1 Қаржылық менеджменттің МӘНІ



Дата05.04.2022
өлшемі31 Kb.
#138042
түріЛекция
Байланысты:
Лекция 1


Пәні: Қаржылық менеджмент
Оқытушы: Мадиярова Эльвира Собетоллаевна


Лекция № 1

ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МӘНІ,


МАҚСАТЫ ЖӘНЕ БАҒЫТТАРЫ

Қаржылық менеджмент – кәсіпорын және ұжымдардың ақша қаражаты айналымын ұйымдастыру, қаржы ресурстарының құрылуы, бөлінуі және пайдаланумен байланысты басқару мәселелерін жүзеге асыру және оған әзірлік әдісі мен принциптерінің жүйесі болып табылады.


Қаржылық менеджмент – қаржы ресурстарының айналымын басқаруға, сонымен қатар осы ресурстардың қозғалыс үрдісі барысында нарық субъектілерінің арасында пайда болатын қатынастарды басқаруға бағытталған. Сонымен қатар қаржылық менеджмент басқа да экономикалық пәндермен тығыз байланысты теориялық пән болып табылады.
Қаржылық менеджмент міндеті – фирма кірісінің қалыпты деңгейін сақтай отырып, қарапайым акциялар бойынша мүмкін болатын дивидендтің барынша көбейтілуін қадағалау, яғни фирманың оңтайлы қызмет ету тәртібін анықтау.
Қаржылық менеджменттің басты мақсаты – қазіргі кезде және болашақта кәсіпорын иелерінің әл – ауқатын барынша көбейту. Бұл мақсат кәсіпорынның нарықтың құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету барысында көрінеді, бұл өз кезегінде кәсіпорын иелерінің қаржы мүдделерін жүзеге асырады. Кәсіпорынның нарықтық құнын барынша көбейту үрдісі оның пайдасын барынша көбейту арқылы жүзеге асырылады.
Қаржылық менеджмент өзінің басты мақсатын жүзеге асыру үрдісінде келесі негізгі тапсырмаларды шешуге бағытталады:
1) Алдағы уақытта кәсіпорынның даму тапсырмаларына сәйкес қаржы ресурстарының жеткілікті көлемін құрауды қамтамасыз ету. Бұл тапсырма кәсіпорынның алдағы уақытта қажетті жалпы қаржы ресурстарынанықтау, ішкі көздер есебінен өзінің қаржы ресурстары көлемін барынша көбейту, сыртқы көздер есебінен өзінің қаржы ресурстарын құраудың мақсатқа лайықтылығын анықтау, қарыз қаржы – қаражаттарды жұмылдыруды басқару, ресурстың қаржы потенциалын құру, және көздерінің құрылымын оқтайландыру арқылы жүзеге асырылады.

2) Кәсіпорынның негізгі бағыт разрезінде қаржы ресурстарының құрылған көлемін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Қаржы ресурстарының құрылған көлемін бөлуді оқтайландыру оларды кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму мақсаттарына қажетті пропорцияны анықтауды, кәсіпорын иелеріне инвестицияланған капиталға кірістің қажетті дәрежесін төлеуді және т.б. көздейді. Кәсіпорынның негізгі жұмыс бағыты разрезінде құрылған қаржы ресурстарын өндірісте тұтыну үрдісінде дамудың стратегиялық мақсаттары және жұмсалған қаражаттың қайтарылуы мүмкін дәрежесі есепке алыну керек.
3) Қаржы айналымын оқтайландыру. Бұл тапсырма кәсіпорынның ақша айналымы үрдісінде ақша ағымын тиімді басқару, жеке кезеңдер бойынша ақша қаражатының түсуін және шығындалуын синхронизациялауды қамтамасыз ету, айналым активтердің қажетті өтімділігін қолдау жолымен шешіледі. Осындай оқтайландыру нәтижесінде бос ақша активтерінің орташа қалдығы азаяды, бұл өз кезегінде тиімсіз қолданудан және инфляциядан болатын шығынды азайтуды қамтамасыз етеді.
4) Көзделген қаржы тәуекелі дәрежесінде кәсіпорынның пайдасын көбетуді қамтамасыз ету. Пайданы көбейту кәсіпорын активтерін тиімді басқару, қарыз қаржы – қаражатын шаруашылық айналымға енгізу, операциялық және қаржы әрекетінің тиімді бағыттарын таңдау арқылы жүзеге асырылады. Экономикалық даму мақсаттарына жету үшін кәсіпорын баланстың пайданы емес, таза, өз иелігінде қалатын пайданы барынша көбейтуге тырысуға тиіс, ол үшін салықтық амортизациялық және дивидендтік саясатты тиімді жүзеге асыру қажет.
5) Көзделген пайда дәрежесінде қаржы тәуекелі дәрежесін азайту. Егер кәсіпорынның пайда дәрежесі алдын – ала жоспарланған немесе тапсырылғн болса, ең басты тапсырма қаржы тәуекелін азайту болып табылады, бұл осы пайданы алуды қамтамасыз етеді. Қаржы тәуекелін азайту операциялық және қаржы әрекеттері түрлерін диверсификциялау арқылы, сонымен қатар қаржы инвестициялық қоржынын диверсификациялау арқылы, қаржы тәуекелінін алдын алу арқылы, ішкі және сақтандырудың тиімді түрлері арқылы жүзеге асырылады.
6) Кәсіпорынның даму барысында, оның қаржы теңдігін үнемі қамтамасыз ету. Бұл тепе – теңдік қаржы тұрақтылығының жоғары дәрежесімен және кәсіпорынның барлық даму кезеңіндегі төлем қабілеттілігімен сипатталады және капитал мен актив құрылымын оқтайлы құруды қамтамасыз етеді, әртүрлі көздер есебінен қаржы ресурстарын құру көлеміндегі тиімді пропорциялармен, инвестициялық қажеттілікті өзін - өзі қаржыландырудың жеткілікті дәрежесімен сипатталады.
Қаржылық менеджмент келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Қаржылық талдау және шешім қабылдау жүйесі.

  2. Қысқа мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: (коммерциялық несие) қамсыздандырылмаған қысқа мерзімді қаржыландыру; қамтамасыз етілмеген қысқамерзімді қаржыландыру; қысқа мерзімдік жалды қаржыландыру.

  3. Ұзақ мерзімді қаржы ресурстарынқолдануды жоспарлау: капиталды бюджеттендіру; лизинг немесе ұзақ мерзімді несие; қарапайым және артықшылығы бар акциялар шығару; инвестициялық жобаларды бағалау және тнвестициялық қоржынды басқару; алдағы кезеңдегі кірістерді ескере отырып, ақшаның құнын бағалау (дисконттау).

  4. Мүмкін болатын тәуекелді талдап, бағалау.

  5. Шешімнің нұсқамасы және орындалуы.

  6. Шешімнің орындалуын бақылау.

  7. Шешімнің жүзеге асырылуы барысын талдау және оның орындалуы туралы есеп беру.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет