1. Қазіргі заман Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі заман Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу

Отан соғысы жылдарында халықтарды Қазақстанға жаппай депортациялау және оның салдары

бет39/40
Дата27.03.2022
өлшемі376,37 Kb.
#136991
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
ТАРИХ СЕССИЯ ..
волонтерство План , 屏幕截图-2021-09-27-212333, AA Kaplan Pocket Notes 2022, Алтынайға, Жанрр (1), бөж пед1
29 Отан соғысы жылдарында халықтарды Қазақстанға жаппай депортациялау және оның салдары.

Кеңес халқы ортақ Жеңіс үшін батырлық пен ерліктің үлгілерін көрсетіп жатқан уақытта сталиндік билік өз халқына геноцидін жалғастыра берді. « Халық жауларын » жоюмен қанағаттанып қана қоймай , ол тұтас этникалық қауымдастықтарды өздерінің туған жерлерінен күштеп қоныс аударып, террорлық әдістер қолдануға көшті. Күштеп қоныс аудару үдерісі 1920 жылдардан басталған еді. Халықтарды тарихи атамекенінен күштеп жер аударуға этностық және әлеуметтік - таптық белгілер, саяси мүдде негіз етіп алынды. 1920-1930 жылдары КСРО - ның орталық аудандарынан Сібірге , Орта Азия мен Қазақстан аумағына әр түрлі топтар мен этнос өкілдері жаппай көшірілді.Оларға « халық жаулары » , « жағымсыз элемент » , « сенімсіз халықтар » , « шпион » т.б. жалған айыптар тағылды. Күштеп жер аударудың алғашқы құрбандықтарының бірі – Қиыр Шығыстағы кеңестік корейлер. 1937 жылы Қазақстанға бұл этностың 100 мыңдай өкілі қоныс аударылды. 1940-1941 жылдары 200 мыңдай поляктар Қазақстан аумағына орналастырылды .

1941 жылы 28 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының « Еділ жағалауында тұратын немістерді көшіру туралы » Жарлығы шықты. Осы Жарлыққа сәйкес Еділ бойынан 1 млн 120 мыңдай немістер көшіріліп, оның 420 мыңы Қазақстан аумағына орналасты рылды. Немістер диверсиялық және шпиондық әрекеттерге қатысты деп айыпталды. Неміс автономиялы облысы жойылды. Қоныс аударылғандар ауыр жұмыстарға жегілді. Олар ағаш кесіп , зауыт - шахталар тұрғызды , көпірлер мен темір жолдар салды , ауыл шаруашылығымен айналыст , кен қазды Таулы Алтай , Қоңырат , Текелі кеніштерінде және Ембі кәсіпшілігінде жүздеген ұлт өкілдері жұмыс істеді. Қоныс аударылғандар мал сияқты жүк вагондарына тиеп тасылды. Жол бойында және арнайы тұрақ , лагерьлерде қоныс аударылғандардың көбісі жантүршігерлік жол азабына шыдамай қайтыс болды . 1943-1944 жылдары ешбір дәлелсіз басқыншыларға дем берді деп айыпталған Солтүстік Кавказ халқы да жер аударылды. Олардың ішінде Қазақстанға депортацияланған қарашайлар 45,5 мың адам , балкарлар 25 мың , чешендер мен ингуштар 406 мың болды. Сондай ақ Қазақстанға қалмақтар ( 2,2 мың ) , ирандықтар ( 2 мыңнан аса отбасы ), финдер , күрдтер , қырым татарлары , түріктер , гректер , батыс беларустар мен батыс украиндықтар , литвалықтар т . б . қоныс аударылды. Тіршілік ауыртпалығы мен күшті моральдық қысым жағдайында жергілікті халықтың тілектестігі мен қолдауынсыз өмір сүру қоныс аударушылар үшін қиын еді.

Қазақ халқының күштеп жер аударылғандарға көмегі. Депортацияға ұшыраған халықтардың жағдайы өте ауыр болды. Тұрғын үй болмады , киім - кешек пен азық - түлік тапшылығынан қиналды. Ауру - сырқау мен аштық , суықтан күштеп қоныс ауда рылғандар арасында өлім - жітім көп болды. « Біз , — деп еске алады кейіннен қоныс аударушылардың бірі , — тоң жерден жертөлелер қаздық даладан гөрі сәл жылы болатын және түнде көрпелеріміз сыз еденге жабысып қалатын. Әр күні таңертең « Тұрыңдар және « Жүгіріңдер » командасымен шамасы келгендер жуындыға өте ұқсас сұйық баландаға » ( көже ) жүгіретін едік. Күштеп қоныс аударылған халықтар белгіленген аймақтан ешқайда шыға алмад. Олар еркін жүріп - тұру құқығынан айырылды тіпті көрші ауылдарда орналасқан туысқандарымен де араласа алмады. Қазақ халқы депортацияға ұшырағандарға қолынан келген жәрдемін жасады . Оларды жылы қабылдап, мейірімділік танытты Баспана , азық - түлік , киім - кешекпен көмектесті. Соғыстың ауырт палықты жағдайына қарамастан қолында барымен , соңғы нандарына дейін бөлісті. Қазақ халқының мейірімділігі парасат - пайымы мен жоғары рухани адамгершілік қасиеті соғыс жылдары ата - анасынан айырылып, Қазақстанға көшірілген мыңдаған балалардың есінде бүгінгі күнге дейін сақталып қалған . Кеңес Одағының екі мәрте Батыры , КСРО ғарышкер - ұшқышы В.А. Шаталов сол сұрапыл жылдар туралы былай деп еске алады: « ... Шын мәнінде , менің бүкіл өмірім Қазақстан топырағымен етене байланысты... Қазақ халқы соғыстың ауыр жылдарында маған өзінің туған баласындай қарады ». Қуғын - сүргінге ұшыраған халық өкілдері қазақ жерінде екінші Отанын тапты. Қоныс аударылғандар да борышта қалмай , еңбекке араласып , Қазақстанға үлкен көмек көрсетті. Солардың бірі белгілі жазушы Герольд Бельгер Солтүстік Қазақстандағы Есіл өзені жағасында орналасқан шағын ауылға көшірілген неміс отбасында өсті. Халықтарды күштеп қоныс аудару – біздің елдің өткен тарихының қайғылы беттерінің бірі. 40 - жылдардағы депортация мен репатриацияға байланысты оқиғалар жөнінде ұзақ уақыт бойы еш нәрсе айтылмады. Тұтастай халықтарды қоныс аудару « операциялары » әр түрлі негізде жүргізіліп , жала жабу , басқалардың әрекеттері үшін адамдарды тобымен жауапкершілікке тарту т.б. әдістер қолданылды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комиссариаты III басқармасының 1946 жылғы мәліметтері бойынша Қазақстанға 2463940 адам күштеп жер аударылған. Жүз мыңдаған отбасы мүшелері бір - бірінен көз жазып қалды , олардың кейбіреуі бала - шаға сынан мәңгілікке айырылды.
Отан соғысы жылдарында халықтарды Қазақстанға жаппай депортациялау және оның салдары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет