Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда электр энергиясын өндіру және пайдалану



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі109,7 Kb.
#85420
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
0003aae7-3f8217dd


Сабақ жоспары
Сынып: 11
Пән: Физика
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда электр энергиясын өндіру және пайдалану
Сабақтың мақсаты:а) Электр энергиясын өндіру, жеткізу және тиімді пайдалану туралы нақты мағлұмат беру; ә) Электр энергиясын өндіру, жеткізу және тиімді пайдаланудың өмірдегі маңызын ашу; б) жан-жақтылыққа, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: конференция
Сабақтың әдісі: пікірталас
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 2,10 тақырып №12,1 №12,2
ІІІ. Қазақстанда электр энергиясын өндіру
Электр энергиясын үлкенді-кішілі электр станцияларында негізінде электромеханикалық индукциялық генераторлар арқылы өндіріледі. Электр станциясының негізгі екі түрі бар: жылу және гадроэлектр станциялары. Бұл электр станцияларының бір-бірінен айырмашылығы генератордың роторын айналдыратын қозғалтқыштарының әр түрлілігінде.
Жылу электр станцияларында энер­гия көзі ретінде мынадай отындар пайдаланылады: көмір, газ, мұнай, ма­зут, жанғыш сланец. Электр генераторларының роторын бу және газ турбиналары не іштен жану қозғалтқышы айналдырады. Ең үнемділері жылулық бу турбиналы ірі электр станциялары (қыскаша ЖЭС). Біздің еліміздегі ЖЭС-тің дені отын есебінде көмір тозаңын жұмсайды. Сонда 1 кВт×сағ электр энергиясын өндіру үшін бірнеше жүз грамм көмір шығындалады. Бу қазанында отынның шығаратын энергиясының 90%-тен көбі буға беріледі. Турбинада бу ағынының кинетикалық энергиясы роторға беріледі. Турбина білігі генератор білігімен мықтап жалғастырылған. Бу турбогенераторлары өте шапшаң айналады: айналым саны минутына бірнеше мыңға барады.



1-сурет

Жұмыстық дененің бастапқы температурасының артуымен жылу ПЭК-і өсетін. Сондықтан турбинаға берілетін буды жоғары параметрлерге: температураны - 550°С-қа, қысымды 25 МПа-ға жеткізеді. ЖЭС-тің пайдалы әсер коэффициенті 40%-ке жетеді. Мұнда энергияның көбісі пайдаланылған ыстық бумен шығып кетеді.




Жылу электр орталығы (ЖЭО) деп аталатын арнаулы жылу электр станциялары пайдаланылған бу энергиясының недәуір бөлігінен өнеркәсіп орындарына және тұрмыс кажетіне (үйді жылытуға керекті, суды ысыту және ыстық сумен қамтамасыз ету) пайдалануға мүмкіндік береді.Нәтижесінде жылу электр орталығының ПЭК-і 60—70%-ке жетеді. Қазір еліміздің жылу электр орталықтары барлық электр энергиясының 40%-ін береді де, электр энергиясымен және жылумен бірнеше жүз қаланы қамтамасыз етеді.Су электр станцияларында (ГЭС-те) генераторлардың роторларын айналдыру үшін судың потенциалдық энергиясы пайдаланылады. Электр генераторлардың роторларын гидравликалық турбиналар айналдырады. Станцияның қуаты плотина туғызатын су денгейлерінің айырымына (арынға) және секунд сайын турбина арқылы ағып өтетін судың массасына (су шығынына) тәуелді. Энергия айналуы 2-суреттегі сұлбада көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет