1. Балалар әдебитенің қалыптасуы мен даму жолдарын жазыңыз


Балалар әдебиетінің өріс алуына үлес қосқан ақын-жазушылар



бет9/24
Дата20.07.2023
өлшемі180,21 Kb.
#179526
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
бал адеб сессия (копия)
мед микро лабка, Akimova Sh 46548443, 8кл БЖБ1алг 3т
17.Балалар әдебиетінің өріс алуына үлес қосқан ақын-жазушылар
ХХғасырдың басы Қазақстан мәдениетінің , халық ағарту жұмысының дамуына зор ықпал етті . Ақын- жазушыларды ХІХғасыр қаламгерінің ой-топшылауларынан әлде қайда оздырып әкетті .
М. Сералин, С.Көбеев, С. Торайғыров, С. Дөнентаевтар күрделі мәселелер көтерді . Анатілінде оқу құралдарын жазуды және балаларға орысша білім берудің қажеттігн жақтады.
Демократияшыл интеллигенция оқытудың мұндай түрлнріне , діни медреселер оқуына қарсы шықты . Өздері құрастырып , өздері жазған оқулықтар мен хрестоматияларға орыс әдебиетінен аударылған шығармалары енгізілді . Мысалы, С .Көбеев 1910 хылы жарияланған «Үлгілі тәржіме» , 1912 жылы шығарылған « Үлгілі бала» деген оқулық хрестоматияларына орыс классиктерінен 40- тан астам өлең , әңгімелер аударып енгізген .
1912 жылы Тайыр Жомартбаевтың «балаларға жеміс» , 1911 жылы Орынборда Мұхамедораз Нұрбаевтың «Көргенді бала» , « Үлгілі ана» оқу кітабы шықты . 1912 жылы Уфада шыққан М. Малдыбаевтың « Қазақ исаең жаңа әліппе» және 1911жылы Уфада қазақ- қырғыз балалары үшін «әліппе яки төте оқу» деген оқулықтар жарық көрді . Бұларда ай , күн , жыл аттары , санамақтар да қамтылған .
Бастауыш мектептер мен орта мектеп оқушыларына оқулық- хрестоматиялардың қай кезде жазылғандарын алсақ та , қамтылған материалдары балалар әдебиетіне тән , балалар қабілетіне жақын сұрыпталған шығармалар болатын. Мұның үстіне Ыбырай , Абай негізін салған қазақ балалар әдебиетінің дамуына , оның өріс алуына С. Торайғыровтың , С. Дөнентаевтың , С. Көбеевтің шығармалары үлкен үлес қосты.
18.«Аяз би» ертегісі туралы жазып,тәрбиелік мәніне тоқталыңыз
 Ата-бабаларымыздан бүгінгі күнге көптеген ертегілер қалды.Солардың бірі – "Аяз би" ертегісі."Аяз би әліңді біл,құмырсқа жолыңды біл" деген бір-екі ауыз сөзді білмейтін адам жоқ шығар,сірә.Ертегінің бас кейіпкері – Жаман.Бұл кейіпкер - халықтың "елді осындай адам билесе екен" деген тілегінен туған кейіпкер. Показать полностью... Жаман ертегі барысында өзінің жақсы қырларын көрсетеді.Ханға жаман адамды,жаман шөп пен құсты анықтап береді.Қасиетті тастың,ханның тұлпарының сырын ашып береді.Тіпті хан:"Мен хан ұрпағынанмын ба?" деп оны анықтауды бұйырғанда,Жаман ханның отбасында тек өзі хан екенінің,арғы аталарының бәрі наубайшы болғандығын дәл айтып береді.Хандықтағы ауқатты байдың отыз бестегі қызын да өзінің ақылдылығымен,қайсарлығымен алады.Жаманның ханның сүйікті уәзірі болғандығын көре алмаған қалған уәзірлердің қастандықтарына да төтеп беріп,әділ болады.Ең соңында халық оны ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Қорытындылай келе,ертегіде «Жаман таққа мінген соң, ешбір соғыссыз, бес хандықтың қонысын біріктіріп, ел арасында достық орнатыпты» делінген. Әр ханның адамдары өз елінен әділдік таппаса, бұған келіп, қосыла беріпті. Сол уақыттан бастап әділдігі үшін бес ханның елі Жаманға: «Аяз би» деп ат қойып, сол аты өле-өлгенше қалды дейді.Оның жасаған әр ісінен көреген хан болғандығын байқаймыз.
Өмірдегі реалды нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегі жанрының өзіндік қасиеті болғандықтан, ертегіші де оның мазмұнын барынша әсірелеп көрсетуге, сырлы да ғажайып етіп көрсетуге күш салады. Мәселен, «Аяз би» ертегісіндегі ханның әлсіз, жоқ-жітік, жаман қойшының ақыл-парасатын мойындап, оған хандық тағын сыйлап беруі өмірде әсте болуы мүмкін емес жағдай. Бірақ ертегіші осылай баяндайды, тыңдаушы оған иланады. Өйткені ертегіні айтушы да, тыңдаушы да өмірде бір рет болса да солай болғанын қалайды, соны армандайды. Қысқасы, Аяз биді өмірде болған тарихи тұлға дегеннен гөрі, халықтың «ел басқаратын адам осылай болу керек» деген арманынан туған Арман ханы, ел билеушіге тым ертеде ескерткен халық даналығы мен асқақ мұратының көрінісі деген орынды.

19.Ы.Алтынсариннің өмір мен қызметін жазыңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет