1. Қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән қанша әріп барып анықтањыз.
A) 7
B) 10
C) 9
D) 8
E) 6
|
2. Ашық буынды сµзді табыњыз.
A) Қант.
B) Қас.
C) Боса.
D) Аз.
E) Сақ.
|
3. Негiзгi сын есiмдi көрсетiңiз.
A) Өнерлi.
B) Көк.
C) Балалы.
D) Таудай.
E) Кешкi.
|
4. Топтау сан есімді табыњыз.
A) Екіден.
B) Қырыққа таяу.
C) Екі жарым.
D) Ондаѓан.
E) Алпыстай.
|
5. Өздік есімдігін табыңыз.
A) Бәріміз.
B) Ендігәрі.
C) Кей құрбы.
D) Мейірім.
E) Өзіміз.
|
6. Омоним болатын сөзді көрсетіңіз.
A) Сәби.
B) Әркім.
C) Отыз тоғыз.
D) Қақ.
E) Қазақ.
|
7. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны табыңыз.
A) - лар.
B) - шы.
C) - лық
D) - ым.
E) - кеш
|
8. Туынды сөз тіл білімінің қай саласына жататынын анықтаңыз.
A) Морфология
B) Лексика
C) Пунктуация
D) Синтаксис
E) Фонетика
|
9. Тәуелдік жалғаудың 2-жағында жекеше тұрған сөзді табыңыз.
A) Қағазың.
B) Мектептеріңіз.
C) Жолдасым.
D) Көшесі.
E) Қалада.
|
10. Қосарлану арқылы жасалған күрделі зат есімді анықтаңыз.
A) Бала бақша.
B) Ауыл-аймақ.
C) Жауын.
D) Ақшағала.
E) Сантиметр.
|
11. Етістіктің қалау рай түрінде келуін табыңыз.
A) Құшақтағым келеді.
B) Бармақ болды.
C) Ойнап еді.
D) Бел асып кетті.
E) Тапсырды.
|
12. “Айгүлдің әжесі”тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасын айқындаңыз.
A) Қимыл-сындық мағына.
B) Туыстық мағына.
C) Көлемдік мағына.
D) Бүтіннің бөлшекке қатысы.
E) Істің мақсаты.
|
13. Бұйрық райда тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
A) Мәселесі шешілді.
B) Мен шебер бола алар ма екенмін?
C) Алатаудың көркін айтсаңшы, шіркін!
D) Осы жағдай сенің әр уақытта есіңде болсын.
E) Ауылға ақындар келді.
|
14. Жекіру одағайын көрсетіңіз.
A) Дейін.
B) Ой.
C) Соң.
D) Тек.
E) Бәсе.
|
15. Көп мағыналы сөздің антонимін көрсетіңіз.
Ашық әңгіме.
A) Ұзақ әңгіме.
B) Қысқа әңгіме.
C) Тартымды әңгіме.
D) Қызық әңгіме.
E) Құпия әңгіме.
|
16. Hеологизм сөздерді табыңыз.
A) Ел, елдік, азаматтық.
B) Ана, әке, ата.
C) Жүз, күз, ет.
D) Махаббат, тұрмыс, төлқұжат.
E) Делдал, құжат, сұхбат.
|
17. Буын талғамайтын жұрнақ арқылы жасалып тұрған сөзді табыңыз.
A) Білім, көрме.
B) Қазақы, түркі.
C) Әуесқой, табыскер.
D) Ұшқыр, алғыр.
E) Бойшаң, сөзшең.
|
18. Септеулік шылауды табыңыз.
A) Колхоз үшін балық аулау маңыздырақ қой.
B) Алыс пен жақынды жортқан білер.
C) Жолшыбай аптап ыстық еңсемізді көтертпей қойған-ды.
D) Күн еңкейе барып, қалың орманға батты.
E) Бірақ бой жағынан екеуі де қатарлас түсті.
|
19. Қарсылықты жалғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай мүшені табыңыз.
A) Өзің-ақ бар.
B) Сөзге сараң,бірақ ісін орындайды.
C) Баланың бас ұстазы – ата-анасы.
D) Ескі ақынша мал үшін тұрмын зарлап.
E) Жомарт қазіргісі мен кешегісін салыстыруда.
|
20. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Марат жүгіріп кетті.
B) Жаз.
C) Аяғын аспаннан келтіру.
D) Ақ жейделі бала.
E) Оларға келуге болмайды.
|
21. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшпек кезде, Абай шешіле түсті.
B) Ағам келетін уақыт болды.
C) Түн.
D) Мұғалімнің сөйлегеніне Кәрім шыдап отыра алмай, біресе орнынан ұшып тұрады, біресе отырады.
E) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын жауып алыпты.
|
22. Дәйексөз анықтамасын табыңыз.
A) Мақал.
B) Диалог.
C) Мәтел.
D) Кез келген мәтіннен сөзбе - сөз алынған үзінді.
E) Төлеу сөз.
|
23. Дұрыс қойылмаған тыныс белгіні анықтаңыз.
A) Жер де, көк те тұп-тұнық, қап-қара.
B) Есін жиғанын, не оянғанын Асқардың өзі де білмейді.
C) Айтып тұрғаның әлде шын, әлде өтірік.
D) Бала қыран алғыр да келеді, албырт та келеді.
E) Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да.
|
24. Тырнақша дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
A) “Жасауыл басшысы”: “Сапқа тұрыңдар!”-деді.
B) Жасауыл басшысы: “Сапқа тұрыңдар!-деді.”
C) “Жасауыл басшысы: Сапқа тұрыңдар!-деді.”
D) Жасауыл басшысы: “Сапқа тұрыңдар!”-деді.
E) Жасауыл басшысы: “Сапқа” тұрыңдар!-деді.
|
25. Біріккен сөзді көрсетіңіз.
A) сексен
B) анда-санда
C) оқыған адам
D) өнерпаз
E) жүз шақты
|
26. Мақсат үстеулі тіркесті табыңыз.
A) Тез келді.
B) Әрі-бері жүрді.
C) Жорта айтты.
D) Жазғытұрым келеді.
E) Артта қалды.
|
27. Еркін сөз тіркесін табыңыз.
A) Орта бойлы.
B) Төбе шашы тік тұру.
C) Қалта сағат.
D) Қоян жүрек.
E) Жүгіріп бара жатыр.
|
28. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ұлпан жүзінде өкініш те, күйініш те жоқ еді, сондықтан жұрт соған таң қалды.
B) Шіркін-ай, керемет деген осындай болады екен.
C) Мейлі қыс, мейлі жаз болсын, өмір бір арнамен ағып жатыр.
D) Табиғаттың өзі-ақ мүмкіндік беруде.
E) Меніңше, сол үйінділердің өзінде ғана бір миллион пұт мыс жатыр.
|
29. Қай сөйлемде үтір дұрыс қойылған, табыңыз.
A) Жарайсың Баймұратов мен саған, отыруға рұқсат етемін.
B) Жарайсың, Баймұратов, мен саған отыруға рұқсат етемін.
C) Жарайсың Баймұратов, мен саған отыруға рұқсат етемін.
D) Жарайсың, Баймұратов мен саған отыруға рұқсат етемін.
E) Жарайсың Баймұратов, мен саған, отыруға рұқсат етемін.
|
30. Стильдің анықтамасын табыңыз.
A) Көркем сөйлеу әдебі, мәнерлеп айту жүйесі.
B) Жазу мәдениеті, көне сөздерді қолдану тәсілі.
C) Сөйлей білудің және жазу мәнерінің қалыптасқан жүйесі, амал-тәсілі.
D) Сөйлей білу үшін қолданылатын құралдар туралы ілім.
E) Ауызша сөйлеу әдебі.
ҚАЗАҚ ТІЛІ
ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ
|