1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет2/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   176
Байланысты:
2-2018
жүз елу миллион – Яндекс Переводчик – словарь и онлайн перевод на английский, русский, немецкий, французский, украинский и други, кітап көрмесінің жинағы 15, MakhashGaukharAbdugapparkyzy, Білім беру бағдарламасы «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»-emirsaba.org, open-file, Таблица соответствия Классификатора специальностей высшего и послевузовского образования РК , АКТ қысқартылған 23-24 , ЭМ 14 апта тапсырмасы
ISBN 978-601-216-434-3 
Жинақ материалдары білім беру мен ғылым саласында инновациялық 
зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғалымдарға, докторанттарға және 
магистранттарға арналған.
ISBN 978-601-216-434-3 
УДК 821.512.122.0 
ББК 833 (5 каз) 
© І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 2018 


 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу 
 мемлекеттік университетінің ректоры,
география ғылымдарының докторы, профессор, 
 Қазақстан Республикасы Ұлттық 
 ғылым академиясының құрметті академигі
Қ.М. Баймырзаевтың
 
АЛҒЫ СӨЗІ
 
Құрметті қонақтар, ұстаздар мен студент жастар, Ілияс атамыздың атындағы 
Жетісу мемлекеттік университетінде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан 
республикалық «Ілияс әлемі» фестиваліне қош келдіңіздер!
Қадамдарыңызға гүл бітсін! 
 
Биылғы жылғы фестиваль І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б.Майлиндердің өмірден 
өткеніне 80 жыл толуына орай еске алу, қазақтың дүлдүл қаламгерлерінің мол мұраларын 
зерттеу мен зерделеудің жаңа бағыт-бағдарын айқындау, талантқа тағзым ету мақсатында 
өткізіліп отыр. 
Мәңгілік елдің мұратына айналар ұлттық мәдени құндылықтарымызды, Егеменді 
еліміздің ертеңі үшін маңызды бабалар мұрасын, көздің қарашығындай сақтау, бағалау, 
зерттеу – ортақ мүддеміз, перзенттік парызымыз. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің алтын 
қорына қосылған құнды мұраның бірі - Ілияс Жансүгіров мұрасы. Ілияс ақынның ұрпағына 
аманат еткен рухани мұрасы - замана шындығын өнер көрігінде шыңдаған шымыр поэзиясы, 
кең ауқымды эпикалық поэма - дастандары мен проза және драматургия жанрындағы 
туындылары.
Ақын поэзиясының идеялық өзегінен тарих қойнауларында тұнған тәуелсіз ел 
тағдыры, ұлт мұраты, бодандық кезеңнің бет-бейнесі де айқын көрінеді. Ілиястың қазақ 
елінің көмескі сүрлеуінен, нақты тарихынан сыр шертетін, халықтың басынан өткен толып 
жатқан әлеуметтік теңсіздікті, қоғамдық қайшылықтарды көрсететін шығармалары - қазақ 
халқының рухани мәдениетінің бір саласы, өткен өмір шежіресі, ХХ ғасырдың басындағы 
аласапыран жылдар хикаясының деректі белгісі.
Халық поэзиясының, ұлттық өнердің аса мәнді өміршең саласы, көркем ойымыз бен 
әдеби дәстүріміздің ғасырлық даму жолдарын айқындайтын көне өрнегі, туған тіліміздің 
сөздік қорының бай қазынасы да, әлемдік әдебиетке қазақ халқының қосқан мол үлесі де – 
суреткерлік өнерде. Төл поэзиямыздың сапалық жағынан өсуінде өзіндік ізін қалдырған 
Абай, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Сәкен тәрізді саңлақ жүйріктердің шоғырында Ілияс
есімінің шоқтығы биік тұруы заңды.
Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі 
туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия 
жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді. 
Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс 
Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан 
серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-
талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде 
арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болды. Әйтсе де, 
әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің 
алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды. 
Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының 
танымдық, тәрбиелік мәні зор. Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, 
қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды 
толғайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   176




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет