1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері



бет23/28
Дата08.02.2022
өлшемі147,59 Kb.
#119642
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
1 билет азіргі аза стан жазушылары мен композиторларыны шы ар
Конспект 1, Ереман Жанаргуль, Уалитова Шаттык
24 билет
Его тоже нет))))


25 билет
1. I, II Мемлекеттік Думаға қатысқан қазақ депутаттары. А.Бірімжанов, Б.Қаратаев қызметтері.
2. 1937-1938 жж. Қазақстандағы «Үлкен террор» және оның салдарлары.
3. «Киелі Қазақстан» - өткен уақыт құндылығы. Қазақстанның киелі жерлерінің рөлі мен маңыздылығы.


1) Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов, А. Қалменов, Ә. Бөкейханов, Ш. Қосшығұловсайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин мен Д. Тұндыт сияқты қазақ азаматтар болды.
Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б.Қаратаев, АқмоладанШ.Қосшығұлов, Торғайдан А.Бірімжанов, Семейден Т.Нұрекенов, Жетісудан М.Тынышбаев,Сырдариядан Т.Алдабергенов, Астраханнан Б.Құлманов сайланды.
Ахмет Бірімжанов ЖОО бітірісімен Орынбор округтық соттың кандидаты, одан кейін Торғай уезінің бітімші соты болып істеп жүргенде, 1906-1907 жылдары Ресейдің 1-2 мемлекеттік Думасының мүшелігіне қатарынан екі рет Торғай облысы қазақтары атынан сайланады.1906 жылы 2 шілдеде дума отырысында сөз сөйлеп, аграрлық комиссияға қазақ депутаттарын енгізуді ұсынады. Депутат А.Қалменев екеуі қазақ жерінде қоныс аударушыларды жерге орналастыру комиссияларының заңсыздықтары туралы жоғарғы үкімет билігіне сұрау салады.А.Бірімжанов 2-Думада әскери дала соттарын жою туралы заң жобасын жасау комиссиясының құрамына енеді. Бұдан басқа өзге де 53 депутатпен бірлесіп, Министрлер Кеңесіне 1906 жылы 4 маусымда қазақ даласында қоныс аударушылар учаскелері мен ормандағы саяжайлардың орналасу заңсыздығы жөнінде сұрау салады.
Бақытжан Қаратаев Петербургта, Кутаисида, Орынборда тергеуші болып істейді. 1897 жылдан Оралда, Қаратөбеде, Жымпитыда адвокат болды. 1907 ж. 2-Мемлекеттік Думаға кадеттер тобынан Орал облысынан депутат болып қатысып, жер-су мәселесі бойынша қазақ халқының мүддесін қорғап сөз сөйлеген.Ол өзін большевиктер партиясының қатарындамын деп есептеді.
1907-16 жылдары ағартушылық жұмыстармен айналысып, «Қазақстан» газетін, «Айқап» журналын шығаруға көмектеседі.1918 ж. Орал облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды.1919 жылы 24 қаңтарда Чапаев дивизиясы босатып, кейін ол Орал облысы ревкомның қүрамында ұлттар коллегиясын басқарды.1919 ж. 24 шілдеде Қазәсревкомның мүшелігіне тағайыңдалды.1920 ж. 4-12 қазанда Орынборда өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық 1-съезіне делегат болды. Мұнда қабылдаған Қазақ АКСР-і еңбекшілерінің құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға қатысқан.Қазақ АКСР-інің заң комиссары болды. Кеңестердің 2-Бүкілқазақстандық съезіне де делегат болып қатысты.


2) «Үлкен террор» деген атауға ие болған 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін қалай басталғанына тоқталайық. Жалпы, Кеңес елінде қуғын-сүргін өткен ғасырдағы Қазан төңкерісінен бастап, 1953 жылға дейін бірнеше мәрте жүргізілді. 1918-1922 жылдар «Қызыл террор» деген атпен тарихта қалды. Большевиктер билікті қолға алысымен, бірден Кеңес еліне қарсыларды аяусыз жазалауды қолға алды. Бұл Коммунистік жүйенің алғашқы сүргіні. Екінші кезең - саяси репрессия 1920-1922 жылдарды қамтиды. Бұл тұста көптеген саяси қайраткерлер, зиялы қауым қуғын көрді. Шетелге қашты. Ал үшінші кезең Сталин билік жүйесін бір уысқа жинаған 20- жылдардың соңынан басталды. Бұл кездегі сүргіннің шырқау шегі - 1937-1938 жылдар. Жалпы, репрессия 1953 жылы Сталин өлгенге дейін жалғасты. 1937 жылы 23 ақпаннан 5 наурызына дейін созылған, КСРО-дағы саяси қуғын-сүргінге дем берген Орталық комитеттің кезекті пленумы өтті. Онда Сталин Кеңестік жүйенің жауларымен аяусыз күрес жүргізу керектігін тікелей мәселе етіп қойды. Осыдан кейін-ақ НКВД «халық жауларын» жоюға білек сыбана кірісті. Жазалау екі кезеңнен тұрды. Біріншісі - қылмысы ауыр «халық жаулары» атуға кесілсе, қылмысы біршама жеңілдер - 8-10 немесе 25 жылға түрмеге қамалды, жер аударылды.
Нақты деректер 1921 жылдан 1953 жылға дейінгі аралықта қуғын-сүргінге ұшырағандардың жалпы саны 5,5 миллион деп есептелген. Бұлардың ішінде 642 980 жан атуға кесілген. 2 369 220 адам кемі 5 жыл немесе 25 жылға лагерьге айдалды, түрмеге қамалды. Қалғандары ұзақ мерзімге жер аударылды. Жалпы, 1934-1954 жылдары «еңбекпен түзеу» лагерьлерінде (ГУЛАГ) 1 053 829 адам ауыр азаптан көз жұмса, 1920-1950 жылдар аралығында осында 10 млн адам отырып шықты. Негізі 1937-1938 қуғынға ұшырағандардың басым көпшілігіне «халық жаулары», «отанын сатқандар», «шетел шпиондары» деген айып тағылды.
Жалпы, соңғы кезде «Кеңестік кезеңдегі репрессияның құрбандары 5,5 миллион емес, одан он есе, жиырма есеп көп» дейтін жаңа зерттеулер пайда бола бастады. Алыс-жақын шетел зерттеушілері кеңестік жүйе кезінде қуғын-сүргінге ұшырағандар 40-50 миллион дегенді айтады. Әрине, бұл әлі анықтауды қажет етеді. А.Солженицин өзінің бір сұхбатында («Комсомольская правда»): «1917 жылдан 1959 жылға дейін кеңестік жүйенің өз халқына қарсы жасаған зұлматынан, яғни аштық, коллективтендіру, жер аудару, түрме-лагерьлерге қамау, ату-асу, азамат соғысы кезіндегі шығын бәрін қосқанда 66 миллион адам опат болды. Бұған екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жоғалтқан 44 миллион отандастарымызды қосыңыз. Демек, социалистік құрылыс кезінде біз 110 миллион адамнан айрылып қалдық» дейді. Мұның да өзегінде ащы шындық жатқаны белгілі. Орталық комитеттің 1937 жылы өткен пленумынан кейін «халық жауларын» әшкерелеу Ресейдің орталық және батыс аймақтарында 5 тамызда басталса, Өзбек, Түрікмен, Тәжік, Қырғыз, Қазақ ССР-де 10 тамыз күні, КСРО-ның Қиыр Шығыс аймақтарында 15 тамызда басталып, төрт ай ішінде аяқталуы тиіс еді.
1937 жылдың 5 тамызынан 1938 жылдың қарашасына дейін НКВД 800 мың адамды ұстады. Солардың тең жартысы атуға бұйырылды. Сол жылдары тұтқындарды қамау үшін КСРО-да 53 лагерь құрылды. Оның мыңдаған бөлімшелері болды. 425 колония, 2000 арнаулы комендатура жұмыс істеді. 30-мыңнан астам түрме болды. Осы орындарда миллиондаған КСРО тұрғындары «халық жауы» деген айыппен азапты жылдарын өтеп шықты. Көбі сонда өлді. Ал мұндай лагерьлер Қазақстанда да КАРЛАГ, СТЕПЛАГ, АЛЖИР деген атпен құрылды. Тек бір КАРЛАГ-та бір миллионнан астам адам отырды.
Жалпы, осы қуғын-сүргін кезеңі қазақ халқына оңай соқпағаны анық. Қысқасы 1916 жылғы топалаң, 1918-1920 жылдардағы азамат соғысы, 1921-1922 жылғы аштық, 1928-1929 жылдардағы тәркілеу, 1931-1932 жылдардағы аштық, 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін - осының бәрі иісі қазақты баудай түсірді. 1937-38 жылдары 100 мыңнан аса адам қуғын-сүргінге ұшырады. Солардың 25 мыңы атылып кете барды. Атылғандардың дені иісі қазақтың бетке ұстар, көш бастаушы, ағартушы, ұлттың көсемі болуға лайық алаштың арда ұлдары еді. Кеңестік қызыл империя қазақтың мәйегін отап кетті.
Бүгінгі тарихшылар мен саясаттанушылардың есебінше, 1930 жылдың жаз айынан 1933 жылдың жазына дейін 3 миллион 379 500 қазақ ашаршылық құрбаны болған. Бұның 1 миллионнан астамы көрші елдерге босып кеткендердің қатарына жатады. Демек, 2 миллион 200 мың адам аштан қырылған. Бұған 1921-1922 жылдардағы аштық құрбандарын қосыңыз. Онда 1 жарым миллион адам шейіт болды. Егер де зобалаң күндер басына тумағанда ұлтымыздың саны бүгінде 25-30 миллионға жетіп жығылар еді, әттең... Қолдан жасалған қасірет қазақты да қанға бөктірді, қызыл империя қазақты күйретіп кетті...


3) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымының ерекше маңыздылығын атап өтті. «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі — неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз, әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол — ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі» — деді Елбасы.
«Киелі Қазақстан» бағдарламасы туған жер тарихын тануға мүмкіндік береді. Бағдарламалық мақалада айтылғандай, біз тарихымызда көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз. Осыған байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Қазақстанның қасиетті орындарын анықтап, оның тізімін жасау қолға алынды. «Қазақстанның қасиетті орындары мен кешендері» дегеніміз – ерекше қастерленетін табиғи, мәдени мұра және діни сәулеттің айрықша ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ Қазақстан халқының жадында өшпесіз қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар. Сондықтан энциклопедияға еліміздің тарихи-мәдени мұрасы мен әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды орын алатын кешендер кірді.
Ұлы Дала киелі жерлерге толы. Ол жерлерді қадірлеп-қастерлеу — ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Киелі жерлердің әрқайсысының жеке маңызы мен ролі бар. Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ. Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыру. Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайды», — деп Елбасы атап көрсетті. Бұл аталған жобаның ауқымы өте кең және маңызы өте зор екендігін айғақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет