1. бизнес-жоспардың теориялық негіздері



Дата07.02.2022
өлшемі41,7 Kb.
#96407
Байланысты:
Бизнес реферат

Жоспар:

КІРІСПЕ ................................................................................................................... 3


1. БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ................................... 4
1.1. Басқару ісіндегі бизнес-жоспарлаудың сипаты мен мағынасы ............. 4
1.2. Бизнес жоспарлардың түрлері ................................................................... 5
2. БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ КӘСIПОРЫНДЫ ДАМЫТУДАҒЫ РОЛІ .......... 8
2.1. Бизнес-жоспардың құрылымы, негізгі аспектілері ................................. 8
2.2. Бизнес-жоспардың басты бөлімдері ......................................................... 9
2.3. Бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы ............................ 16
2.4. Әлеуетті инвесторлар үшін бизнес-жоспарды таныстыру ................... 16
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 18
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................................... 19

КІРІСПЕ

Бизнестің дамуына жақсы серпін беретін инвестициялардың тапшылығы, қазіргі таңда тек көпшілік отандық компанияларды ғана емес, сонымен қатар шетелдік фирмалардың басты алаңдатушы мәселесі болып отыр. Бастапқы қаражат барлығына да қажет, бірақ оны алу тек таңдаулылардың қолынан келеді. Сонымен қатар, оның мөлшерін тиянақты жүргізілген талдау мен есептеу нәтижесінде көрсеткен жөн. Бұл шартты орындамаған жағдайда, бизнес шығындарға қалып, банкротқа ұшырауы
әбден мүмкін. Бұған қоса, компанияның алға басып табысты болуы тек басқарушы кәсіпкерді ғана емес, қаражат беруші инвестордың да қызығушылығында.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың аса маңызды элементтерінің бірі бизнес-жоспар болып табылады. Әлемдік тәжірибеде бизнес-жоспар кәсіпкерліктің келешегін бағалауға көмектесетін, өндірістік жобаларды жоспарлы түрде жүзеге асыруға көмектесетін бірден-бір құрал. Батыс мемлекеттерінде бастамасын жаңадан алған кез-келген бизнес міндетті түрде бизнес-жоспардың негізінде құралады. Оның көмегімен олар өзістеріне инвесторлардан қаражат тартады.
Ал біздің елімізде болса бизнес-жоспар соңғы он жылда ғана өз өзектілігін
табуда, оның үстіне көп жағдайда банктан несие алу мақсатында. Сол себепті, бизнес-жоспар ағымдағы экономикалық жағдайларға байланысты нарықтың қажеттіліктеріне сәйкес жобалар және инвестициялық шешімдердің маңызды құралы болып отыр.
Бизнес-жоспар дегеніміз бизнестің негізгі нысаның, мақсатын,стратегиясын, бағалық саясатын, тауарларды жеткізу мен сатылымдарды,тасымалдауды, сақтандыру мен қайта өңдеу жағдайларын, түсімдердің өсуі мен құлдырауын қамтитын бизнестің болашақтағы даму жоспары. Бизнесжоспарды құрастырушы ұйым жобаға қатысты барлық ықтималдық жағдайларды қарастыруға міндетті. Сондықтан да, шынайы, әрі
экономикалық тиімді жоспарды құру кәсіпкерлер үшін қиын тапсырмалардың бірі болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі: Бизнес-жоспардың кәсіпкерлік қызметтегі
өзектілігінің артуы, заманауи нарық талаптарына сай қолданысқа ие болуы.
Жұмыстың мақсаты: бизнес-жоспардың мәнін және ерекшеліктерін
айқындау, оның кәсіпорын шаруашылығындағы маңызын, рөлін түсіндіру.
Жұмыстың міндеттері:
1) берілген тақырыптық теориялық сипатын ашу;
2) бизнес-жоспардың құрылымын талдау және сипаттау;
3) кәсіпорын үшін бизнес-жоспардың маңыздылығын көрсету.

БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Басқару ісіндегі бизнес-жоспарлаудың сипаты мен мағынасы


Бизнес-жоспарлау және іскерлік жоспарлау – жоспарлаудың


кәсіпкерлік іспен байланысты қызметтің тәуелсіз түрі болып табылады.
Дұрыс бағдар беретін жоспарсыз, эффективті дамуды қамтамасыз ететін
мақсаттарсыз, басқару жолында кездесетін барлық тәуекелдерді есепке
алатын бағдарламасыз қазіргі нарық жағдайында тұрақты дамып отыратын
бизнесті жүргізу өте қиын.
Жоспарлау дегеніміз жақын және алыс болашақтағы мақсаттарға
жетуге қажетті нысандарды, әдіс-жолдарды, құралдарды егжей-тегжейлі
анықтауға мүмкіндік беретін әдіс. Ол болашақта кез келген шараларды
қабылдауға ниеті бар кез келген ұйым үшін маңызды болып табылады.
Жоспарлаудың мәні қолданыстағы ресурстарды шебер пайдалану
арқылы ұйымға өндіріскөрсеткіштері мен тауарларды, қызмет көрсетулерді
есепке ала отырып ең көп табыс әкелу жолдарын табу. Бұл үздіксіз процес
болашақтағы барлық бизнес операцияларының кешенін көруге және олардың
орындалуын немесе орындалмауын алдын ала болжай алады.
Кәсіркерлік қызмет – шешім қабылдау, оны жүзеге асыру және қабылданған шаралар нәтижелерін бағалау процесі болып табылады, ал жоспар болса ұтымды шешім қабылдау үшін негіз береді. Нарықтық экономиканың қарқынды дамуына байланысты қазіргі экономикалық жағдайлар кәсіпорындардың корпоративтік жоспарлауға жаңа көзқарасын
талап етеді. Олар шешімдердің барынша тиімділігін қамтамасыз ететін жоспарлау нысандары мен үлгілерін іздестіруге мәжбүр. Бизнес- жоспар –осындай шешімдерге қол жеткізу үшін жоспарлаудың ең прогрессивті түрі болып табылады.
Бизнес әлеміндегі жетістік келесі үш негізгі элементтерге тікелей байланысты:
1) іс-әрекеттердің, бизнестің ағымдағы жағдайын түсіну;
2) болашақта бизнестің жете алатын деңгейін бағалау;
3) бір деңгейден екінші деңгейге өту процесін жоспарлай білу.
Бизнес-жоспар жобаны қаржылауға көмектесетін потенциалды
серіктестерді табуға мүмкіндік береді. Инвестор тек жобаның табыстылығына көз жеткізіп ғана, оған инвестицияны тарту немесе тартпауы туралы шешім қабылдайды.
Бизнес-жоспар басты екі сұраққа жауап беруі тиіс: «Бұл жобаға қаражат тарту қажет пе? Нәтижесінде құйылған қаражат қайтарылады ма?»

Бизнес-жоспар:


1) жобаның қысқа, нақты, түсінікті және қолжетімді етіп түсіндіреді;
2) кәсіпкердің іс-әрекеттерді ұйымдастыруға және неғұрлым перспективті шешімдерді таңдауға көмектесетін жұмыс құралы;
3) кіріс пен шығындарды бағалауға мүмкіндіндік береді;
4) компанияның негізгі қызметтерін айқындайды және болашақтағы тұрақтылық дәрежесін анықтайды;
5) зерттеулердің және ұйымның белгілі бір нарық негізінде анықталған
сандық және сапалық көрсеткіштердің нәтижесінде құралады;
6) жобаның тиімділігі және табыстылығы туралы инвесторларға дәлелдемелер келтіреді;
7) бизнестің қауіптерін, тәуекелдерін бағалайды, болжайды;
8) ұзақ мерзімді стратегиялық дамуды ұйымдастыруға құнды тәжірибе
береді.

Бизнес жоспарлардың түрлері

Фирманың ішкі бизнес-жоспары. Ішкі бизнес-жоспардың бірден-бір ерекшелігі – оның қандай да бір сыртқы ортамен байланысының болмауы.Керісінше, бұл түр тек ішкі жүйенің есебі мен жоспарлануына бейімделуі тиіс.Ішкі жоспарлау жүйесі оңтайлы болуы қажет. Мақсатты көрсеткіштердің құрамын тек қажетті, бақыланатын көрсеткіштер қамтуы тиіс. Бұл дегеніміз, ауқымды жоспарлау жүйесі жобаның іске асуының тиімділігін төмендетуі мүмкін. Жүйелі жоспарлау материалдық ресуртардың дайындаудан, өнімнің өндірісі мен сатудан пайда алуға дейін бүкіл циклды қамтып отырады.Айналым қаражатын толықтыру мақсатында кредит алу үшін қажетті бизнес-жоспар. Бизнес-жоспардың осы түріне сәйкес белгілі бір халықаралық стандарттар бар. Мысалы, жоспардың көлемі 25 беттен аспауы тиіс. Бұл көптеген мемлекеттерде қабылданған объективті талаптардың бірі болып табылады.
Қазіргі таңдағы Қазақстандағы экономикалық мәселелер өндірістік объектілеріне кредит алу мүмкіндігін қиындатуда. Банктердің бизнесжоспарға қойылатын барлық талаптарын қамтып орындау әрбір компанияның қолынан келе бермейді. Өйткені, әр банк өзінің жаңа талаптарын қоюға тырысады. Олардың мұндай іс-әрекеттерге баруын банктың кредиттардың қайтарылмау жағдайынан өзін-өзі қорғауы немесе банк ішіндегі ақыла қызметтерді ұсыну үшін (мысалы, бизнес-жоспар дайындау) деп түсінуге болады.
Инвестициялық бизнес-жоспар. Қаржылық өтінішті толтыру және кредиторларды іздеу кезінде келесі сұрақтардың жауабын қамтыған дұрыс:
1. Жобаны іске асыру үшін қанша қаражат қажет?
2. Қаражат қандай мақсаттар үшін пайдаланатын болады?
3. Қаншалықты мерзімге?
4. Қаражаттың қайтарылу шарттары?
5. Қаражаттың қайтарылуы немен кепілденеді?

Инвестициялық биснес-жоспардың классификациясы келесілерден


тұрады:
1.Бизнес жоспар түрі
2.Бизнес-жоспардың сатысы
(жобаның құрамы мен құрылымы
бойынша)
3.Бизнес-жоспардың ауқымы
4.Ұзақтылығы
5.Жоспардың күрделілігі:
6.Жоспардың көрінісі:
- техникалық;
- экономикалық;
- ұйымдастырушылық;
- әлеуметтік;
- коммерциялық;
- аралас.
- моно жоба;
- мульти жоба;
- мегажоба – мақсатты аудандарға бағдарламаларды әзірлеу барысында.
- кіші;
- орташа;
- үлкен;
- ірі;
- қысқа мерзімді – 3 жылға дейін;
- орта мерзімді – 3-тен 5 жылға дейін;
- ұзақ мерзімді – 5 жылдан аса.
- қарапайым;
- күрделі;
- қиын.
- инновациялық;
- ғылыми-зерттеушілік;
- ұйымдастырушылық;
- оқытушылық;
- аралас.

Компанияның қаржылық сауықтыру жоспары. Бизнес-жоспардың бұл түрі ерекше мәртебеге ие. Өйткені, бұл бизнес-жоспар компанияның қаржылық мәселелерге тап болған кезінде жазылады және ұйымның қаржылық жағдайдан шығуын көздейді.


Оның құрылымы төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1) ұйым туралы жалпы ақпарат;
2) қаржылық сауықтыру жоспары;
3) ұйымның қаржылық жағдайы туралы қысқаша мәлімет, анализ;
4) төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтіру және тиімді іскерлік белсенділікті
қолдау бойынша шаралар;
5) нарық және бәсекелестер;
6) маркетингтік салада атқарылған істер;
7) өндірістік жоспар;
8) қаржылық жоспар.
Жоспар төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған және шаралардың басты назары мемлекеттік қаржылық қолдау арқылы кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуіне бағытталған.
Қаржылық сауықтыру бизнес-жоспарының құрылымы мен мазмұны нақты, әрі жинақы. Бұл жоспар түрі ауқымдылығымен және күрделілігімен ерекшеленеді. Қаржылық сауықтыру жоспарын іске асырған сәтте, әдетте,компаниялар өндірісті қайта ұйымдастыру және капиталды қайта құрылымдау мәселелерімен жиі кездеседі.
2. БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ КӘСIПОРЫНДЫ ДАМЫТУДАҒЫ РОЛІ

Бизнес-жоспардың құрылымы, негізгі аспектілері

Бизнес-жоспардың жалпы құрылымы. Титулдық бет, мазмұны,құпиялылық туралы меморандум. Қазіргі таңда кәсіпкерлік тәжірибе мен ғылыми әдебиеттерде бизнес жоспардың мазмүны мен құрылымына қатысты ғылыми негізделген нақты тәсілдер жоқ. Алайда, бизнес-жоспардың кәсіпорындармен қолданылатын шартты бөлімдері бар. Ол жобаның түріне байланысты өзгертіліп,жаңа бөлімдермен толықтырылуы мүмкін.
Бизнес-жоспар әдетте титулдық беттен басталып, келесідей ақпаратты қамтиды:
1) жобаның атауы;
2) жобаның жүзеге асырылатын орны;
3) жоба идеясының авторлары, мекеменің атауы, телефоны және мекенжайы;
4) негізін салушылардың аты-жөні мен мекен-жайлары;
5) бизнес-жоспардың тағайындалуы және пайдаланушылар туралы ақпарат.
Жоспардың титулдық бетінде әдетте құпиялық туралы меморандум орналастырылады. Бұл бизнес-жоспарда ұсынылған ақпараттың жария етілмеуін және сол ақпараттың жобаны ұсынушы компанияның жеке мүддесіне қатысты екендігін анықтайды.
Сонымен қатар титулдық бет жобаға инвестицияны тартуға қызығушылығы жоқ инвесторлардың бизнес-жоспарды кері қайтаруы керектігі туралы ақпаратты қамтиды.
Титулдық беттен кейін жоспардың мазмұны орналасады. Ол бизнес жоспардың неғұрлым маңызды бөлімдерді, олардың орналасқан беттерін қамтиды.
Бизнес-жоспар жобаның қысқаша сипаттамасын, мақсатын қамтиды.
Оның көлемі 0,5-2 беттен аспауы тиіс. Аннотация төменде көрсетілген ретпен орындалуы мүмкін:
1) ұйым/мекеме;
2) мекен-жай;
3) телефон нөмірі, факс;
4) басқарушылардың аты-жөні;
5) ұсынылып отырған жобаның мәні және жүзеге асырылатын орны;
6) жобаның нәтижесі;
7) қажетті қаржы мөлшері;
8) инвестициялардың қайтарылу мерзімі;
9) күтілетін жылдық табыстың орташа мөлшері;
10)инвесторлардың қатысу шарттары мен талаптары;
11)инвестицияларды қайтару ықтималдылығы мен кепілдіктер.

Кіріспе бөлімінде бизнес-жоспардың құрылу міндеті мен оның қандай топ адамдарына бағытталғаны туралы ақпарат көрсетіледі.


2.2.
Бизнес-жоспардың басты бөлімдері



Түйіндеме. Түйіндеме (бизнестің концепциясы) - болжамалы бизнесжоспардың қысқаша сипаттамасы, яғни компания немесе кәсіпкердің бастайын деп жатқан немесе қолданыстағы ісі, шаруашылығы және алға қойған мақсаттары туралы ақпарат. Оқып отырған адамың, яғни инвестордың бизнес-жоспарды оқу барысында екі нұсқасы бар: немесе олар жоспарды түйіндеме жерінен оқуды аяқтайды немесе түйіндемеде қызықтырған жерлерге көңіл аударады. Сондықтан түйіндемемнің маңыздылығы өте үлкен.
Түйіндемеде бизнестің мүмкіншіліктері, олардың тартымдылығы,компания мен аймақтардың маңыздылығы, қажетті ақшалай ресурстар(өзіндік немесе қарыз), қарызды қайтарудың уақыты, күтіліп отырған табыс және оның бөлінуі, инвестициялық аxуалы қарастырылады.
Сонымен қатар, түйіндемеде бизнестің негізгі мақсаты мен қарастырылып
отырған бизнес-жоспардың тағайындалуы көрсетіледі. Одан бөлек, кім үшін
жасалғандығы көрсетілуі тиіс: әлеуетті инвестор немесе кредиторлар, бизнес
немесе акционерлік серіктстер, құрылтайшылар, компания басшылары
немесе кәсіпкерлерді, мемлекеттік немесе муниципальдық органдардың
өкілелеттілігі. Осыған орай түйіндеме келесі мәліметтерді құрайды:
1) идеялар, мақсаттар;
2) ұсынылып отырған тауарлардың ерекшеліктері және олардың
бәсекелестері өнімдерімен салыстырғандағы артықшылықтары;
3) стратегия мен қойылған мақсаттарға жету тактикасы;
4) қызметкерлер біліктілігі мен бизнес-жоспарды жүргізуші негізгі топ;
5) сұранысты болжау, тауарларды сату көлемі мен алдағы уақыттағы
табысы;
6) жоспарланған тауардың құны мен қаржыландыру қажеттілігі;
7) алдағы уақыттағы таза табыс деңгейі мен өтімділік мерзімі;
8) сәттіліктің негізгі факторлары.
Кәсіпорын бизнесінің тариxы (сала сипаттамасы). Бұл бөлім кәсіпорын мен оның қызмет көрсету аясының баяндайды. Бұл жерде ұсынылған жобаға әсер етуші факторлар мен нақты уақыттағы кәсіпорын жұмысына кедергі келтіруші басты оқиғалар қарастырылады. Кәсіпорынның нарықтағы нақты орны көрсетіліп, даму бағыты көрсетіледі. Бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметінің қысқаша тариxы айтылады. Ұсынылған бизнестің түрі көрсетіледі. Кәсіпорынның айналысатын немесе жоспарланған қызмет түрлері ұсынылады. Сонымен қатар, бұл бөлімде кәсіпорынның орналасқан жерінің жағымды және жағымсыз жақтары баяндалады. Кәсіпорын жұмысына әсер етуші негізгі фаторлар қарастырылып, саланың жалпы сипаттамасын қамтиды. Бөлім кәсіпорын миссиянын қалыптастыру мен бизнес стратегиясын анықтаумен анықталады.
Бизнесті ұйымдастыру объектісінің сипаттамасы. Бизнес жоспар бөлімінде тауардың сипаттамасы тұтынушы тарапынан қарастырылып,баяндалады. Осы мақсатта, келесі ақпараттар жиналады:
1) тауар қанағаттандыратын қажеттіліктер;
2) сапалық көрсеткіштер;
3) экономикалық көрсеткіштер;
4) сыртқы безендіру;
5) басқа ұқсас тауарлармен салыстыру;
6) патенттік қорғаныштығы;
7) экспорт пен оның мүмкіндіктерінің көрсеткіші;
8) тауар жетілдірудің басты бағыттары;
9) жетістістікке жетудің негізгі факторлары.
Кәсіпорын бизнес ортасының анализі. Бұл бөлімде нарықты зерттеу және анализдеу, ондағы бәсекелестерді және тағы басқаларын қарастырады.
Алғашында тұтынушылардың өнімдер, қызметтер әлеуетін және нарықтағы
бүгінгі жағдайды зерттейді. Сатып алу кезінде тұтынушы басшылыққа қоятын басымдықтары анықталады – сапа, баға, уақыт және жеткізу дәлдігі,жабдықтау қауіпсіздігі, сервистік қызмет көрсету және тағы басқалары.
Нарықты зерттеу барысында нарықты сегменттеу жүзеге асырылады,кәсіпорын өнімі бойынша көлемі мен сыйымдылығы анықталады. Нарықтың сыйымдылығы - белгілі бір уақыт аралығындағы жүзеге асырылған тауардың көлемі. Нарықтын сыйымдылығы нақты ақшалай дәрежеде орындалады.
Нарықтың сыйымдылығы мен тенденциясын білу арқылы жоспарланған
уақыттағы нарықтың қарқындылығын анықтауға мүмкіндік береді.Тауар түріне байланысты оның сыйымдылығын анықтау тәсілдері де әртүрлі болады. Сыйымдылықты анықтау барысында тұтынушылардың сұраныс факторлары сарапталынады. Нарықтың сыйымдылығы – көптеген факторлардың әсер етуімен болатын динамикалық көрсеткіш. Оның негізінде жоспарланған тауар сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы жатыр. Нарықтың конъюнукрасына баға беру жүйесі тауар ерекшеліктеріне, белгілі бір тауардың өндірім масштабы мен басқа да факторларға байланысты. Көбінесе мәліметтерді жинау мен анализ жасауда келесідей тәсілдер қолданылады.
1) бақылау;
2) сауалнама;
3) тәжірбие;
4) моделдеу.
Анализ жасауда бақылау әдісі нақты әрі дұрыс мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Сауалнаманы маман ауызша жәге жазбаша түрде жүргізеді.Ол жерде тауарға қатысы бар сұрақтарға кәсіпорын жұмыскерлер,тұтынушылар жауап береді. Сауалнама жүргізу арқылы сұраныстың дәрежесін, тауар сапасы сынды бірқатарсұрақтарға жауап беруге болады.Сауалнама сұхбат күйінде де және жазбаша сауалнама формасында да
болады.Бизнес-жоспардың бұл бөлімін дайындау кезінде мынадай сұрақтарға
жауап беріледі: кім, неге, қашан және қанша өнімді сатып алуға қабілетті.

Маркетинг жоспары.


Маркетинг – бұл кәсіпорынның тауарды өндіру және оны сату бойынша іс-әрекетінің жоғарға пайда табу мақсатымен ұйымдастырылуы. Маркетингте ең бастысы – екіжақты және бірін-бірі толықтыратын жолдар.
Бір жағынан, бұл – кәсіпорынның барлық әс-әрекеті, өндіріс, қаржы,ғылыми-техникалық зерттеулер, еңбек ресурстары, және де стау бағдарламасы, техникалық қызмет көрсету және басқалары тұтынушылардың сұранысына терең негізделуі қажет. Екінші жағынан, нарыққа және бар сұранысқа активті ықпал ету өте маңызды.
Маркетингтің басты ұстанымы болып негізгі нәтиженің тұтынушылардың талаптар мен сұранысына негізделуі табылады.
Кешенді қиын мәселені шешу үшін маркетинг келесі функцияларды атқару қажет: аналитикалық, өндірістік және сату.
Кешенді қиын мәселені шешу үшін маркетинг келесі функцияларды
атқару қажет: аналитикалық, өндірістік және сату.

Аналитикалық функциялар:


- тұтынушылар;
- бәсекелестер;
- тауарлар;
- баға;
- сату көлемі;
- сатуды ынталандыру және жарнама;
- кәсіпорынның ішкі ортасы.

Өндірістік функциялар:


- жаңа өндірісті ұйымдастыру;
- материалдық техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;
- дайын өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін басқару.

Сату функциялары:


- тауар қимылының
жүйесін ұйымдастыру;
- сервисті ұйымдастрыу;
- сатуды ынталандыру;
- тауар саясатын жүргізу;
- баға саясатын жүргізу.

Өндірістік жоспар. Бизнес жоспардың бұл түрі зерттеу объектісіне, сонымен қатар бизнес түріне байланысты сауда жоспары, қызмет көрсету жоспары, тасымалдау жоспары, тағы да басқа түрде кездесуі мүмкін. Бұл бөлімнің басты мақсаты – бизнес жоспар бағытталған ортаның өндірістіктеxникалық мүмкіндіктерін көрсету. Сонымен қатар қажетті уақытта, қажетті мөлшерде сапалық көрсеткіштерін көрсетуге мүмкіндік береді.


Өндірістік жоспар бизнес жоспардың басты бөлімі болып табылады.
Оны құрастыру барысында келесі сұрақтар бойынша мәліметтер жинақтау
керек:
1) Өнім қайда өндіріледі:
 егер жаңадан құрылған кәсіпорынға орын таңдау керек болса тапсырыс
берушілерге, жеткізушілерге, басты жұмыс күшіне жақын болғаны жақсы;
 егер де бұрыннан бері жұмыс жасап келе жатқан кәсіпорын болса нақты жұмыс шарттарын баяндау қажет: өндірістік аумақтар,
жабдықтар, құралдар; өндірістік базаның жобаны жүзеге асыру үшін
жеткілікті ме соны анықтап алу қажет, оны кеңейту мүмкіндіктерін де
қарастыру керек. Бұл зерттеу өз кезегінде жоспарланған жобаға
қаншалықты қаражат керек екенін анықтауға мүмкіндік береді;
2) Бұл үшін қандай өндірістік қуаттылық қажет?
Есептелген сату көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын анықтайды. Егер кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жеткіліксіз болса, осы бөлімде жаңа қуаттылықты қосу немесе дамыту шаралары қарастырылатын болады;
3) Қай жерде, кімде және қандай шарттарда шикізат пен компоненттер,шығындар, отын, энергия, орау, қосалқы бөлшектер сатып алынады, яғни бұл жобаны қамтамасыз ету үшін егжей-тегжейлі ақпаратты жинау қажет;
4) Жеткізушінің беделі қандай және олармен жұмыс тәжірибесі бар ма?
5) Өндірістік немесе берілген материалдар мен жабдықтарды өндіру
ықтималдығы шектеулі ма?
6) Өзгеріс ауқымының ауысу мүмкіндігі қандай?
7) Бақылау сапасының жүйесі қандай?
8) Қалдықтарды басқару жүйесі қандай?
Өндірістік жоспардың арнайы бөлігі болып күнтізбелік жоспар болып табылады. Бизнес жоспардың бұл бөлігі келесідей қадамдарды және әрекет кезеңдерін анықтайды:
1) Күтілетін қаржыландыру уақытын орнатады;
2) Маркетингтік қызметтің барлық күндері үшін күнделікті анықтайды;
3) Өндірістік бағдарламасын және жеткізу кестесін ұсынады.
Күнтізбе жоспары кәсіпорынның жүйелік бақылауын басқаруын қамтамасыз ету үшін көмектеседі. Ол жерде қажетті жұмыстарды, ақша сомасын, орындау мерзімін бір-бірімен үйлестіру керек. Күнтізбелік жоспарды басқа да жұмыс түрлеріне құра аламыз.

Ұйымдастырушылық жоспар.


Бизнес жоспардың бұл бөлімі, ең алдымен,жаңадан ұйымдастырылған немесе қайта ұйымдастырылған кәсіпорындарды жобалауға арналған. Ең негізгі кәсіпорынның құқықтық аспектілерін функциалау және сол ұйымның жүйесі қарастырылады.
Бұлжоспарың бөлігі жорамалдайды:
1) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын таңдау;
2) басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын әзірлеу;
3) кәсіпорынның өндірістік құрылымын әзірлеу;
4) білікті мамандардың талаптарын ескере отырып, персоналдардың жұмысын ұйымдастыру;
5) қызметкерлердің кестесін қалыптастыру;
6) қызметкерлердің нысандарын, жүйелерін, жалақы деңгейін анықтау.
Ұйымдық құрылым құруда келесі принциптерге назар аудару керек:
Орталықтандыру
Икемділік
Мамандану
Билікті бөлу
Үнемділік
Жұмыскерлердің дұрыс бөлінуі және оперативті басқару бойынша төменгі жүйелерге беріліп отыру
Өндірісте өзгерістер болған жағдайда тез шешім
қабылдау қабілеттілігі
Әр бөлімде белгіленген басқару жүйесін бекіту
Сызықтық басқару жүйесі кәсіпорынды тауар шығарудағы шешіммен қамтамасыз ету керек, ал функционалдық – шешімді дайындау және жүзеге асыруға тиіс.Ұйымдық құрылымды басқару жүйесін минималды шығынмен құру

Қаржылық жоспар.


Бизнес жоспардың бұл бөлімінде кәсіпорынның қаражаттандырылу аясымен колда бар қаржылық ақпарат бойынша бөлінген ақшаның дұрыс қолданылуын жүзеге асырады. Бұл жерде фирмадан күтіліп отырған қаржыны анықтау үшін сенімді жүйе ұсынылады.
Бұл бөлімде келесідей мәліметтер ұсынылады:
Пайда мен шығындар есебі
Кірістер мен шығыстардың балансы
Активтер мен пассивтердің
болжамдық балансы
Шығынсыздықты талдау анализі
Қаржыландыру стратегиясы

Сондай-ақ, ұсынылған ақпараттар негізінде кәсіпорынның қаржылық


көрсеткішін анықтау мақсатында қосымша есептеулер жүргізіледі
(өтімділігі,төлем қабілеттілігі, табыстылығы, активті кәдеге жарату, меншікті
капиталды пайдалану және тб.)
Бұл бөлімді фирманың қаржымен қамтамасыз ету аясынжоспарлауға
бағыттау керек. Осының нәтижесінде қаражаттың дұрыс қолданылуын
байқай аламыз.
Барлық бөлім мынадай бағыттарды қамту керек:
1) Кәсіпорынның қаржылық есептілігі;
2) Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайына анализ;
3) Жоспарлау құжаттарын дайындау;
4) Жобаның қаржылық беріктік қорын болжау.

Бизнес жоспардың бұл бөлімін жасар алдында, тәуекелділіктің шығутегі мен негізгі экономикалық категорияр параметрін анықтап алу қажет:


1. Тәуекелдердің негізгі түрлерінің жан-жақты тізімін жасау;
2. Тәуекел ықтималдығын бағалау;
3. Тәуекелдерді барынша азайту үшін ұсыныстар мен әдістерді дайындау.
Мүмкін болатын тәуекелділіктерді анықтаған соң, тәуекелділікті
басқару процесі басталады. Ол мынадай негізгі бөлімдерден тұрады:
1. Тәуекелділік анализі;
2. Салыстырмалы тиімділігін бағалау кезінде әсер ету тәсілін анықтау;
3. Шешім қабылдау;
4. Тәуекелге тікелей әсер ету;
5. Бақылау және басқару процесіндегі нәтижелерге өзгертулер енгізу.
Тәуекелділіктің анализі – тәуекелділіктің құрылымытуралы ақпарат алатын алғашқы бөлім. Анализ тәуекелділікті анықтау және оған баға беруден тұрады. Тәуекелділік қауіптілік анықталса, кәсіпорынға әсер етуші барлық тәуекелділіктер қарастырылады. Ең алдымен, тәуекелділік анықталып, оған баға беріледі. Содан кейін оған әсер ету тәсілдері қарастырылатын болады.
Бағалау – бұл анықталған тәуекелдің сандық сипаттамасы. Осының нәтижесіде мүмкін болатын шығындар анықталады. Әр түрлі тәуекел үшін оның көлеміне байланысты шығын тигізу мүмкінділігі анықталады. Анықтау мен баға беру бір-бірімен тығыз байланысты. Көбінесе анализ екі жақты бағытта жүреді. Бірінші жағдайда шығындар нәтижесінде себебін анықтау.
Ал екінші жағдайда тәуекелділікпен мүмкін болатын қорытындысы
анықталады.
Келесі бөлім – тәуекелді азайту мақсатында оған әсер ету тәсілін анықтау. Әр тәуекелділіктің көбінесе екі-үш есімі болады. Әсер ету тәсілін дұрыс таңдау арқылы шығынды азайта аламыз.Кәсіпорынның жалпы басқару стратегиясын тәуекелділіктен қорғау мүмкіндігі туады. Бұл бөлімде шешім қабылданып, қажетті қаражат пен
еңбек ресурстары анықталады. Менеджерлер арасында мәселелерді бөліп алынады.
Тәуекелділіктің төмендеуі – бұл мүмкін болатын шығынды азайту бөлімі. Көбінесе бұл бөлім ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар көмегімен жүзеге асырылады. Тәуекелділікті сақтап қалу оған әсер ету деген сөз емес. Кәсіпорын арнайы қорлар құрып, тәуекел нәтижесінде туындаған шығындарды өтеп отыруы мүмкін. Бұл өзін-өзі сақтандыру деп аталынады. Тәуекелділікті басқарудың соңғы деңгейі – бұл бақылау және орындалған құрылым бойынша жаңа ақпараттар нәтижесінде зерттеулер енгізу. Бақылау менеджерлерден келген шығын мен оларға қолданылған тәсілдер туралы ақпарат алудан тұрады.

2.3.
Бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы

Бизнес-жоспар қазіргі нарықтық экономикада кәсіпкерлік көлеміне,қызмет ету өрісіне және формасына байланыссыз қолданылатын менеджменттің арнайы құралы.
Батыс елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы іскерлік жоспарлаудың бірқатар ерекшелігі бар. Қазақстандық заңдылық бойынша қазіргі кезде бизнес жоспарды құру міндеттіемес. Ол көптеген қазақстандық кәсіпорындар үшін жаңа құжат. Бизнес-жоспарды құруға кіріспес бұрын, ең алдымен, қажетті ақпарат кешенімен жабдықталып алу керек.
Бизнес-жоспардың қажеттілігін былайша дәлелдеуге болады:
1) Бизнес-жоспар құру арқылы бизнесменге батыл назарды айналысқалы
отырған ісіне шоғырлануға мүмкіндік береді, бұл жекеленген ұсақ
аспектілерге көңіл аудармауға жағдай жасады. «Бизнес әлеміне ұшпас»
бұрын, кәсіпкер өз бизнесіне әсер ететін барлық маңызды шарттарды
көзден таса қалдырып алмас үшін, болашақтағы іс-әрекеттің қоршаған
ортамен үйлестіріп қарастыруы керек.
2) Бизнес-жоспар жаңа кәсіпкерлік идеяны нақты бағалауға көмектеседі.
Егер бизнес жоспар жақсы құрылса, ол идеяның жүзеге асырылуына
негіз болады.
3) Бизнес-жоспар істі жүргізуге көмектесетін құрал болып табылады.
Кәсіпорынды жоспарсыз басқару машинаны құралсыз жөңдеумен тең.
Жоспардың болмағанынан болғаны жақсы.
4) Бизнес-жоспар фирманың бизнес-идеяларын фирмадан тыс тұлғаларға жеткізіледі, бұл қаржыландырылған көздерін тарту немесе бірлескен кәсіпорын құру үшін қажет.
Инвесторлар, банкирлер, потенциалдық серіктестер келесі деректерді білгісі келеді:
 Сізге қанша ақша қажет?
 Ол сізге қашан қажет болады?
 Қаражат сізге не үшін қажет?
 Оны сіз қайтара аласыз ба және қашан қайтарып бере аласыз?
Сіздің жоспарыңыз осы сұрақтарға жауап бере алуы керек.
Бизнес-жоспар құру арқылы жүзеге асырылатын істер жоспарсыз оқиғаларға жауап беру арқылы жүзеге асырғанға қарағанда табысқа әкеледі.Өйткені бизнес-жоспар басты мақсатқа зер салуды, соған қол жеткізу үшін қажетті міндеттерге басты назарды шоғырландыруға мүмкіндік береді.

2.4.
Әлеуетті инвесторлар үшін бизнес-жоспарды таныстыру

Бизнес жоспарды жобалаудан бұрын, ең алдымен, оны таныстыру маңызды орын алады. Бизнес жоспарды таныстыру жауапкершілікті көп қажет ететін тапсырма. Бизнес жоспарды ұсыну, ол шын мәнінде өзіңіздің жобаңызды сапалы өнім ретінде сатасыз.
Ұсынар алдында келесідей қағидаларға сүйенген жөн:
1) Мәтінді шамадан тыс жүктемеңіз; құжат 40 беттен аспауы тиіс. Мәтін анық, жақсы шрифтпен жазылукерек. Иллюстрация ретінде кестелер,графиктар, таблицалар қолданған жөн;
2) Жобаны жақсалып таныстыру керек. Өзін адал, байсалды ұстаған жөн
3) Кәсіпорынның даму перспективаларын анықтау;
4) Шыншыл болу керек;
5) Проблемалар мен тәуекелдерді анықтау, сондай-ақ олардың шешімдерін түсіндіру.
Жобаны келесідей қадамдармен қарастыруға болады:
1) Өнімнің, өнеркәсіптің,нарықтың,кәсіпорынның негізгі сипаттамаларын анықтау;
2) Шартта белгілі бір капитал ұсынылуы тиіс;
3) Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштері және болашағы;
4) Жобаны таныстыратын адамдар санатын анықтау;
5) Осы жобаның басқа да жобалардан артықшылығын, ерекшелігін анықтау;
6) Жобаның күнтізбелік жоспары.

ҚОРЫТЫНДЫ


Бүгінгі таңдағы қарқынды өзгерістерге ие экономикалық ортада


кәсіпорын өз іс-әрекеттерін жоспарламай және салдарын болжамай оң
нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігінен айырылады. Бизнес жоспарлау
дегеніміз басқарылып отырған объектің болашақтағы дамуының мақсаттарға
қол жеткізуі әдістерін, жағдайларын, қажетті қаржыландыруды егжей-тегжейлі айқындауға мүмкіндік беретін құжат.
Бизнес-жоспарлаудың басты басымыдылығы оның кешенді жолы
болып табылады. Бизнес-жоспар барысында кәсіпорынның қаржылық, маркетингтік, ұйымдастырушылық және әлеуметтік жақтары қарастырылады. Бұл белгілі бір басқарушылық шешімнің салдарын нақты бағалауға мүмкіндік береді. Бизнес жоспарлау басынан бастап үлкен күш,қаражат, шыдамдылық, ақпарат пен уақытты талап етеді.
Нарықтық экономикада бизнес-жоспар кәсіпкерліктің барлық сферасында қолданылатын негізгі жұмыс құралы болып табылады. Бизнесжоспар фирманың қызмет процесін сипаттайды, кәсіпкердің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарын анықтап, оларға жетудің тактикасы мен стратегиясын көрсетеді. Жақсы әзірленген бизнес-жоспар фирманың өсуіне, нарықта жаңа позицияларды басуға, инвестициялық және несиелік ресурстарды алуға, перспективті дамудың жоспарын құруға мүмкіндіктер ашады.
Әрине әр мекеменің бизнес-жоспары өзінің мазмұнымен ерекшеленіп,
индивидуалды болып келеді. Кейбір кәсіпорындардың олардың жобасына
сай бизнес-жоспарлары көлемді немесешағын болуы мүмкін. Алайда,бизнес-жоспардың талабы барлығына да бір. Бұл оның нақты, әрі сауатты жасалуы.
Кәсіпкерлік қызметтің жемісті болуы оның басшыларында, басқару стратегиясында және бизнес-жоспарының дұрыс құрылуында. Бизнес-жоспар кәсіпкерлік саласындағы өте құнды құжат. Ол кәсіпорынның болашақтағы жемістері. Оны құрастыруға кеткен шығындар ең тиімді инвестиция болып табылады. Өйткені, ол кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетін болжамдауға және болашақтағы қадамдарын, тәуекелдерін ескеруге жол береді.

Пайдаланған әдебиеттер:


1. Бизнес-план: учеб. пособие для студентов вузов, обучающихся по
направлениям «Экономика» и «Менеджмент»- 2-ші басылым, қайта өңделген. – Мәскеу: Юнити-Дана баспасы, 2007. – 519 б.
2. Грибов В.Д. Основы бизнеса: Учебное пособие. – 3-ші басылым, қайта өңделген. Мәскеу: Қаржы және статистика, 2010. 347 б.
3. Ковалев В.В. Методы оценки инвестиционных проектов. Мәскеу, 2000.144 б.
4. Лопарева А.М. Бизнес-планирование: учебно-методический комплекс.
Мәскеу: Форум. 2010. 140 б.
5. Patsula, P.J., Successful business planning in 30 days a step-by-step guide for writing a business plan and starting your own business – 3-ші басылым,2004. – 300-304 б.
6. Петров К.Н. Как разработать бизнес-план: практическое пособие с примерами и шаблонами. Мәскеу: Вильямс баспасы, 2011. 384 б.
7. Попов В. М., Ляпунов С. И., Муртузалиева С. Ю. Бизнеспланирование: Учебник. Мәскеу: Академия баспасы, 2011. 672 б.
8. Романова М.В. Бизнес-планирование: учебное пособие. Мәскеу:Форум, 2010. 240 б.
9. Стрекалова Н. Д. Бизнес-планирование: Учебное пособие. СПб, 2009.352 б.
10.Уткин Э.А., Кочеткова А.И. Бизнес-план. - Мәскеу: Қаржы және статистика, 2007. – 132-138 б.
11. Цвиркун А. Д., Акинфиев В. К. Бизнес-план. Анализ инвестиций.Методы и инструментальные средства. Мәскеу: Ось-89 баспасы, 2009.320 б.
12. Черняк В.А., Чараев Г.И. Бизнес-планирование. Мәскеу: Юнити-Дана баспасы, 2010. 592 б.
13. Финансовый бизнес план: Учебное пособие. Мәскеу: Финансы и
статистика, 2000. 295 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет