1. Бәсекелестікті құқықтық реттеу


Нарықтағы бәсекелесі болмайтын жалғыз өндірушінің намесе өнім сатушысының толықтай артықшылығы монополия деп аталады



бет9/9
Дата21.04.2022
өлшемі24,42 Kb.
#140242
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1. Б секелестікті ы ты реттеу

Нарықтағы бәсекелесі болмайтын жалғыз өндірушінің намесе өнім сатушысының толықтай артықшылығы монополия деп аталады.
Монополиялық іс-әрекет – тиісті тауар нарығын бақылауға мүмкіндік беретін жағдайдағы нарық субъектілерінің әрекеті, сондай-ақ, тиісті тауар нарығындағы тауар айналымының жалпы шарттарына едәуір әсер етуге мүмкіндік береді. Монополиялық әрекетке тыйым салынған. Сонымен қатар, табиғи монополиялардың болу факторларына да жол беріледі. Табиғи монополия – қызмет (тауар) нарығының жағдайы нақты қызмет түрлеріне сұранысты қанағаттандыруға бәсекелестік жағдай туғызу бұл қызмет түрін көрсету және өндіру технологиялық жағдайларға байланысты мүмкін емес немесе экономикалық пайдасыз.Табиғи монополиялар қызметі Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 27 желтоқсандағы заңымен реттеледі.
Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар салаларына:
1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау жөніндегі;
2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі;
3) электр энергиясын беру жөнiндегi;
4) топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;
5) электр энергиясын желiге беруді техникалық диспетчерлендiру және тұтыну жөніндегі;
6) электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер;
7) жүктерді контейнерлермен тасу, бос контейнерлерді тасу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасу кезінде магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілерінің;
8) бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың;
9) бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың;
10) халықаралық және транзиттік ұшуға аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, аэронавигацияның;
11) портта көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелестік болмаған кезде порттардың;
12) Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтері;
13) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қоспағанда, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер;
14) сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтері жатады.
Табиғи монополия саласында құқықтық қатынастарға қатысушылардың ерекше субъектілі құрамы әрекет етеді, оның құрамына тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілері, тұтынушыларға табиғи монополия субъектілері өндіретін (өткізетін) тауарларды сатып алатын жеке және заңды тұлғалар кіреді. Табиғи монополия субъектісі – бұл табиғи монополия жағдайында тауар өндірумен, жұмыстар және (немесе) қызметтер көрсетумен айналысатын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.
Сөйтіп, әрекет етуші заңнамамен шектелетін монополиялық іс-әрекетке:
1) нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісімдері;
2) нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісілген әрекеттері;
3) үстем немесе монополиялық жағдайын асыра пайдалану жатады.
Монополизмді шектеу тәсілдерінің бірі бәсекелес тауарлар, жұмыстар мен қызметтер нарықтарын дамыту болып табылады, оларды келесі түрлерге бөлуге болады:
- өндірушілердің, сатушылар мен сатып алушылардың құқықтары және мүмкіндіктері тең болатын еркін нарық бәсекелестігі;
- жетілмеген бәсеке нарығы, бұл өз ішінде таза монополия, олигополия және монополиялық бәсеке нарықтарына бөлінеді .
Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіптегі нарық субъектілерінің арасындағы нәтижесі бәсекені шектейтін немесе шектеу мүмкіндігін беретін кезкелген түрдегі бәсекеге қарсы келісімге тыйым салынады. Сонымен қатар:
1) келісілген баға немесе тауарды сатып алу және сатудың өзге де шарттарын белгілеу және (немесе) сақтауға;
2) сауданың, аукциондардың және байқаулардың нәтижелерін олардың өткізілуінің белгіленген тәртібін бұзу, соның ішінде бағаларды көтеру, түсіру және қолдау, сондай-ақ, лоттарға бөлу жолымен бұрмалауға;
3) тауарлық нарықтарды территориялық белгілеріне, тауар ассортиментіне, оларды өткізу немесе сатып алу, сатушылар (жабдықтаушылар) немесе сатып алушылар не өзге де белгілеріне сәйкес бөлуге;
4) тауар өндірісін немесе сатуды негізсіз шектеуге;
5) белгілі сатушылармен (жабдықтаушылармен) немесе сатып алушылармен келісімшартқа отырудан негізсіз бас тартуға немесе жалтаруға;
6) белгілі тауарлардың сатушылары не олардың сатып алушылары ретіндегі нарықтың өзге субъектілерінің тауар нарығына енуін шектеуге;
7) нарықтың өзге субъектілерімен жасалған маңызы бірдей келісімшарттарға дискриминирациялау жағдайларын қолдану;
8) контрагенттердің мазмұны немесе іскерлік айналым әдеттері бойынша аталған келісімшарт пәніне қатысы жоқ (қаржылық құралдарды және өзге де мүлікті, мүліктік және мүліктік емес құқықтарды тапсыруын негізсіз талап ету) қосымша міндеттерді қабылдауы шартымен келісімшарт жасауға тыйым салынады.
Нарық субъектілерінің араларында егер олар тұтынушылардың заңды құқықтарын бұзбайтын болса, сондай-ақ:
- тауар нарығындағы олардың жиынтық үлесі он бес пайыздан аспайтын болса;
- алдыңғы қатарлы және (немесе) ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізу жолымен өндірісті жетілдіруге бағытталса;
- шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталса;
- стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды даярлау және қолдануға бағытталса келісімге рұқсат етіледі.
Нарық субъектілерінің бәсекені шектеуге бағытталған келісімді әрекеттеріне, соның ішінде:
- бағаны не тауарды сатып алу немесе сатудың өзге де шарттарын белгілеуге және (немесе) қолдауға;
- өндірісті немесе тауарды сатуды негізсіз шектеуге;
- белгілі сатушылармен (жабдықтаушылармен) немесе сатып алушылармен келісімшартқа отырудан негізсіз бас тартуға немесе жалтаруға;
- нарықтың өзге субъектілерімен жасалған маңызы бірдей келісімшарттарға дискриминирациялау жағдайларын қолдануға тиым салынады.
Мемлекеттің бәсекелесті нарықта тауарларды сату конституциялық құрылым, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, адам құқықтарын және бостандықтарын, халықтың денсаулығын қорғау жағдайларына теріс әсер етуі мүмкін әрекет салаларында өндіріске және (немесе) тауарды сатуға, сатып алуға немесе оны пайдалануға Заңмен ерекше құқықты бекіту жолымен бәсекені шектеуге құқығы бар.
Ерекше құқықты орындау мемлекеттік монополия субъектісін құру арқылы жүзеге асырылады. Тек қана Қазақстан Республика Үкіметінің шешімімен құрылған мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік монополия субъектісі бола алады.
Мемлекеттік монополия субъектісіне:
- тауар өндірісімен технологиялық байланысты әрекеттен басқа мемлекеттік монополия саласына қатысы жоқ тауарлар өндіруге;
- акцияларға (жарғылық капиталдың мүшелік үлесіне) ие болуға, сонымен қатар, заңды тұлғалар әрекеттеріне басқаша да қатысуға ;
- мемлекеттік монополиямен байланысты құқықтарды қайта беруге тыйым салынады
Бәсекелестікті қорғау
Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың әрекеттерінен (әрекетсіздігінен), актiлер не шешiмдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға алып келген немесе алып келуі мүмкiн бәсекелестiкке қарсы әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тыйым салынады және олар толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттерi (әрекетсіздігі) болып мыналар да танылады:
1) қызметтiң қандай да бiр саласында нарық субъектiсiн құруға қатысты шектеулер енгiзу;
2) нарық субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асыруына негiзсiз кедергi келтiру;
3) тауарлардың еркiн қозғалысына қатысты – тыйым салуларды белгiлеу немесе шектеулерді енгізу, нарық субъектiсiнiң тауарларды өткiзу құқықтарына өзге де шектеулерді енгiзу;
4) нарық субъектiсiне сатып алушылардың белгiлi бiр санаты үшiн тауарларды бiрiншi кезекте беру не белгiлi бiр сатушылардан (өнiм берушiлерден) тауарларды бiрiншi кезекте сатып алу немесе басымдықты тәртiппен шарттар жасасу туралы нұсқаулар;
5) тауарларды сатып алушылар үшін осындай тауарлар ұсынатын нарық субъектiлерiн таңдауына шектеулер белгiлеу;
6) бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға бағытталған әрекеттер;
7) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарлардың сатылу немесе сатып алыну көлемi, өткiзiлетiн тауарлардың ассортиментi бойынша не сатушылардың (өнiм берушiлердiң) немесе сатып алушылардың құрамы бойынша бөлуге бағытталған әрекеттер;
8) нарық субъектiлерiнiң тауар нарығына кiруiн, тауар нарығына шығуын шектеу немесе одан нарық субъектілерін ығыстырып шығару;
9) нарықтың жекелеген субъектiлерiне оларды бәсекелестеріне қатысты артықшылық жағдайға қоятын жеңiлдiктер немесе басқа да артықшылықтар беру немесе бәсекелестермен салыстырғанда қызметтерінде қолайсыз немесе кемсiтушілік жағдайлар жасау;
10) нарық субъектiлерiн шарттарды басымдықпен жасасуға, тауарларды тұтынушылардың белгiлi бiр тобына бiрiншi кезекте беруге не тауарларды белгiлi бiр сатушылардан (өнiм берушiлерден) бiрiншi кезекте сатып алуға тiкелей немесе жанама мәжбүрлеу.

3. Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдар арасындағы немесе олар мен нарық субъектiлерi арасындағы келiсiмдерге, егер мұндай келiсiмдер бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға алып келетін немесе алып келуі мүмкiн болса, тыйым салынады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасы тергеп-тексеру объектісіне тергеп-тексеру аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын мерзімде тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жіберіледі. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасында келтірілген дәйектермен келіспеген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі тергеп-тексеру аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын мерзімде өтініш жасаған жағдайда, монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасын келісу комиссиясының қарауына шығарады, оның құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және монополияға қарсы органның өкілдері кіреді.




6. Келісу комиссиясы енгізілген қорытындының жобасын енгізілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде тергеп-тексеруге қатысатын адамдарды отырысқа шақыра отырып, оның толықтығы мен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілерінің онда келтірілген дәлелдемелерінің сапасы тұрғысында қарайды. Қорытындының жобасын қарау нәтижелері бойынша келісу комиссиясы ескертулерін және ескертулердің болуы (болмауы) туралы ұсынымдарын шығарады. Қорытындының жобасына ескертулер қабылданған жағдайда монополияға қарсы орган оны пысықтауды жүзеге асырады және күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде келісу комиссиясының қарауына қайта ұсынады. Монополияға қарсы орган қорытындының жобасына ескертулерді қабылдамаған кезде келісу комиссиясының атына келіспеу себептерінің негіздемелері ұсынылады. Монополияға қарсы органның қорытындыны бекіту туралы шешімі келісу комиссиясының қорытынды жобасына ескертулері болмаған жағдайда қабылданады және тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде монополияға қарсы органның бұйрығымен ресімделеді. Келісу комиссиясының әрекет ету тәртібін және оның құрамын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу бойынша монополияға қарсы орган айқындайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет