жұлдыздар қосындысы емес, тығыз қосындыдан тұратын үлкен денеге айналатын еді.
Юмның жалпы қорытындысы мынадай: дененің барлық сапасы екінші деңгейлі және біз өз бетімізше сыртқы орта туралы ешнәрсе біле алмаймыз. Заттар туралы объективті білім алуды жоққа шығарған мұндай көз қарас агностицизм атына ие болды.
Үлкен көңілді Юм себептілікке бөлді, бірақ мұнда да агностицизмге жүгінді. Ол себептіліктің объективті бар екенің дәлелдегенде жоқ, жоққа шығарғанда жоқ, бірақ зерттеу оған ұқсас емес және себепке жатпайды, ол дәлелсіз деп тұжырымдады. Себептілік байланысы оның ойынша былай қалыптасады. Бірінші эмперикалық құрастырудың кеңістік қосылыстары Б одан кейін А уақыт тұрмысы, сонымен қатар А одан кейін Б тұрмысы жиі болып тұрады. Сөйтіп, себептілік түсінігі логикалық қате негізінде пайда болады. Қате әр бір А өзінен кейін Б-ға ауысатындай, тұрақты ассосация күтуіне, сенімге айналады. «Тәжірибие бізге бір құбылыс екіншіні тудыратының дәлелдеуде, бірақ олардың бір-бірімен байланысатын құпиясын ашпайды», – деп қорыты Юм. Сондықтан, күн күніге шығып кіргендіктен, «ертең күн шығады» деген бекітіліс шындық деуге болмайды. Ол біздің күнделікті тәжірибие бойынша, болуы мүмкін. Құбылыстар арасындағы мүмкіндіктер негізі мен тану теориясының пәндерін құратын, ішкі байланысты ғылым ашады.
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы 15 – 18 ғасырлар аралықтарын қамтиды бұл дәуір фиодализмнің құлдырау буржуазиялық қатынастардың қалыптасу кезеңі қайта өрлеу термині, мағынасы антикалық құндылықтарды идеалдарды қалпына келтіру деген ұғым білдіреді. 15 – ғасырда басталған бұл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы жаңа жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес енді сауда жолдары өшкен Орта Азия мен Таяу Шығысқа қарағанда орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен Англия дамыған ірі елдерге айналды. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан – жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бүзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан, табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңлықтар ашты. Мәселен, протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин испандылық дәрігер Серветті адам денесінде қан айналымы болатынын ашқаны үшін тірідей екі сағат шыжғыпып өлтіртті. Сондай – ақ, инквизиция Джордано Бруноны (1548 – 1600) Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Ол: “Не табиғаттың өзі – Құдай, не Құдай – заттардың өз ішінен ашылған құдіретті күш”, деді. Олай болса, Джордано Бруно табиғаттан тыс, одан жоғары тұрған Құдай жоқ. Жаратушының өзі – сол табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді. Бұл өте қауіпті тұжырым болатын – ды. Өлер алдында Джордано былай деп өсиет қалдырды:“Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласынжарқын болашаққа апаратын жолдарға тосқауыл ьолаалмайды”. Николай Коперник (1473- 1543) өлім табытына жатар алдында: “Бәрібір жер айналып тұр” деген екен. Ол кезінде ғылымда Жер Күнді айналып қозғалатын дәлелдеп, гелиоцентрлік жаңалық ашты. Пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін Николай Кузанский (1401- 14665)салды. Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік түрғыдан шешті. Дүниенің бәрін, адамды да Құдай жаратты, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып келгенде, ол Жаратушының рөлін жоққа шығарды. өйткені, пантеизм Құдайды табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің шнгі бар, дүниенің жаратылған уақыты бар деген схоластикалық діни пікірге күмән келтірді, дүниенің шексіздігін уағыздады. Таным алдымен сезімнен басталады, одан соң оны ойлаумен толықтырады. Бұл екі процесс ұдайы бірлікте, сана (интеллект) бәрінен жоғары тұрады деп есептеледі.
ХV ғасырдың аяғында өндірістің, сауданың, әскери саланың жедел қарқынымен өсуі – техниканың, табиғаттану ғылымдарының, математиканың, механиканың дамуына себепші болды. Қолөнер өндірісінен машина өндірісіне өту басталды. Капиталистік өндірістік қатынастардың одан әрі дамуы ХV ғ. аяғы мен XVI ғ. басында ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуына алып келді. Мұның бәрі сайып келгенде ақыл-ойдың схоластикалық ойлаудан азат болып, дүниетанудың жаратылыстану ғылыми тәсілдеріне көшуін талап етті. Бұл бағытты Қайта өрлеу дәуірінің аса ірі ойшылдары Н.Кузанский (1401-1464), Н.Коперник (1473-1543), Дж. Бруно (1548-1600), Г.Галилей (1564-1642) және т.б. жақтады. Бұл дәуірде жаңа мәдениет – гуманизм пайда болды.
Жалпы алғанда Қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды:
1) Біріншісі (Н.Кузанский, П.Мирандолла, Леонардо да Винчи, т.б.) адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап, рухани өмірде, мәдениетте гуманизм (адам сүйгіштік) деген бағытты дүниеге әкелді.
2) Екіншісі (Т.Компанелла, Т.Мор), қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяға бой ұрады.
3) Үшіншісі (Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей), табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.
Н. Коперник, Д. Бруно әлемінің гелиоцертлік жүйесі және шексіз әлем.
Астрономияның алғашқы жетістіктерін б.д. ІІ ғасырда Александрия астрономы Клавдий Птоломей қорытындылады. Ол жасаған дүниенің геоцентрлік жүйесі бойынша қозғалмайтын Жерді айнала Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурн мен «жылжымайтын жұлдыздар сферасы» қозғалып жүретін болды. Көптеген ғасырлар бойына шіркеу дүниенің геоцентрлік жүйесін қолдап келді, өйткені шіркеу оқуының өзінде Жер «Ғаламның орталығы» болып саналды. Птоломейдің дүние жүйесі Ғаламның құрылымы жөніндегі мүлдем қате түсінікке негізделгенімен , қанше дегенмен де ол аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысының көптеген ерекшеліктерін, соның ішінде ғаламшарлардың тұзақ тәрізді қозғалысының мәнісін түсіндірді. Бұған Птоломей әрбір ғаламшардың қозғалысын бірнеше бірқалыпты қозғалыстар үйлесімі ретінде қарастыра отырып, көз жеткізді. Мысалы, ғаламшар Жерді айнала қозғалып қана қоймайды, оның өзі де Жерді айнала қозғалатын нүктенің маңайында қозғалады деп есептелді. Птоломей жасаған кестелер аспандағы ғаламшардың орындарын алдын ала анықтауға мүмкіндік туғызды. Бірақ уақыт өте келе астрономдар бақыланып отырған ғаламшардың орындары мен оның алдын ала есептелген орындарында айырмашылық бар екенін байқады. Ғасырлар бойы астрономдар Птоломейдің жүйесі қажетті деңгейге дейін жетілмеген деп, оны жетілдіре түсу жолында әрбір ғаламшар үшін дөңгелектік қозғалыстардың жаңа үйлесімдерін енгізді.
Дүниенің гелиоцентрлік жүйесі. Өзінің дүние жүйесі туралы поляктың ұлы астрономы Николай Коперник (1473-1543) ол өзі қайтыс болған жылы жарық көрген «Аспан сферасының айнала қозғалысы жөнінде» деген еңбегінде жазған еді. Оның ілімі бойынша, дүние центрінде Жер емес, Күн тұр. Жерді айнала Ай ғана қозғалып жүреді. Жердің өзі Күннен қашықтығы бойынша (Меркурий мен Шолпаннан кейін) үшінші ғаламшар болып саналады. Ол Күнді айнала және өз осінен айналады. Жер орбитасының сыртында Марстың, Юпитердіңжәне Сатурнның орбиталары орналасқан. Коперник «жылжымайтын жұлдыздар сферасын» Күннен өте қашыққа орналастырды. Коперник ұсынған дүние жүйесі гелоиоцентрлік деп аталды. Ол ғаламшарлардың тұзақ тәрізді қозғалысын біздің Күнді айнала қозғалатын ғаламшарларды қозғалмайтын Жерден емес өзі де Күнді айнала қозғалатын Жерден бақылайтындығымыздан бізге солай көрінеді деп қарапайым және табиғи түрде түсіндірді. Коперник астрономияда алғаш рет Күн жүйесі құрылымының схемасын құрып қана қоймай , сонымен бірге ғаламшарлардың Күннен салыстырмалы қашықтықтарын (Жердің Күннен қашықтық бірлігімен көрсете отырып) анықтады және олардың Күнді айналып шығу периодын есептеп шығарды.
Коперниктің ілімі дүниенің геоцентрлік жүйесіне күйрете соққы берді. Ол барлық жаратылыстанудың дамуына қуатты соққы бола тұрып, астрономия ғылымы аясынан алысқа тарады.
Гелиоцентрлік дүниетанымның қалыптасуы. Коперниктің ілімі бір дегеннен мойындалып қабылданған жоқ. Мысалы, 1600 жылы инквизицияның үкімімен Римде Италияның ұлы философы, Коперниктің ізін қуушы Джордано Бруно (1548-1600) өртелді. Бруно Коперниктің ілімін дамыта отырып, Ғаламда центр жоқ және болуы мүмкін емес, ал Күн — бұл Күн жүйесінің ғана центрі деп пайымдады. Ол сондай-ақ жұлдыздар — біздің Күн сияқты басқа жүйедегі «Күндер», сонымен бірге сансыз жұлдыздарды айнала ғаламшарлар айналып жүреді, олардың көпшілігінде саналы өмір бар деген данышпан ой-болжам жасады. Инквизицияның ешқандай от-жалыны Джордано Бруноның жігерін жасыта алмады, оны жаңа ілімінен бас тартқыза алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет